БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) конкурстық комиссияның жұмыс орган (бұдан әрі – жұмыс орган) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді, конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сыйлыққа ұсынылатын жұмыстар жұмыс орындалған ұйымда қабылданады.
Жұмыс бірнеше ұйымдарда орындалған жағдайда, жұмысты ұсыну туралы шешім оның ең үлкен бөлігі орындалған ұйымда қабылданады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түрінде ғылыми жұмыс (бестен аспайтын);
2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);
3) жұмыстың қысқаша аннотациясы;
4) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;
5) сыйлық алуға үміткердің негiзгi жұмыс орнынан анықтама;
6) сыйлық алуға үміткердің (ұжым жұмыстары үшiн) шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
7) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама;
8) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
9) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы баптың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Отандық баспа шығарған монография бойынша көлемі екі бетке дейінгі баспа мәтінінің аннотациясы және кемінде екі рецензияның көшірмесі ұсынылады.
Құжаттар топтамасына ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Сыйлықтарды алу конкурсына ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) орналастырылады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстардың нәтижелері уәкілетті органның және жұмыс органының (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің) интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға ұсынылып отырған үміткерге мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы);
2) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
3) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңызды жұмыстарының баспа-таңбалары (бестен аспайтын);
4) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
5) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Отандық баспа шығарған монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация, титулдық беттің көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады.
Құжаттар топтамасына мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Конкурстан өткен стипендиаттардың тізімі уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы
№ | Тармақтың атауы | Мәні (көрсетілетін қызметті алушы толтырады) |
1 | Сыйлықтың атауы | |
2 | Жұмыс атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Авторлар туралы ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ResearcherID (РесҰрчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) және (немесе) ORCID (ОРКИД) идентификаторлары (болған жағдайда) | |
5 | Жұмыстың қысқаша сипаттамасы (үш жүз сөзден аспауы тиіс) | |
6 | Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңыздылығы (екі жүз сөзден аспауы тиіс) | |
7 | Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы (жұмыс нәтижелерінің экономикаға, қоғамға, денсаулыққа, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білімге, қоршаған ортаға әсері, үш жүз сөзден аспауы тиіс) | |
8 | Соңғы бес жыл ішінде жұмыс нәтижелері бойынша негізгі ғылыми жарияланымдардың (монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер) деректері (бестен аспауы тиіс), олар жарияланған басылымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштерін көрсету (болған жағдайда) | |
8.1 | Бірінші ғылыми жарияланым | |
8.2 | Екінші ғылыми жарияланым | |
8.3 | Үшінші ғылыми жарияланым | |
8.4 | Төртінші ғылыми жарияланым | |
8.5 | Бесінші ғылыми жарияланым | |
9 | Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
10 | Бұрын жұмыс авторларына берілген ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы ақпарат (сыйлықтың атауын, жұмыс атауын және берілген жылын көрсете отырып) |
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
№ | Тармақтың атауы | Мәні (көрсетілетін қызметті алушы толтырады) |
1 | Мемлекеттік ғылыми стипендияның атауы | |
2 | Ғылыми бағыттың атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Ізденуші туралы ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін); қызметтік және үй мекенжайлары мен телефондары, электрондық пошта мекенжайы, ResearcherID (РесҰрчерАйДи), Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) және (немесе) ORCID (ОРКИД) идентификаторлары (болған жағдайда) | |
5 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәрежесі, берілген жылы | |
6 | Ғылыми атағы, берілген жылы | |
7 | Соңғы бес жыл ішінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау туралы мәліметтер (екі жобадан және/немесе бағдарламадан артық емес: жеке тіркеу нөмірі, тақырыбы, іске асыру жылдары, қаржыландырушы ұйым, қаржыландыру түрі) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді) | |
7.1 | Бірінші жоба (немесе бағдарлама) | |
7.2 | Екінші жоба (немесе бағдарлама) | |
8 | Қазақстан Республикасында соңғы бес жыл ішінде философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау туралы мәліметтер (дәреже иегерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ғылыми консультанттардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), диссертация тақырыбы, қорғау орны мен күні) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді) | |
9 | Ізденушінің соңғы бес жылдағы (бестен аспайтын) негізгі ғылыми жарияланымдарының деректері (жарияланым түрі, жарияланым атауы, авторлар, DOI (ДОИ) немесе URL (ЮЭрЭл), авторлық түрі), олар жарияланған басылымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштерін (болған жағдайда) көрсету | |
9.1 | Бірінші ғылыми жарияланым | |
9.2 | Екінші ғылыми жарияланым | |
9.3 | Үшінші ғылыми жарияланым | |
9.4 | Төртінші ғылыми жарияланым | |
9.5 | Бесінші ғылыми жарияланым | |
10 | Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы соңғы бес жылдағы деректер | |
11 | Экономикаға, қоғамға, денсаулыққа, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білімге, қоршаған ортаға әсері (сонғы бес жылда) (бес жүз сөзден аспайтын, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия іздеушілер үшін) | |
12 | Күтілетін нәтижелер, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығы көрсетілген ғылыми қызмет бағдарламасы (бес жүз сөзден аспауы тиіс, тек мемлекеттік ғылыми стипендия ізденуші талантты жас ғалымдар үшін) | |
13 | Бұрын ізденушіге берілген мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ақпарат (берілген жылын көрсете отырып) |