Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер болып табылатын заңды тұлғалар, өндірушінің уәкілетті өкілдері, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар тізілімінің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қазанда № 35203 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабының 53) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер болып табылатын заңды тұлғалар, өндірушінің уәкілетті өкілдері, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар тізілімінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 2 қазандағы
№ 345 Бұйрығымен
бекітілген/
  Нысан

Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер болып табылатын заңды тұлғалар, өндірушінің уәкілетті өкілдері, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар тізілімі

1. Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер

р/с №

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің арнайы инвестициялық келісімшартының нөмірі мен күні

1.




2.







2. Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушінің уәкілетті өкілдері

р/с №

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының уәкілетті өкілі мен өндірушісі арасында мәміле жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні

1.




1)



2)



2.




1)



2)



3. Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар

р/с №

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Заңды тұлға мен тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының өндірушісі/уәкілетті өкілі арасында мәміле жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні

1.




1)



2)



2.




1)



2)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады