"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 489 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33478 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 Бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, доктордың ғылыми дәрежесі немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар және соңғы 5 (бес) жыл ішінде 1 (бір) мақала немесе шолу, Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Science Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс), Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) индекстелген журнал, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі және (немесе) Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасында және (немесе) тағайындау кезінде Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайтскор) бойынша процентилі кемінде 35 (отыз бес) не уәкілетті орган ұсынған білім және ғылым салалары басылымдарында кемінде 10 (он) мақала және (немесе) шолулар бар. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған тұлғаларға Хирш индексінің соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 3 (үш) болуы қолданылмайды;
2) гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын жеке тұлға, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар, соңғы 5 (бес) жыл ішінде Science Citation Index expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Science Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс), Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) индекстелген журналдарда кемінде екі мақаласы және (немесе) шолулары бар, Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және (немесе) Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасы және (немесе) тағайындалған кезде Scopus (Скопус) базасында citescore (сайтскор) бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған тұлғаларға Хирш индексінің соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 5 (бес) болуы қолданылмайды;
3) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша өтінім беруші – грант алу үшін қарауға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
4) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына кешенді сараптама –ұйымдастырушы экономиканың 3 (үш) немесе одан да көп салалары бойынша мамандар болып табылатын сарапшылар тобын тарту жолымен жүргізетін сараптама;
5) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық даму институттарында, ұлттық компанияларда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жоғары білімі бар және осы қызмет саласында 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға;
6) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, сарапшы ретінде қатысу көзделетін қызмет саласында шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;
7) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒҒТҚН практикалық қолдану бағытында жоспарланатын жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;
8) ҒҒТҚН коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет қаражаты және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
9) ғылым саласындағы уәкілетті орган – ғылыми және ғылыми- қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) ғылыми әдепті бұзу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны қаржыландырудың бір ғана көзінің шеңберінде түрлі бағыттарға жолдауы, өтінім берушінің МҒТС объектісін немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;
11) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, доктордың ғылыми дәрежесі немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар және соңғы 5 (бес) жылда Web of Science (Вэб оф Сайнс) халықаралық дерекқорының алғашқы үш квартиліне кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақаласы және (немесе) шолуы және Web of Science (Вэб оф Сайнс) және (немесе) Scopus (Скопус) дерекқорында citescore (сайтскор) бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар және Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорына сәйкес жарияланымдардың барлық кезеңінде кемінде 3 (үш) Хирш индексі бар жеке тұлға;
12) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, Web of Science (Вэб оф Сайнс) халықаралық деректер базасының алғашқы екі квартиліне кіретін журналдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде төрт ғылыми мақала және (немесе) шолу жариялаған, Web of Science (Вэб оф Сайнс) және (немесе) Scopus (Скопус) халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 5 (бес) Хирш индексі бар жеке тұлға;
13) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептерге МҒТС жүргізуге тартылатын қазақстандық сарапшы - соңғы 5 (бес) жыл ішінде Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Science Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін журналда кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жеке тұлға, Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және (немесе) Emerging Sources Citation Scex (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасы және (немесе) тағайындалған кезде Scopus (Скопус) дерекқорында кемінде 25 (жиырма бес) Citescore (сайтскор) бойынша процентилі бар. Бұл сарапшылардың деректеріне Хирш индексінің болуы қолданылмайды;
14) жауапсыз сарапшылардың, жобалар мен бағдарламалар жетекшілерінің ашық тізілімі – ғылыми әдеп нормаларын және осы Қағидаларды бұзған сарапшылардың, жобалар мен бағдарламалар жетекшілерінің, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген жобаны (бағдарламаны) орындау нәтижелеріне қол жеткізбегендердің тізімі;
15) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – МҒТС объектісінің, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының, бюджет қаражаты есебінен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы уәкілетті орган айқындайтын қаржыландыру түрлері және өзге де салалар бойынша өтініш берушіге беретін жобаларының жеке тіркеу нөмірі;
16) қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын және осы бағалау бойынша қорытынды беретін жеке тұлға;
17) МҒТС қорытындысы – МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұйымдастырушының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қорытынды;
18) МҒТС объектілеріне жүргізілетін комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен жүргізілетін сараптама, оның нәтижесі мен бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер мен келісілген балдарды қамтитын сарапшылардың қорытындысы болып табылады;
19) МҒТС объектілеріне кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен жүргізілетін сараптама, оның нәтижесі бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер мен келісілген балдарды қамтитын сарапшылардың қорытындысы болып табылады;
20) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері (МҒТС объектілері) бойынша өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;
21) сарапшының қорытындысы – сарапшы жасайтын және ол МҒТС объектілеріне немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына жүргізген сараптаманың нәтижелері, сондай-ақ оның алдына қойылған мәселелер бойынша объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделерінен тәуелсіз тұжырымдары туралы мәліметтерді, МҒТС объектісіне немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын талдамалық бағалауды қамтитын құжат;
22) тапсырыс беруші – ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын; іргелі ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын қаржыландыру туралы гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына берілген ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына МҒТС жүргізуді және сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін ұйымдастырушымен өтеулі шарт жасасқан ғылым саласындағы уәкілетті орган;
23) технологиялық сараптама (бұдан әрі – ТС) – жобаның өзектілігін, ғылыми-техникалық әлеуетін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіруді (пайдалануды), коммерцияландыруға әзірлігін, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының техникалық және өндірістік тәуекелдерін бағалаумен байланысты қызмет;
24) ұйымдастырушының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ұйымдастырушы ААЖ) - ғылыми-техникалық сараптама объектілері мен субъектілерін тіркеуге, оларды өңдеуге және сақтауға, іздеуге, сараптамалық бағалау жүргізуге және ақпарат беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдар кешені;
25) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында маманданған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, доктор ғылыми дәрежесі немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалармен жұмыс істеу үшін тиісті қолжетімділігі бар басылымдардың және Хирш индексінің болуы қолданылмайды;
26) шекті балл – іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға берілген өтінімдерді қоспағанда, ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімдер үшін кемінде 25 балды және ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша өтінімдер үшін кемінде 21 балды құрайтын МҒТС балы, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары үшін 36 балл;
27) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар – уәкілетті орган бекіткен археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласындағы іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекеттік ғылыми ұйымдар және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми және уәкілетті орган айқындалған өзге де бағыттардағы ұйымдар;
28) экономикалық (маркетингтік) сараптама (бұдан әрі – ЭМС) – жобаның коммерциялық тартымдылығын және ұсынылған қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің негізділігін бағалаумен байланысты қызмет;
29) экономикалық (маркетингтік) сараптама жөніндегі сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, экономика, бизнес және маркетинг, қаржы және кредит мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, венчурлік бизнестің, маркетинг, тәуекел-менеджмент саласының өкілі, ірі инвестициялық жобалардың қатысушысы болып табылатын, сондай-ақ қаржылық сарапшылар қатарынан жобаның коммерциялық тартымдылығын және мәлімделген қаржы-экономикалық негізділігін бағалау үшін экономикалық (маркетингтік) сараптама бойынша қорытынды ұсынатын жеке тұлға;
30) Хирш индексі (h-индексі) - ғалымның, ғалымдар тобының, ғылыми ұйымның немесе жалпы елдің өнімділігінің сандық сипаттамасы болып табылатын, жарияланымдар санына және осы жарияланымдардың дәйексөздер санына негізделген ғылымиметриялық көрсеткіш.
3. МҒТС ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сарапшылар қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дәйектілігі, толықтығы және негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
4. МҒТС объектілері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар;
2) Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары;
3) іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдер;
4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер;
5) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстарды растауға арналған өтінімдер.
5. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптау объектілері болып табылады.
6. МҒТС ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТСН коммерцияландыру жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырыс берушінің өтініші бойынша Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) жүзеге асырады.
7. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға жататын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдердің МҒТС-ның негізгі міндеттері:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығын, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейін, өзектілігін, перспективаларын, әзірлеу дәрежесін ескере отырып объектілерді сараптамалық бағалау;
2) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми, техникалық және технологиялық білімнің әлемдік деңгейіне, ғылыми-техникалық прогрестің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау;
3) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, болжанатын еңбек шығындарының, материалдық ресурстардың қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;
4) ғылыми зерттеулер жүргізуді мазмұнды, ұйымдастырушылық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) іске асыру нәтижелерін объективті және кешенді қарау, алынған нәтижелерді мәлімделген мақсаттармен салыстыру;
5) МҒТС объектілерінің маңыздылығын бағалау;
6) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін өтініш беруші сұрататын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау;
7) зияткерлік қызмет нәтижелерін, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару перспективаларын, сұратылатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін қоса алғанда, ҒҒТҚН-ны іс жүзінде қолдануға бағытталған болжамды жұмысты бағалау болып табылатын құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.
8. Ұйымдастырушы МҒТС объектілері мен ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын сараптау нәтижелерін әкімшілендірудің біртұтастығын, олардың тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
9. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізуге арналған өтінімдерді Заңның 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қаржыландыру қағидалары) және Заңның 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес ұйымдастырушы ААЖ-сы арқылы конкурсқа өтінімдер қабылдау мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін де тапсырыс беруші жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін мониторингтеу сұрақтары мен индикаторларын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін ұсынады.
10. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерді қоспағанда, өтінімдерді тапсырыс берушіден алған күннен бастап ұйымдастырушы мына талаптарға сәйкестігін тексереді:
1) конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімді ресімдеудің сәйкестігі;
2) жауапсыз сарапшылардың, жобалар мен бағдарламалар басшыларының ашық тізілімінде жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшісінің болмауы.
Аталған тізілімге енген ғылыми жетекші тиісті ҰҚК шешімімен расталған күтілетін нәтижелерге қол жеткізгенге дейін (нәтижелерге қол жеткізілгені туралы уәкілетті орган мен ұйымдастырушы хабарланады) келесі конкурстарға 3 жылдан аспайтын мерзміге ғылыми жетекші ретінде қатысудан шеттетіледі;
3) бұрын қаржыландыруға мақұлданған не бір мезгілде берілген МҒТС объектілерімен МҒТС объектісінің тақырыбын, мақсатын және міндетін қайталау фактілерінің болмауы;
4) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушыда конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың болуы;
5) ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттамаға сәйкестігі;
6) конкурстық құжаттаманың күтілетін нәтижелерінің сәйкестігі.
11. Ұйымдастырушы ақпараттық жүйе арқылы өтініш берушіге барлық ескертулерді көрсете отырып, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес келмейтін өтінімді пысықтауға жібереді.
Осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмегенде, өтінім беруші конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылыми жетекшіні ауыстырады.
12. Ұйымдастырушы өтінімді пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім беруші пысықталған өтінімді ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Пысықталған өтінімдерді алғаннан кейін ұйымдастырушы бұрын көрсетілген ескертулерді жоюға тексеру жүргізеді, бұрын көрсетілген ескертулер жойылмаған және жаңа сәйкессіздіктер анықталған кезде ұйымдастырушы өтінімдерді 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарады.
Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес келмейтін өтінімдерді ұйымдастырушы олар тапсырыс берушіден келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қайтарады.
Тапсырыс беруші олар ұйымдастырушыдан қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында ұйымдастырушыдан қайтарылған өтінімдер тізбесін жариялайды.
13. Ұйымдастырушы:
1) МҒТС жүргізу бойынша жұмысты МҒТС-ның әрбір объектісін сарапшыға не сарапшыларға МҒТС жүргізу үшін жолдау арқылы МҒТС объектісіне байланысты комиссиялық (кешенді) сараптама жүргізу арқылы ұйымдастырады;
2) МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшылардың құрамын олардың мамандануы мен МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етеді;
3) Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген аффилиирлену жөніндегі талаптарды сақтай отырып, кездейсоқ іріктеу әдісімен ұйымдастырушының автоматтандырылған дерекқорынан осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін сарапшыларды тағайындауды қамтамасыз етеді;
4) мыналарды:
конкурс шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС жүргізу үшін екі шетелдік сарапшы мен бір қазақстандық сарапшы (осы Қағидаларға сәйкес келетін МҒТС объектісін зерттеу саласында қазақстандық сарапшылардың негізді болмауы үшінші шетелдік сарапшыны тартуға мүмкіндік береді);
гранттық қаржыландыру бойынша жобалардың және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар жобаларының қорытынды (аралық) есептеріне МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы (есептерді зерттеу саласында осы Қағидаларға сәйкес келетін қазақстандық бір, не екі, не үш сарапшының негізді болмауының болуы тиісінше бір не екі, не үш шетелдік сарапшыны тартуға жол береді);
ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны (Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарды зерттеу саласында осы Қағидаларға сәйкес келетін бір, не екі не үш қазақстандық сарапшылардың негізді болмауы тиісінше бір не екі, не үш шетелдік сарапшыларды тартуға мүмкіндік береді);
мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасын сақтай отырып, МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссияның және (немесе) кешенді сараптама жолымен;
ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;
жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың сұрау салынған көлемінің негізділігін бағалау үшін бір сарапшыны;
іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік бір сарапшыны;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасын сақтай отырып, іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын, ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық бір сарапшыны іріктейді;
5) МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаларының деректер банкін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған, МҒТС жүргізу үшін тапсырыс берушіден келіп түскен мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға берілген МҒТС объектілері бойынша деректер базасын қалыптастырады және МҒТС объектілерінің деректерін жүйелі тексеруді және өңдеуді жүзеге асырады;
6) МҒТС-ны әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер базаларын қалыптастыру және сарапшылармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
7) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің) МҒТС қорытындыларын және қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшы қорытындылары, сонымен қатар ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының технологиялық, экономикалық (маркетингтік) сараптама қорытындыларын ұлттық ғылыми кеңестерге жібереді;
8) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалауды жүргізеді.
14. Сарапшылар ұйымдастырушының қазақстандық және шетелдік сарапшыларының деректер базасына шарт жасалғаннан кейін енгізіледі.
Сарапшылар оларды осы Қағидалардың 2-тармағының 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларына сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі.
Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын қалыптастыру үшін іріктеу Web of Science (Clarivate Analytics) (Вэб оф Сайнс (Кларивэйт Аналитикс) және Scopus (Elsevier) (Скопус (Эльзевир) халықаралық деректер базасын, сондай-ақ Incites (Clarivate Analytics) (Инсайт (Кларивэйт Аналитикс), SciVal (Elsevier) (Сайвал (Эльзевир) және Publons (Clarivate Analytics) (Паблонс (Кларивэйт Аналитикс) талдамалық құралдарын пайдалана отырып, олардың мамандануы мен ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі, олардың кандидатураларын шет елдердің жетекші университеттері, ғылыми-зерттеу мекемелері, ұлттық ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдастықтар ұсынады.
Сарапшылар МҒТС және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, нақтылығы, толықтығы және сараптамалық қорытындылардың негізділігі қағидаттарында сараптама жүргізеді.
Сарапшымен жасалған шарт сараптаманы жүргізу мерзімі, сараптамаға ұсынылған материалдардың коммерциялық құпиясын сақтауды қамтамасыз ететін МҒТС объектілері туралы мәліметтердің құпиялылығы, сарапшының ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын сақтауы жөніндегі шарттарды қамтуға және сарапшы туралы мәліметтердің құпиялылығына кепілдік береді.
Бас тарту негіздемесінсіз сарапшының бастамасы бойынша шарттарды бұзу туралы мәліметтер қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорына енгізіледі.
Сарапшының осы Қағидаларда белгіленген МҒТС жүргізудің шарттық талаптарын және (немесе) қағидаттарын бұзуы ұйымдастырушының оны автоматтандырылған дерекқордан алып тастауы үшін негіз болып табылады.
Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына берілген конкурстық өтінімдер бойынша МҒТС жүргізу кезінде әрбір жоба бойынша сарапшыларды іріктеу және тағайындау кездейсоқ таңдау әдісімен автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.
15. Жобалар мен бағдарламалардың МҒТС-ын ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – ұйымдастырушы өтінімдерге осы Қағидалардың 10-тармағының сақталуы тұрғысынан тексеру жүргізгеннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды;
3) қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күнінен аспайды;
4) бір өтінімге МҒТС жүргізу – күнтізбелік жеті күннен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы сақтала отырып жүзеге асырылады. Сарапшыларды іріктеу мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар, Хирш индексі ескерілмей қазақстандық сарапшылар арасынан жүзеге асырылады.
16. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) МҒТС жүргізу, оның ішінде сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу – сарапшымен шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;
2) қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында ол аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жариялайды.
17. Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының МҒТС-ын ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – тапсырыс берушіден жұмыстарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
18. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – тапсырыс берушіден есеп алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептерге сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы сақтала отырып жүзеге асырылады. Сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілмей, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады.
19. Өтінімдер бойынша қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша балл қойылмай жасалады.
МҒТС объектісі бойынша сарапшының қорытындысы МҒТС объектісіне, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларына байланысты осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.
Сарапшының қорытындысында сарапшының әрбір бағалау өлшемшарты бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген МҒТС объектілері үшін сараптамалық бағалау жүйесіне сәйкес балл алынады.
МҒТС объектісіне кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізілген кезде сараптамалық топ құрылады. Сараптамалық топ мүшелерінің қатарынан төраға сайланады және сараптамалық топ отырысының хатшысы айқындалады. Сараптамалық топтың отырысы бетпе-бет нысанда және (немесе) онлайн- конференциялар арқылы жүргізіледі. Сараптама үшін ұсынылған материалдардың көлеміне қарай кешенді (комиссиялық) сараптама кемінде үш және он бестен аспайтын сарапшылардың қатысуымен жүргізіледі. МҒТС объектісінің кешенді (комиссиялық) сараптамасының нәтижелері бойынша МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаларға 7 немесе 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сарапшының қорытындысы жасалады.
20. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің, тапсырыс берушінің өтініші бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар өтінімдерінің МҒТС нәтижесі МҒТС қорытындысы болып табылады.
Ұйымдастырушы мәлімделген қаржыландыру сомаларын көрсете отырып, МҒТС нәтижесінің негізінде гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына ұсынылған өтінімдердің, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру туралы іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың өтінімдерінің сараланған тізімін еркін нысанда жасайды.
Ұйымдастырушы МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша өтінім берушілерге (ғылыми жетекшіге) МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы МҒТС нәтижелерін (МҒТС балын көрсете отырып) қайтарады.
МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау үшін МҒТС нәтижелерімен (МҒТС балын көрсетпей) бірге сарапшыға МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
21. Қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау нәтижелері МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) тиісті ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) екі жұмыс күні ішінде жолданады.
ҰҒК өтінімдерді қарауды аяқтағаннан кейін ұйымдастырушы әрбір өтінім үшін МҒТС қорытындысына сәйкес балл мен ҰҒК айқындаған бағалау парағының балын қосу арқылы жиынтық балды айқындайды.
Ұйымдастырушы әрбір басым бағыт бойынша ең жоғары балдан бастап "жоғарыдан төмен қарай" өтінімдердің сараланған тізімін жасайды және оны екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
22. Ұйымдастырушы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша МҒТС нәтижелерін тапсырыс берушіге жолдайды.
23. Ұйымдастырушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС қорытындысын, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекет жүз пайыз қатысатын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен ғылыми ұйымдардың есептерін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Ұйымдастырушы гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер бойынша МҒТС қорытындысын тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есепті ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылуы мен нәтижелілігін мониторингтеу түрінде ұйымдастырушы жүргізеді, оның нәтижелері тиісті ҰҒК-ге жолданады.
24. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:
1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың өтінімдері шеңберінде МҒТС өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС шекті балынан төмен балл алған МҒТС объектілері бойынша ЖТН-ды, МҒТС қорытындысы негізіндегі қорытынды балдарды;
2) мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қамтитын объектілерге МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық сарапшыларға қатысты ақпаратты қоспағанда, жыл сайын жылдың соңында ұйымдар мен елдер бойынша орташа Хирш индексін көрсете отырып, қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту туралы жалпы талдаманы;
3) МҒТС аяқталғаннан кейін ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы ғылыми жетекшіге және өтінім берушіге жолданатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобалары бойынша МҒТС жүргізуге тартылған сарапшылардың Хирш индекстерін жариялайды.
25. МҒТС объектісі МҒТС-ға ұсынылған кезден бастап ҰҒК қарағанға дейін өтінім берушілер, ғылыми жетекшілер және (немесе) сарапшылар:
1) ғылыми әдепті, биоэтика нормаларын бұзу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
2) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің процесі мен нәтижелерін бұрмаламайды;
4) бөгде тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға немесе ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіруге әкеп соғатын әрекет (әрекетсіздік) жасамайды.
Сарапшы төмендегідей жағдайларда нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді:
1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болған;
2) соңғы бес жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы 5 (бес) жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болған;
3) соңғы 5 (бес) жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей жетекшілік жасаған, оған бағынысты болған немесе консультациялық қызметтер көрсеткен;
4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысымен некеде (ерлі-зайыптылықта) немесе жақын туысы болған;
5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының (зайыбының) жақын туысы болған;
6) ҰҒК мүшесі болған;
7) сарапшы жобаның немесе бағдарламаның, диссертациялық жұмыстың ғылыми жетекшісі ретінде қатысса;
8) жобаның немесе бағдарламаның, сарапшының диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі ретінде қатысса.
Осы Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасында белгіленген ғылыми әдепті бұзу фактілеріне жол берілмейді. Ғылыми әдепті бұзу фактілері болған кезде, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана және мамандануы МҒТС объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарта отырып, дәлелдер, негіздемелер ұсынылады.
3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
26. Конкурсқа қатысатын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының сараптамасына технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кіреді.
27. Жобалардың сараптамасын осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ұйымдастырушының әрбір сарапшымен жасасқан шарты негізінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.
28. Кешенді сараптама өтінім 3 немесе одан да көп экономика салалары бойынша өтінімдер үшін көзделген. Жобаға кешенді сараптама жүргізу кезінде құрамында үштен тоғызға дейін сарапшысы бар (тақ санда) сараптамалық топ құрылады.
29. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдерге технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізуді Қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей ұйымдастырады.
30. Ұйымдастырушы:
1) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын қалыптастырады;
2) қалыптастырылған қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын тұрақты негізде толықтырып отырады (жаңартады);
3) конкурсқа келіп түскен өтінімдердің электрондық нұсқаларының деректер банкін қалыптастырады;
4) әрбір өтінім үшін экономиканың басым секторы шеңберінде ұсынылған өтінімге байланысты деректер базасынан сарапшыларды таңдайды;
5) өтінімдердің электрондық нұсқаларын ТС жүргізу үшін кемінде екі (қазақстандық және (немесе) шетелдік) сарапшыларға немесе кешенді сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды;
6) өтінімдердің электрондық нұсқаларын ЭМС жүргізу үшін кемінде екі қазақстандық сарапшыға немесе кешенді сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды.
31. Жоба бойынша ТС сарапшысының қорытындысы (сарапшылардың кешенді қорытындысы) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
32. Жоба бойынша ЭМС сарапшысының қорытындысы (сарапшылардың кешенді қорытындысы) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
33. Сарапшының қорытындысында әрбір бағалау өлшемшарты бойынша қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшы ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын сараптамалық бағалау жүйесі бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балл қояды.
34. Ұйымдастырушы ТС және ЭМС қорытындыларының негізінде әрбір жоба бойынша қорытынды балдары қойылған сараптаманың жиынтық қорытындылары осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және оларды күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде уәкілетті органға жолдайды.
35. Ұйымдастырушы жобаларға жүргізілген сараптаманың жиынтық қорытындыларын алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде сараптаманың жиынтық қорытындыларын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін ҰҒК-ге ұсынады.
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы _____________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)
Р/с | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Орташа балл (0-ден 9-ға дейін) | Барлық сарапшылардың жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері | ||
1-сарапшы | 2-сарапшы | 3-сарапшы | |||
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
4. | |||||
5. | |||||
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орташа балы: | |||||
Ұйымдастырушы |
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдер іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың өтінімдері шеңберінде қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшының қорытындысы
________________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)
Р/с № | Шығыстар бабының атауы | Сұралып отырған сома | Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама сарапшыларының позициясы негізіндегі шығыстардың құны | Соманың негізділігі бойынша сарапшының түсініктемелері (100-150 сөз) | ||
1-сарапшы* | 2-сарапшы* | 3-сарапшы* | ||||
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | "Еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін қалған міндетті төлемдерді қоса алғанда)"** | |||||
2 | Қызметтік іссапарлар ** | |||||
3 | "Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар" ** | |||||
4 | Материалдар сатып алу (жеке және заңды тұлғалар үшін), жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу ** | |||||
5 | Жалға алу шығыстары, зерттеулерді іске асыру үшін жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары | |||||
6 | Сұралып отырған соманың негізділігін бағалау жөніндегі сарапшы ұсынатын жобаны немесе бағдарламаны қаржыландыруға арналған сома жиынтығы |
Қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________
* - 3, 4-бағандар осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бойынша сарапшылардың қорытындыларында келтірілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама сарапшылары позициясының негізінде толтырылады.
** - баға негізіндегі шығыстар құны (бағалау жүргізу сәтінде)
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы _________________________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі және атауы)
Р/с | Бағалау өлшемшартының атауы | Сарапшының бағалауы | Көрсеткіш | Өлшемшарт бойынша балл |
1. | Жобаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы |
Жобаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңашылдығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Ғылымның дамуы үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейдің және жобаның әзірлену дәрежесінің қажеттілігі, өзектілігі (300 сөзден аспау керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
2. | Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы |
Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеулер әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Нәтижелерге қол жеткізушілік (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
3. | Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы | Жобаның нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспау керек) Жобаның күтілетін нәтижелері сұрау салынған қаржыландыру көлемімен қаншалықты сәйкес келеді? Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін жоба қаражатын пайдалану тиімділігі? Зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қабылданатын шаралар? | (0-ден 3-ке дейін) | |
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы (300 сөзден аспау керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
4. | Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми дайындамасы |
Жоба жетекшісінің ғылыми деңгейі мен дайындамасы (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
5. | Жобаның пәнаралығы |
(100 сөзден аспау керек) | ||
Қорытынды балл | Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы | |||
Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) | |||
Басым бағытқа сәйкестігі |
(100 сөзден аспау керек) | |||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспау керек) | |||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспау керек) |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы ______________________________________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)
Р/с | Бағалау өлшемшартының атауы | Сарапшының бағалауы | Көрсеткіш | Өлшемшарт бойынша балл |
1. | Бағдарламаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы |
Бағдарламаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңашылдығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |
2. |
Жетекші мен зерттеу тобының құзыреттілігі мен дайындамасы |
Жетекшінің құзыреттілігі мен дайындамасы (300 сөзден артық емес) | (0-ден 6-ға дейін) | |
Зерттеу жоспарының сапасы мен ғылыми деңгейі (350 сөзден артық емес) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
Жоспарды іске асыруға арналған зерттеу инфрақұрылымының сапасы (300 сөзден артық емес) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
3. | Күтілетін нәтижелердің қолжетімділігі мен сапасы |
Тікелей нәтижелердің қолжетімділігі және сапасы (300 сөзден артық емес) | (0-ден 6-ға дейін) | |
Түпкілікті нәтижелердің қолжетімділігі (300 сөзден артық емес) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
4 | Бағдарламаның пәнаралығы |
(100 сөзден аспау керек) | ||
Қорытынды балл | Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы | |||
Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден артық емес) | |||
Мықты тұстары |
(150 сөзден артық емес) | |||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден артық емес) |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы
_________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)
Р/с № | Бағалау өлшемшартының атауы | Сарапшының бағалауы | Көрсеткіш | Өлшемшарт бойынша балл |
1. | Бағдарламаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы |
Бағдарламаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңалығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек) | (от 0 ден 6-ға дейін) | |
2. | Зерттеу жоспарының инновациялылығы |
(150 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ға дейін) | |||
3. | Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы |
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
(250 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ен дейін) | |||
4. | Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы |
(150 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
(300 сөзден аспау керек) Зерттеудің күтілетін нәтижелерін қандай салада қолдану жоспарланған? Олардың көмегімен шешілетін міндеттің сипаты мен ауқымы қандай? Күтілетін нәтижелер қолданыстағы аналогтармен (аналогтары болмаған кезде ұқсас проблеманың қолжетімді шешімдерімен салыстырғанда) бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге нәтижесі қаншалықты негізделген? Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер етеді? | (0-ден 6-ға дейін) | |||
5. | Өтінім берушінің құзыреттілігі және зерттеу ортасының сапасы |
(150 сөзден аспау керек) | (0-ден 2-ге дейін) | |
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
(300 сөзден аспау керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
(50 сөзге дейін, кемінде 10 Хирш индексі бар шетелдік ғалымдар ғана ескеріледі) | (0-ден 1-ге дейін) | |||
6. | Зерттеудің пәнаралығы |
(100 сөзге дейін) | ||
Қорытынды балл | Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы | |||
Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) | |||
Басым бағытқа сәйкестігі |
(100 сөзден аспау керек) | |||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспау керек) | |||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспау керек) | |||
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ |
Мемлекеттік Ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінім бойынша сараптамалық қорытынды.
_______________________________
(Жеке тіркеу нөмірі және Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің атауы)
Р/с | Бағалау өлшемшартының атауы | Сарапшының бағалауы | Көрсеткіш | Өлшемшарт бойынша балл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Зерттеудің жаңашылдығы мен өзектілігі |
Зерттеулердің өзектілігі (200 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ға дейін) | |
Ғылымның дамуы үшін зерттеулердің өзектілігі (300 сөзден аспауы керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
2. | Зерттеу жоспарының сапасы мен іске асырылуы |
Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеулер әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Нәтижелерге қол жеткізу (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
3. | Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы |
Зерттеулердің нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы және қолдануға жарамдылығы (300 сөзден аспауы керек) | (0-ден 6-ға дейін) | |||
4. | Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми негізі |
Зерттеу жетекшісі мен тең жетекшілерінің ғылыми деңгейі мен негізі (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |
Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспауы керек) | (0-ден 3-ке дейін) | |||
Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспауы керек). | (0-ден 3-ке дейін) | |||
5. | Зерттеулердің пәнаралығы |
(100 сөзден аспауы керек) | ||
Қорытынды балл | Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша жалпы баллдардың жиыны | |||
Сұратылатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) | |||
Басым бағытқа сәйкестігі |
(100 сөзден аспауы керек) | |||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспауы керек) | |||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспауы керек) |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі аралық есеп және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есебі бойынша сарапшының қорытындысы
_______________________________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл | Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері | |
1. | Бағдарламаны басқарудың сапасы | Бағдарламаның міндеттерін шешу үшін зерттеу тобының құрамы саны және құзыреттілігі бойынша негізделген болып табыла ма? Сатып алынған жабдық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланыла ма? Өтінімде жоспарланғандай, бағдарламаны орындауға жас зерттеушілер тартыла ма? Зерттеулердің нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар қаншалықты ғылыми негізделген және дәлелденген? Олар жетекші халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар түрінде кейіннен жариялау немесе практикалық салада қолдану үшін жаңа әрі маңызды болып табыла ма? | |
2. | Ғылыми зерттеулерге қолданылатын әдіснаманың сапасын бағалау | Қолданылатын әдіснаманың ғылыми негізділігін және зерттеулердің ерекшелігіне сәйкестігін бағалаңыз. Қолданылатын әдістер ұсынылған гипотезаларды тексеруге және бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бере ме? Олар неғұрлым тиімді ме, анық деректерді алуға мүмкіндік бере ме? Эксперименттер стандарттық ауытқушылықтар, нөлдік гипотеза дәлдігінің ықтималдығы есептерін қамтитын деректерді кейіннен статистикалық өңдеп отырып, бірнеше параллельде жүргізіле ме? Эксперименттік түрде алынған кестелердегі қателер планкасы кейінге қалдырылған ба? Қолданылатын әдістер ғылыми этиканың нормалары мен қағидаттарына сәйкес келе ме? | |
3. | Бағдарламада қойылған міндеттерге қол жеткізуді бағалау, сондай-ақ олардың қойылған міндеттердің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау |
Жобаның/бағдарламаның міндеттерін іске асыру бұған дейін бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіле ме? (озыңқы, негізделген өзгерістермен, жоспардан негізсіз ауытқуда). Бағдарлама қойылған мақсатқа қол жеткізе алмайды деген күдік бар ма? Осыған байланысты аталған бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату қажет пе? | |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) | |||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Кешенді/комиссиялық сараптама үшін
Сараптамалық топтың төрағасы _____________________
Сараптамалық топтың хатшысы_____________________
Сараптамалық топтың мүшелері_____________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Ғылыми зерттеулерді гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есеп, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың қорытынды есебі бойынша сарапшының қорытындысы
________________________________________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл | Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері | |
1. | Алынған нәтижелердің жаңашылдығы |
(7-9 балл) | |
(4-6 балл) | |||
(0-3 балл) | |||
2. | Ғылыми пысықталу деңгейі |
(7-9 балл) | |
(4-6 балл) | |||
(0-3 балл) | |||
3. | Нәтижелерді пайдаланудың перспективалылығы |
(7-9 балл) | |
(4-6 балл) | |||
(0-3 балл) | |||
4. | Нәтижелердің аяқталғандығы |
(7-9 балл) | |
(4-6 балл) | |||
(0-3 балл) | |||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) | |||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Кешенді/комиссиялық сараптама үшін
Сараптамалық топтың төрағасы _____________________
Сараптамалық топтың хатшысы_____________________
Сараптамалық топтың мүшелері_____________________
Толтырылған күні _________________________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыс бойынша сарапшының қорытындысы ________________________________________
(Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балл (1-ден 9-ға дейін) | Сарапшы/сараптамалық топ түсініктемелері | |
1. | Алынған әлемдік деңгейдегі нәтижелердің ғылыми жаңашылдық дәрежесі, жүргізілген зерттеулердің өзектілігі | ||
2. | Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын әдіснаманы бағалау | ||
3. | Зерттеудің негізгі нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау | ||
4. | Жұмыстың ғылым мен техниканың дамуына қосар үлесін бағалау | ||
5. | Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) | ||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарға, аралық есептерге және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасына арналған сараптамалық бағалау жүйесі
Шекті бағалау | Балл | Бағалау | Мықты және әлсіз тұстарын көрсетіп, бағалауды сипаттау |
Жоғары | 9 | Ерекше | Әлсіз тұстары жоқ |
8 | Біртуар | Елеусіз әлсіз тұстары бар | |
7 | Үздік | Кейбір елеусіз әлсіз тұстары бар | |
Орташа | 6 | Өте жақсы | Елеусіз әлсіз тұстары көп |
5 | Жақсы | Кейбір мықты тұстары және орынды әлсіз тұстары бар | |
4 | Қанағаттанарлық | Кейбір мықты тұстары, бірақ маңызды бір әлсіз тұсы бар | |
Төмен | 3 | Әлсіз | Мықты тұстары аз және әлсіз тұстары көп |
2 | Қанағаттанарлықсыз | Мықты тұстары жоқ және маңызды әлсіз тұстары бар | |
1 | Мүлдем қанағаттанарлықсыз | Мықты тұстары жоқ | |
0 | Жоқ |
* Шекті бағаны анықтау (жоғары, орташа, төмен) келесі балл мәндеріне сәйкес жүргізіледі: жоғары – 28-36; орташа – 16-24; төмен - 12 және одан төмен.
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 11-қосымша |
|
Нысан |
"________________________" жобасы бойынша технологиялық сараптаманың сараптамалық (кешенді) қорытындысы
Р/с | Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балдар |
Сарапшының түсіндірмесі |
1. Өзектілігі | |||
1.1 | Әлемдік экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежесін бағалау | ||
1.2 | Ұлттық экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежесін бағалау | ||
1.3 | ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының ғылыми-техникалық прогресстің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау | ||
1-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
2. Жобаның ғылыми-техникалық әлеуеті | |||
2.1 | Жобаның ғылыми-техникалық жаңашылдығының, перспективалылығының, әзірлену дәрежесі | ||
2.2 | Өнімді (көрсетілген қызметті) нарықтағы аналогтарымен салыстырмалы бағалау | ||
2.3 | Жобада қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін іс-шаралардың технологиялық (техникалық) іске асырылуы | ||
2-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
3. Жобаның коммерцияландыруға даярлығы | |||
3.1 | ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының мақсатына жоспарланатын іс-шаралар арқылы қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалау | ||
3.2 | Жобаны іске асыру үшін команданың құзыреттілігінің жеткіліктілігі | ||
3.3 | Жобаны іске асыру жоспарланатын материалдық-техникалық базаны бағалау | ||
3-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
4. Техникалық және өндірістік тәуекелділіктің бағасы | |||
4.1 | Техникалық іске асырудың мүмкін еместігін қоса алғанда, техникалық/технологиялық шешімді енгізумен байланысты техникалық тәуекелдер | ||
4.2 | Қажетті шикізат базасының болмауын, экологиялық проблемаларды анықтауды қоса алғанда, өндірісті ұйымдастырумен байланысты өндірістік тәуекелдер | ||
4-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша орташа балдардың қосындысы) | |||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________
Сараптаманың мерзімі __________________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 12-қосымша |
|
Нысан |
"____________________________________" жобасы бойынша экономикалық (маркетингтік) сараптаманың сараптамалық (кешенді) қорытындысы
№ | Бағалау өлшемшарттарының атауы | Балдар (1-ден 9-ға дейін) | Сарапшының түсіндірмесі (барлық өлшемшарттар бойынша кемінде 500 сөз) |
1. Маркетингтік зерттеулер | |||
1.1 | Коммерцияландыруға ұсынылатын ҒҒТҚН-ды бизнестің қажет етуі | ||
1.2 | Өнімді/көрсетілетін қызметті мүдделі әлеуетті тұтынушылардың бар болуы | ||
1.3 | Географиялық, секторалдық және іске асыруға әсер ететін белгілер бойынша сәйкестендірілген өнімді/көрсетілетін қызметті сату үшін мақсатты нарықтың пысықталу сапасы | ||
1.4 | Нарық көлемі бойынша расталған деректердің бар болуы (Қазақстан мен әлемдік нарық шегінде) | ||
1.5 | Өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің қолданыстағы аналогтармен салыстырғандағы бәсекелестік артықшылықтары | ||
1-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
2. Жобаның экономикалық көрсеткіштері | |||
2.1 | Жобаның бизнес-үлгісін бағалау | ||
2.2 | Ұсынылған экономикалық көрсеткіштердің негізделуі, оның ішінде ұсынылатын өнімнің/ көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мен өткізу бағасының негізделуі | ||
2.3 | Ұсынылатын команда мүшелерінің санын тарту негізділігі | ||
2.4 | Шикізаттың, материалдардың және басқалардың қолжетімділігі | ||
2-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
3. Жобаны іске асырудың қаржылық жоспары | |||
3.1 | Жобаға сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің негізділігі | ||
3.2 | Жобаны іске асыру бойынша шығыстар сметасын бағалау | ||
3-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
4. Қоса қаржыландырудың бар болуы | |||
4.1 | Қоса қаржыландырудың бар болуы (әрбір 3 % қоса қаржыландыруға 1 балл қойылады, оның ішінде ең жоғары балл – 9 | ||
4-өлшемшарт бойынша орташа балл | |||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша орташа балдардың қосындысы) | |||
Мықты тұстары | |||
Әлсіз тұстары | |||
Жобаны қаржыландыруға ұсынылатын сома |
Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________
Сараптаманың күні___________________________
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 13-қосымша |
|
Нысан |
_________________________ жобасы бойынша сараптаманың жиынтық қорытындысы
№ | Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Орташа балдар | Сарапшылардың түсініктемелері | |
1-сарапшы | 2-сарапшы | |||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
4. | ||||
5. | ||||
6. | ||||
7. | ||||
8. | ||||
Мықты тұстары | ||||
Әлсіз тұстары | ||||
Жобаны қаржыландыруға ұсынылатын сома | ||||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) |
Ұйымдастырушы _____________________________
Сараптаманың күні __________________