БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 7 қазандағы № 672 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізлетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің басшысы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметінің басшысы;";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметі басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметі басшысының орынбасары;";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас консультанты – мемлекеттік аудиторы деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас консультанты – мемлекеттік аудиторы.".
2. "Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі аудит қызметтерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік органның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.";
2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тиімділік аудитін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің бардық бағыттары бойынша жүргізеді;
3) сәйкестік аудитін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;".
3. "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартында:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылады.".
4. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі– ішкі мемлекеттік аудит органдары) – ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының (құрылған болса) ішкі аудит қызметтері, штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының ішкі аудит қызметтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі – ішкі аудит қызметтері);";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, бірінші басшысының қарауы бойынша штат саны шеңберінде құрылатын орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары (құрылған болса), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі – ішкі аудит қызметтері) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібін анықтайды.";
91-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Ведомство Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерінің стандарттарды және Қағидаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.".
5. "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" рәсімдік стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Стандарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының ішкі аудит қызметін (бұдан әрі – ІАҚ) қоспағанда, штат саны шеңберінде бірінші басшының қарауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының (құрылған кезде), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ведомстволық тәуелді аумақтық органдарының жұмысының тиімділігін бағалаудың мақсаттары мен тәсілдерін, ішкі мемлекеттік аудит сапасын арттыру бағдарламасын жасау тәртібін айқындайды.".
6. "Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17690 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тиімділік аудитіне:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органдарының, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінін, ведомстволық бағынысты ұйымдарының;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарының, олардың бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметтерінің барлық бағыттары жатады.".