Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 және "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 қазанда № 35262 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру мынадай жағдайларды қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталдың ақысына объект берілетін мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаға объектіні беру;

      2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;

      3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

      5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

      6) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін беру;

      7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға беру;

      8) денсаулық сақтау объектілерін салуды, күтіп-ұстауды және пайдалануды ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікті Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторға беру;

      9) ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілерін ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;

      10) коммуналдық мүлікті қайырымдылық және волонтҰрлық ұйымдарға беру;

      11) "Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімімен құрылған Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штаб) шешімі бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға автомобиль жолдарын жөндеуге беру.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Құрылтайшы тендерлер немесе жабық тендерлер ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады.

      Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, өкілді органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (Жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшы құрылтайшының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Объект сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз берілген кезде құрылтайшы тендерге немесе жабық тендерге қатысуға рұқсат берген қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды тізілімнің веб-порталы айқындайды.

      Ең төмен сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне қатысты пайыздық арақатынаста), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын мөлшерді ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Тендерге немесе жабық тендерге қатысушылардың сыйақы мөлшері сәйкес келген (тең болған) жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Егер объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысуға бір қатысушы жіберілген жағдайда, өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен жалғыз қатысушымен шарт жасалады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Сенімгерлік басқарушының мыналарға:

      1) қазіргі жұмыс орын санын сақтап қалуға немесе жаңаларын ашуға;

      2) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салуға;

      3) объектінің қызмет бейінін сақтауға;

      4) қаржылық есептіліктің жыл сайынғы тәуелсіз аудитін жүргізуге қатысты міндеттемелері акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру шарттары болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

      "51-1. Басқару органының ұсынысы негізінде объектінің ерекшелігі ескерілген міндеттемелерді тендерлік комиссия (объект тендерлік негізде берілген кезде) немесе құрылтайшы (объект тендер өткізілмей берілген кезде) айқындайды.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартында:

      1.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдау-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзге жолмен) осы Шарт жасалған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Объектіні қабылдау-беру актісіне Сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және Құрылтайшы электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында бекітеді.";

      3.1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      10.1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Шарттың 10-бөлімінің 10.2-тармағына сәйкес Тараптардың келісуі бойынша не біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған;";

      11.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11.6. Осы Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, тізілімнің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдаланыла отырып жасалған.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

Құрылтайшы

Сенімгерлік басқарушы

________

____________________

________

____________________

(қолы)

(басшының немесе алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

(қолы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншікті және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі республикалық меншікке аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен және теңгеріміне мүлік берілетін республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген шешімі негізінде беріледі.";

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне берілген жағдайда, мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2024 жылғы 15 қазандағы
№ 89 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ

      1. _____ мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен / құқығынсыз)

      ________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), не заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________

      тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы "___" _______ Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

      2. Біз (мен) ________________________________________ жалпы сомада (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі) тендерге қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:

      ____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды (әрі қарай – ЖСК), бизнес сәйкестендіру коды (әрі қарай – БСК), төлемді тағайындау коды, бенефициар коды (әрі қарай – Кбе) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

      Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектілері туралы мәлеметтер:

Р/с №

Сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Аударылуы тиіс кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с №

Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.

      4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге Тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қою және Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін қабылдаймыз.

      5. Мына:

      тендерді өткізуден кем дегенде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан;

      тендердің нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;

      объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген;

      мен объектіні сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайларда, енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін (-міз).

      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы _________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі (әрі қарай – БСН) ___________________________________________________________

      Басшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________________________

      Мекенжайы: ____________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ___________________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      Банктің атауы ___________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі (әрі қарай – ЖСН)/БСН___________________________________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1) _____________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________

      3) _____________________________________________________________

      4) ______________________________________________________ қоса беріледі.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда):

      ЖСН __________________________________________________________

      Паспорт деректері _______________________________________________

      Мекенжайы: ____________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ___________________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      Банктің атауы ___________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_________________________

      Өтінімге мыналар:

      1) _____________________________________________________________

      2)______________________________________________________________

      3) _____________________________________________________________

      4) _________________________________________________________ қоса беріледі.

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      20__ жыл "___"____________

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

      20__ жыл "___"____________ ___сағат ___ минутта қабылдады.

      Тендерге қатысушының нөмірі_____________________________________

О внесении изменений и дополнения в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление и Типового договора доверительного управления государственным имуществом" и от 26 мая 2023 года № 85 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 октября 2024 года № 89. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 октября 2024 года № 35262

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 17 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в доверительное управление и Типового договора доверительного управления государственным имуществом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10111) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах передачи государственного имущества в доверительное управление, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Передача объекта в доверительное управление без права последующего выкупа осуществляется на тендерной основе, за исключением следующих случаев:

      1) передачи объекта юридическому лицу с участием государства, которому передается объект в оплату уставного капитала по решению уполномоченного органа по государственному имуществу или местного исполнительного органа;

      2) передачи газопроводов и объектов электро-энергоснабжения;

      3) передачи стратегических объектов, а также пакетов акций (долей участия) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты;

      4) передачи объектов недвижимости и акций акционерных обществ, созданных в реализацию международных соглашений;

      5) передачи государственных информационных систем;

      6) передачи автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения Национальному оператору по управлению автомобильными дорогами для строительства, реконструкции, организации платного движения;

      7) передачи единому оператору в сфере учета государственного имущества активов территориальных подразделений уполномоченного органа по государственному имуществу, согласно перечню, утверждаемому уполномоченным органом по государственному имуществу в соответствии со статьей 14 Закона;

      8) передачи недвижимого имущества Национальному оператору в области здравоохранения для организации строительства, содержания и эксплуатации объектов здравоохранения;

      9) передачи субъекту государственной монополии в сферах информатизации и обеспечения информационной безопасности объектов органов национальной безопасности, предназначенных для обеспечения информационной безопасности;

      10) передачи коммунального имущества благотворительным и волонтерским организациям;

      11) передачи автомобильных дорог Национальному оператору по управлению автомобильными дорогами для ремонта по решению Совета по привлечению инвестиций (инвестиционный штаб), созданного распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 19 марта 2021 года № 64-р "О создании совета по привлечению инвестиций (инвестиционный штаб)".";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Для организации и проведения тендеров или закрытых тендеров учредителем образуется тендерная комиссия.

      В состав тендерной комиссии включаются представители учредителя, органа управления, представительных органов и других государственных органов, и их территориальных подразделений, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" и региональных палат предпринимателей (в Комиссии при местных исполнительных органах либо аппаратах акима города районного значения, села, поселка, сельского округа), местных сообществ и иных организаций.

      Председатель тендерной комиссии и секретарь являются представителями учредителя. Число членов тендерной комиссии составляет не менее пяти человек. Секретарь не является членом тендерной комиссии.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. При передаче объекта в доверительное управление без права последующего выкупа веб-портал реестра по результатам автоматического вскрытия и сопоставления тендерных предложений участников, допущенных к тендеру или закрытому тендеру учредителем, определяет победителя.

      Победителем признается участник, предложивший наименьший размер вознаграждения (в процентном соотношении к чистому доходу от доверительного управления учредителя), но не более предельного размера, указанного в извещении о проведении тендера.

      В случае совпадения (равенства) размеров вознаграждения участников тендера или закрытого тендера, победителем, признается участник, ранее зарегистрировавший заявку.

      В случае если до участия в тендере или закрытом тендере по передаче объекта в доверительное управление без права последующего выкупа допущен один участник, договор заключается с единственным участником на условиях тендера и тендерного предложения участника при условии соответствия его заявки требованиям и условиям, предусмотренным тендерной документацией.";

      пункт 51 изложить в следующей редакции:

      "51. Условиями передачи принадлежащих государству акций (долей участия в уставном капитале) акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) в доверительное управление являются обязательства доверительного управляющего в отношении:

      1) сохранения существующего количества или создания новых рабочих мест;

      2) совершения сделок и/или запрещения определенных действий в отношении объекта в течение определенного периода времени;

      3) сохранения профиля деятельности объекта;

      4) проведения ежегодного независимого аудита финансовой отчетности.";

      дополнить пунктом 51-1 следующего содержания:

      "51-1. Обязательства с учетом специфики объекта на основании предложения органа управления определяются тендерной комиссией (при передаче объекта на тендерной основе) или учредителем (при передаче объекта без проведения тендера).";

      в Типовом договоре доверительного управления государственным имуществом, утвержденном указанным приказом:

      пункт 1.7 изложить в следующей редакции:

      "1.7. Права и обязанности Доверительного управляющего по управлению Объектом возникают с момента передачи Объекта Доверительному управляющему. Передача Объекта осуществляется путем (составления акта приема-передачи, внесения соответствующей записи в реестр акционеров, участников товарищества с ограниченной ответственностью в соответствии с законодательством Республики Казахстан или иное в зависимости от Объекта, передаваемого в доверительное управление) в течение 10 (десяти) рабочих дней с момента заключения настоящего Договора.

      Акт приема-передачи Объекта подписывается Доверительным управляющим и балансодержателем и утверждается Учредителем на веб-портале реестра с использованием электронной цифровой подписи (далее – ЭЦП)";

      подпункт 3) пункта 3.1 исключить;

      подпункт 1) пункта 10.1 изложить в следующей редакции:

      "1) досрочного расторжения по соглашению Сторон либо в одностороннем порядке, согласно пункту 10.2 раздела 10 настоящего Договора;";

      пункт 11.6 изложить в следующей редакции:

      "11.6. Настоящий Договор составлен на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу и заключен посредством веб-портала реестра с использованием ЭЦП.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Aдреса и реквизиты Сторон:

Учредитель

Доверительный управляющий

________

____________________

________

____________________

(подпись)

(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
руководителя
или замещающего лица)

(подпись)

(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)";

      приложение 1 изложить согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 мая 2023 года № 85 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32641) следующие изменения:

      в Правилах передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) уполномоченный орган по управлению государственным имуществом (далее – уполномоченный орган по государственному имуществу) – центральный исполнительный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции руководство в сфере управления республиканским имуществом, реализации прав государства на республиканское имущество, приватизации и государственного мониторинга собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение, и стратегических объектов, за исключением имущества, закрепленного за Национальным Банком Республики Казахстан и уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций;";

      подпункт 6) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "6) имущество коммунальных юридических лиц местного самоуправления передается в республиканскую собственность на основании решения аппарата акима города районного значения, села, поселка, сельского округа, согласованного с уполномоченным органом по государственному имуществу и уполномоченным органом соответствующей отрасли, осуществляющим управление республиканским юридическим лицом, на баланс которого передается имущество.";

      абзац второй пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "В случае передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой в соответствии с подпунктами 3) и 5) пункта 3 настоящих Правил, акт приема-передачи имущества (передаточный акт) оформляется в срок не более 30 (тридцати) календарных дней после принятия решения центральным уполномоченным органом по государственному имуществу.".

      3. Департаменту политики управления государственными активами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
– Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Байбазаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Заместитель Премьер-Министра
– Министр национальной экономики
Республики Казахстан
от 15 октября 2024 года № 89
  Приложение 1
к Правилам передачи
государственного имущества
в доверительное управление
  Форма

ЗАЯВКА на участие в тендере по передаче государственного имущества в доверительное управление

      1. Рассмотрев опубликованное извещение о проведении тендера по передаче
_____________________________________________________________________
(наименование объекта)
в доверительное управление __________ последующего выкупа сроком на _____,
(с правом / без права)
и ознакомившись с Правилами передачи государственного имущества
в доверительное управление, я, нижеподписавшийся
______________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), либо наименование юридического лица)
прошу принять заявку на участие в тендере и зарегистрировать в качестве участника
тендера, который состоится "___" ________ 20__ года на веб-портале реестра
государственного имущества, размещенного в сети Интернет по адресу
www.gosreestr.kz.

      2. Нами (мною) внесен гарантийный взнос для участия в тендере общей суммой
_____________________________________________________________________
(указывается сумма в тенге, в том числе прописью)
на счет единого оператора в сфере учета государственного имущества
(далее – единый оператор), указанный в извещении:
_____________________________________________________________________
(индивидуальный идентификационный код (далее – ИИК), банковский
идентификационный код (далее – БИК), код назначения платежа, код бенефициара
(далее – КБе)

      Сведения об объектах доверительного управления, по которым внесен гарантийный взнос:

Наименование объекта доверительного управления

Сумма гарантийного взноса, подлежащая перечислению, тенге

1



2




Итого


      Сведения о внесенных гарантийных взносах:

Назначение гарантийного взноса и наименование объекта доверительного управления, по которому внесен гарантийный взнос для участия в тендере

№ платежного документа

Дата платежного документа

Сумма гарантийного взноса, тенге

1





2






Итого




      3. Согласен (ы) с тем, что в случае обнаружения нашего (моего) несоответствия
      требованиям, предъявляемым участнику, мы (я) лишаемся права участия в тендере,
в случае нашей (моей) победы на тендере подписанные нами (мною) Протокол
о результатах тендера и Договор доверительного управления будут признаны
недействительными.

      4. В случае, если мы (я) становимся Победителями тендера, принимаем на себя
      обязательства подписать Протокол о результатах тендера в день проведения тендера
и заключить Договор доверительного управления на условиях тендера, указанных
в извещении и предложенных нами (мною), не позднее десяти рабочих дней со дня
подписания протокола о результатах тендера.

      5. Согласен (ы) с тем, что сумма внесенного нами гарантийного взноса
не возвращается и остается у учредителя доверительного управления
государственным имуществом в случаях:
отказа от участия в тендере менее чем за три рабочих дня до его проведения;
не подписания протокола о результатах тендера либо договора;
передачи объекта в доверительное управление с правом последующего выкупа;
моего отказа от права выкупа объекта.

      6. Настоящая заявка вместе с Протоколом о результатах тендера имеет силу договора,
      действующего до заключения Договора доверительного управления.

      7. Представляю (-ем) сведения о себе:
Для юридического лица:
Наименование
___________________________________________________________________
Бизнес-идентификационный номер (далее – БИН)
___________________________________________________________________
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя
___________________________________________________________________
Адрес: _____________________________________________________________
Номер телефона (факса): ______________________________________________
Банковские реквизиты для возврата гарантийного взноса:
ИИК _______________________________________________________________
БИК _______________________________________________________________
Наименование банка _________________________________________________
КБе ________________________________________________________________
Индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН)/БИН лица,
оплатившего гарантийный взнос
____________________________________________________________________
К заявке прилагаются:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
Для физического лица:
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) _______________________________
ИИН _______________________________________________________________
Паспортные данные __________________________________________________
Адрес: _____________________________________________________________
Номер телефона (факса): ______________________________________________
Банковские реквизиты для возврата гарантийного взноса:
ИИК _______________________________________________________________
БИК _______________________________________________________________
Наименование банка _________________________________________________
КБе _______________________________________________________________
ИИН/БИН лица, оплатившего гарантийный взнос ________________________
К заявке прилагаются:
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________
4) _________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица или
наименование юридического лица и фамилия, имя, отчество (при его наличии)
руководителя)
"____" ________ 20__ года.
Принята веб-порталом реестра государственного имущества
"____" ________ 20__ года __________ часов _______ минут.
Номер участника тендера ____________________________________________