ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы тарауда белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.";
40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінім, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақылар және жәрдемақылар, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы төлемдер, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау) бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың атқарушылық құжаттарын орындау, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезіндегі және тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы жағдайларды қоспағанда, айына кем дегенде бір рет ұсынылады.";
109-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"109-1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджет қаражатын үнемдеу түрінде бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайда болған пайдаланылмаған қалдықтар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша бюджетке қайтарылады.";
139-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Бюджет кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі), "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБК), республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетін түсімдер ҚР ББС кірістер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледі.";
144-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144-3. Қордың қаражатын пайдалану тек "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қордың қаражатын пайдаланумен байланысты төлемдер жүргізу Заңның 5-бабына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі негізінде жүзеге асырылады.
Қордан өтемақы төлеу 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап алушылардың банктік шоттарына жүргізіледі.";
156-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайтару Түсімдердің жинақ шотынан оны кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның валюта түрлері бойынша шетел валютасындағы банктік шоттарға есепке жатқыза отырып, жүзеге асырылады. Құжаттарды мемлекеттік кірістер органдарына беру Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейін жүзеге асырылады.";
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"167. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің) резервінен қаражат бөлу жағдайларын, сондай-ақ Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған және қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қаржыландыру көзі өзгерген жағдайды (тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – "Электрондық мемелекеттік сатып алу" АИАЖ) арқылы жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге жол беріледі) қоспағанда міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының шегінде, бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт және/немесе қосымша келісім жасасады.
Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен бұрын қаржыландырылған жобаларды іске асыру шеңберінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан және/немесе Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлінген жағдайда, "Электрондық мемелекеттік сатып алу" АИАЖ арқылы қосымша келісімдер жасасуға жол беріледі.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының біреуімен бюджеттік кіші бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан кезде шартта жалпы соманы әрбір бюджеттік кіші бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып көрсетеді.
Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын шартты жасасу кезінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелді) бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында белгіленген мөлшерде жергілікті бюджеттен жыл сайынғы қоса қаржыландыру сомалары бар бюджеттік кіші бағдарламаларды міндетті түрде көрсетуді қамтамасыз етеді.";
171-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"171-1. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландырудың ұзақ мерзімді шарттары бойынша, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру шарттары бойынша аванстық (алдын-ала) төлем жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде жол беріледі.";
179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"179. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, тиісті бюджеттердің ҚБШ қаражаты болған кезде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілер тізіліміндегі әлеуетті өнім берушілерге аванстық төлемдерді қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берілмейді.";
187-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шарт тараптардың келісімі бойынша біржақты тәртіппен бұзылған кезде, мемлекеттік мекеме "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшісіне "Электрондық мемелекеттік сатып алу" АИАЖ беру арқылы нөлдік сомамен азаматтық-құұықтық мәмілені тіркеуге береді.";
289-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заң) 59-бабында белгіленген жағдайларда инкассолық өкімді қайтарады.";
294-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңының 59-бабында белгіленген жағдайларда инкассолық өкімді қайтарады.";
371-тармақтың 6) тармақшасында орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
378-4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазынашылық қолдау жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес сметалық құны бір миллиард теңгеден асатын құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларға қатысты қолданылады.";
378-20-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
378-22-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
378-23-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
471-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"471. Бекітілген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберінде сайлау науқанын, республикалық референдумды жүргізу үшін бөлінетін бюджет қаражатына иелік етушілер тиісті сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады.
Сайлау, республикалық референдум өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау, әкімдерді сайлауды қоспағанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі.
Әкімдерді сайлауды өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі.
Тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті сайлау комиссиясы төрағаларының назарына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға және төлемдерді жүзеге асыруға берілген рұқсаттарды жеткізеді.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған шарттарды тиісті сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заңы) көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберінде жасасады.";
475-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Сайлау туралы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтін сөздеріне;
6) Сайлау туралы Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшілікке сайлау алдында іс-шаралар өткізуге және партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;";
624-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"624-1. Мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда қарыз алушы кредитордың шешім қабылдау сәтінде есептелген тұрақсыздық төлемін (айыппұл, өсімпұл) кредитордың шешімінде көрсетілген мерзімде төлейді.
Кредитор негізгі борышты өтеу мерзімін өзгертуді келіскен жағдайда, тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімпұл) кредитордың шешім қабылдау сәтіне дейін де есептеледі.
Қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімі енгізілген кезде "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес борышкердің берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) есептеу тоқтатыла тұрады.";
631-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Салық кодексінің 100-бабының 1-тармағына сәйкес есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтердің электрондық нысаны;";
878-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"МЖӘ шарты тараптарының келісімі бойынша оның мерзімі "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2)-тармақшасымен бекітілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.";
880-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"880. МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерді, оның ішінде концессия шарттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге ұсынуды орталық мемлекеттік органдар – мемлекеттік әріптестер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері оларды "е-Қаржымині" ИААЖ жасағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырады.";
884-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"884. Жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарттарды/қосымша келісімдерді тіркеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әрбір МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарты бойынша:
осы Ережеге 137-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;
МЖӘ/қосымша келісім, оның ішінде концессия шартын;
тиісті бюджет комиссиясының шешімін;
облыс мәслихаты, республикалық маңызы бар қала және астана шешімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне "е-Қаржымині" ИААЖ арқылы ұсынады.";
аталған Ережеге 98-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 116-1 және 116-2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Ережеге 119-4-қосымшасы осы бұйрыққа 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз үшінші және отыз төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 641 бұйрығына 1-қосымша |
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 98-қосымша |
|
Нысан |
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінім
1. Шот нөмірі ________________________________________________
Астана қаласының Қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі ______________________________
3. ___________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазбаша)
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алу туралы өтініммен жүгінеміз және өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа (байланысты грантқа) сәйкес сатып алынды немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған тауарларға немесе қызметтерге байланысты ғана жүргізілді немесе қазірге кезде жүргізілуде.
Шығыстар сипаттамасы | Төлем нұсқаулығы |
4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы. | 8. Төлем алушының атауы мен мекенжайы |
5. Өнім беру деректемелері: | 9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі |
2) шартты (қосымша келісімді) тіркеу туралы хабарламаның нөмірі және күні (аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген азаматтық құқықтық мәмілелерге қатысты толтыру) | 10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері |
3) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы | 11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат |
4) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны |
12. _____________________________ |
5) өтінімде қамтылған шот-фактуралардың жалпы сомасы | |
6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі |
13. _____________________________ |
7. ____________________________ |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 641 бұйрығына 2-қосымша |
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 116-1-қосымша |
Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім
Астана қаласы № ____ "___"_____________ 20___жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, бұдан әрі "Министрлік" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің негізінде әрекет ететін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 199 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереженің негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________
(лауазымының атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
бір тараптан, және ____________________________________________________
(облыстық/қалалық бюджетті атқару жөніндегі органның атауы) бұдан әрі "Салымшы" деп аталатын, Әкімдіктің 20__жылғы "_" ____ № __ қаулысымен бекітілген
____________________________________________
(облыстық/қалалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
Мемлекетік мекеме туралы ереже негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
(лауазымының атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған осы Бас келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:
1. Келісімнің мәні
1.1. Екі жақты мәмілелер түрінде Тараптар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін (бұдан әрі - ҚР Ұлттық банк салымы) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды (аударуды) жүзеге асыру тәртібі Келісімнің мәні болып табылады.
1.2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Келісімге сәйкес Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын береді, ал Министрлік оларды ҚР Ұлттық банк салымына орналастыруға міндеттеме алады.
1.3. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция осы Ереженің 116-2-қосымшасына сәйкес мәміле паспортымен ресімделеді, онда салымды орналастыру бойынша барлық деректер: сомасы, орналастыру мерзімі, орналастыруды бастау және аяқтау күні, сыйақы ставкасы, сыйақы сомасы, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасы болуға тиіс. Мәміленің барлық паспорттарына осы Ереженің 116-3-қосымшасына сәйкес Тараптардың уәкілетті лауазымды тұлғалары қол қояды және Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылады.
1.4. Келісімді орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті жүзеге асырады.
2. Уақытша бос бюджет ақшасын аудару тәртібі
2.1. Министрлік Салымшыдан келіп түсетін ақшаны есепке алу үшін қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ҚБАЖ) № _____________ шот ашады.
2.2. Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға ниеті болған кезде осы Ереженің 116-4-қосымшасына сәйкес Министрлікке уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен растаған хабарлама жібереді.
2.3. Министрлік хабарлама алғаннан кейін кейінгі күннен кешіктірмей Салымшының атына факсимильдік байланыс арқылы Салымшының қол қоюы және мөр бедерімен бекіту үшін қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәміле паспортын жібереді (бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данадан).
2.4. Салымшы Министрліктен факсимильдік байланыс арқылы мәмілелер паспортын алғаннан кейін оларға қол қояды, мөрмен бекітіледі, кейін факсимильді байланыс арқылы Министрліктің атына кері жіберіледі.
2.5. Салымшы қол қойылған мәміле паспорты негізінде сол күні Астана қаласының уақытымен 11 сағат 30 минутта ______________ Қазынашылық департаментіне _______________________ Тараптар қол қойған мәміле
(облыстық немесе қалалық)
паспортының Салымшының түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен, сондай-ақ аша аударуды төлеу шотымен Министрліктің аталған деректемесіне жібереді.
Салымшы ұсынған мәміле паспорты Қазынашылық департаментіне ұсынылады және ақша аударуға арналған негіздердің бірі болып табылады.
2.6. Министрлік Салымшыдан ақша түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей Ақшаны ҚР Ұлттық банк салымдарына орналастырады.
2.7. Министрлік қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының факстық нұсқаларын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының 4 (төрт) данасын салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін почтамен жібереді.
2.8. Салымшы Министрліктен мәмілелер паспортын алған соң оларға қол қойып және мөр бедерімен бекітіп мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан Министрлікке қайтарады.
2.9. Мәміле паспортында көрсетілген ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін толық немесе ішінара талап еткен кезде Салымшы Министрлікке 3.14-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, осы Ереженің 116-5-қосымшасына сәйкес Министрлікке берілген ақшаны қайтару туралы Министрлікке талап ұсынуға міндетті.
2.10. Салымшы мәміле паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін 3.1.4-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, осы Ереженің 116-6-қосымшасына сәйкес жазбаша хабарлама ұсынады.
2.11. Министрлік салымшыдан осы Ереженің 116-6-қосымшасына сәйкес хабарлама алған күннен кейінгі күннен кешіктірместен факсимильдік байланыс арқылы салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін 4 (төрт) данада түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен бекітілген мәміле паспорттарын почтамен жібереді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Министрлік міндеттенеді:
3.1.1. Салымшыдан хабарлама алғаннан кейін келесі күннің Астана қаласының уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын қол қою үшін жіберуге.
3.1.2. Факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын жібергеннен кейін келесі күннен кешіктірмей почтамен 4 (төрт) данада мәмілелер паспортының қол қойылған және мөртабанмен бекітілген түпнұсқаларын Салымшы қол қою және мөртабанмен бекіту үшін жіберуге.
3.1.3. Ақша № ____________ шотқа түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей ҚР Ұлттық банкінің салымдарына орналастыруға.
3.1.4. Салымның мерзімі аяқталғаннан кейін немесе Салымшының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы жазбаша талап етуін Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімінен бұрын талап еткен кезде салымды ___________________________ облысының Қаржы басқармасы БЖК _________ №_____________ ЖБК, бенефициардың БСН-і ________________, ал ҚР Ұлттық банкі есептеген сыйақыны (мүддені) ЖБК ____________________________, БЖК _______________, бенефициардың атауы мен БСН-і, кіріс коды __________ қайтаруға міндеттенеді.
3.2. Салымшы міндеттенеді:
3.2.1. ҚР Ұлттық банкінің салымына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын беру ниеті болған кезде Астана қаласының уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы Министрлікке уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен бекітілген хабарламаны Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес жіберуге.
3.2.2. Министрліктен мәмілелер паспортын алғаннан кейін Астана қаласының уақытымен 11 сағат 30 минуттан кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәміле паспорттарды жіберуге.
3.2.3. Астана қаласының уақытымен 11 сағат 30 минутқа дейін __________________________________________ Қазынашылық департаментіне
(облыстық немесе қалалық)
Салымшының қолының және мөртабанының түпнұсқасымен тараптар қол қойған мәмілелер паспортына, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің салымдарына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған ақы төлеуге шоттың факстік нұсқасын беруге.
3.2.4. Министрліктен мәмілелер паспортының түпнұсқаларын алғаннан кейін оларға қол қоюға, мөртабанмен бекітуге және мәмілелер паспортының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данасын Министрлікке қайтаруға.
3.2.5. Мәмілелер паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке салым және сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін қажетті тиісті деректемелерді нақты көрсете отырып, салым сомасын толық көлемде мерзімінен бұрын талап еткен немесе ішінара талап еткен кезде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес хабарлама ұсынуға міндеттенеді.
3.3 Министрлік құқылы:
3.3.1. Салымшы Келісімнің 2.10-тармағына сәйкес шарттың әрекет ету мерзімін ұзартқан кезде ҚР Ұлттық банкі ұсынатын ставкаға Салымшымен келісім бойынша сыйақының (мүдденің) бастапқы белгіленген ставкасын өзгертуге құқығы бар.
3.4. Салымшы құқылы:
3.4.1. Салымды беру мерзімін ұзартуға.
3.4.2. Келісімнің 2.9.-тармағына сәйкес салымдарды толық көлемде және ішінара мерзіміне дейін талап етуге құқығы бар.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісім бойынша өз міндеттемелеріне жауапкершілікте болады.
4.2. Министрлік есептелген сыйақыдан (мүддеден) салым қайтару мерзімін бұзған жағдайда, Министрлік Салымшыға Келісімнің 3.1.4-тармағында көрсетілген ҚР Ұлттық банкінен нақты алынған айыппұл сомасын төлейді.
4.3. Министрлік Салымшының өз міндеттемелерін уақтылы орындамауының салдарынан пайда болған зиянға жауапкершілікте болмайды.
4.4. Салымшы Келісімнің 3.2.3-тармағында көрсетілген ақшаны аударуға төлеуге шотты беру мерзімін бұзған кезде Салымшы Министрлікке соманы уақтылы аудармағаны үшін әрбір мерзімі өткен аудару күнтізбелік күніне ҚР Ұлттық банкі беретін айыппұл мөлшерінен төмен емес айыппұл төлейді.
5. Форс-мажор
5.1. Тараптар, егер орындамау күтпеген мән-жайлар, атап айтқанда: өрт, топан су, зілзала, індет, әскери іс-қимылдар, электр энергиясы мен телекоммуникациялық байланыстың уақытша болмауының және Келісім бойынша міндеттемелерін орындауға тікелей әсер ететін Тараптардың еркіне бағынбайтын басқа мән-жайлардың салдары болып табылатын болса, Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тараптардың біреуі немесе екеуі үшін Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы билік органдары шешімдерінің салдары үшін тараптар жауап бермейді.
Тараптар, егер мұндай мән-жайлар болған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және байланыс болған кезде, оның әсерінен зардап шеккен Тарап болған жағдай туралы екінші Тараптың назарына жеткізсе, сондай-ақ өз тарапынан форс-мажорлық мән-жайлардың салдарын жылдам жою үшін барлық күш-жігерін жұмсаса, өздеріне алған міндеттемелерді орындаудан босатылады.
5.2. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты зиян шеккен Тарап тежеусіз күштің объектісі болған Тараптан болған оқиғаларға дәлелдер, сондай-ақ шеккен зиян көлемін есептеуге байланысты кез келген басқа құжаттаманы талап ете алады.
6. Келісімнің қолданылу мерзімі, бұзу және өзгерту шарттары
6.1. Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді. Бұл ретте, Келісім облыстық (қалалық) Қазынашылық департаментінде тіркелуге жатпайды.
6.2. Келісім Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылады.
6.3. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты келісімді бұзудың болжамдалған күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінде бұл туралы ескерте отырып және Келісім бойынша бұрын өзіне алынған міндеттемелерді орындай отырып, Келісімді бұзуға құқығы бар.
7. Өзге де шарттар
7.1. Тараптардың арасындағы Келісім бойынша пайда болған барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Келісім бірдей заң күші бар екеуі мемлекеттік, екеуі орыс тілдерінде төрт түпнұсқа данада жасалған.
7.3. Осы Келісіммен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
7.4. Тараптардың біреуі немесе Тараптардың екеуі қайта ұйымдастырылған жағдайда, Келісім бойынша барлық құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорына көшеді.
7.5. Егер салым мерзімінің соңғы күні жұмыс күні емес күнге сәйкес келсе, салым есептелген сыйақымен (мүддемен) бірге келесі жұмыс күніне қайтарылады, бұл ретте, көрсетілген жұмыс күні емес күнге сыйақы (мүдде) есептелмейді.
8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
_______________________________ |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 641 бұйрығына 3-қосымша |
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 116-2-қосымша |
Мәміле паспорты № ____ ___ _____________ 20___жыл
____________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
береді, ал Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі _____________теңге сомасында салым қабылдайды.
Орналастыру мерзімі: _____________________
Орналастырудың басталу күні: _____________
Орналастырудың аяқталу күні: _____________
ҚР ҰБ сыйақы ставкасы: ___________________
ҚР ҰБ сыйақы сомасы: _____________________
ҚР ҰБ қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы: ___________
Салымды мерзімінен бұрын талап еткен кезде қолданылатын сыйақы ставкасы: ______
"__"__________20__жыл _____________________________________ KZT
(сомасы санмен)
Министрлікке төлейді,
Астана қаласы, ЖБК № ___________, БЖК _______ БСН-і ________
___________________________________________________ деректемелері
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның)
ЖБК № ___________, БЖК _______ БСН-і ________
Тараптардың қолдары:
Қазақстан Республикасы Қаржы |
_________________________ атынан |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 641 бұйрығына 4-қосымша |
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 119-4-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізуге өтінім
1. Шот нөмірі ___________________________________________________
Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі _________________________________________________
3. Төлем жасауды сұраймыз _______________________________________
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазумен)
Төлемдер жүргізу туралы өтініш білдіреміз және осымен мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі операцияларды жүргізуге өз келісімімізді растаймыз
_______________________________________________________________________
Төлем нұсқаулары | |
4. Қарыз берушінің атауы және мекенжайы | 5. Төлем алушының (қарыз берушінің) атауы және мекен-жайы |
5. Жеткізу деректемелері: | 6. Қаражат алушының атауы мен деректемелері және шот нөмірі |
2) жобаның қысқаша сипаттамасы | 7. төлем алушының корреспондент-банкінің атауы және деректемелері |
3) төлемнің жалпы сомасы |
8. ____________________ |
4. _____________________________ |
9. ____________________ |