Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 ақпанда № 10331 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 15-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.12.2015 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт Министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 21 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалармен, мемлекеттік музейлер және музей-қорықтармен ақылы қызметтерді көрсетудің және олармен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсаудың тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданылуы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтарға, осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде сатуды жүзеге асыру үшін таралады.

      3. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;

      2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;

      3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;

      4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;

      5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;

      6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;

      7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;

      8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;

      9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;

      10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;

      11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.

      4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;

      2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсыну;

      3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;

      4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;

      5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізу;

      6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыру.

      5. Ақылы негізде ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлерге және музей-қорықтарға бағалар прейскурантымен (бұдан әрі – прейскурант) белгіленеді.

      6. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы қызметтерді көрсету орындарында көрнекі қойылған мынадай ақпарат болуы қажет:

      1) осы Қағидалар, толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған;

      2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі;

      3) прейскуранты.

      7. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың иелігінде қалады.

      8. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы негізде қызметтерді ұсынуды сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құны мен көлемі көрсетілген растаушы құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер) бойынша жүзеге асырылады.

      9. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатқан кезде есептесулер міндетті түрде фискальды жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдаланумен және клиентке бақылау чегін берумен мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың кассалары арқылы, қолма-қол ақшасыз есептесу бойынша ағымдағы шотқа аудару жолымен жасалынады.

      10. Қызметтің ақылы түрлерін көрсеткен кезде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сатылған күні, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері, саны және қоса берілген құжаттардың (оларды ұсынған жағдайда) атаулары, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні тіркелетін журнал жүргізіледі (ерікті нысанда).

      11. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексімен реттеледі.

      12. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақша бақылау шоттарында есепке алынады және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексімен белгіленген тәртіппен жұмсалады.

      13. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

      2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;

      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

      4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;

      5) ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;

      6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;

      7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;

      8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);

      9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;

      10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;

      11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;

      12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;

      13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады.

      14. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

      2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;

      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

      4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады.

      15. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардағы, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) және "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады