Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17690 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Республикалық бюджеттің

      атқарылуын бақылау жөніндегі

      есеп комитетінің Төрайымы

      _____________ Н. Годунова

      2018 жылғы "____" _________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 2 қазандағы № 873
бұйрығымен бекітілген

Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі – ІАҚ) жүргізетін тиімділік аудитінің мақсаты:

      мемлекеттік органдарға, мемлекеттік аудит объектілеріне, сондай-ақ бар кедергілерді және (немесе) әлеуетті жүйелі проблемаларды, кемшіліктер мен бұзушылықтарды еңсеруде мемлекеттік аудит объектісінің қызметін және (немесе) мемлекеттік аудит бағыттарын басқаруға және әкімшілендіруге тартылған басқа да бюджет қаражатын алушыларға жәрдем көрсету;

      мемлекеттік аудит объектісінің қызметін және (немесе) мемлекеттік аудиттің тиісті бағыттарын басқару және әкімшілендіру ашықтығын және есеп беруін күшейту, тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік аудиттің бағыттарын тәуелсіз, құзыретті және объективті бағалауын және ұсыныстарын қалыптастыру болып табылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Стандарттардың мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыс құжаттары - орындалған аудиторлық рәсімдердің, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдемелердің және мемлекеттік аудитор жасаған тұжырымдардың нәтижелерін көрсететін құжаттар;

      2) қаржылық және материалдық қаражаттарды нәтижелі пайдалану - жоспарланған нәтижелерінің тиімділік аудиті объектісі қызметінің нәтижелері сәйкестік деңгейі;

      3) қаржылық және материалдық қаражаттарды өнімді пайдалану - тиімділік аудиті объектісі қызметінің нәтижелері және оларды өндіруге пайдаланылған материалдық және қаржы құралдары арасындағы ара салмағы;

      4) сарапшы - мемлекеттік аудит және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметі саласында арнайы білімі бар жеке немесе заңды тұлға;

      5) мемлекет меншігіндегі мемлекеттік мүлікті үнемді пайдалану - тиімділік аудиті объектісінің мемлекет меншігіндегі мүліктің және бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып белгіленген нәтижелердің жетістігі;

      6) тәуекел - тиімділік аудиті объектісіне тікелей жүктелген міндетті немесе бағдарламаны жүзеге асыру қабілетсіздігіне, зиян келтіруге, қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін және бұл ретте қаржылық және материалдық қаражаттарды тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін қандай да болмасын фактордың (іс-әрекеттер немесе оқиғалар) теріс әсер ету ықтималдығы;

      7) тиімділік - жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

      8) тиімділік аудитінің көрсеткіштері - алға қойылған мақсаттардың немесе жоспарланған нәтижелердің тиімділігі, үнемділігі, өнімділігі және нәтижелілігі тұрғысынан жетістіктерін бағалау үшін өлшем болып табылатын абсолюттік, сапалық, сандық, салыстырмалы немесе динамикалық көрсеткіштері;

      9) ішкі бақылау жүйесі - тиімділік аудиті объектісінің алдына қойылған мақсаттарға жету бөлігінде елеулі тәуекелдерге тиісті түрде әрекет етуге мүмкіндік беретін қызметін тиімділігін қамтамасыз ету үшін саясаттың, процестер мен рәсімдердің, тиімділік аудиті объектісінің іс-әрекеттерінің және мінез-құлық нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігі, үнемділігі, өнімділігі және нәтижелілігі тұрғысынан оған жүктелген міндеттердің жиынтығы.

      Осы Стандарттарда пайдаланатын басқа ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тиімділік аудитіне:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органдарының, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінін, ведомстволық бағынысты ұйымдарының;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарының, олардың бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметтерінің барлық бағыттары жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2024 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік аудиторлар аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалармен бүкіл мемлекеттік аудит жүргізу процесі бойы тиімді байланысты жүзеге асырады.

      6. Осы Стандарт тиімділік аудитін жүргізу процесінде мемлекеттік аудитордың іс-әрекеттерінің жүйелілігін айқындайды және ІАҚ лауазымды тұлғаларына, мемлекеттік аудитордың ассистенттеріне, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тиімділік аудиті көлденең немесе тік тәсілін қолдана отырып жүргізіледі.

      Көлденең тәсіл аудиторлық іс-шараларды бірнеше мемлекеттік аудит объектілерінде жүргізуді болжайды, олар бір деңгейдегі бюджеттен қаржыландырылады немесе бір мемлекеттік басқару деңгейге тиесілі.

      Тік тәсіл аудиторлық іс-шараларды бірнеше мемлекеттік аудит объектілерінде жүргізуді болжайды, олар түрлі деңгейдегі бюджеттен қаржыландырылады немесе түрлі мемлекеттік басқару деңгейлерге тиесілі.

      8. Тиімділік аудитінің объектілерін немесе жеке оның қызметінің бағыттарын іріктеу мемлекеттік органның дамыту жоспарының және бюджет шығыстарымен өзара байланыстағы аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуына талдау және мемлекеттік органның өткен жылдардағы жүргізілген операциялық жоспардың көрсеткіштері, мемлекеттік мүлікті басқарудың, корпоративтік басқарудың бағалауының нәтижелеріне талдау, бюджеттік бағдарламалары, мемлекеттік органның басшысының немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмалары орындауы, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері және өзге де мәліметтері бойынша қызметінің бағыттарының тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      ІАҚ мемлекеттік аудит объектісімен өзінің функцияларын, мақсаттары мен белгіленген болжалды кезеңге қойылған міндеттерін, жарғылық қызметінің түрлерін (квазимемлекеттік сектор үшін), олардың тиімділігі мен нәтижелілігін орындалуының функционалдық талдауын жүргізеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тиімділік аудитін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі - Ішкі мемлекеттік аудит қағидалары) көзделген кезеңдері сақталады.

      10. Мемлекеттік аудитордың орындалған жұмысы нәтижелерінің дәлелі және ақпарат көзі жұмыс құжаттары болады.

2-бөлім. Тиімділік аудитін жүргізуін ұйымдастыру

1-тарау. Тиімділік аудитін алдын-ала зерделеу және жоспарлау

      11. Алдын-ала зерттеу кезеңінде мемлекеттік аудит тобы:

      1) мемлекеттік аудит мәнін немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін;

      2) мемлекеттік органның даму жоспарын, аумақтарды дамыту бағдарламасын, мемлекеттік органның қызметінің бағыттары бойынша тиімділігін бағалау нәтижелерін, операциялық жоспардың, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерінің орындалуын және өзге де мәліметтерін;

      3) мемлекеттік аудит мәні бойынша немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметіде қолданылатын міндеттері мен саясатының мақсаттарын;

      4) мемлекеттік аудит мәні бойынша немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметіде ішкі және сыртқы ортаға жұмыс істеуін, ұйымдық құрылымын, бизнес-процестерін;

      5) ішкі бақылау мен аудит жүйесін және ақпараттық жүйелерін қоса алғанда мемлекеттік аудит мәні бойынша немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметіде ішкі басқару жүйесін;

      6) мемлекеттік аудит мәні бойынша немесе мемлекеттік аудит объектісі қолданылатын есеп беру жүйесін;

      7) сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит органдары жүргізген алдыңғы мемлекеттік аудит нәтижелері болған кезде, сондай-ақ бақылау және қадағалау органдары жүргізген бақылау (қадағалау) нәтижелерін, мемлекеттік аудит объектісі қабылданған шараларын;

      8) ақпараттың сыртқы көздерін (ресми статистикалық деректер, бағдарламасының мәніне байланысты мәселелермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары, тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық базасы);

      9) бастапқы ақпараттын қолжетімділігін және тиімділік аудитінің келесі кезеңдерінде аудиторлық процедураларын жүргізуге байланысты басқа да шектеулерін зерттейді (бағалайды).

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тиімділік аудитін сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүйенің жұмыс істеуіне және Заңның 57-бабымен белгіленген өзара байланысты компоненттердің қимасындағы мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау құралдарына талдау мен бағалау жасалады.

      Тиімділік аудит объектілерін немесе оның қызметінің жеке бағытын іріктеу үшін ұйымның мақсаттарға жетуімен және тиісті қарсы шараларды айқындауымен байланысты тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізуімен тәуекел-бағдарланған тәсіл қолданылады, онда мынадай өлшемдер ескеріледі:

      1) әмбебап тәуекелдер;

      2) ұйым деңгейіндегідей, солай қызмет деңгейінде де ішкі және сыртқы факторларға байланысты тәуекелдер;

      3) тәуекел маңыздылығын бағалау;

      4) тәуекелдің пайда болу мүмкіндігін бағалау;

      5) тәуекел қабылдауға ұйымның дайындығын бағалау;

      6) тәуекелдерге әрекет ету бойынша іс-қимыл әзірлеу;

      7) анықтау не болдырмауы бақылау құралдарының болуы;

      8) тиімділік аудитінің мәні бойынша мемлекеттік аудитор анықтайтын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың қосымша өлшемдері.

      13. Мемлекеттік аудит мәні бойынша немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты алдын-ала зерделеу, талдау және бағалау негізінде тиімділік аудитінің мәселелері, көрсеткіштері, мақсаттары, тиімділік аудитін жүргізудің тәсілдері мен әдістері анықталады; аудиторлық тәуекелдер және осы тәуекелдерді басқару тәсілдері бағаланады.

      14. Мемлекеттік аудит объектісін алдын-ала зерделеу деректері негізінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісімен аудиторлық іс-шаралардың жүргізу мерзімін, қажетті ресурстарын, мемлекеттік аудит объектілерін және жүріс бағытын қамтитын ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу жоспары (бұдан әрі -аудит жоспары) әзірленеді.

      Тиімділік аудитін жоспарлау бойынша жұмыстарының сипаты мен ауқымы мемлекеттік аудит объектісінің ұйымдық құрылымының күрделілігіне және көлеміне, мемлекеттік аудиттін мақсатына, мемлекеттік аудит объектісінің қызметінің ерекшеліктерін түсінуіне байланысты болады.

      Тиімділік аудиті ІАҚ қызметкерлерімен жүзеге асырылады, олардың кәсіби білім деңгейі, дағдылары мен тәжірибесі жиынтығы мемлекеттік аудиттің сипатына, ауқымына және күрделілігіне сәйкес болады.

      Мемлекеттік аудиторлар тиімділік аудитінің сандық және сапалық факторларына мақсатын, ауқымын, мәнін және көрсеткіштерін қоса алғанда алдағы жұмыстың маңыздылығының басты аспектілері ретінде назарға алынады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Тиімділік аудитінің көрсеткіштері мынадай сипаттамаларға сәйкес:

      1) қолданылу - тиімділік аудитінің мақсаты және мәселелерімен байланысты көрсеткіштері;

      2) қолайлық - заңнама талаптарымен немесе тәуелсіз сарапшылар пікірімен келісілген көрсеткіштері;

      3) сенімділік - ұқсас тұжырымдар, қорытындылар мен ұсынымдар үшін ұқсас жағдайлар кезінде мемлекеттік аудиторлармен қолданылатын көрсеткіштері;

      4) объективтілік - біржақты болып табылмайтын толық және сенімді ақпаратқа негізделетін көрсеткіштері;

      5) толықтық - тиімділік аудитінің мақсатына жету үшін жеткілікті болып табылатын көрсеткіштері;

      6) пайдалық - көрсеткіштерді қолдану негізделген тұжырымдарды, тиімділік нәтижелерін жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдамалау үшін фактілерді (деректерді) анықтауын қамтамасыз етеді;

      7) түсініктілік - көрсеткіштер шекті қысқаша, нақты және мағынаны әртүрлі түсіндіруге жатпайтын тұжырымдауын қамтиды.

      16. Тиімділік аудитінің көрсеткіштерін әзірлеу кезінде мынадай тәуекелдер ескеріледі:

      1) субъективтік - әзірлеу көрсеткіштерінің болған жағдайда, толық, объективті емес баға беруді ақпарат болмаған жағдайда жан-жақты зерттеу тексерілетін бағытын, саласын, оның ішінде жеткіліксіздігі салдарынан нормативтік-әдіснамалық базаны және тәжірибе саласындағы тексерілетін (облысы);

      2) болмауы тәуелсіз сараптамалық пікір, білікті мамандар осы саланың тәуелсіз мамандандырылған сарапшыларды, ғылыми әзірлемелер;

      3) мүмкін сандық және сапалық көрсеткіштерін өлшеу тиімділігін ерекшелігіне байланысты сала (облысы), тиімділік аудитін;

      4) болмауы стандарттар объектісінің қызметін мемлекеттік аудит жүргізу кезінде аудиторлық іс-шаралар.

      Тиімділік аудитінің көрсеткіштерін әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін іске асыру мақсатында әзірленген әдістемелерге сәйкес критерийлер мен тиімділік көрсеткіштерін пайдалануға жол беріледі.

      17. Осы Стандарттың 15 және 16-тармақтарында белгіленген талаптарға тиімділік аудит көрсеткіштерінің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларымен тиімділік аудитінің көрсеткіштерін талқылауы жүргізіледі, қажет болған жағдайда сарапшылар тартылады.

      18. Аудиторлық құжаттамаларға тиісті сілтемелерді міндетті түрде енгізе отырып, тиісті түрде ресімделген аудиторлық дәлелдемелер болған кезде аудиторлық іс-шаралардын келесі кезеңдерінде тиімділік аудитінің жаңа көрсеткіштерін түзету немесе әзірлеу рұқсат етіледі.

      19. Жоспарлау процесінде мемлекеттік аудит объектісінің қызмет туралы ақпарат үздіксіз жинау және өңдеу процес жолымен алынған мәліметтер ескеріледі. Тиімділік аудитінің келесі кезеңдерде алынатын ақпаратты дайындық кезеңіндегі алынған деректер толықтырады.

      20. Аудит бағдарламасы Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларының талаптарын ескере отырып жасалады, ол тиімділік аудит көрсеткіштерін және әрбір көрсеткіштерге егжей-тегжейлі сұрақтарын қамтиды.

      Тиімділік аудит сұрақтары аудит мақсаттарын егжей-тегжейін ашатын және тиімділік аудитінің көрсеткіштерімен логикалық байланыс қамтамасыз ететін болып табылады.

      Бағалау жүйесін қалыптастыру бизнес-процестерді басқару мәні бойынша аудит тиімділігін бағалау, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу себептерін талдау әкеліп соқтырған жоқ қол жеткізу бағаланатын нәтижелерінің мәні бойынша тиімділік аудитін және олардың салдарын міндетті болып табылады мәселелерімен, енгізілетін аудит бағдарламасын тиімділігі.

      21. Аудиторлық тапсырма аудит тобының қатысушылары арасында бөлінетін аудиторлық іс-шаралар барысында қамтуға жататын нақты бағдарламалық сұрақтарды, оларды әрбір мемлекеттік аудит объектісінде қарау мерзімін қамтиды.

      Аудиторлық тапсырманың орындалуын бақылау мемлекеттік аудит тобының басшысына жүктеледі.

2-тарау. Аудиторлық процедуралар

      22. Тиімділік аудиті осы Стандартта және Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      23. Рәсім аудит жүргізудің тиімділігін білдіреді терең және мұқият қарауды ішкі процестер (бизнес-процестерді) сәйкес мақсаты және мәні аудит үшін тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ жинау жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді үшін негіз болатын қорытындылар мен ұсынымдар аудит.

      24. Мемлекеттік аудиторлар жеткілікті және тиісті дәлелдемелерді алу мақсатында, келесі аудиторлық рәсімдерді жүргізеді:

      тиімділік аудитінің нысанасы бойынша зерттелетін құжаттаманы талдау;

      тиімділік аудиті нысанасының бағыты бойынша мемлекеттік аудит объектісіне ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бағалау;

      тиімділік аудитінің нысанасына байланысты тұлғаларға (мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалары, контрагенттер, мемлекеттік қызметтерді алушылар және басқа да жеке және заңды тұлғалар) сұхбат (сауалнама) жүргізу;

      бақылау және қарап тексеру (басқа тұлғалар орындайтын процесті немесе рәсімді бақылау);

      талдамалық рәсімдер (кезеңдердегі ақпаратты салыстырып тексеру, қаржылық есесптілік элементтерінің көрсеткіштерін салыстырып тексеру, аудит жүргізілетін кезеңдегі қаржылық және қаржылық емес ақпарат көрсеткіштерінің деректері арасындағы өзара байланысты зерделеу, тиімділік аудиті нысанасының элементтері арасындағы өзара байланысты зерделеу);

      инспекциялау (сенімділігі әртүрлі дәрежедегі аудиторлық дәлелдемелерді (сипаты мен көздеріне байланысты) қамтамасыз ететін, қағаз немесе электрондық нысандағы, немесе өзге де ақпарат тасығыштардағы ішкі немесе сыртқы жазбаларды, немесе құжаттарды тексеру));

      сұрау салу және растау (ауызша немесе жазбаша сұрау салу нысанындағы басқа да аудиторлық рәсімдерге қосымша);

      қайта есептеу (құжаттар мен жазбалардың арифметикалық дәлдігін тексеру);

      қайта орындау (олар қолданатын бақылау құралдары бойынша мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік аудитордың бақылау әрекеттері).

      Мемлекеттік аудиторлар тиімділік аудитінің барлық кезеңдерінде орындайтын аудиторлық рәсімдерінің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.03.2024 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Негізінде кәсіби пайымдаулар мемлекеттік аудиторлар аудит жүргізеді тиімділігін тәсілімен мүмкіндік беретін қысқартып, тәуекелді қолайлы деңгейге дейін қамтамасыз ете отырып, ақылға қонымды сенімділік жеткіліктілігі, тиімділігі мен сенімділігін аудиторлық дәлелдемелер.

      26. Тиімділік аудитін өткізу кезіндегі аудиторлық дәлелдемелер мемлекеттік аудитормен тиімділік аудитінің мәні және мақсатымен сәйкес талданады.

      27. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қорытындылар, тұжырымдар мен ұсыныстар үшін негіз болатын сипатын, түрін, жинау тәсілін анықтау және жиналатын аудиторлық дәлелдердін сапасын қамтамасыз ету кезінде кәсіби пайымдама пайдаланылады.

3-тарау. Анықталған фактілерді жүйелеу және аудиторлық есепті жасау

      28. Анықталған фактілер мәні бойынша тиімділік аудитін бағаланады көрсеткіштеріне сәйкестігіне аудит тиімділігін.

      Өткізуге жауапты тұлға аудиторлық іс-шаралар және топ мүшелері тиімділік аудитін өткізеді талқылау анықталған нәтижелерді өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік аудит объектісінің және (немесе) басқа да ұйымдар тартылған қызметін басқару, мемлекеттік аудит объектісінің және оларды жүйелеу арқылы:

      1) саралау анықталған фактілері бойынша маңыздылығы мен маңыздылығы;

      2) анықтау болып табылады фактілер фрагментарным жағдайы немесе білдіреді бір белгісі жүйелі проблемалары;

      3) анықтау хабардарлығын басшылығы мемлекеттік аудит объектісінің анықталған жүйелік проблемалар мен айқындау қажет болған басқа, тараптар анықталған кемшіліктерді жою және ұсыныстарын іске асыру қызметін жақсарту бойынша мемлекеттік аудит объектісі;

      4) себептерін анықтау және білім беру әсері анықталған фактілер тұрғысынан тиімділік аудитін немесе объектісінің қызметін мемлекеттік аудит.

      Жүйелеу, анықталған фактілерді болжайды, оларды салыстыру тиісті көрсеткіштері тиімділік аудитін және мәселелерімен тиімділік аудитінің.

      29. Тиімділік аудитін өткізу кезінде анықталған фактілердің белгісі:

      1) жоғары тиімді қызмет (тиімділік аудитінің нысанасын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мәндердің тиімділік аудиті көрсеткіштерінен оң ауытқу орын алады);

      2) тиімді қызмет (тиімділік аудитінің нысанасын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мәндер тиімділік аудитінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді);

      3) тиімсіз қызмет (тиімділік аудитінің нысанасын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін сипаттайтын нақты мәндердің тиімділік аудитінің көрсеткіштерінен нашар жағына ауытқу орын алады) болып табылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.03.2024 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Әрбір анықталған факт расталады сенімді және жеткілікті аудиторлық дәлелдемелер. Қалыптастырылған мәліметтер бойынша аудиторлық шаралар мыналарды қамтиды Бағдарламасының сұрақтарына жауаптар аудит және қажет болған жағдайда, аудиторлық пікір бөлігінде себептері мен салдарын көрсеткіштерден ауытқу тиімділік аудитінің.

      31. Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларындағы 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудит объектісінің өкілдерімен және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін басқаруда тартылған басқа да ұйымдармен талқылауларды ескере отырып аудиторлық есеп қалыптастырылады.

      32. Тиімділік аудит қорытындысы бойынша қалыптастырылатын аудиторлық есеп тиімділік аудит көрсеткіштер сәйкестігінің және тиімділік аудитінің барлық сұрақтарына қысқа жауабының мәніне міндетті түрде бағалауды қамтиды.

      33. Аудиторлық есепке енгізілетін қорытындылар және тұжырымдар себеп-тергеу талдау нәтижелерін, оның ішінде мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде тиімсіздік себептерін және кемшіліктерді, мәселелерді, нәтижелерге жетпеу және бұзушылық жасау тәуекелдерді және басқа да мәліметтерді сипаттау кезінде нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сілтемелер қажеті жоқтығын, сондай-ақ, тиімділік аудит мәнін немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін жетілдіру үшін анықталған резервтерді көрсету қажеті жоқтығын ескере отырып, тиімділік аудитінің көрсеткіштерінен ауытқу салдарын қамтиды.

      34. Аудиторлық есепке анықталған бұзушылықтардай және (немесе) кемшіліктердей, солай тиімділік аудит мәні бойынша немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде оң жетістіктері енгізіледі.

4-тарау. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп жасау және ұсынымдардын орындалуына мониторинг

      35. Туралы есепті жасау және ұсыну нәтижелері ішкі аудит болып табылады шешуші кезеңі тиімділік аудитінің арқылы қамтамасыз етіледі ықпал ету ІАҚ жақсарту зерттелген облысының мемлекеттік басқару және (немесе) қызметті мемлекеттік аудит объектісі.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Ішкі аудиттің нәтижелері туралы есеп, ұсынымдарды қарау және бұзушылықтардың жойылғаны туралы шешім (өкім) Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларында көзделген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік аудит объктісіне жолданады.

      37. Тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға мониторинг Заңмен және Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларымен белгіленген тәртіппен іске асырылады.

      38. Қажет болған жағдайда ІАҚ жүргізеді аудиторлық іс-шара орындау бойынша мемлекеттік аудит объектілері ұсынымдар қалыптастырылған қорытындысы бойынша тиімділік аудитін жүргізген белгілі бір уақыт аралығы.

      Жүргізуге және аудиторлық талдау процедураларын іске асыру бойынша қорытындыларын аудит тиімділігін тартылады мемлекеттік аудиторлар, олар тікелей қатысып тиімділік аудитін жүргізу және (немесе) басқа да ІАҚ мемлекеттік аудиторлар.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Аудиторлық іс-шараларды өткізуге жауапты тұлға мемлекеттік аудит объектісінен ақпаратты (растаушы құжаттарды) алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды уақтылы және олардың толықтығы тұрғысынан орындауына мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. ІАҚ басшысы алдында есеп береді орталық мемлекеттік органның басшысымен немесе облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың нәтижелері туралы аудит тиімділігі мен әсері ұсынымдарды ішкі рәсімдер, бизнес-процестер бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға қол жеткізу, тікелей және түпкілікті нәтижелерге объектісінің қызметін мемлекеттік аудит.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады