БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы қызметтерді көрсету орындарында қазақ және орыс тілдерінде көрнекі қойылған мынадай ақпаратты:
1) толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған осы Қағидаларды;
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесін;
3) прейскурантты орналастырады.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСЕМІН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі