ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 2-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші абзацтары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Тізбенің 2-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент - жеке тұлға мынадай деректерді енгізеді (қоса береді):
туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
жеке сәйкестендіру нөмірі;
туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданыс мерзімі;
ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі;
беттің бейтарап қалыпта және аузы жабық ашық түстегі анфас фотосуреті.
Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент - заңды тұлға мынадай деректерді (сканерленген түрдегі құжаттарды) енгізеді (қоса береді):
заңды тұлғаның атқарушы органының басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның туу туралы куәлігін қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
клиент - заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның туу туралы куәлігін қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданыс мерзімі;
клиент - заңды тұлғаның ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті клиенттің беті бейтарап қалыпта және аузы жабық, ашық түстегі аяда анфас фотосуреті.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым клиенттің тіркелгенін растау үшін мыналар ұсынған төмендегідей деректерді салыстырып-тексеруді жүзеге асырады:
клиент - жеке тұлға: клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі және фотосуреті;
клиент - заңды тұлға: микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның туу туралы куәлігін қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және фотосуреті.
Клиентті жеке кабинетте тіркеу кезінде СДАО қызметтерін пайдалану арқылы немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректер бойынша биометриялық сәйкестендіру немесе клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы қолданылады.
Дара кәсіпкер ретінде тіркелген клиент - жеке тұлғаны тіркеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану талап етілмейді.
Клиентті жеке кабинетке тіркегеннен кейін клиенттің жеке кабинетке кейіннен кіруі құпиясөздерді ойлап табу және (немесе) енгізу арқылы немесе бірдейлендіру белгілерінің (токендер, смарт-карталар, бір реттік құпиясөздер) кем дегенде біреуін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Клиенттің ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі туралы деректерге немесе банк шотының деректемелеріне (микрокредиттерді терминалдар арқылы беруді қоспағанда) өзгерістер енгізу клиенттің жеке кабинетінде СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін және (немесе) клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Жеке кабинетте клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы деректер өзгертілмейді.";
"9. Микрокредит беру туралы шарт жасасу, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен клиент арасында электрондық тәсілмен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін және (немесе) клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға-клиентпен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты микрокредит беру туралы шарттар жасасқан кезде, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану талап етілмейді
Электрондық тәсілмен микрокредит беру микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банк шотынан клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) ақша аудару жолымен, сондай-ақ клиентке терминал немесе касса арқылы қолма-қол ақшаны беру және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда қарыз алушы сатып алатын тауарға немесе орындаған жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасалған заңды тұлғаның банк шотына микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша аудару арқылы жүзеге асырылады.
Банк шотының немесе төлем картасының клиентке тиесілігін сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда ақша аудару жүзеге асырылмайды.
Микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда сатып алынатын тауар немесе орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасалған заңды тұлғаның банк шотына аудару СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Қарыз алушыға касса арқылы микрокредит беру оның жеке басын куәландыратын құжатпен (туу туралы куәлікті қоспағанда) не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен қолма-қол ақша алатын клиентті көзбен шолып сәйкестендіру жүргізу, сондай-ақ клиент-заңды тұлғаға микрокредит берілген жағдайда, ақша алуға уәкілетті адамның өкілеттігін растайтын сенімхат беру арқылы жүзеге асырылады.".
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 77 Қаулыға қосымша |
Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Банк қолданыстағы мөлшерлемелер мен тарифтерді бекіту және өзгерістер енгізу күндері туралы мәліметтерді, ішкі құжаттардың нөмірлерін және оларды бекіткен (қабылдаған) органды көрсете отырып, банктік қызметтер үшін мөлшерлемелер мен тарифтер, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша тарифтер туралы өзекті ақпаратты филиалдарында (олардың үй-жайларында), филиалдар болмаған жағдайда – орталық офисінде (көру және танысу үшін қол жетімді жерде) және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.".
2. "Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларында:
6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент – жеке тұлға мынадай деректерді енгізеді (қоса береді):
туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
жеке сәйкестендіру нөмірі;
туу туралы куәлікті қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданыс мерзімі;
ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі;
беттің бейтарап қалыпта және аузы жабық ашық түстегі анфас фотосуреті.
Жеке кабинетте тіркеу үшін клиент - заңды тұлға мынадай деректерді (сканерленген түрдегі құжаттарды) енгізеді (қоса береді):
заңды тұлғаның атқарушы органының басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның туу туралы куәлігін қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
клиент - заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның туу туралы куәлігін қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және қолданыс мерзімі;
клиент - заңды тұлғаның ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі;
микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті клиенттің беті бейтарап қалыпта және аузы жабық, ашық түстегі аяда анфас фотосуреті.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым клиенттің тіркелгенін растау үшін мыналар ұсынған төмендегідей деректерді салыстырып-тексеруді жүзеге асырады:
клиент - жеке тұлға: клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі және фотосуреті;
клиент - заңды тұлға: микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның туу туралы куәлігін қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және фотосуреті.
Клиентті жеке кабинетте тіркеу кезінде СДАО қызметтерін пайдалану арқылы немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректер бойынша биометриялық сәйкестендіру және (немесе) клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы қолданылады.
Дара кәсіпкер ретінде тіркелген клиент - жеке тұлғаны тіркеу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану талап етілмейді.
Клиентті жеке кабинетке тіркегеннен кейін клиенттің жеке кабинетке кейіннен кіруі құпиясөздерді ойлап табу және (немесе) енгізу арқылы немесе бірдейлендіру белгілерінің (токендер, смарт-карталар, бір реттік құпиясөздер) кем дегенде біреуін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Клиенттің ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі туралы деректерге немесе банк шотының деректемелеріне (микрокредиттерді терминалдар арқылы беруді қоспағанда) өзгерістер енгізу клиенттің жеке кабинетінде СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін және (немесе) клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Жеке кабинетте клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы деректер өзгертілмейді.";
"9. Микрокредит беру туралы шарт жасасу, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен клиент арасында электрондық тәсілмен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары және (немесе) клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін және клиенттің Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер ретінде тіркелген клиент-жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит беру туралы шарт жасасу кезінде, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану талап етілмейді.
Электрондық тәсілмен микрокредит беру микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банк шотынан клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) ақша аудару жолымен, сондай-ақ клиентке терминал немесе касса арқылы қолма-қол ақшаны беру және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда қарыз алушы сатып алатын тауарға немесе орындаған жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасалған заңды тұлғаның банк шотына микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша аудару арқылы жүзеге асырылады.
Микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда сатып алынатын тауар немесе орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасалған заңды тұлғаның банк шотына аудару СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Қарыз алушыға касса арқылы микрокредит беру оның жеке басын куәландыратын құжатпен (туу туралы куәлікті қоспағанда) не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен қолма-қол ақша алатын клиентті көзбен шолып сәйкестендіру жүргізу, сондай-ақ клиент-заңды тұлғаға микрокредит берілген жағдайда, ақша алуға уәкілетті адамның өкілеттіктерін растайтын сенімхат беру арқылы жүзеге асырылады.".
3. "Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19697 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға микрокредит берілгенге дейін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым микрокредиттер берудің ішкі қағидалары шеңберінде қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдау рәсімін жүргізеді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген екі мың жеті жүз он еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде микрокредит бергенге дейін мынадай факторлардың негізінде қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдауды жүзеге асырады:
қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;
несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлар алдында берешегінің болуы;
борыш жүктемесі;
микрокредиттер бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның скорингтік жүйелеріндегі қарыз алушының рейтингі (бар болса);
өзге берешектің болуы;
банктік шоттар бойынша қалдықтар мен операциялар (бар болса);
ақшаны нысаналы пайдалануы туралы ақпарат;
микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімінің болуы.".
4. "Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19774 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға банктік қарыз берілгенге дейін банк бекітілген кредит саясаты шеңберінде қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдау рәсімін жүргізеді.
Егер қарыз алушы кемінде алты ай мерзімде қызметін дара кәсіпкер ретінде жүзеге асыратын болса және кәсіпкерлік қызметтен түсетін айналымдар болмаған жағдайда, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген екі мың жеті жүз он еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде қарыз бергенге дейін банк мынадай факторларды:
қарызды өтеу үшін өзге де кіріс көздерінің немесе кепілгерлердің болуын;
несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлар алдында берешегінің болуын;
борыш жүктемесін;
қарыздар бойынша төлем тәртібін (кредиттік тарих);
банктің скорингтік жүйелеріндегі қарыз алушының рейтингін (бар болса);
өзге де берешектің болуын;
банктік шоттар бойынша қалдықтар мен операцияларды;
ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпаратты;
қарыз беруге жұбайының (зайыбының) келісімінің болуын ескере отырып, қарыз алушының кредит қабілеттілігіне талдауды жүзеге асырады.
Егер қарыз алушы қызметін алты айдан астам мерзімде дара кәсіпкер ретінде жүзеге асыратын болса немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін айналымдар болған жағдайда, банк республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма жеті мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде қарыз берген кезде мынадай факторларды:
кәсіпкерлік қызметтен айналымдардың (сенімді және жеткілікті кірістердің) болуы;
несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлар алдында берешегінің болуын;
борыш жүктемесін;
қарыздар бойынша төлем тәртібін (кредиттік тарих);
банктің скорингтік жүйелеріндегі қарыз алушының рейтингін (бар болса);
өзге де берешектің болуын;
банктік шоттар бойынша қалдықтар мен операцияларды;
ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпаратты;
қарыз беруге жұбайының (зайыбының) келісімінің болуын ескере отырып, қарыз алушының кредит қабілеттілігіне талдауды жүзеге асырады.".
5. "Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34946 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мына:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары;
2) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің (қайта қаржыландырылуға жататын банктік қарыздар мен микрокредиттерді қоспағанда) ең төменгі мөлшері;
3) "Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19697 болып тіркелген) және "Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19774 болып тіркелген) қаулыларына сәйкес айқындалатын дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшері бекітілсін.".