Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет мнистрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12503 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 591 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.03.2017 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгерістер енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1133 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.10.2024 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы басшысының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің басшысы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметінің басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметі басшысының орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;

      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;

      әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметінің басшысы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас консультанты – мемлекеттік аудиторы.

      Ескертпе:

      Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолданылады, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттерін негізге ала отырып, өзге лауазымдар атаулары теңестіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады