БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағына, 124-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағына, 124-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) мүлікті өткізу бойынша шығыстар – компанияның бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 қаңтарға белгіленген және тиісті күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын, қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын, іссапар және әкімшілік шығыстарды қоспағанда, лотты бағалау бойынша шығындар, маркетингке, борышкерлердің мүлкін бағалау жөніндегі қызметтерге арналған шығыстар, борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушының қызметтерін пайдалану үшін жұмсалған, оны өткізуге байланысты шығыстар сомасы;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға (бұдан әрі – дерекқор) кіретін бірыңғай нүктені беретін www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің іс жүзінде болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепіл мүлiктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады.
Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің іс жүзінде болуы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімінің өзгеруіне байланысты борышкердің кепіл түрінде қамтамасыз етілген мүлкіне, сондай-ақ борышкердің билік етуі шектелген мүлкіне компания өкілдерінің және бағалаушының қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы МКО тарапынан жәрдем көрсетіле отырып тексеріледі.";
11-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Лоттың бастапқы бағасы осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бар екені расталған кепіл мүлікке және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікке оның бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттардың біреуінің негізінде айқындалады:
1) бірдей және (немесе) біртекті тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған бағалау туралы қолдағы бар есептің негізінде компанияның кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық бағасын белгілеу туралы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды). Компания қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мүліктің техникалық сипаттамасын, сыртқы түрін жан-жақты және көзбен көріп бағалауға мүмкіндік беретін кемінде 3 (үш) фотосуретін қоса бере отырып жасайды. Бағалау туралы есептің деректері осындай есеп жасалған күннен бастап Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде айқындалған мерзім өткен күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы компанияның немесе тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жасаған кепіл мүліктің және немесе билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есеп (борышкерде мұндай есеп бар болса).
Компания мүліктің бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
тиісті МКО-ның қарап көруі үшін дерекқорға қорытындының немесе компанияның тапсырысы бойынша бағалаушы жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есептің көшірмесін енгізеді;
хабарламасы бар тапсырысты поштамен, сондай-ақ электрондық хабарламаның оқылғаны туралы растауды сұрата отырып борышкердің электрондық мекенжайына (ол бар болса) - бағалау туралы есеп орналастырылған тізілімнің веб-порталдағы дәл URL-мекенжайын көрсете отырып, борышкерге мүлікті өткізу туралы хабарлама жібереді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Егер бағалау нәтижелері бойынша борышкердің барлық мүлкінің құны оларды өткізу бойынша болжамды шығыстардан төмен болған жағдайда, компания кепіл мүлікті және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікті одан әрі өткізуді жүргізбейді. Бұл ретте компания лоттардың бастапқы бағасын айқындау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкердің кепіл мүлкің және (немесе) билік етуі шектеулі мүлкін өткізуден бас тарту туралы хабарламаны дерекқорға енгізеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жеке немесе заңды тұлғаның осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ электрондық аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түспеуі өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.";
26 және 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс, мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығындағы кезеңде сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейінгі уақыт аралығында (сағат 15.00-ден кешіктірмей басталады) тізілімнің веб-порталында өткізіледі.
27. Электрондық аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып, аукцион залында тіркеледі. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта аукцион залында лоттың бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыруы арқылы басталады.
Егер аукцион басталған сәтте аукцион залында лот бойынша аукционға екеуден аз қатысушы тіркелген және болған жағдайда, бұл лот бойынша аукцион өткізілген жоқ деп танылады.
Жылжымайтын мүлік санатына жатпайтын, өткізілмеген мүлік, көлік құралдары және арнайы техника бойынша қайталама аукцион өткізу кезінде осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жалғыз қатысушыға қатысу құқығы беріледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Электрондық аукцион барысында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау туындаған кезде ұйымдастырушы:
1) техникалық ақаудың болу фактісін тіркейді және ол тізілім веб-порталы жағында болған кезде компанияны және барлық қатысушыларды тізілім веб-порталында электрондық аукционды тоқтата тұру туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді;
2) ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру арқылы осы электрондық аукционның жалғастырылу күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды жалғастыруды ұйымдастырады және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық адресіне электрондық хабарлама жолдайды.
Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау болған кезде электрондық аукцион жалғаса береді.";
32-тармақ алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Кепілдік жарна шегерілген сату бағасын электрондық аукционның жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушының есеп шотына енгізеді.
Ұйымдастырушы кепілдік жарна мөлшерін қоса алғанда, сату бағасын сауда-саттық өткізу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде компанияның банк шотына аударады.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 5-қосымша осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасы
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 648 Бұйрыққа 1-қосымша |
Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт
20__ жылғы "__" _______ № ______ _____ жылғы "__" __________ № ______________
шарт негізінде әрекет ететін _________________________________________________
компаниясының атынан ____________________________________________________
бірінші тараптан (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) және ______________________
атынан ___________________________________________ бағалаушы екінші тараптан
борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен салық төлеушінің (салық
агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер
органының 20__жылғы "___" __________ қаулысына және (немесе) кепіл мүлкі туралы
шартқа сәйкес _____________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), e-mail
және банк деректемелері) мүлкін өткізу мақсатында кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені
туралы осы (қажетінің асты сызылсын) актіні жасады.
Тізімдеме актісіне және (немесе) 20 ___ жылғы "___" ___________ № ______________
кепіл мүлкі туралы шартқа қосымшаға сәйкес тізімделген және (немесе) кепілге салынған
мүліктің тізбесі:
Р/с№ | Мүліктің атауы | Саны (дана) | Тізімдеме актісі бойынша құнының жиыны | Мүліктің нақты болуы немесе болмауы ия/жоқ | Мүліктің орналасқан жері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы актіні:
__________________________________________________________________________
(компания өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы)
_________________________________________________________________________
(бағалаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы)
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің, лауазымды тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болса), қолы, қол қойған күні)
борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен жасады.
Борышкер және (немесе) үшінші тұлға болмаған немесе ол қол қоюдан бас тартқан
жағдайларда, акт мемлекеттік кірістер органы өкілінің және куәгерлердің (актіге жеке
куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі) қатысуымен жасалады:
__________________________________________________________________________
(куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, қол қойған күні, ол бар болса ұялы телефон №)
__________________________________________________________________________
(куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы, қол қойған күні, ол бар болса ұялы телефон №)
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса), қолы, қол қойған күні)
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 648 Бұйрыққа 2-қосымша |
Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы қорытынды
20__ жылғы "____" _________ № ___________________
Осы қорытындыны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(уәкілетті заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы)
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне,төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалардың 12-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
мүлкіне қатысты
(салықтөлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), e-mail және банк деректемелері)
салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының 20___жылғы "___" ___________ № _________ қаулысына сәйкес жасады.
Билік етуі шектелген мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Билік етуі шектелген мүліктің нарықтық құны: __________________________________
_____________________________________________________________________ теңге
(цифрмен және жазбаша түрде)
Қорытынды жасау үшін негіздеме:
20__ жылғы "____" _________ № ____________ бағалау туралы есеп
бірдей тауар
біртекті тауар
бірдей және (немесе) біртекті мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
бірдей және (немесе) біртекті мүліктің нарықтық құны: ___________________________
_____________________________________________________________________ теңге
(цифрмен және жазбаша түрде)
Қосымша: бірдей және (немесе) біртекті мүліктің фотосуреттері (саны)
__________________________________________
(уәкілетті заңды тұлға өкілінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болса) және қолы)
__________________________________________ Мөр орны
(уәкілетті заңды тұлға басшысының (басшы
орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
және қолы)
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 648 Бұйрыққа 3-қосымша |
Кепіл мүлікті және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікті өткізуден бас тарту туралы хабарлама
20__ жылғы "____" ________ № _______________
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалардың 16-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(уәкілетті заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды мекенжайы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)
қатысты шығарылған 20__жылғы "___" __________ № ____ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының қаулысы және (немесе) кепіл мүлкі туралы шарт бойынша мынадай мүлікті өткізуден бас тартатыны туралы хабарлайды.
Р/с № | Мүліктің атауы | Саны | Мүліктің орналасқан жері | Мүліктің жиынтық құны, теңгемен | Ескертпе | |
тізімдеме актісіне сәйкес | мүліктің құнын бағалау туралы қорытындыға немесе есепке сәйкес | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қосымша (көрсетілсін):
Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компанияның қорытындысы
Бағалаушының кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есебі
Борышкер ұсынған кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есебі
20____жылғы "___" __________________ № ________________ құжат
(кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компания қорытындысының
немесе кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есептің күні мен нөмірі)
__________________________________________________________________
(уәкілетті заңды тұлға қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және қолы)
_________________________________________________ Мөр орны
(уәкілетті заңды тұлға басшысының (басшы орынбасарының)
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және қолы)
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 648 Бұйрыққа 4-қосымша |
Компания сыйақысы мөлшерлемесінің мөлшері
№ | Борышкердің мүлкін өткізуден түскен сома | Сыйақы мөлшерлемесі |
1 | 2 | 3 |
1. | 3 000 000 теңгеге дейін | 3 % |
2. | 3 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін | 6 % |
3. | 7 000 000 теңгеден 15 000 000 теңгеге дейін | 4 % |
4. | 15 000 000 теңгеден жоғары | 2 % |