"Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 475 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 қазанда № 35214 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларында:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) конкурстық комиссияның жұмыс орган (бұдан әрі – жұмыс орган) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді, конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сыйлыққа ұсынылатын жұмыстар жұмыс орындалған ұйымда қабылданады.

      Жұмыс бірнеше ұйымдарда орындалған жағдайда, жұмысты ұсыну туралы шешім оның ең үлкен бөлігі орындалған ұйымда қабылданады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түрінде ғылыми жұмыс (бестен аспайтын);

      2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);

      3) жұмыстың қысқаша аннотациясы;

      4) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;

      5) сыйлық алуға үміткердің негiзгi жұмыс орнынан анықтама;

      6) сыйлық алуға үміткердің (ұжым жұмыстары үшiн) шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;

      7) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама;

      8) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

      9) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

      Сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы баптың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.

      Отандық баспа шығарған монография бойынша көлемі екі бетке дейінгі баспа мәтінінің аннотациясы және кемінде екі рецензияның көшірмесі ұсынылады.

      Құжаттар топтамасына ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сыйлықтарды алу конкурсына ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.

      Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) орналастырылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстардың нәтижелері уәкілетті органның және жұмыс органының (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің) интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға ұсынылып отырған үміткерге мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы);

      2) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;

      3) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңызды жұмыстарының баспа-таңбалары (бестен аспайтын);

      4) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

      5) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

      Отандық баспа шығарған монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация, титулдық беттің көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады.

      Құжаттар топтамасына мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.

      Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Конкурстан өткен стипендиаттардың тізімі уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 475 бұйрығына
1-қосымша
  Ғылым саласындағы
сыйлықақыларды, мемлекеттік
ғылыми стипендияларды
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы

Тармақтың атауы

Мәні (көрсетілетін қызметті алушы толтырады)

1

Сыйлықтың атауы


2

Жұмыс атауы


3

Ұсынушы ұйымның толық атауы


4

Авторлар туралы ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ResearcherID (РесҰрчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) және (немесе) ORCID (ОРКИД) идентификаторлары (болған жағдайда)


5

Жұмыстың қысқаша сипаттамасы (үш жүз сөзден аспауы тиіс)


6

Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңыздылығы (екі жүз сөзден аспауы тиіс)


7

Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы (жұмыс нәтижелерінің экономикаға, қоғамға, денсаулыққа, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білімге, қоршаған ортаға әсері, үш жүз сөзден аспауы тиіс)


8

Соңғы бес жыл ішінде жұмыс нәтижелері бойынша негізгі ғылыми жарияланымдардың (монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер) деректері (бестен аспауы тиіс), олар жарияланған басылымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштерін көрсету (болған жағдайда)


8.1

Бірінші ғылыми жарияланым


8.2

Екінші ғылыми жарияланым


8.3

Үшінші ғылыми жарияланым


8.4

Төртінші ғылыми жарияланым


8.5

Бесінші ғылыми жарияланым


9

Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер


10

Бұрын жұмыс авторларына берілген ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы ақпарат (сыйлықтың атауын, жұмыс атауын және берілген жылын көрсете отырып)


  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 475 бұйрығына
2-қосымша
  Ғылым саласындағы
сыйлықақыларды, мемлекеттік
ғылыми стипендияларды
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы

Тармақтың атауы

Мәні (көрсетілетін қызметті алушы толтырады)

1

Мемлекеттік ғылыми стипендияның атауы


2

Ғылыми бағыттың атауы


3

Ұсынушы ұйымның толық атауы


4

Ізденуші туралы ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін); қызметтік және үй мекенжайлары мен телефондары, электрондық пошта мекенжайы, ResearcherID (РесҰрчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) және (немесе) ORCID (ОРКИД) идентификаторлары (болған жағдайда)


5

Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәрежесі, берілген жылы


6

Ғылыми атағы, берілген жылы


7

Соңғы бес жыл ішінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау туралы мәліметтер (екі жобадан және/немесе бағдарламадан артық емес: жеке тіркеу нөмірі, тақырыбы, іске асыру жылдары, қаржыландырушы ұйым, қаржыландыру түрі) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді)


7.1

Бірінші жоба (немесе бағдарлама)


7.2

Екінші жоба (немесе бағдарлама)


8

Қазақстан Республикасында соңғы бес жыл ішінде философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау туралы мәліметтер (дәреже иегерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ғылыми консультанттардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), диссертация тақырыбы, қорғау орны мен күні) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді)


9

Ізденушінің соңғы бес жылдағы (бестен аспайтын) негізгі ғылыми жарияланымдарының деректері (жарияланым түрі, жарияланым атауы, авторлар, DOI (ДОИ) немесе URL (ЮЭрЭл), авторлық түрі), олар жарияланған басылымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштерін (болған жағдайда) көрсету


9.1

Бірінші ғылыми жарияланым


9.2

Екінші ғылыми жарияланым


9.3

Үшінші ғылыми жарияланым


9.4

Төртінші ғылыми жарияланым


9.5

Бесінші ғылыми жарияланым


10

Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы соңғы бес жылдағы деректер


11

Экономикаға, қоғамға, денсаулыққа, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білімге, қоршаған ортаға әсері (сонғы бес жылда) (бес жүз сөзден аспайтын, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия іздеушілер үшін)


12

Күтілетін нәтижелер, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығы көрсетілген ғылыми қызмет бағдарламасы (бес жүз сөзден аспауы тиіс, тек мемлекеттік ғылыми стипендия ізденуші талантты жас ғалымдар үшін)


13

Бұрын ізденушіге берілген мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ақпарат (берілген жылын көрсете отырып)



О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 14 сентября 2023 года № 466 "Об утверждении правил присуждения премий в области науки, государственных научных стипендий"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 3 октября 2024 года № 475. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 октября 2024 года № 35214

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 14 сентября 2023 года № 466 "Об утверждении правил присуждения премий в области науки, государственных научных стипендий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33417) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах присуждения премий в области науки, государственных научных стипендий, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "5) рабочий орган конкурсной комиссии (далее - рабочий орган) – некоммерческое акционерное общество "Национальная академия наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан" со стопроцентным участием государства в уставном капитале проводит конкурсы на соискание именных премий и стипендий в области науки за исключением премий в области аграрной науки, организует и обеспечивает деятельность конкурсной комиссии;";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Выдвигаемая на соискание премии работа принимается в организации, где выполнена работа.

      Если работа была выполнена в нескольких организациях, то решение о выдвижении работы принимается в организации, в которой выполнена ее наибольшая часть.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. На конкурс представляются следующие документы:

      1) научная работа в виде монографий, глав в монографиях, статей, патентов, авторских свидетельств (не более пяти);

      2) описание работы (не более половины печатного листа), в котором излагается ее содержание, актуальность и новизна исследований, основные научные результаты, их значимость и возможность дальнейшего использования;

      3) краткая аннотация работы;

      4) выписка из протокола заседания консультативно-совещательного органа организации, выдвинувшей работу;

      5) справка с места основной работы кандидата на соискание премии;

      6) краткая характеристика научной деятельности кандидата на соискание премии, с указанием его творческого вклада (для коллективных работ);

      7) справка из организации, выдвинувшей работу, удостоверяющая, что представленная на конкурс работа (серия работ) не удостаивалась ранее премий, выплачиваемых из средств республиканского бюджета;

      8) копия акта внедрения (при наличии);

      9) уведомление о действующем двадцатизначном текущем счете в карточной базе.

      Документы, указанные в подпунктах 5), 6) и 7) настоящего пункта представляются с места последней работы кандидата на соискание премии при его увольнении.

      По монографии, изданной отечественным издательством, представляется аннотация объемом до двух страниц печатного текста и копии не менее двух рецензий.

      К пакету документов прикладывается анкета соискателя премии в области науки по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Материалы на конкурс на соискание премий в течение 30 (тридцать) календарных дней со дня опубликования объявления о конкурсе представляются в рабочий орган (по премиям в области аграрной науки - в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан), где конкурсные документы регистрируются и по окончании срока приема документов в течение 10 (десять) рабочих дней передаются для рассмотрения в конкурсную комиссию.

      Объявление о проведении конкурса размещается на интернет-ресурсах уполномоченного органа и рабочего органа (по премиям в области аграрной науки - Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан).";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Результаты конкурсов по присуждению премий подлежат размещению на интернет-ресурсах уполномоченного органа и рабочего органа (по премиям в области аграрной науки - Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан).";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. На выдвигаемого кандидата на соискание государственной научной стипендии представляются следующие документы:

      1) мотивированное ходатайство (рекомендация) консультативно-совещательного органа организации;

      2) справка с места основной работы кандидата на соискание государственной научной стипендии;

      3) список научных публикаций кандидата на соискание государственной научной стипендии за последние пять лет, а также оттиски наиболее важных из них (не более пяти);

      4) копия акта внедрения (при наличии);

      5) уведомление о действующем двадцатизначном текущем счете в карточной базе.

      По монографии, изданной отечественным издательством, представляется аннотация объемом до двух страниц печатного текста, копии титульного листа, выходных данных и не менее двух рецензий.

      К пакету документов прикладывается анкета соискателя государственной научной стипендии по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.";

      пункт 31 изложить в следующей редакции:

      "31. Материалы на конкурс на соискание государственных научных стипендий в течение 30 (тридцать) календарных дней со дня опубликования объявления о конкурсе представляются в рабочий орган, где конкурсные документы регистрируются и по окончании срока приема документов в течение 10 (десять) рабочих дней передаются для рассмотрения в конкурсную комиссию.

      Объявление о проведении конкурса размещается на интернет-ресурсах уполномоченного органа и рабочего органа.";

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. Список стипендиатов, прошедших по конкурсу, размещается на интернет-ресурсах уполномоченного органа и рабочего органа.";

      дополнить приложением 1 к указанным Правилам согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      дополнить приложением 2 к указанным Правилам согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

  Приложение 1
к приказу Министра науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 3 октября 2024 года № 475
  Приложение 1
к Правилам присуждения
премий в области науки,
государственных научных стипендий
  Форма

Анкета соискателя премии в области науки

Наименование пункта

Значение (заполняется услугополучателем)

1

Наименование премии


2

Название работы


3

Полное название выдвигающей организации


4

Информация об авторах: фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер, место работы, должность, ученая степень, ученое звание, идентификаторы ResearcherID (РесерчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) и (или) ORCID (ОРКИД) (при наличии)


5

Краткое описание работы (не более трехсот слов)


6

Научная новизна работы и значимость полученных результатов для науки (не более двухсот слов)


7

Практическая значимость полученных результатов (влияние результатов работы на экономику, общество, здоровье, культуру, политику, управление страной, государственные услуги, производство, образование, окружающую среду, не более трехсот слов)


8

Данные основных научных публикаций (монографий, глав в монографиях, статей, патентов, авторских свидетельств), опубликованных в течение последних пяти лет по результатам работы (не более пяти) с указанием наукометрических показателей изданий, в которых они опубликованы (при наличии)


8.1

Первая научная публикация


8.2

Вторая научная публикация


8.3

Третья научная публикация


8.4

Четвертая научная публикация


8.5

Пятая научная публикация


9

Данные об акте внедрения в производство, государственное управление, подготовку научных кадров, учебный процесс, оперативную, служебно-боевую деятельность


10

Информация об именных премиях в области науки, ранее присужденным авторам работы (с указанием наименования премии, названия работы и года присуждения)


  Приложение 2
к приказу Министра науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 3 октября 2024 года № 475
  Приложение 2
  к Правилам присуждения премий в области науки, государственных научных стипендий
  Форма

Анкета соискателя государственной научной стипендии

Наименование пункта

Значение (заполняется услугополучателем)

1

Наименование государственной научной стипендии


2

Наименование научного направления


3

Полное название выдвигающей организации


4

Информация о соискателе: фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер, дата рождения, место работы, должность, стаж научной и (или) научно-педагогической работы или год обучения (для докторантов); служебный и домашний адреса и телефоны, адрес электронной почты, идентификаторы ResearcherID (РесерчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) и (или) ORCID (ОРКИД) (при наличии)


5

Ученая степень, признанная в Республике Казахстан, год присуждения


6

Ученое звание, год присвоения


7

Сведения о руководстве научными проектами и программами за последние пять лет (не более двух проектов и (или) программ: индивидуальный регистрационный номер, тема, годы реализации, финансирующая организация, тип финансирования) (не требуются для соискателей государственных стипендий талантливым молодым ученым)


7.1

Первый проект (или программа)


7.2

Второй проект (или программа)


8

Сведения о подготовке кадров, которым в Республике Казахстан присуждена степень доктора философии (PhD) или доктора по профилю за последние пять лет (фамилия, имя, отчество (при его наличии) обладателя степени, количество отечественных научных консультантов, тема диссертации, место и дата защиты) (не требуются для соискателей государственных стипендий талантливым молодым ученым)


9

Данные (тип публикации, название публикации, авторы, DOI (ДОИ) или URL (ЮЭрЭл), тип авторства) основных научных публикаций соискателя за последние пять лет (не более пяти) с указанием наукометрических показателей изданий, в которых они опубликованы (при наличии)


9.1

Первая научная публикация


9.2

Вторая научная публикация


9.3

Третья научная публикация


9.4

Четвертая научная публикация


9.5

Пятая научная публикация


10

Данные об акте внедрения в производство, государственное управление, подготовку научных кадров, учебный процесс, оперативную, служебно-боевую деятельность за последние пять лет


11

Влияние на экономику, общество, здоровье, культуру, политику, управление страной, государственные услуги, производство, образование, окружающую среду (за последние пять лет) (не более пятисот слов, не требуется для соискателей государственных стипендий талантливым молодым ученым)


12

Программа научной деятельности с указанием ожидаемых результатов, их научной и прикладной значимости (не более пятисот слов, только для соискателей государственных научных стипендий талантливым молодым ученым)


13

Информация о государственных научных стипендиях, ранее присужденных соискателю (с указанием года присуждения)