Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Т. Ешенкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 Бұйрығына қосымша |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібін айқындайды.
2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады
3. Осы Қағидалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке тұлға;
2) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
4) ғылыми ұйым – қызметінің негізгі түрі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу болып табылатын заңды тұлға;
5) конкурстық комиссияның жұмыс орган (бұдан әрі – жұмыс орган) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді, конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Көтермелеу мақсатында ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынады:
1) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда қырық жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.
5. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруді уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 09.08.2024 № 401 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Ғылым саласындағы сыйлықтар (бұдан әрі – сыйлықтар) мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурстық негізде беріледі.
7. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруге арналған конкурстарға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
8. Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлері және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 7392) айқындалады.
2-тарау. Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртібі
9. Сыйлықтар алуға жұмыстарды ұсыну меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-ұйымдар) консультативтік – кеңесші органдарына (ғылыми кеңестеріне) беріледі.
10. Сыйлыққа ұсынылатын жұмыстар жұмыс орындалған ұйымда қабылданады.
Жұмыс бірнеше ұйымдарда орындалған жағдайда, жұмысты ұсыну туралы шешім оның ең үлкен бөлігі орындалған ұйымда қабылданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ саны бес адамнан аспайтын авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылады. Әр автор және авторлар ұжымы конкурсқа бiр жұмыс ұсынады.
12. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетiн сыйлықтарға ие болған жұмыстар осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған соңғы тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң қайталанып берiледі.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
13. Сыйлықтарды алуға жарияланған жұмыстар, оның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған, конкурсты жариялау алдындағы жылды қоса алғанда, соңғы бес жыл ішінде орындалған, тиісті шешімді қабылдай отырып, ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарында жан-жақты талқылаудан өткен жұмыстар ұсынылады.
14. Жас ғалымдарға арналған сыйлықтарды алуға арналған конкурсқа қоса алғанда қырық жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.
Жас ғалымдардың жұмыстары конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса алғанда соңғы үш жыл ішінде орындалған болуы керек.
15. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түрінде ғылыми жұмыс (бестен аспайтын);
2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);
3) жұмыстың қысқаша аннотациясы;
4) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;
5) сыйлық алуға үміткердің негiзгi жұмыс орнынан анықтама;
6) сыйлық алуға үміткердің (ұжым жұмыстары үшiн) шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
7) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама;
8) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
9) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы баптың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Отандық баспа шығарған монография бойынша көлемі екі бетке дейінгі баспа мәтінінің аннотациясы және кемінде екі рецензияның көшірмесі ұсынылады.
Құжаттар топтамасына ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Сыйлықтарды алу конкурсына ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) орналастырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар авторлардың жазбаша талаптары бойынша бiр данада қайтарылады.
18. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті органның (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және министрліктер, ведомстволар және басқада мемлекеттік органдардың өкілдерінен, республиканың әртүрлі ғылым салаларының жетекші ғалымдары мен мамандары құрамынан құрылады.
Егер осы сыйлықтарды алуға конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда, олар комиссияның жұмысына қатыспайды.
19. Конкурстық комиссия тақ саннан, бірақ конкурстық комиссияның кемінде 11 мүшесінен тұрады.
Конкурстық комиссияның отырыстары оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
20. Сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн конкурстық комиссия мүшелерінен секциялар құрылады. Секциялар кандидаттардың жұмыстарын уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар бойынша бағалайды.
21. Конкурстық комиссия секциялардың қорытындылары негізінде, оларды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне) сыйлықтарды беру жөніндегі шешімді енгізеді.
22. Уәкілетті орган (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) конкурстық комиссия шешімінің негізінде сыйлықтарды беру туралы шешім қабылдайды.
23. Сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстардың нәтижелері уәкілетті органның және жұмыс органының (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің) интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Сыйлық беру туралы дипломдар, төсбелгілер мен ақшалай сыйлықтарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі) тапсырады.
25. Қайтыс болғаннан кейін наградталған сыйлық лауреатының дипломы, төсбелгісі және ақшалай сыйлығы мұрагерлеріне беріледі.
3-тарау. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі
26. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарына берiледi.
27. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы шешiм стипендия алу үшiн ұсынылатын үміткер жұмыс істейтін ұйымда белгiленген тәртiппен қабылданады.
28. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдар осы стипендияларды алуға алдыңғы тағайындалған жылдан кейін кемінде үш жыл өткен соң қайта жіберілуі мүмкін.
29. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар бір жылға дейінгі мерзімге ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады.
30. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға ұсынылып отырған үміткерге мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы);
2) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
3) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңызды жұмыстарының баспа-таңбалары (бестен аспайтын);
4) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
5) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Отандық баспа шығарған монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация, титулдық беттің көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады.
Құжаттар топтамасына мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен құжаттар конкурсқа жіберілмейді.
33. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтаруға жатпайды.
34. Конкурс материалдарын қарау және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау мәселесі жөніндегі шешімдерді дайындау үшін уәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның басшы қызметкерлерінен, республикадағы ғылымның әртүрлі салаларының жетекші ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
Осы стипендияларды алуға конкурстық комиссия мүшелерін ұсынған кезде соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды.
35. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру үшін үміткерлерді іріктеу шарттарын уәкілетті орган әзірлеп бекітеді.
36. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған кандидаттардың жұмыстарын алдын ала қарау үшін конкурстық комиссия мүшелерінен сараптау топтары құрылады.
37. Конкурстық комиссия сараптау топтардың қорытындылары негізінде оларды алғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру жөнінде шешім енгізеді.
38. Уәкілетті орган конкурстық комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру туралы шешім қабылдайды.
39. Мемлекеттік ғылыми стипендия республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Президентінің өмір бойғы стипендиясын алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигіне тағайындалмайды.
40. Конкурстан өткен стипендиаттардың тізімі уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы сертификаттарды уәкілетті орган береді.
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы
Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тармақтың атауы | Мәні (көрсетілетін қызметті алушы толтырады) |
1 | Сыйлықтың атауы | |
2 | Жұмыс атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Авторлар туралы ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ResearcherID (РесҰрчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) және (немесе) ORCID (ОРКИД) идентификаторлары (болған жағдайда) | |
5 | Жұмыстың қысқаша сипаттамасы (үш жүз сөзден аспауы тиіс) | |
6 | Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңыздылығы (екі жүз сөзден аспауы тиіс) | |
7 | Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы (жұмыс нәтижелерінің экономикаға, қоғамға, денсаулыққа, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білімге, қоршаған ортаға әсері, үш жүз сөзден аспауы тиіс) | |
8 | Соңғы бес жыл ішінде жұмыс нәтижелері бойынша негізгі ғылыми жарияланымдардың (монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер) деректері (бестен аспауы тиіс), олар жарияланған басылымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштерін көрсету (болған жағдайда) | |
8.1 | Бірінші ғылыми жарияланым | |
8.2 | Екінші ғылыми жарияланым | |
8.3 | Үшінші ғылыми жарияланым | |
8.4 | Төртінші ғылыми жарияланым | |
8.5 | Бесінші ғылыми жарияланым | |
9 | Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
10 | Бұрын жұмыс авторларына берілген ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы ақпарат (сыйлықтың атауын, жұмыс атауын және берілген жылын көрсете отырып) |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тармақтың атауы | Мәні (көрсетілетін қызметті алушы толтырады) |
1 | Мемлекеттік ғылыми стипендияның атауы | |
2 | Ғылыми бағыттың атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Ізденуші туралы ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін); қызметтік және үй мекенжайлары мен телефондары, электрондық пошта мекенжайы, ResearcherID (РесҰрчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) және (немесе) ORCID (ОРКИД) идентификаторлары (болған жағдайда) | |
5 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәрежесі, берілген жылы | |
6 | Ғылыми атағы, берілген жылы | |
7 | Соңғы бес жыл ішінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау туралы мәліметтер (екі жобадан және/немесе бағдарламадан артық емес: жеке тіркеу нөмірі, тақырыбы, іске асыру жылдары, қаржыландырушы ұйым, қаржыландыру түрі) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді) | |
7.1 | Бірінші жоба (немесе бағдарлама) | |
7.2 | Екінші жоба (немесе бағдарлама) | |
8 | Қазақстан Республикасында соңғы бес жыл ішінде философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау туралы мәліметтер (дәреже иегерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ғылыми консультанттардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), диссертация тақырыбы, қорғау орны мен күні) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді) | |
9 | Ізденушінің соңғы бес жылдағы (бестен аспайтын) негізгі ғылыми жарияланымдарының деректері (жарияланым түрі, жарияланым атауы, авторлар, DOI (ДОИ) немесе URL (ЮЭрЭл), авторлық түрі), олар жарияланған басылымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштерін (болған жағдайда) көрсету | |
9.1 | Бірінші ғылыми жарияланым | |
9.2 | Екінші ғылыми жарияланым | |
9.3 | Үшінші ғылыми жарияланым | |
9.4 | Төртінші ғылыми жарияланым | |
9.5 | Бесінші ғылыми жарияланым | |
10 | Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы соңғы бес жылдағы деректер | |
11 | Экономикаға, қоғамға, денсаулыққа, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білімге, қоршаған ортаға әсері (сонғы бес жылда) (бес жүз сөзден аспайтын, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия іздеушілер үшін) | |
12 | Күтілетін нәтижелер, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығы көрсетілген ғылыми қызмет бағдарламасы (бес жүз сөзден аспауы тиіс, тек мемлекеттік ғылыми стипендия ізденуші талантты жас ғалымдар үшін) | |
13 | Бұрын ізденушіге берілген мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ақпарат (берілген жылын көрсете отырып) |