ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабының 53) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер болып табылатын заңды тұлғалар, өндірушінің уәкілетті өкілдері, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар тізілімінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 345 Бұйрығымен бекітілген/ |
|
Нысан |
Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер болып табылатын заңды тұлғалар, өндірушінің уәкілетті өкілдері, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар тізілімі
1. Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер
р/с № | Заңды тұлғаның атауы | Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің арнайы инвестициялық келісімшартының нөмірі мен күні |
1. | |||
2. | |||
… |
2. Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушінің уәкілетті өкілдері
р/с № | Заңды тұлғаның атауы | Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының уәкілетті өкілі мен өндірушісі арасында мәміле жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні |
1. | |||
1) | |||
2) | |||
… | |||
2. | |||
1) | |||
2) | |||
… |
3. Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар
р/с № | Заңды тұлғаның атауы | Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Заңды тұлға мен тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының өндірушісі/уәкілетті өкілі арасында мәміле жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні |
1. | |||
1) | |||
2) | |||
… | |||
2. | |||
1) | |||
2) | |||
… |