"Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 қазанда № 35191 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына және "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 33 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағасының
2010 жылғы 2 шілдедегі
№ 168 бұйрығымен
бекітілген

Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына, сондай-ақ "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында үйлестіруді, басшылықты және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) ақпараттық технологияларды (бұдан әрі – АТ қызметті) басқару жүйесі – өтінімдерді ішкі келісу үшін уәкілетті органы ведомствосының бағдарламалық қамтамасыз етуі;

      3) зерттеуші кабинеті – уәкілетті органы ведомствосының Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелеріндегі сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеуге арналған арнайы жабдықталған үй-жай;

      4) сәйкестендірмеу – бөлек сақталатын және қорғалатын қосымша деректерді пайдаланбай, нақты деректер субъектісін сәйкестендіру үшін пайдаланылмайтындай етіп өңделетін дербес деректерді өңдеу процесі.

2-тарау. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібі

      3. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну:

      1) Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың;

      2) Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының;

      3) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүргізу мақсатында халықаралық ұйымдардың біржолғы өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ұйымдарға сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор электрондық жеткізгіште (CD диск) беріледі немесе Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

      Халықаралық ұйымдарға сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорлармен тек Зерттеушінің кабинетінде жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

      Бұл ретте электрондық жеткізгіштегі (CD диск) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор және Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорлармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұйымның тікелей өкіліне (бұдан әрі – зерттеуші) ұсынылады.

      5. Өтінім уәкілетті орган ведомствосының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында жеке кабинет арқылы қалыптастырылып жіберіледі және келесі құжаттарды қоса бере отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады:

      1) зерттеушінің деректемелерін (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі) көрсете отырып, ұйымның ресми хаты;

      2) зерттеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;

      5) ұйымда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (мемлекеттік лицензияның және білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымшалардың көшірмелері немесе аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі; қазақстандық ғалымдардың ұсыныс хаты және халықаралық дерекқордағы сәйкестендіру туралы анықтама).

      Өтінімді қалыптастыру және беру кезінде зерттеуші құпиялылық саясатымен танысып, жеке деректерді өңдеуге және өтінім туралы (өтінім берілген күні, ұйымның атауы, зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сұралған дерекқор сипаттамасы, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен нәтижесі) ақпаратты жариялауға келісімін береді.

      6. Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – ҚБ) келіп түскен өтінімді барлық құжаттардың болуын және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қосымшаларды ресімдеудің толықтығына түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. ҚБ барлық құжаттар болған жағдайда өтінімді құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне тіркеу үшін жібереді.

      8. Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі өтінімді алған күні оны "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға тіркеп, уәкілетті орган ведомствосының басшылығына қарауға жібереді. Өтінішті қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.

      9. Уәкілетті орган ведомствосының басшылығы өтінімді құзыреті бойынша тиісті уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің қарауына жібереді.

      10. Тиісті құрылымдық бөлімшелер өтінімді ұсыну, қалыптастыру және сәйкестендірмеу мүмкіндігіне түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды және ҚБ-ға хабарлайды.

      11. ҚБ өтінімнің оң қаралуын алған кезде "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомстволық бағынысты ұйымға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалыптастыру үшін жолдайды.

      12. Ведомстволық бағынысты ұйымның сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалыптастыру тәртібі:

      1) алынған өтінімге сәйкес бастапқы статистикалық деректердің қоры қалыптастырылады;

      2) сәйкестендірмеуге жататын бастапқы статистикалық деректердің тізбесі айқындалады;

      3) бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын және қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында: респондент туралы сәйкестендіруші ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), кәсіпорынның/ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі, тіркеу күні, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) жою жолымен дерекқорларды сәйкестендірмеу жүзеге асырылады, орнына сәйкестендіру үшін пайдалану мүмкін емес нөмірлеу қолданылады.

      4) сәйкестендірмеу процесі аяқталғаннан кейін, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор АТ-қызметті басқару жүйесі арқылы ҚБ жібереледі.

      Ведомстволық бағынысты ұйым сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      13. ҚБ қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оның өтінімге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және АТ-қызметті басқару жүйесі арқылы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.

      14. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты құрылымдық бөлімше бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды тексереді.

      15. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты құрылымдық бөлімше бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені анықталған кезде ведомстволық бағынысты ұйымның пысықтауы үшін бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінің нақты себептерін көрсете отырып, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды ҚБ қайтарады.

      16. Бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде ҚБ "Электрондық жолданымдар" АТЖ арқылы жауапты тиісті құрылымдық бөлімшелермен келіседі және зерттеушінің электрондық поштасына өтінімнің оң қаралғаны және осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес дерекқорды сәйкестендірілмеген түрінде беруге дайын екендігі туралы жауап жібереді.

      17. Сұралатын дерекқорларды қалыптастыру және ақпаратты сәйкестендіру мүмкіндігін айқындау кезінде, уәкілетті орган ведомствосының басшылығы қарастыру мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартады, бұл туралы зерттеушіге мерзімді ұзартқан күннен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.

      18. Зерттеуші жұмыс аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосынының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастыру үшін зерттеу нәтижесін уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.

3-тарау. Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың және Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының өкілдері сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою тәртібі

      19. Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың және Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының өкілдері зерттеу аяқталғаннан кейін оларға электрондық жеткізгішті (CD диск) ұсынылған сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорды жоюды өз бетінше жүзеге асырады.

      Электрондық жеткізгішті (CD диск) жою оны қайта пайдалануды болдырмайтын күйге дейін деформациялау арқылы жүргізіледі.

      Электрондық жеткізгіш (CD диск) жойылғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес екі данада Акт жасалады, оның бір данасы уәкілетті органның ведомствосына ұсынылады.

      20. ҚБ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою туралы журналға белгі қояды.

4-тарау. Зерттеушінің кабинетінде жұмыс істеу тәртібі

      21. Зерттеушінің кабинетіне кіру графигі уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінің жұмыс кестесін ескере отырып, қаралған өтінімдерге сәйкес қалыптастырылады.

      22. Зерттеушінің кабинеті сыртқы құрылғыларды қосу мүмкін емес дербес компьютермен, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады.

      23. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы Зерттеуші кабинетінің жұмысына жауапты қызметкерді (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындайды.

      24. Жауапты қызметкер зерттеушінің одан әрі жұмыс істеуі үшін электрондық жеткізгіштен (CD диск) Дерекқорды дербес компьютерге жүктейді және оны қайта пайдалануды болдырмайтын күйге дейін деформациялау арқылы электрондық жеткізгішті (CD диск) жояды.

      Электрондық жеткізгіш (CD диск) жойылғаннан кейін жауапты қызметкер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Акт жасайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою туралы журналға белгі қояды.

      25. Зерттеушінің қозғалысы жауапты қызметкердің сүйемелдеуімен жүзеге асырылады.

      26. Зерттеушіге Зерттеушінің кабинетіне фото- және бейнеаппаратураны, жазу құрылғыларын, ақпарат жеткізгіштерді, байқаудың визуалды құралдарын, есептеу техникасын, радиотехникалық және басқа да қосарлы мақсаттағы аппаратураны, техникалық құрылғыларды, оның ішінде деректерді беру мүмкіндігі бар сымсыз құрылғыларды, интернет модульдермен жарақтандырылған жеке байланыстың мобильді құралдарын және мобильді құрылғыларды, фото және бейнекамералармен, сондай-ақ басқа да электрондық жеткізгіштерді кіргізуге жол берілмейді.

      27. 25 және 26-тармақтарда көзделген шектеулерді сақтамаған жағдайда жауапты қызметкер Зерттеушінің кабинетіндегі дерекқорға қол жеткізуді бұғаттайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шектеулерді сақтамағаны туралы Акт жасайды.

      28. Жауапты қызметкер зерттеушіге Зерттеушінің кабинетінде оның жұмысының нәтижесін электрондық жеткізгішке (CD диск) жүктейді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес журналда қолтаңбалармен расталады.

5-тарау. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсынудан бас тарту

      29. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсынудан бас тарту:

      1) дерекқорларды иесіздендіру үшiн техникалық мүмкiндiк болмаған;

      2) егер сұратылған ақпарат мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде жиналмаған және алынуы мүмкін болмаған;

      3) егер өтінім сұратылған ақпараттың мазмұнын бір мәнде анықтауға мүмкіндік бермеген (статистикалық байқаудың атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, динамикалық қатары, аумақтық бөлініс);

      4) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;

      5) егер бұрын қаралған өтінімдерде осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарының талаптары орындалмаған;

      6) зерттеуші осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көзделген шектеулерді сақтамаған;

      7) зерттеуші осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген міндеттемелерді сақтамаған жағдайларда көзделген.

  Дерекқорларды ғылыми
және ғылыми-техникалық
қызметте сәйкестендірілмеген
түрінде пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін алуға өтінім

1

Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық ұйымдар, халықаралық ұйымдар атауы


2

Зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


3

Лауазымы


4

Ғылыми дәрежесі (атағы)


5

Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану мақсаты (кемінде 200 сөз)


6

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі


7

Қаржыландыру көзі


8

Сұратылған сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорлардың сипаттамасы (статистикалық байқаудың атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, динамикалық қатары, аумақтық бөлініс)


9

Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде алу тәсілі (электрондық жеткізгіште (CD диск) немесе Зерттеушінің кабинетінде дерекқормен сәйкестендірілмеген түрінде жұмыс істеу мүмкіндігі)


10

Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс ұзақтығы*


      __________________________________________________________________________

      (Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)

      Мөр орны

      *Зерттеушінің кабинетінде алу тәсілін көрсеткен кезде толтырылады

  Дерекқорларды ғылыми
және ғылыми-техникалық
қызметте сәйкестендірілмеген
түрінде пайдалану үшін
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Алушының дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттемесі

      Мен ______________________________________________________________________

      (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлға атауы)

      __________________________________________________________________________

      (зерттеушінің лауазымы)

      ___________________________ лауазымы бойынша лауазымдық міндеттерді атқарушы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (жұмыстың сипатын көрсетіңіз)

      тақырыбындағы ғылыми жұмыс жүргізу кезеңіне маған дерекқордың сәйкестендірілмеген түрінде (бұдан әрі – дерекқор) ұсынылатыны туралы хабардармын.

      Осымен:

      1. Маған жұмысты орындаумен байланысты сеніп берілген (берілетін) немесе белгілі болған (болатын) дерекқордан алынатын ақпаратты жария етпеу және үшінші тұлғаларға бермеу.

      2. Дерекқорды көшірмеу.

      3. Үшінші тұлғалар менен дерекқордағы ақпаратты алуға әрекет еткен жағдайда, бұл жөнінде дереу мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) хабарлау.

      4. Жұмыс аяқталғаннан кейін маған ұсынылған электронды жеткізгіштегі дерекқорларды Актімен (екі данада) жою және осы Актінің екінші данасын уәкілетті орган ведомствосының мекенжайына жолдау.

      5. Дерекқорлардан алынатын ақпаратты коммерциялық мақсатында пайдаланбау міндеттемелерін өзіме аламын.

      Уәкілетті органның ведомствосы келісілген міндеттемелерді бұзған жағдайда дерекқорлардан ақпаратты ұсынудан бас тартуға, сондай-ақ қайта/кейінгі өтініштерді қараудан бас тартуға құқылы.

      __________________________________________________________________________

                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (қолы)

      20__жылғы "___"____________

  Дерекқорларды ғылыми
және ғылыми-техникалық
қызметте сәйкестендірілмеген
түрінде пайдалану үшін
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сәйкестендірілмеген түрінде дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою актісі

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ өткізу үшін

      (жұмыс түрін көрсету)

      дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдаланғандар 20___ жылы "___" ____________ одан әрі сақтауға жатпайтын сәйкестендірілмеген түрінде дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жоюдың жүргізілгені туралы осы актіні жасадық:

Күні

Алынған дерекқордың сипаттамасы







      Электрондық жеткізгіштердің барлығы _______________________________________

      (цифрлармен және сөзбен)

      Электрондық жеткізгіш (қию, демонтаждау және т.б.) арқылы жойылды.

      __________________________________________________________________________

      (Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні) және лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      (Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)

      Мөр орны

  Дерекқорларды ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде
пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Электрондық жеткізгіштердегі (CD диск) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды жою журналы

р/с

Ұйымның атауы

Дерекқордың атауы

Алынған / жүктелген күні

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

Жою күні































































































































  Дерекқорларды ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде
пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Зерттеушінің шектеулерді сақтамауы туралы акт

      _________________________________________________________________________,

      (дерекқорды сәйкестендірілмеген түрінде сұратқан ұйымның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (шектеулерді бұзған зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      (бұзушылықтың сипаттамасы)

      __________________________________________________________________________

      (жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20___ жылы "___" ____________ Зерттеуші кабинетіндегі жұмыс істеу тәртібін бұзған зерттеуші үшін сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорға қолжетімділікке бұғаттау жүргізілгені туралы осы актіні жасадық

      қолы______                                                       күні______

      __________________________________________________________________________

                  (Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)

  Дерекқорларды ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметте
сәйкестендірілмеген түрінде
пайдалану үшін ұсыну
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс нәтижесін зерттеушіге беру журналы

р/с

Ұйымның атауы

Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс нәтижесін зерттеушіге беру күні

Жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

Зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

Зерттеушінің зерттеу нәтижесін ұсыну күні мен нысаны
































































































































О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 "Об утверждении Правил представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности"

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 30 сентября 2024 года № 33. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 октября 2024 года № 35191

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 "Об утверждении Правил представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6388) следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 6 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в пункт 1 вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      Правила представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности утвержденные указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту контроля качества данных и развития коммуникаций совместно с Юридическим департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Департаменту контроля качества данных и развития коммуникаций Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных и территориальных подразделений Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
М. Турлубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Руководитель Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
от 30 сентября 2024 года № 33
  Утверждены приказом
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по статистике
от 2 июля 2010 года № 168

Правила представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", а также Законом Республики Казахстан "О науке и технологической политике" и определяют порядок представления ведомством уполномоченного органа баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные термины и определения:

      1) ведомство уполномоченного органа, в области государственной статистики (далее – ведомство уполномоченного органа) – государственный орган, осуществляющий в пределах компетенции координацию, руководство и реализационные функции в области государственной статистики;

      2) система управления информационными технологиями (далее - ИТ службой) - программное обеспечение ведомства уполномоченного органа, для внутреннего согласования заявок;

      3) кабинет исследователя - специальное оборудованное помещение в территориальных подразделениях городов Астана и Алматы ведомства уполномоченного органа для работы с базами данных в деидентифицированном виде;

      4) деидентификация – это процесс обработки персональных данных, в ходе которого данные обрабатываются таким образом, что они не могут быть использованы для идентификации конкретного субъекта данных без использования дополнительных данных, которые хранятся отдельно и защищены.

Глава 2. Порядок представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности

      3. Представление баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности осуществляется на основании разовой заявки:

      1) организациям, реализующим программу высшего и послевузовского образования в Республике Казахстан;

      2) организациям научной и научно-технической деятельности в Республике Казахстан;

      3) международным организациям, в целях проведения научной и научно-технической деятельности.

      4. Организациям, указанным в подпунктах 1) и 2) пункта 3 настоящих Правил база данных в деидентифицированном виде представляется на электронном носителе (CD диск) или представляется возможность работы с базами данных в деидентифицированном виде в Кабинете исследователя.

      Международным организациям представляется возможность работы с базами данных в деидентифицированном виде исключительно в Кабинете исследователя.

      При этом база данных в деидентифицированном виде на электронном носителе (CD диск) и возможность работы с базами данных в деидентифицированном виде в Кабинете исследователя представляется непосредственному представителю организации (далее – исследователю).

      5. Заявка формируется и подается через личный кабинет на интернет-ресурсе www.stat.gov.kz ведомства уполномоченного органа, которая удостоверяется электронной цифровой подписью с приложением следующих документов:

      1) официальное письмо от организации с указанием реквизитов исследователя (фамилия, имя, отчество (при его наличии), номер документа, удостоверяющего личность исследователя);

      2) копия документа, удостоверяющего личность исследователя;

      3) заявка по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      4) обязательство по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      5) копия документа, подтверждающая наличие у организации разрешения на осуществление научной и научно-технической деятельности (государственная лицензия и приложение к лицензии на право ведения образовательной деятельности или свидетельство об аккредитации; рекомендательное письмо от казахстанских ученых и справка об идентификации в международных базах данных).

      При формировании и подаче заявки исследователь, ознакомившись с политикой конфиденциальности, дает согласие на обработку персональных данных и на публикацию информации о заявке (дата подачи заявки, наименование организации, фамилия, имя, отчество (при его наличии) исследователя, описание запрашиваемой базы данных, цель и результат научно-исследовательской работы).

      6. Структурное подразделение, ответственное за представление баз данных в деидентифицированном виде (далее – СП) рассматривает, поступившую заявку в течение одного рабочего дня с момента поступления на наличие всех документов и полноту оформления приложений согласно пункта 5 настоящих Правил.

      7. СП при наличии всех документов, направляет заявку для регистрации в службу документационного обеспечения.

      8. Служба документационного обеспечения в день получения заявки регистрирует ее в ИАС "Электронные обращения" и направляет на рассмотрение руководству ведомства уполномоченного органа. Срок рассмотрения обращения 15 рабочих дней.

      9. Руководство ведомства уполномоченного органа направляет заявку на рассмотрение соответствующим по компетенции структурным подразделениям ведомства уполномоченного органа.

      10. Соответствующие структурные подразделения, рассматривают заявку в течение трех рабочих дней с момента поступления на возможность представления, формирования и деидентификации, и оповещают СП.

      11. СП при получении положительного рассмотрения заявки, направляет заявку для формирования базы данных в деидентифицированном виде в подведомственную организацию Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Информационно-вычислительный центр Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан" (далее – подведомственная организация).

      12. Порядок формирования баз данных в деидентифицированном виде подведомственной организацией:

      1) согласно полученной заявке формируется база из первичных статистических данных;

      2) определяется перечень первичных статистических данных, подлежащих деидентификации;

      3) с целью обеспечения конфиденциальности и защиты первичных статистических данных осуществляется деидентификация баз данных: путем удаления идентифицирующей информации о респонденте (фамилия, имя, отчество (при его наличии), наименование предприятия/организации, идентификационный номер, дата регистрации, адрес местонахождения, контактные данные, адрес электронной почты), взамен применяется нумерация, которая не может быть использована для идентификации;

      4) после завершения процесса деидентификации, база данных в деидентифицированном виде направляется в СП через систему управления ИТ-службой.

      Подведомственной организацией базы данных в деидентифицированном виде формируются в течение семи рабочих дней с момента поступления.

      13. СП осуществляет проверку сформированной базы данных в деидентифицированном виде в течение одного рабочего дня с момента поступления на ее соответствие заявке и через систему управления ИТ-службой направляет в структурное подразделение, ответственное за информационную безопасность.

      14. Структурное подразделение, ответственное за информационную безопасность, проверяет базу данных в деидентифицированном виде в течение одного рабочего дня с момента поступления на обеспечение информационной безопасности первичных статистических данных.

      15. Структурное подразделение, ответственное за информационную безопасность, при обнаружении не обеспечения информационной безопасности первичных статистических данных, возвращает базу данных в деидентифицированном виде в СП с указанием конкретных причин не обеспечения информационной безопасности первичных статистических данных для доработки подведомственной организацией.

      16. При обеспечении информационной безопасности первичных статистических данных, СП посредством ИАС "Электронные обращения" согласовывает ответ с соответствующими структурными подразделениями и направляет на электронную почту исследователя ответ о положительном рассмотрении заявки и готовности представить базу данных в деидентифицированном виде в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил.

      17. При формировании запрашиваемых баз данных и определении возможности идентификации информации, срок рассмотрения продлевается руководством ведомства уполномоченного органа не более чем до двух месяцев, о чем исследователь извещается в течение трех рабочих дней со дня продления срока.

      18. Исследователь по завершению работ представляет в ведомство уполномоченного органа результат исследования для размещения на интернет-ресурсе www.stat.gov.kz ведомства уполномоченного органа.

Глава 3. Порядок уничтожения электронного носителя (CD диск), содержащего базу данных в деидентифицированном виде представителями организаций, реализующих программу высшего и послевузовского образования в Республике Казахстан и организаций научной и научно-технической деятельности в Республике Казахстан

      19. Представители организаций, реализующих программу высшего и послевузовского образования в Республике Казахстан и организаций научной и научно-технической деятельности в Республике Казахстан, по завершению исследования осуществляют уничтожение представленной им на электронном носителе (CD диск) базы данных в деидентифицированном виде самостоятельно.

      Уничтожение электронного носителя (CD диск) производится путем его деформирования до состояния, которое исключает его повторное использование.

      После уничтожения электронного носителя (CD диск), составляется Акт в двух экземплярах согласно приложению 3 к настоящим Правилам, один экземпляр которого представляется в ведомство уполномоченного органа.

      20. СП делает отметку в Журнале об уничтожении электронного носителя (CD диск), содержащего базу данных в деидентифицированном виде по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

Глава 4. Порядок работы в Кабинете исследователя

      21. График посещения Кабинета исследователя формируется в соответствии с рассмотренными заявками с учетом графика работы соответствующих территориальных подразделений ведомства уполномоченного органа.

      22. Кабинет исследователя оборудован персональным компьютером, исключающим возможность подключения внешних устройств, а также оснащен системами видеонаблюдения.

      23. Руководителем территориального подразделения ведомства уполномоченного органа назначается ответственный работник, отвечающий за работу Кабинета исследователя (далее – ответственный работник).

      24. Ответственный работник осуществляет загрузку базы данных с электронного носителя (CD диск) на персональный компьютер для дальнейшей работы исследователя и уничтожает электронный носитель (CD диск) путем его деформирования до состояния, которое исключает его повторное использование.

      После уничтожения электронного носителя (CD диск), ответственный работник составляет Акт согласно приложению 3 к настоящим Правилам и делает отметку в Журнале об уничтожении электронного носителя (CD диск), содержащего базу данных в деидентифицированном виде по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      25. Передвижение исследователя осуществляется в сопровождении ответственного работника.

      26. Не допускается внесение исследователем в Кабинет исследователя фото- и видеоаппаратуры, записывающих устройств, носителей информации, визуальных средств наблюдения, вычислительной техники, радиотехнической и другой аппаратуры двойного назначения, технических устройств, в том числе и беспроводных, имеющих возможность передачи данных, мобильных средств индивидуальной связи и мобильных устройств, оснащенных интернет модулями, фото и видеокамерами, а также других электронных носителей.

      27. В случае несоблюдения ограничений, предусмотренных пунктами 25 и 26, ответственный работник блокирует доступ к базе данных в Кабинете исследователя и составляет Акт о несоблюдении исследователем ограничений в соответствии с приложением 5 к настоящим Правилам.

      28. Ответственный работник, загружает исследователю в Кабинете исследователя результат его работы на электронный носитель (CD диск) и подтверждают подписями в Журнале согласно приложению 6 к настоящим Правилам.

Глава 5. Отказ в представлении баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности

      29. Отказ в представлении баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности предусмотрен в случаях:

      1) отсутствия технической возможности для обезличивания баз данных;

      2) если, запрашиваемая информация не собирается и не может быть получена на основании расчетов сведений, формируемых органами государственной статистики;

      3) если, заявка не позволяет однозначно определить содержание запрашиваемой информации (наименование статистического наблюдения, перечень показателей, периодичность, динамический ряд, территориальный разрез);

      4) не предоставления документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил;

      5) если, в ранее рассмотренных заявках были не выполнены требования пунктов 18 и 19 настоящих Правил;

      6) несоблюдения исследователем ограничений, предусмотренных пунктами 25 и 26 настоящих Правил;

      7) несоблюдения исследователем обязательств, предусмотренных в приложении 2 настоящих Правил.

  Приложение 1
к Правилам представления
баз данных
в деидентифицированном виде
для использования в научной
и научно-технической деятельности
  Форма

Заявка на получение баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности

1

Наименование организации, реализующей программу высшего и послевузовского образования в Республике Казахстан, организации научной и научно-технической деятельности, в Республике Казахстан международной организации


2

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) исследователя


3

Должность


4

Ученая степень (звание)


5

Цель использования базы данных в деидентифицированном виде (не менее 200 слов)


6

Результат научно-исследовательской работы


7

Источник финансирования


8

Описание запрашиваемой базы данных в деидентифицированном виде (наименование статистического наблюдения, перечень показателей, периодичность, динамический ряд, территориальный разрез)


9

Способ получения баз данных в деидентифицированном виде (на CD диске или возможность работы с базами данных в деидентифицированном виде в Кабинете исследователя)


10

Продолжительность работы в Кабинете исследователя*


      _________________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) (дата) руководителя организации)
Место печати
*заполняется при указании способа получения в Кабинете исследователя

  Приложение 2
к Правилам представления
баз данных
в деидентифицированном виде
для использования в научной
и научно-технической деятельности
  Форма

Обязательство получателя о неразглашении и об ограничении передачи
третьим лицам базы данных в деидентифицированном виде

      Я, ___________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии), номер документа, удостоверяющего
личность исследователя)
Исполняющий (ая) должностные обязанности по занимаемой должности
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(должность исследователя)
_____________________________________________________________________
(наименование юридического лица)
Предупрежден (а), что на период проведения
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(укажите вид работы)
мне будет представлена база данных в деидентифицированном виде (далее – база данных).
Принимаю на себя обязательства:
1. Не разглашать и не передавать третьим лицам информацию из базы данных,
которая мне доверена (будет доверена) или стала известна (станет известна)
в связи с выполнением работы.
2. Не копировать базу данных.
3. В случае попытки третьих лиц получить от меня информацию из базы данных,
немедленно сообщить об этом ведомству уполномоченного органа в области
государственной статистики (далее – ведомство уполномоченного органа).
4. По окончании работы уничтожить актом (в двух экземплярах) представленную
мне базу данных на электронном носителе и второй экземпляр данного акта направить
в адрес ведомства уполномоченного органа.
5. Не использовать информацию из базы данных в коммерческих целях.
В случае нарушения оговоренных обязательств ведомство уполномоченного органа
оставляет за собой право отказать в предоставлении информации из баз данных,
а так же отказать в рассмотрении повторных / последующих заявок.
________________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии), (подпись)
"___"___________ 20___года.

  Приложение 3
к Правилам представления
баз данных
в деидентифицированном виде
для использования в научной
и научно-технической деятельности
  Форма

Акт уничтожения электронного носителя (CD диск), содержащего базу данных в деидентифицированном виде

      ________________________________________________________________________,
      (наименование организации) использовавшая в научной и научно-технической
деятельности базу данных в деидентифицированном виде для проведения
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(укажите вид работы)
Составил (а) настоящий акт о том, что "___" ____________ 20__ года произведено
уничтожение электронного носителя (CD диск), содержащего базу данных
в деидентифицированном виде, не подлежащую дальнейшему хранению:

Дата

Описание полученной базы данных







      Всего электронных носителей
_______________________________________________________________________
(цифрами и прописью)
Электронный носитель уничтожен путем (разрезания, демонтажа и так далее.)
_______________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) (дата) и должность сотрудника)
_______________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) (дата) руководителя организации)
Место печати

  Приложение 4
к Правилам представления
баз данных
в деидентифицированном виде
для использования в научной
и научно-технической деятельности
  Форма

Журнал уничтожения базы данных в деидентифицированном виде на электронных носителях (CD диск)

№ п/п

Наименование организации

Наименование базы данных

Дата получения / загрузки

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись)

Дата уничтожения































































































































  Приложение 5
к Правилам представления
баз данных
в деидентифицированном виде
для использования в научной
и научно-технической деятельности
  Форма

Акт о несоблюдении исследователем ограничений

      _________________________________________________________________________,
      (наименование организации запросившей базу данных в деидентифицированном виде)
      _________________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) исследователя нарушившего ограничения)
_________________________________________________________________________
(описание нарушения)
_________________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного работника)
составил(а) настоящий акт о том, что "___" ____________ 20__ года произведено
блокирование доступа к базе данных в деидентифицированном виде
для представителя организации (исследователя) нарушившего порядок работы
в Кабинете исследователя.
подпись______ дата______
_________________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) (дата) руководителя)

  Приложение 6
к Правилам представления
баз данных
в деидентифицированном виде
для использования в научной
и научно-технической деятельности
  Форма

Журнал передачи исследователю результата работы в Кабинете исследователя

№ п/п

Наименование организации

Дата передачи исследователю результата работы в Кабинете исследователя

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) ответственного работника

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) исследователя

Дата и форма представления исследователем результата исследования