Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік органның интернет-ресурсында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрі | |
__________ Б. Сұлтанов | |
2015 жылғы 16 қаңтар |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтіні жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 12.08.2016 № 370 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беруге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2023 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
2) алғашқы баға – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын, тендерлік комиссия белгілейтін объектінің құны;
3) баланс ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
4) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
5) бастапқы баға – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісі бойынша сауда-саттық басталатын баға;
6) жабық тендер – қатысушылардың шектеулі тобы қатысатын тендер;
7) құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісі – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде айқындалатын салықтық кезеңдегі сенімгерлік басқарудың кірістері мен шығындары арасындағы оң айырма;
8) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысы бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
9) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі - құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
10) объект – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ өзге мемлекеттік мүлік;
11) объектінің нарықтық құны – мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет еткен жағдайда бәсекелестік жағдайындағы мәміле негізінде ол бойынша сенімгерлік басқару объектісі кейіннен сатып алу құқығымен иеліктен шығарылуы мүмкін болатын есептік ақшалай сома;
12) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
13) сыйақы – объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асыратылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;
14) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттықтар нысаны, мұнда құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді;
15) тендер жеңімпазы – объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объект үшін ең жоғары баға ұсынған тендерге немесе жабық тендерге қатысушы немесе объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде ең төмен сыйақы мөлшерін ұсынған тендерге не жабық тендерге қатысушы;
16) тендерге қатысушы – тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
17) тендерлік комиссия – объектіні беру жөніндегі тендерді немесе жабық тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылтайшы құрған комиссия;
18) тендерлік ұсыныс – объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақы мөлшерін қамтитын (құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруынан түскен таза кіріске пайыздық арақатынаста) қатысушының ұсынысы;
19) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде: www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
20) шарт – осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сай үлгілік шартқа сәйкес құрылтайшы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты;
21) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
22) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.10.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.08.2023 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру тәртібі
3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды, ол туралы мәліметтерді құрылтайшы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға енгізеді.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді келіседі.
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.
Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзарту Сенімгерлік басқарушы Шартты тиісінше орындаған кезде жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқарушы шартта көрсетілген қолданылу мерзімін ұзарту ниеті туралы теңгерімді ұстаушыны жазбаша хабардар етеді.
Егер шартта мұндай мерзім көрсетілмеген жағдайда, сенімгерлік басқарушы шарттың қолданысы аяқталғанға дейін он жұмыс күні бұрын теңгерімді ұстаушыны жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1. Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушыға мынадай:
1) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғысын өзгерту туралы;
2) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғылық капитал мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы;
3) акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе өзге де заңды тұлғаны тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттің құқықтары берілмейді.
Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) мемлекеттің дивидендтерге құқығынан бас тартумен сенімгерлік басқаруға беруге жол берілмейді.
Сенімгерлік басқарушы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге де заңды тұлғаның) таза кірісінің бір бөлігін Заңның 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган пайыздық арақатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтер (кірістер) төлеуге жіберуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.12.2020 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-2. Сенiмгерлiк басқарушының мүлiктi сенiмгерлiк басқару кезiнде жүргізген қажеттi шығыстарын өтеу:
1) кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаражат есебінен;
2) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен жүзеге асырылады.
Объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде сенімгерлік басқарушының мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізген қажетті шығыстарын бюджет қаражаты есебінен өтеуді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
Ескерту. Қағида 3-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-3. Сенімгерлік басқарушы мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді мына жағдайларда:
1) мемлекеттiк кәсiпорынның балансына бекітілген республикалық және коммуналдық меншiк сенiмгерлiк басқаруға берілген кезде;
2) мемлекеттiк мекеменiң балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлiк кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлiк басқаруға берiлген кезде орындауға тиіс.
Мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлік кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді сенімгерлік басқарушы орындамайды.
Ескерту. Қағида 3-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-4. Сенімгерлік басқарушының есепті ұсыну, оның ішінде:
"Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен берілетін мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есепті;
басқарудың аралық нәтижелері көрсетілетін жылдық есепті;
мемлекеттік мүлікті басқарудың нәтижелері жазылатын сенімгерлік басқару шартының барлық қолданылған кезеңіндегі есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдері шартта белгіленеді.
Жылдық есепте мынадай ақпарат:
сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде алған кірістері туралы;
сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде шеккен шығыстары туралы;
сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шеңберінде қабылдаған іс-қимылдары туралы;
құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәліметтер қамтылады.
Шарттың барлық кезеңі ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы есепте мынадай ақпарат:
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың барлық кезеңі ішіндегі жиынтық қаржылық көрсеткіштер;
сенімгерлік басқарушының барлық кезең ішіндегі сыйақы мөлшері;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың нақты көрсеткіштерінің барлық кезең ішіндегі салыстырма талдауы;
құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша берілетін барлық кезең ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге мәлімет қамтылады.
Есептерде қамтылған ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелері есепке қоса беріледі.
Ескерту. Қағида 3-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2023 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендерлік негізде жүзеге асырылады.
5. Объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру мынадай жағдайларды қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталдың ақысына объект берілетін мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаға объектіні беру;
2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;
3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;
4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;
6) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін беру;
7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға беру;
8) денсаулық сақтау объектілерін салуды, күтіп-ұстауды және пайдалануды ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлікті Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторға беру;
9) ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілерін ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;
10) коммуналдық мүлікті қайырымдылық және волонтҰрлық ұйымдарға беру;
11) "Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімімен құрылған Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штаб) шешімі бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға автомобиль жолдарын жөндеуге беру.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-1. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда республикалық мүлік тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы негізінде тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беріледі.
Бұл ретте акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және стратегиялық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталын) төлеуге беру туралы шешімі болған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтініші (бұдан әрі - өтініш) негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар үшін:
салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
2) жеке тұлға және дара кәсіпкер үшін - салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну арқылы объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен еркін нысанда ресімделеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезінде өтінішті құрылтайшы он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Құрылтайшы үш жұмыс күні ішінде алынған өтінішті теңгерім ұстаушыға немесе басқарушы органға (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге де заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) келісуге жібереді. Өтінішке қоса берілген құжаттар теңгерімді ұстаушыға жіберілмейді.
Теңгерімді ұстаушы немесе басқару органы (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіседі не дәлелді жауап ұсына отырып объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартады.
Өтініш келісілген жағдайда жазбаша нысанда объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі талаптарды және сыйақының 50%-нан аспайтын шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісіне пайыздық қатынаста) белгілеу немесе объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тарту туралы ұсыныстар беріледі.
Құрылтайшы үш жұмыс күні ішінде объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру немесе бермеу туралы өтінішті қараудың нәтижелері туралы өтініш берушіні хатпен хабардар етеді.
Сыйақы мөлшерін белгілеу жөніндегі талап пайдаланылуын табиғи монополиялар субъектісі жүзеге асыратын объектілер, сондай-ақ басқару үшін мемлекеттің кепілдігімен халықаралық қарыздар тартылған объектілер сенімгерлік басқаруға берілетін жағдайларға қолданылмайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берген кезде сенімгерлік басқарушымен шартты құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға өтініш берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЭЦҚ пайданана отырып, тізілімнің веб-порталында жасайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау тәртібі
9. Басқару органы (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегіндегі қатысу үлестеріне қатысты) және (немесе) баланс ұстаушы (жылжымалы және жылжымайтын мемлекеттік мүлікке қатысты) объектіні сенімгерлік басқаруға беру үшін құрылтайшыға мынадай ақпаратты ұсынады:
1) объектінің қысқаша сипаттамасы, оның баланстық құны туралы мәліметтер және баланс ұстаушының атауы;
2) акциялары (үлестері) не мүлiктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;
3) акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның соңғы үш қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат;
4) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің орындылығының негіздемесі;
5) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру шарттарын және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу бойынша ұсыныстар;
6) объектіні сенімгерлік басқарудан түсетін жоспарланған кірістер мен шығыстардың есептері;
7) сыйақының шекті мөлшерін белгілеу бойынша ұсыныстар (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қарағанда проценттік арақатынаста);
8) осы Қағидалардың 3-2-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін белгілеу туралы ұсыныстар.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді жеті жұмыс күні ішінде береді.
4-тарау. Тендер өткізуге дайындық өткізу тәртібі
11. Құрылтайшы сенімгерлік басқаруды тағайындау мақсатында:
1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);
2) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;
3) тендердің немесе жабық тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;
4) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;
5) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Құрылтайшы тендерлер немесе жабық тендерлер ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады.
Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, өкілді органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (Жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшы құрылтайшының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің шарттарын (бұдан әрі - тендердің шарттары) және тендерге немесе жабық тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды айқындайды;
2) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;
3) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектінің бастапқы бағасын белгілейді;
4) объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде сыйақының 50%-дан аспайтын шекті мөлшерін белгілейді (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріске пайыздық арақатынаста);
5) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі қажетті шығыстарын өтеу көзін айқындайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5-тарау. Тендерлік құжаттама
14. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшы тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарлама жариялайды, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын;
2) объектінің қысқаша сипаттамасын;
3) тендерді өткізу күнін, уақытын;
4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беру мерзімін;
5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді);
6) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде объектінің алғашқы және (немесе) бастапқы бағасын;
7) объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақының шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста);
8) осы Қағидалардың 3-2-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін;
9) тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды қамтиды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.15. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жарияланады.
Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға бірыңғай оператор осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тендерге қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарналарды қайтарады.
16. Құрылтайшы хабарлама жарияланғанға дейін тізілімнің веб-порталында объект туралы мынадай ақпаратты:
1) объектінің иесі мен баланс ұстаушы туралы мәліметтерді (пошталық мекенжай, телефон, факс, е-mail);
2) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілетін (жылжымайтын мүлік үшін ) объектінің техникалық жай-күйі туралы түсінікті қамтамасыз ететін саны кемінде 5 дана фотосуретті;
3) акциялары (қатысу үлестері) не мүліктік кешені сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша мынадай құжаттардың:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
жарғы;
жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);
есепті кезеңнің алдындағы үш жылғы қосымшаларымен бухгалтерлік баланстар көшірмелерін;
4) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осы Қағидалардың 3-1-тармағында көрсетілген аударым шарттарын;
5) тендер талаптары ескеріле отырып, жасалған шарт жобасын орналастыруды қамтамасыз етеді.
Хабарлама жарияланғаннан кейін бірыңғай оператор барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған объект туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні көруге мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, құрылтайшының шотына тендерде немесе жабық тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және тендердің басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.
18. Тендерге немесе жабық тендерге қатысушылар тендер немесе жабық тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарнаны енгізеді. Кепілдік жарнаны қатысушының өзі не оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай оператор кепілдік жарнаны алушы болып табылады.
19. Тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін объекті:
оның алғашқы бағасының он бес пайызы мөлшерінде кейіннен сатып алу құқығымен берген жағдайда;
оның баланстық құнының үш пайызы мөлшерінде кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда кепілдік жарна әрбір объект үшін жеке белгіленеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Кепілдік жарна қатысушының мынадай:
1) тендердің немесе жабық тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
2) құрылтайшымен шарт жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етуінің кепілі ретінде енгізіледі.
21. Осы Қағидалардың 15-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушы тендердің немесе жабық тендердің өткізілуіне кемінде үш жұмыс күні қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда бірыңғай оператор кепілдік жарнаны қайтармайды.
Құрылтайшы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:
жеңімпаз тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;
объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда жеңімпазға;
сенімгерлік басқарушы объектіні сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайда қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда бірыңғай оператор осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінішті берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кепілдік жарналарды қайтарады.
22. Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып құрылтайшы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тендерде немесе жабық тендерде жеңіске жеткен қатысушының кепілдік жарнасын құрылтайшының шотына аударады.
23. Тендер немесе жабық тендер жеңімпазының кепілдік жарнасын құрылтайшы шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) республикалық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, коммуналдық меншіктен – тиісті жергілікті бюджетке аударады және осы төлем шарт бойынша (объект сатып алу құқығымен берілген жағдайда) тиісті аванстық төлем шотына есептеледі;
2) қатысушыға (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) тендер немесе жабық тендер қатысушысының өтініші болған кезде қайтарады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-тарау. Тендерді өткізу тәртібі
24. Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
25. Тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.
27. Тендер шарттарымен келісуді қамтитын өтінімге:
1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетінде электрондық конвертке жүктелген тендерлік ұсыныс (объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген кезде);
2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетінде электрондық конвертке жүктелген баға ұсынысы (объект кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген кезде);
3) қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық ("PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) көшірмелері қоса беріледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде:
сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуына;
мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің және салықтық берешегінің болмауына автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында Салық кодексінің 6-тарауына сəйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек және салықтық берешек туралы мәліметтердің болуы тізілім веб-порталының қатысушының өтінімінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорда бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі және мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында Салық кодексінің 6-тарауына сəйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі және салықтық берешегі туралы мәліметтер болмаған жағдайда тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды жүзеге асырады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Тізілімнің веб-порталында тендер немесе жабық тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма күндері өткізіледі. Тендер Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және тендерді өткізген күні аяқталады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің немесе жабық тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ тұлға тендерге немесе жабық тендерге қатысушы болып табылмайды.
31. Өтінімдер, өтінімдерге қоса берілген тендерлік және баға ұсыныстары, қатысушылар құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері тізілімнің веб-порталында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада немесе жабық тендерге қатысуға шақыруда көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.
32. Өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада немесе жабық тендерге қатысуға шақыруда көрсетілген тендердің немесе жабық тендердің күні мен уақыты келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
33. Құрылтайшы тізілімнің веб-порталында тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында өтінімдерді, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қарайды.
Қатысушы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде құрылтайшы себебін көрсете отырып, қатысушыны тендерге немесе жабық тендерге жібермейді.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Объект сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз берілген кезде құрылтайшы тендерге немесе жабық тендерге қатысуға рұқсат берген қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды тізілімнің веб-порталы айқындайды.
Ең төмен сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне қатысты пайыздық арақатынаста), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын мөлшерді ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тендерге немесе жабық тендерге қатысушылардың сыйақы мөлшері сәйкес келген (тең болған) жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Егер объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысуға бір қатысушы жіберілген жағдайда, өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен жалғыз қатысушымен шарт жасалады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге немесе жабық тендерге жіберген тендерге немесе жабық тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды.
Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысушылар ұсынған бағалар сәйкес (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
36. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес сауда-саттық ашық болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тендер жабық болуы мүмкін.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде тендерлік комиссия айқындайтын қатысушылардың шектелген тобы қатысады.
38. Жабық тендердің барлық шарттарымен жабық тендерге қатысуға жазбаша шақыруларды құрылтайшы жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген адамдарды тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және жабық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
39. Жабық тендер өткізуге дайындық тәртібі, тендерлік құжаттаманың мазмұны, жабық тендер өткізу, нәтижелерін ресімдеу және сенімгерлік басқару жөніндегі шарттың мазмұны ашық тендерге белгіленген тәртіпке сәйкес белгіленеді.
39-1. Тендерді немесе жабық тендерді ұйымдастыруды және өткізуді құрылтайшы жүзеге асырады.
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін бірінші тендерге немесе жабық тендерге қойған кезде объектінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін екінші және үшінші сауда-саттыққа қойған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасынан елу пайызға төмендетіледі.
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін төртінші және кейінгі сауда-саттыққа шығарған кезде бастапқы баға үшінші сауда-саттықтың бастапқы бағасына тең болады.
Тендер немесе кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісі бойынша жабық тендер басталған кезде тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, тендер немесе жабық тендер өтпеді деп танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем болмайтын құн ұсынса, бір ғана қатысушы қатысқан тендер немесе жабық тендер өтті деп танылады.
Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі әрбір келесі тендер немесе жабық тендер алдыңғы тендер немесе жабық тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Ескерту. Қағида 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.10.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.39-2. Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (қатысу үлестері) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, қызмет бейінін құрылтайшы айқындаған мерзімге сақтау тендердің немесе жабық тендердің шарты болып табылады.
Ескерту. Қағида 39-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.10.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-тарау. Тендер нәтижелерін ресімдеу тәртібі және шарттың мазмұны
40. Тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен құрылтайшының тендер немесе жабық тендер шарттарында және жеңімпаздың ұсыныстарында шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
41. алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді.
Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер нәтижелері туралы хаттамада:
1) себептерін көрсете отырып жіберілмеген қатысушылар тізімі;
2) жіберілген қатысушылар тізімі;
3) жеңімпаз көрсетіледі.
43. Тендер нәтижелері туралы хаттамаға (объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығымен немесе сатып алу құқығынсыз беру бойынша) тендер немесе жабық тендер өткізілген күні құрылтайшы және жеңімпаз қол қояды.
44. Тендер немесе жабық тендер мынадай:
1) объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылар болмаған;
2) егер тендердің немесе жабық тендердің жалғыз қатысушысы бастапқы бағадан кем болатын құнды ұсынған;
3) жеңімпаз тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.10.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.45. Егер тендер немесе жабық тендер өтпеді деп жарияланса, құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламада немесе жабық тендерге қатысуға шақыруда көрсетілген тендер немесе жабық тендер күні мен уақытынан кейін жиырма төрт сағат ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын өтпеген тендер туралы актіге қол қояды.
Жеңімпаз тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда құрылтайшы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендер нәтижелерін жою туралы актіге қол қояды.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Тендерді немесе жабық тендерді өткізуге кедергі болатын тізілім веб-порталының техникалық ақаулық фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы құрылтайшыға жазбаша хабарлайды және тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аталған тендерді немесе жабық тендерді жалғастыру күні мен уақыты туралы тендерге немесе жабық тендерге қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, тендерді техникалық ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.
47. Тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылардың болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылған кезде тендерлік комиссия, мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (қатысу үлестерін) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді қоспағанда, тендер шарттарын өзгерте алады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.10.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Объектіні сенімгерлік басқару шарттың негізінде туындайды (құрылады).
Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берілетін объектілерді қоспағанда, құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам және жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында шартқа қол қояды.
Объектіні қабылдау-тапсыру актісіне Сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және ЭЦҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында Құрылтайшы бекітеді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Жылжымайтын мүлікке арналған сенімгерлік басқару шарты мемлекеттік тіркелуі тиіс. Шартты мемлекеттік тіркеу сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
50. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздейді.
50-1. Егер шартта кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін мерзімінен бұрын сатып алу құқығы көзделмесе, сенімгерлік басқарушы құрылтайшыға шартқа тиісті толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен жүгіне алады.
Сенімгерлік басқарушы жүгінген жағдайда құрылтайшы шартқа толықтырулар енгізу туралы қосымша келісім жасасады.
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектіні мерзімінен бұрын сатып алу жөніндегі сенімгерлік басқару шартына толықтыруларға сенімгерлік басқарушы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Егер сенімгерлік басқару шартында осы Қағидалардың 51-тармағының 1) және (немесе) 5) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушының міндеттемелері көзделсе, онда шартқа толықтырулар сенімгерлік басқарушының оларды мерзімінен бұрын орындау жөніндегі міндеттемелерін қамтуы тиіс.
Кейіннен сатып алу құқығымен объектіні сенімгерлік басқару шарты бойынша орындалмаған өзге міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектіні сатып алу-сату шартына ауыстырылуға жатады.
Сенімгерлік басқарушыда сенімгерлік басқару объектісін мерзімінен бұрын сатып алу құқығы шарт жасалған күннен бастап бір жылдан кейін туындайды.
Ескерту. Қағида 50-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.10.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50-2. Сенімгерлік басқару объектісін сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметі "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 101-105-баптарына сәйкес бекіткен Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 50-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Сенімгерлік басқарушының мыналарға:
1) қазіргі жұмыс орын санын сақтап қалуға немесе жаңаларын ашуға;
2) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салуға;
3) объектінің қызмет бейінін сақтауға;
4) қаржылық есептіліктің жыл сайынғы тәуелсіз аудитін жүргізуге қатысты міндеттемелері акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру шарттары болып табылады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51-1. Басқару органының ұсынысы негізінде объектінің ерекшелігі ескерілген міндеттемелерді тендерлік комиссия (объект тендерлік негізде берілген кезде) немесе құрылтайшы (объект тендер өткізілмей берілген кезде) айқындайды.
Ескерту. 7-тарау 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік | |
басқаруға беру қағидаларына | |
1-қосымша | |
нысан |
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
1. _____ мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен/құқығынсыз) ________________ ________________________________________________________________________________
(объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толығымен, не заңды тұлғаның атауы)
________________________________________________________________________________
тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы "___" _______________ Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі) тендерге қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:
________________________________________________________________________________
(ЖСН, БСН, төлемді тағайындау коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).
Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектілері туралы мәлеметтер:
№ | Сенімгерлік басқару объектісінің атауы | Аударылуы тиіс кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
Жиыны |
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:
Р/с № | Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектісінің атауы | Төлем құжатының № | Төлем құжатының күні | Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 | ||||
2 | ||||
Жиыны |
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.
4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге Тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қою және Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін қабылдаймыз.
5. Мына:
тендерді өткізуден кем дегенде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан;
тендердің нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;
объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген;
кейіннен сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайларда, енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін (міз).
6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
Заңды тұлға үшін:
Атауы _______________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты ______________________________________________
Мекенжайы: _______________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК _____________________________________________________________________
БСК ______________________________________________________________________
Банктің атауы ______________________________________________________________
Кбе ______________________________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН__________________________________
Өтінімге мыналар:
1) ________________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________________
3) ______________________________________________ ______________ қоса беріледі.
Жеке тұлға үшін:
Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):
ЖСН _____________________________________________________________________
Паспорт деректері __________________________________________________________
Мекенжайы: _______________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК _____________________________________________________________________
БСК ______________________________________________________________________
Банктің атауы ______________________________________________________________
Кбе ______________________________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН__________________________________
Өтінімге мыналар:
1) ________________________________________________________________________
2)________________________________________________________________________
3) ________________________________________ қоса беріледі.
________ _______________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
және басшының тегі, аты, әкесiнiң аты
20__ ж. "___"____________.
М.О.
Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы
20__ ж. "___"____________20__ ж. сағат "___" минутта қабылдады.
Тендерге қатысушының нөмірі___________________________________
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.09.2023 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2023 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
_____________ қаласы | 20__ жылғы "___" _________ |
Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) атынан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" _________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__жылғы "__"_______№ ____ бұйрығымен бекітілген
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін Басшы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(20__ жылғы "__" ______ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың) негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 20___"___" ________ № ____ шешімнің негізінде (объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі құрылтайшының бұйрығы/объектіні тендер өткізумен сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі электрондық сауда нәтижелерінің хаттамасы) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Шарттың нысанасы
1.1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға бұдан әрі "Объект" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(мүліктің атауы)
сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Құрылтайшы әрекет ететін Пайда алушының мүддесінде Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Объектінің нарықтық құны ________________теңгені құрайды, Шартты жасау кезінде кепілдік жарна ретінде оның ____________теңгесі төленді. "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 101-105-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сай Объектінің нарықтық құны индекстеледі (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады)
1.2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруға беріледі.
1.3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын және жылжымалы мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді.
1.4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.
1.5. Құрылтайшы Объектінің Сенімгерлік басқарушыға берілген күні:
1) кепілде тұрмағанын;
2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын /салынбағанын;
3) сатуға қойылмағанын растайды.
1.6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.
1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдау-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзге жолмен) осы Шарт жасалған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Объектіні қабылдау-беру актісіне Сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және Құрылтайшы электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында бекітеді.
2. Тараптардың құқықтары
2.1. Құрылтайшының:
1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;
2) Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Сенімгерлік басқарушының Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдау арқылы бақылауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.
2.2. Сенімгерлік басқарушының:
1) сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты Құрылтайшының мүддесіне заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;
2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі жүргізген қажетті шығыстарды (тендерлік негізде объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/ тендер өткізусіз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде қолданылады):
кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенімгерлік басқару объектісі бойынша Шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде тиісті қаржы жылына арналған бюджетте бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің ___________________ (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы) ағымдағы __________________ (бюджеттік бағдарлама атауы) бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен;
кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеуге;
3) құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған______ мөлшеріндегі таза кіріс болған кезде және оның есебінен кейіннен сатып алу құқынсыз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақы (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста, бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын) алуға (тендерлік негізде объект сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беруі кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);
5) оған cенімгерлік басқаруға берілген Объектіні мерзімінен бұрын сатып алуға (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезеінде қолданылады);
6) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Тараптардың міндеттері
3.1. Құрылтайшы:
1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;
2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;
3) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.
3.2. Сенімгерлік басқарушы:
1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;
2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;
3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;
5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;
6) осы Шарттың 1.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;
7) сенімгерлік басқаруға алған Объектіні өз меншігінен оқшаулауға міндетті. Объект Сенімгерлік басқарушының жеке теңгерімінде көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі;
8) Объектіні сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу жүргізу үшін жеке банк шотын ашуға (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осындай есептемелерді жүргізу қажет болған жағдайда қолданылады);
9) __________ бюджет кірісіне_________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, мынадай деректемелер бойынша: ____________________________________ құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кірісін (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі сыйақыны шегере отырып) аударуды қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерінғқоспағанда, объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);
10) Заңның 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) пайыздық арақатынаста белгілеген мөлшерде дивиденттер (кіріс) төлеуге акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін __________ бюджетінің кірісіне бағыттауды қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);
11) мемлекеттік мекеменің теңгерімінде бекітілген республикалық және коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді қоспағанда, мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы жөнінде Объект бойынша салықтық міндеттемелерін орындауға;
12) өзінің Шартты тиісінше орындамауының салдарынан Құрылтайшыға келтірілген шығындарды өтеуге;
13) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындаған міндеттерді орындауға;
14) Құрылтайшыға ____________________(беру мерзімі) жазбаша нысанда жылдық есеп беруге;
15) Құрылтайшыға _____________________(беру мерзімі) жазбаша нысанда шарттың барлық қолданылу мерзімінің есебін беруге;
16) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен (бұдан әрі – Бұйрық) беруге;
17) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару немесе оны кепілге беру туралы мәміле жасалған жағдайда мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті _____________________ бұйрығында (ұсыну мерзімдері) айқындалған тәртіппен беруге;
18) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);
19) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) он жұмыс күні ішінде беруге;
20) өзге міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін Сенімгерлік басқарушы жауапты болады.
4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Форс-мажор
5.1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл міндеттемелер Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.
5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа мөлшерлес мерзімге кейінге қалдырылады.
5.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа күнтізбелік 30 күн ішінде жазбаша түрде осы мән-жайлардың туындағаны туралы хабарлауға міндетті.
5.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.
5.5. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауына күнтізбелік 2 (екі) айдан астам уақыт мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.
6. Құпиялылық
6.1. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
6.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.
7. Дауларды шешу
7.1. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.
7.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуға тиіс.
8. Шарттың қолданылу мерзімі
8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.
Кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.
Кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту Сенімгерлік басқарушының Шарт талаптарын тиісінше орындаған кезінде жүзеге асырылады.
9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау
9.1. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады. Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс.
10. Шарттың қолданылуын тоқтатуға қойылатын талаптар
10.1. Осы Шарттың қолданылуы:
1) осы Шарттың 10-бөлімінің 10.2-тармағына сәйкес Тараптардың келісуі бойынша не біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған;
2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады.
10.2. Тарап осы Шарттың талаптарын орындамаған және/немесе тиісінше
орындамаған жағдайда екінші Тарап күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою қажет екені туралы жазбаша ескертеді.
Бұзушылықтар осы Шарттың 10.2-тармағында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, ескерту жасаушы Тарап осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
10.3. Осы Шартты тоқтатудың өзге негіздері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
11. Өзге талаптар
11.1. Осы Шартта көзделмеген басқа барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алатын болады.
11.2. Құрылтайшы мен Сенімгерлік басқарушы өзара келісу бойынша қосымша келісімдер жасасу арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
11.3. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс.
11.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуына әкеп соғады, бірақ егер Тараптар осы Шарттың талаптарын орындаған кезде осындай жағдайлар орын алса, осы Шарттың Тараптарын оны бұзғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.
11.5. Сенімгерлік басқару шарты сатып алу құқығынсыз тоқтатылған жағдайда Сенімгерлік басқарушы Объектіні қабылдау-беру актісі бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде теңгерімді ұстаушыға қайтарады (осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасының негізінде сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді беру жағдайларына қолданылмайды).
11.6. Осы Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, тізілімнің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдаланыла отырып жасалған.
12. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Құрылтайшы | Сенімгерлік басқарушы | ||
________ | ____________________ | ________ | ____________________ |
(қолы) | (басшының немесе алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | (қолы) | (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 15.10.2024 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. _____ мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен / құқығынсыз)
________________________________________________________________
(объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), не заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы "___" _______ Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
2. Біз (мен) ________________________________________ жалпы сомада (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі) тендерге қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:
____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды (әрі қарай – ЖСК), бизнес сәйкестендіру коды (әрі қарай – БСК), төлемді тағайындау коды, бенефициар коды (әрі қарай – Кбе) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).
Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектілері туралы мәлеметтер:
Р/с № | Сенімгерлік басқару объектісінің атауы | Аударылуы тиіс кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 | ||
2 | ||
Жиыны |
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:
Р/с № | Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектісінің атауы | Төлем құжатының № | Төлем құжатының күні | Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 | ||||
2 | ||||
Жиыны |
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.
4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге Тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қою және Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін қабылдаймыз.
5. Мына:
тендерді өткізуден кем дегенде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан;
тендердің нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;
объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген;
мен объектіні сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайларда, енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін (-міз).
6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
Заңды тұлға үшін:
Атауы _________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (әрі қарай – БСН) ___________________________________________________________
Басшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК ___________________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі (әрі қарай – ЖСН)/БСН___________________________________________________________
Өтінімге мыналар:
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
4) ______________________________________________________ қоса беріледі.
Жеке тұлға үшін:
Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда):
ЖСН __________________________________________________________
Паспорт деректері _______________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:
ЖСК ___________________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_________________________
Өтінімге мыналар:
1) _____________________________________________________________
2)______________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
4) _________________________________________________________ қоса беріледі.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
20__ жыл "___"____________
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы
20__ жыл "___"____________ ___сағат ___ минутта қабылдады.
Тендерге қатысушының нөмірі_____________________________________