Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35344 болып тіркелді

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 489 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33478 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 7 қарашадағы
№ 517 Бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, доктордың ғылыми дәрежесі немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар және соңғы 5 (бес) жыл ішінде 1 (бір) мақала немесе шолу, Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Science Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс), Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) индекстелген журнал, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі және (немесе) Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасында және (немесе) тағайындау кезінде Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (Сайтскор) бойынша процентилі кемінде 35 (отыз бес) не уәкілетті орган ұсынған білім және ғылым салалары басылымдарында кемінде 10 (он) мақала және (немесе) шолулар бар. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған тұлғаларға Хирш индексінің соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 3 (үш) болуы қолданылмайды;

      2) гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын жеке тұлға, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар, соңғы 5 (бес) жыл ішінде Science Citation Index expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Science Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс), Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) индекстелген журналдарда кемінде екі мақаласы және (немесе) шолулары бар, Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және (немесе) Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасы және (немесе) тағайындалған кезде Scopus (Скопус) базасында citescore (сайтскор) бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған тұлғаларға Хирш индексінің соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 5 (бес) болуы қолданылмайды;

      3) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша өтінім беруші – грант алу үшін қарауға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;

      4) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына кешенді сараптама –ұйымдастырушы экономиканың 3 (үш) немесе одан да көп салалары бойынша мамандар болып табылатын сарапшылар тобын тарту жолымен жүргізетін сараптама;

      5) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық даму институттарында, ұлттық компанияларда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жоғары білімі бар және осы қызмет саласында 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға;

      6) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, сарапшы ретінде қатысу көзделетін қызмет саласында шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;

      7) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒҒТҚН практикалық қолдану бағытында жоспарланатын жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;

      8) ҒҒТҚН коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет қаражаты және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;

      9) ғылым саласындағы уәкілетті орган – ғылыми және ғылыми- қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) ғылыми әдепті бұзу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны қаржыландырудың бір ғана көзінің шеңберінде түрлі бағыттарға жолдауы, өтінім берушінің МҒТС объектісін немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;

      11) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, доктордың ғылыми дәрежесі немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар және соңғы 5 (бес) жылда Web of Science (Вэб оф Сайнс) халықаралық дерекқорының алғашқы үш квартиліне кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақаласы және (немесе) шолуы және Web of Science (Вэб оф Сайнс) және (немесе) Scopus (Скопус) дерекқорында citescore (сайтскор) бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар және Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорына сәйкес жарияланымдардың барлық кезеңінде кемінде 3 (үш) Хирш индексі бар жеке тұлға;

      12) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, Web of Science (Вэб оф Сайнс) халықаралық деректер базасының алғашқы екі квартиліне кіретін журналдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде төрт ғылыми мақала және (немесе) шолу жариялаған, Web of Science (Вэб оф Сайнс) және (немесе) Scopus (Скопус) халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 5 (бес) Хирш индексі бар жеке тұлға;

      13) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептерге МҒТС жүргізуге тартылатын қазақстандық сарапшы - соңғы 5 (бес) жыл ішінде Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Science Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін журналда кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жеке тұлға, Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және (немесе) Emerging Sources Citation Scex (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасы және (немесе) тағайындалған кезде Scopus (Скопус) дерекқорында кемінде 25 (жиырма бес) Citescore (сайтскор) бойынша процентилі бар. Бұл сарапшылардың деректеріне Хирш индексінің болуы қолданылмайды;

      14) жауапсыз сарапшылардың, жобалар мен бағдарламалар жетекшілерінің ашық тізілімі – ғылыми әдеп нормаларын және осы Қағидаларды бұзған сарапшылардың, жобалар мен бағдарламалар жетекшілерінің, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген жобаны (бағдарламаны) орындау нәтижелеріне қол жеткізбегендердің тізімі;

      15) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – МҒТС объектісінің, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының, бюджет қаражаты есебінен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы уәкілетті орган айқындайтын қаржыландыру түрлері және өзге де салалар бойынша өтініш берушіге беретін жобаларының жеке тіркеу нөмірі;

      16) қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын және осы бағалау бойынша қорытынды беретін жеке тұлға;

      17) МҒТС қорытындысы – МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұйымдастырушының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қорытынды;

      18) МҒТС объектілеріне жүргізілетін комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен жүргізілетін сараптама, оның нәтижесі мен бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер мен келісілген балдарды қамтитын сарапшылардың қорытындысы болып табылады;

      19) МҒТС объектілеріне кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен жүргізілетін сараптама, оның нәтижесі бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер мен келісілген балдарды қамтитын сарапшылардың қорытындысы болып табылады;

      20) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері (МҒТС объектілері) бойынша өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;

      21) сарапшының қорытындысы – сарапшы жасайтын және ол МҒТС объектілеріне немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына жүргізген сараптаманың нәтижелері, сондай-ақ оның алдына қойылған мәселелер бойынша объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделерінен тәуелсіз тұжырымдары туралы мәліметтерді, МҒТС объектісіне немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын талдамалық бағалауды қамтитын құжат;

      22) тапсырыс беруші – ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын; іргелі ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын қаржыландыру туралы гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына берілген ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына МҒТС жүргізуді және сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін ұйымдастырушымен өтеулі шарт жасасқан ғылым саласындағы уәкілетті орган;

      23) технологиялық сараптама (бұдан әрі – ТС) – жобаның өзектілігін, ғылыми-техникалық әлеуетін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіруді (пайдалануды), коммерцияландыруға әзірлігін, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының техникалық және өндірістік тәуекелдерін бағалаумен байланысты қызмет;

      24) ұйымдастырушының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ұйымдастырушы ААЖ) - ғылыми-техникалық сараптама объектілері мен субъектілерін тіркеуге, оларды өңдеуге және сақтауға, іздеуге, сараптамалық бағалау жүргізуге және ақпарат беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдар кешені;

      25) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында маманданған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, доктор ғылыми дәрежесі немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалармен жұмыс істеу үшін тиісті қолжетімділігі бар басылымдардың және Хирш индексінің болуы қолданылмайды;

      26) шекті балл – іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға берілген өтінімдерді қоспағанда, ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімдер үшін кемінде 25 балды және ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша өтінімдер үшін кемінде 21 балды құрайтын МҒТС балы, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары үшін 36 балл;

      27) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар – уәкілетті орган бекіткен археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласындағы іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекеттік ғылыми ұйымдар және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми және уәкілетті орган айқындалған өзге де бағыттардағы ұйымдар;

      28) экономикалық (маркетингтік) сараптама (бұдан әрі – ЭМС) – жобаның коммерциялық тартымдылығын және ұсынылған қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің негізділігін бағалаумен байланысты қызмет;

      29) экономикалық (маркетингтік) сараптама жөніндегі сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, экономика, бизнес және маркетинг, қаржы және кредит мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, венчурлік бизнестің, маркетинг, тәуекел-менеджмент саласының өкілі, ірі инвестициялық жобалардың қатысушысы болып табылатын, сондай-ақ қаржылық сарапшылар қатарынан жобаның коммерциялық тартымдылығын және мәлімделген қаржы-экономикалық негізділігін бағалау үшін экономикалық (маркетингтік) сараптама бойынша қорытынды ұсынатын жеке тұлға;

      30) Хирш индексі (h-индексі) - ғалымның, ғалымдар тобының, ғылыми ұйымның немесе жалпы елдің өнімділігінің сандық сипаттамасы болып табылатын, жарияланымдар санына және осы жарияланымдардың дәйексөздер санына негізделген ғылымиметриялық көрсеткіш.

      3. МҒТС ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сарапшылар қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дәйектілігі, толықтығы және негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.

      4. МҒТС объектілері:

      1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар;

      2) Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары;

      3) іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдер;

      4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер;

      5) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстарды растауға арналған өтінімдер.

      5. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптау объектілері болып табылады.

      6. МҒТС ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТСН коммерцияландыру жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырыс берушінің өтініші бойынша Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) жүзеге асырады.

      7. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға жататын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдердің МҒТС-ның негізгі міндеттері:

      1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығын, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейін, өзектілігін, перспективаларын, әзірлеу дәрежесін ескере отырып объектілерді сараптамалық бағалау;

      2) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми, техникалық және технологиялық білімнің әлемдік деңгейіне, ғылыми-техникалық прогрестің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау;

      3) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, болжанатын еңбек шығындарының, материалдық ресурстардың қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;

      4) ғылыми зерттеулер жүргізуді мазмұнды, ұйымдастырушылық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) іске асыру нәтижелерін объективті және кешенді қарау, алынған нәтижелерді мәлімделген мақсаттармен салыстыру;

      5) МҒТС объектілерінің маңыздылығын бағалау;

      6) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін өтініш беруші сұрататын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау;

      7) зияткерлік қызмет нәтижелерін, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару перспективаларын, сұратылатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін қоса алғанда, ҒҒТҚН-ны іс жүзінде қолдануға бағытталған болжамды жұмысты бағалау болып табылатын құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.

      8. Ұйымдастырушы МҒТС объектілері мен ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын сараптау нәтижелерін әкімшілендірудің біртұтастығын, олардың тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

2-тарау. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      9. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізуге арналған өтінімдерді Заңның 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қаржыландыру қағидалары) және Заңның 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес ұйымдастырушы ААЖ-сы арқылы конкурсқа өтінімдер қабылдау мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін де тапсырыс беруші жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін мониторингтеу сұрақтары мен индикаторларын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін ұсынады.

      10. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерді қоспағанда, өтінімдерді тапсырыс берушіден алған күннен бастап ұйымдастырушы мына талаптарға сәйкестігін тексереді:

      1) конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімді ресімдеудің сәйкестігі;

      2) жауапсыз сарапшылардың, жобалар мен бағдарламалар басшыларының ашық тізілімінде жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшісінің болмауы.

      Аталған тізілімге енген ғылыми жетекші тиісті ҰҚК шешімімен расталған күтілетін нәтижелерге қол жеткізгенге дейін (нәтижелерге қол жеткізілгені туралы уәкілетті орган мен ұйымдастырушы хабарланады) келесі конкурстарға 3 жылдан аспайтын мерзміге ғылыми жетекші ретінде қатысудан шеттетіледі;

      3) бұрын қаржыландыруға мақұлданған не бір мезгілде берілген МҒТС объектілерімен МҒТС объектісінің тақырыбын, мақсатын және міндетін қайталау фактілерінің болмауы;

      4) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушыда конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың болуы;

      5) ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттамаға сәйкестігі;

      6) конкурстық құжаттаманың күтілетін нәтижелерінің сәйкестігі.

      11. Ұйымдастырушы ақпараттық жүйе арқылы өтініш берушіге барлық ескертулерді көрсете отырып, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес келмейтін өтінімді пысықтауға жібереді.

      Осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмегенде, өтінім беруші конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылыми жетекшіні ауыстырады.

      12. Ұйымдастырушы өтінімді пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім беруші пысықталған өтінімді ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.

      Пысықталған өтінімдерді алғаннан кейін ұйымдастырушы бұрын көрсетілген ескертулерді жоюға тексеру жүргізеді, бұрын көрсетілген ескертулер жойылмаған және жаңа сәйкессіздіктер анықталған кезде ұйымдастырушы өтінімдерді 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарады.

      Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес келмейтін өтінімдерді ұйымдастырушы олар тапсырыс берушіден келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қайтарады.

      Тапсырыс беруші олар ұйымдастырушыдан қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында ұйымдастырушыдан қайтарылған өтінімдер тізбесін жариялайды.

      13. Ұйымдастырушы:

      1) МҒТС жүргізу бойынша жұмысты МҒТС-ның әрбір объектісін сарапшыға не сарапшыларға МҒТС жүргізу үшін жолдау арқылы МҒТС объектісіне байланысты комиссиялық (кешенді) сараптама жүргізу арқылы ұйымдастырады;

      2) МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшылардың құрамын олардың мамандануы мен МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етеді;

      3) Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген аффилиирлену жөніндегі талаптарды сақтай отырып, кездейсоқ іріктеу әдісімен ұйымдастырушының автоматтандырылған дерекқорынан осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін сарапшыларды тағайындауды қамтамасыз етеді;

      4) мыналарды:

      конкурс шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС жүргізу үшін екі шетелдік сарапшы мен бір қазақстандық сарапшы (осы Қағидаларға сәйкес келетін МҒТС объектісін зерттеу саласында қазақстандық сарапшылардың негізді болмауы үшінші шетелдік сарапшыны тартуға мүмкіндік береді);

      гранттық қаржыландыру бойынша жобалардың және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар жобаларының қорытынды (аралық) есептеріне МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы (есептерді зерттеу саласында осы Қағидаларға сәйкес келетін қазақстандық бір, не екі, не үш сарапшының негізді болмауының болуы тиісінше бір не екі, не үш шетелдік сарапшыны тартуға жол береді);

      ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны (Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарды зерттеу саласында осы Қағидаларға сәйкес келетін бір, не екі не үш қазақстандық сарапшылардың негізді болмауы тиісінше бір не екі, не үш шетелдік сарапшыларды тартуға мүмкіндік береді);

      мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бағдарламаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасын сақтай отырып, МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссияның және (немесе) кешенді сараптама жолымен;

      ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;

      жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың сұрау салынған көлемінің негізділігін бағалау үшін бір сарапшыны;

      іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік бір сарапшыны;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасын сақтай отырып, іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын, ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық бір сарапшыны іріктейді;

      5) МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаларының деректер банкін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған, МҒТС жүргізу үшін тапсырыс берушіден келіп түскен мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға берілген МҒТС объектілері бойынша деректер базасын қалыптастырады және МҒТС объектілерінің деректерін жүйелі тексеруді және өңдеуді жүзеге асырады;

      6) МҒТС-ны әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер базаларын қалыптастыру және сарапшылармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      7) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің) МҒТС қорытындыларын және қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшы қорытындылары, сонымен қатар ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының технологиялық, экономикалық (маркетингтік) сараптама қорытындыларын ұлттық ғылыми кеңестерге жібереді;

      8) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалауды жүргізеді.

      14. Сарапшылар ұйымдастырушының қазақстандық және шетелдік сарапшыларының деректер базасына шарт жасалғаннан кейін енгізіледі.

      Сарапшылар оларды осы Қағидалардың 2-тармағының 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларына сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі.

      Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын қалыптастыру үшін іріктеу Web of Science (Clarivate Analytics) (Вэб оф Сайнс (Кларивэйт Аналитикс) және Scopus (Elsevier) (Скопус (Эльзевир) халықаралық деректер базасын, сондай-ақ Incites (Clarivate Analytics) (Инсайт (Кларивэйт Аналитикс), SciVal (Elsevier) (Сайвал (Эльзевир) және Publons (Clarivate Analytics) (Паблонс (Кларивэйт Аналитикс) талдамалық құралдарын пайдалана отырып, олардың мамандануы мен ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі, олардың кандидатураларын шет елдердің жетекші университеттері, ғылыми-зерттеу мекемелері, ұлттық ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдастықтар ұсынады.

      Сарапшылар МҒТС және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, нақтылығы, толықтығы және сараптамалық қорытындылардың негізділігі қағидаттарында сараптама жүргізеді.

      Сарапшымен жасалған шарт сараптаманы жүргізу мерзімі, сараптамаға ұсынылған материалдардың коммерциялық құпиясын сақтауды қамтамасыз ететін МҒТС объектілері туралы мәліметтердің құпиялылығы, сарапшының ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын сақтауы жөніндегі шарттарды қамтуға және сарапшы туралы мәліметтердің құпиялылығына кепілдік береді.

      Бас тарту негіздемесінсіз сарапшының бастамасы бойынша шарттарды бұзу туралы мәліметтер қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорына енгізіледі.

      Сарапшының осы Қағидаларда белгіленген МҒТС жүргізудің шарттық талаптарын және (немесе) қағидаттарын бұзуы ұйымдастырушының оны автоматтандырылған дерекқордан алып тастауы үшін негіз болып табылады.

      Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына берілген конкурстық өтінімдер бойынша МҒТС жүргізу кезінде әрбір жоба бойынша сарапшыларды іріктеу және тағайындау кездейсоқ таңдау әдісімен автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

      15. Жобалар мен бағдарламалардың МҒТС-ын ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – ұйымдастырушы өтінімдерге осы Қағидалардың 10-тармағының сақталуы тұрғысынан тексеру жүргізгеннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды;

      2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды;

      3) қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күнінен аспайды;

      4) бір өтінімге МҒТС жүргізу – күнтізбелік жеті күннен аспайды.

      Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы сақтала отырып жүзеге асырылады. Сарапшыларды іріктеу мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар, Хирш индексі ескерілмей қазақстандық сарапшылар арасынан жүзеге асырылады.

      16. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) МҒТС жүргізу, оның ішінде сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу – сарапшымен шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;

      2) қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

      Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында ол аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жариялайды.

      17. Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының МҒТС-ын ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – тапсырыс берушіден жұмыстарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайды;

      2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.

      Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.

      18. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – тапсырыс берушіден есеп алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды;

      2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.

      Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептерге сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы сақтала отырып жүзеге асырылады. Сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілмей, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады.

      19. Өтінімдер бойынша қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша балл қойылмай жасалады.

      МҒТС объектісі бойынша сарапшының қорытындысы МҒТС объектісіне, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларына байланысты осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.

      Сарапшының қорытындысында сарапшының әрбір бағалау өлшемшарты бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген МҒТС объектілері үшін сараптамалық бағалау жүйесіне сәйкес балл алынады.

      МҒТС объектісіне кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізілген кезде сараптамалық топ құрылады. Сараптамалық топ мүшелерінің қатарынан төраға сайланады және сараптамалық топ отырысының хатшысы айқындалады. Сараптамалық топтың отырысы бетпе-бет нысанда және (немесе) онлайн- конференциялар арқылы жүргізіледі. Сараптама үшін ұсынылған материалдардың көлеміне қарай кешенді (комиссиялық) сараптама кемінде үш және он бестен аспайтын сарапшылардың қатысуымен жүргізіледі. МҒТС объектісінің кешенді (комиссиялық) сараптамасының нәтижелері бойынша МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаларға 7 немесе 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сарапшының қорытындысы жасалады.

      20. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің, тапсырыс берушінің өтініші бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар өтінімдерінің МҒТС нәтижесі МҒТС қорытындысы болып табылады.

      Ұйымдастырушы мәлімделген қаржыландыру сомаларын көрсете отырып, МҒТС нәтижесінің негізінде гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына ұсынылған өтінімдердің, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру туралы іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың өтінімдерінің сараланған тізімін еркін нысанда жасайды.

      Ұйымдастырушы МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша өтінім берушілерге (ғылыми жетекшіге) МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы МҒТС нәтижелерін (МҒТС балын көрсете отырып) қайтарады.

      МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау үшін МҒТС нәтижелерімен (МҒТС балын көрсетпей) бірге сарапшыға МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      21. Қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау нәтижелері МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) тиісті ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) екі жұмыс күні ішінде жолданады.

      ҰҒК өтінімдерді қарауды аяқтағаннан кейін ұйымдастырушы әрбір өтінім үшін МҒТС қорытындысына сәйкес балл мен ҰҒК айқындаған бағалау парағының балын қосу арқылы жиынтық балды айқындайды.

      Ұйымдастырушы әрбір басым бағыт бойынша ең жоғары балдан бастап "жоғарыдан төмен қарай" өтінімдердің сараланған тізімін жасайды және оны екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.

      22. Ұйымдастырушы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша МҒТС нәтижелерін тапсырыс берушіге жолдайды.

      23. Ұйымдастырушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС қорытындысын, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекет жүз пайыз қатысатын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен ғылыми ұйымдардың есептерін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.

      Ұйымдастырушы гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер бойынша МҒТС қорытындысын тиісті ҰҒК-ге жолдайды.

      Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есепті ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылуы мен нәтижелілігін мониторингтеу түрінде ұйымдастырушы жүргізеді, оның нәтижелері тиісті ҰҒК-ге жолданады.

      24. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:

      1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың өтінімдері шеңберінде МҒТС өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС шекті балынан төмен балл алған МҒТС объектілері бойынша ЖТН-ды, МҒТС қорытындысы негізіндегі қорытынды балдарды;

      2) мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қамтитын объектілерге МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық сарапшыларға қатысты ақпаратты қоспағанда, жыл сайын жылдың соңында ұйымдар мен елдер бойынша орташа Хирш индексін көрсете отырып, қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту туралы жалпы талдаманы;

      3) МҒТС аяқталғаннан кейін ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы ғылыми жетекшіге және өтінім берушіге жолданатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобалары бойынша МҒТС жүргізуге тартылған сарапшылардың Хирш индекстерін жариялайды.

      25. МҒТС объектісі МҒТС-ға ұсынылған кезден бастап ҰҒК қарағанға дейін өтінім берушілер, ғылыми жетекшілер және (немесе) сарапшылар:

      1) ғылыми әдепті, биоэтика нормаларын бұзу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      2) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;

      3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің процесі мен нәтижелерін бұрмаламайды;

      4) бөгде тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға немесе ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіруге әкеп соғатын әрекет (әрекетсіздік) жасамайды.

      Сарапшы төмендегідей жағдайларда нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді:

      1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болған;

      2) соңғы бес жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы 5 (бес) жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болған;

      3) соңғы 5 (бес) жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей жетекшілік жасаған, оған бағынысты болған немесе консультациялық қызметтер көрсеткен;

      4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысымен некеде (ерлі-зайыптылықта) немесе жақын туысы болған;

      5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының (зайыбының) жақын туысы болған;

      6) ҰҒК мүшесі болған;

      7) сарапшы жобаның немесе бағдарламаның, диссертациялық жұмыстың ғылыми жетекшісі ретінде қатысса;

      8) жобаның немесе бағдарламаның, сарапшының диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі ретінде қатысса.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасында белгіленген ғылыми әдепті бұзу фактілеріне жол берілмейді. Ғылыми әдепті бұзу фактілері болған кезде, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана және мамандануы МҒТС объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарта отырып, дәлелдер, негіздемелер ұсынылады.

3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      26. Конкурсқа қатысатын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының сараптамасына технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кіреді.

      27. Жобалардың сараптамасын осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ұйымдастырушының әрбір сарапшымен жасасқан шарты негізінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.

      28. Кешенді сараптама өтінім 3 немесе одан да көп экономика салалары бойынша өтінімдер үшін көзделген. Жобаға кешенді сараптама жүргізу кезінде құрамында үштен тоғызға дейін сарапшысы бар (тақ санда) сараптамалық топ құрылады.

      29. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдерге технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізуді Қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей ұйымдастырады.

      30. Ұйымдастырушы:

      1) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын қалыптастырады;

      2) қалыптастырылған қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын тұрақты негізде толықтырып отырады (жаңартады);

      3) конкурсқа келіп түскен өтінімдердің электрондық нұсқаларының деректер банкін қалыптастырады;

      4) әрбір өтінім үшін экономиканың басым секторы шеңберінде ұсынылған өтінімге байланысты деректер базасынан сарапшыларды таңдайды;

      5) өтінімдердің электрондық нұсқаларын ТС жүргізу үшін кемінде екі (қазақстандық және (немесе) шетелдік) сарапшыларға немесе кешенді сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды;

      6) өтінімдердің электрондық нұсқаларын ЭМС жүргізу үшін кемінде екі қазақстандық сарапшыға немесе кешенді сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды.

      31. Жоба бойынша ТС сарапшысының қорытындысы (сарапшылардың кешенді қорытындысы) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      32. Жоба бойынша ЭМС сарапшысының қорытындысы (сарапшылардың кешенді қорытындысы) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      33. Сарапшының қорытындысында әрбір бағалау өлшемшарты бойынша қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшы ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын сараптамалық бағалау жүйесі бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балл қояды.

      34. Ұйымдастырушы ТС және ЭМС қорытындыларының негізінде әрбір жоба бойынша қорытынды балдары қойылған сараптаманың жиынтық қорытындылары осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және оларды күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде уәкілетті органға жолдайды.

      35. Ұйымдастырушы жобаларға жүргізілген сараптаманың жиынтық қорытындыларын алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде сараптаманың жиынтық қорытындыларын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін ҰҒК-ге ұсынады.

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы _____________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Орташа балл (0-ден 9-ға дейін)

Барлық сарапшылардың жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері

1-сарапшы

2-сарапшы

3-сарапшы

1.






2.






3.






4.






5.






Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орташа балы:

Ұйымдастырушы
_______________________
Ұлттық ғылыми кеңеске беру күні
_______________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдер іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың өтінімдері шеңберінде қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшының қорытындысы

      ________________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)

Р/с №

Шығыстар бабының атауы

Сұралып отырған сома

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама сарапшыларының позициясы негізіндегі шығыстардың құны

Соманың негізділігі бойынша сарапшының түсініктемелері (100-150 сөз)

1-сарапшы*

2-сарапшы*

3-сарапшы*

 
1

2

3

4

5

6

7

1

"Еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін қалған міндетті төлемдерді қоса алғанда)"**






2

Қызметтік іссапарлар **






3

"Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар" **






4

Материалдар сатып алу (жеке және заңды тұлғалар үшін), жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу **






5

Жалға алу шығыстары, зерттеулерді іске асыру үшін жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары






6

Сұралып отырған соманың негізділігін бағалау жөніндегі сарапшы ұсынатын жобаны немесе бағдарламаны қаржыландыруға арналған сома жиынтығы






      Қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      * - 3, 4-бағандар осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бойынша сарапшылардың қорытындыларында келтірілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама сарапшылары позициясының негізінде толтырылады.

      ** - баға негізіндегі шығыстар құны (бағалау жүргізу сәтінде)

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы _________________________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі және атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшартының атауы

Сарапшының бағалауы

Көрсеткіш

Өлшемшарт бойынша балл

1.

Жобаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы


Жобаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңашылдығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек)
Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты жаңашыл болып табылады? Жоба шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Жоба авторлары сілтеме жасап отырған әдебиеттер қаншалықты өзекті болып табылады?

(0-ден 3-ке дейін)




Ғылымның дамуы үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейдің және жобаның әзірлену дәрежесінің қажеттілігі, өзектілігі (300 сөзден аспау керек)
Жоба маңызды ғылыми проблемаларды қаншалықты шешеді? Жоба әлемдік трендтерге қаншалықты сәйкес келеді? Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты перспективалы? Жоба ғылымды дамытуға үлкен серпіліс болуға қабілетті ме? Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары?
Жоба шеңберінде жоспарланып отырған жарияланымдардың сапасы мен саны конкурстық құжаттамаға сәйкес келе ме? Өтінім беруші жариялауға жоспарлап отырған мақалалар саны қаншалықты негізделген?

(0-ден 6-ға дейін)

2.

Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы


Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспау керек)
Зерттеу проблемалары қаншалықты негізделген? Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсаттарын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдарын қаншалықты айқын тұжырымдаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми және шынайы болып табыла ма?

(0-ден 3-ке дейін)




Зерттеулер әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспау керек)
Зерттеуде қолданылатын әдістер қаншалықты негізделген?
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау әдістері мен дереккөздері қаншалықты сенімді? Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы дәйектілікті көрсетті ме? Алынған деректерді кейінгі статистикалық өңдеу үшін эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған?
Өтінім беруші плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың, жалған авторлықтың және нәтижелерді иемденудің алдын алуға қатысты мәселелерді шешудің тиімділігі? Өтінім беруші жануарлар мен адамдарға қатысты эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды қаншалықты сапалы сақтаған?
Сарапшының зерттеулерге ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсатқа, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі, жалпы зерттеу жоспарының сапасы туралы қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)




Нәтижелерге қол жеткізушілік (250 сөзден аспау керек)
Жоба шеңберінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу ықтималдығы? Зерттеу нәтижелерін өтінімде көрсетілген журналдарда жариялауға қабылдау ықтималдығы? Зерттеуді сәтті аяқтау үшін қандай қауіптер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтады? Жобаны іске асырудың балама жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының балама нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты артықшылықтары бар?

(0-ден 3-ке дейін)

3.

Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы


Жобаның нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспау керек) Жобаның күтілетін нәтижелері сұрау салынған қаржыландыру көлемімен қаншалықты сәйкес келеді? Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін жоба қаражатын пайдалану тиімділігі? Зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қабылданатын шаралар?

(0-ден 3-ке дейін)




Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы (300 сөзден аспау керек)
Күтілетін зерттеу нәтижелерін қолданудың жоспарланған салалары? Олардың көмегімен шешілетін мәселенің сипаты мен ауқымы қандай? Күтілетін нәтижелер қолданыстағы аналогтармен (аналогтары болмаған кезде ұқсас проблеманың қолжетімді шешімдерімен салыстырғанда) бәсекеге қабілетті болып табыла ма?
Жобаны іске асырудағы күтілетін әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе басқа әсері қандай?
Күтілетін зерттеу нәтижелерін пайдалану жолдары қандай? Күтілетін нәтижелерді іс жүзінде қолдануға және коммерцияландыруға дайындығы қандай? Оларды қолдану кезінде шектеулердің ықтималдығы? Нәтижелері бойынша жарияланған мақала жобаларына ғалымдардың үнемі дәйексөз келтіру ықтималдығы? 40 жастан аспаған жас зерттеушілерді (студенттер, магистранттар, докторанттар, постдокторанттар) дайындауда жоба қандай рөл атқарады?
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтінім берушінің күтілетін нәтижелердің маңыздылығы туралы пікірі қаншалықты сенімді және негізделген?

(0-ден 6-ға дейін)

4.

Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми дайындамасы


Жоба жетекшісінің ғылыми деңгейі мен дайындамасы (250 сөзден аспау керек)
Жетекші жоба бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журналдарда, оның ішінде негізгі автор (хат-хабарға арналған автор немесе бірінші автор) ретінде мақалаларды тұрақты түрде жариялай ма? Ғылыми жетекші өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары?
Ғылыми жетекші рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалары жарияланған ғылыми жобаларды сәтті басқару тәжірибесі бар ма? Ғылыми жетекшінің жоба тақырыбы бойынша мақалалар түрінде ғылыми дайындамасы бар ма?

(0-ден 3-ке дейін)




Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспау керек)
Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы негізделген? Зерттеу тобының әр мүшесінің зерттеудегі рөлі қаншалықты айқын негізделген? Зерттеулерді белгіленген мақсаттарға, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылған зерттеу жоспарына сәйкес аяқтау үшін олардың үлесі қаншалықты қажет? Зерттеу тобы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі олардың жобадағы рөлі мен орнына қаншалықты сәйкес келеді? Жобаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықпен жұмыс істеу үшін жеткілікті біліктілігі бар ма?
Жобаға шетелдік ғалымдар қатысқанда, олардың жобаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі тұрғысынан қатысуы орынды ма? Шетелдік сарапшылардың біліктілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне сәйкес келе ме?

(0-ден 3-ке дейін)


Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспау керек)
Өтінім берушінің иелігіндегі инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді?
Зерттеу жабдығы және өтініш берушінің иелігіндегі құралдар ұсынылып отырған зерттеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Жобада үшінші тарап ұйымдарының инфрақұрылымын пайдалану қаншалықты орынды?
Жобаның мақсаты, міндеттері және ауқымы тұрғысынан жоба шеңберінде жабдықты сатып алу қаншалықты негізделген?
Жоба шеңберінде өтінім беруші сатып алатын материалдар зерттеу жоспарына сәйкес келе ме?
Жобаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықта жұмыс істеу үшін жеткілікті біліктілігі бар ма? Жобаға қатысушылардың сатып алынған жабдықты, оның ішінде жоба аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалану мүмкіндіктері?
Жобаны іске асыруға қоса орындаушыларды тарту қаншалықты негізделген? Зерттеу тобы мүшелерінің тиісті жұмыстарды өз бетінше орындау мүмкіндіктері?

(0-ден 3-ке дейін)

5.

Жобаның пәнаралығы


(100 сөзден аспау керек)
2 балл – жоба кең ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан пәнаралық болса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет болғанда;
1 балл – жоба пәнаралық болса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе жобаның мақсатына толық жауап бермесе немесе пәнаралық тәсіл тар ғылыми бағыттар арасындағы өзара әрекеттестік бөлігінде көзделгенде;
0 балл – жоба пәнаралық болмаса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және жобаның мақсатына жауап бермесе.
Сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек.

Қорытынды балл


Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы

Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден аспау керек)
Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілер санын, сатып алынатын материалдар мен жабдықтар көлемін, іссапарлар санын және жоспарланған шығындар), өтінім беруші сұрау салынатын қаржыландыру (ресурсты өлшеудің ақшалай және/немесе заттай бірліктері) сомасы жобаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне қаншалықты сәйкес келетінін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда, жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмей нақты қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде (сандық) түзетулер қажет екенін көрсету.

Басым бағытқа сәйкестігі

(100 сөзден аспау керек)
Өтінімнің басым бағытқа және ол берілген мамандандырылған ғылыми бағытқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшы пікірін қысқаша негіздеу.

Мықты тұстары

(150 сөзден аспау керек)
Зерттеудің негізгі артықшылықтары мен оның жобаның мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сипаттамаларын қысқаша атап өту.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден аспау керек)
Зерттеудің негізгі кемшіліктері мен олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін қысқаша атап өту. Жобаны іске асыру үшін сындарлы маңызы бар және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді бөлек атап өту.

      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы ______________________________________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшартының атауы

Сарапшының бағалауы

Көрсеткіш

Өлшемшарт бойынша балл

1.

Бағдарламаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы


Бағдарламаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңашылдығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек)
Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты жаңа болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Жоба авторлары сілтеме жасап отырған әдебиеттер қаншалықты өзекті болып табылады?
Ғылымның дамуы үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейдің және бағдарламаның әзірлену дәрежесінің қажеттілігі, өзектілігі (300 сөзден аспау керек)
Бағдарлама маңызды ғылыми проблемаларды қаншалықты шешеді? Бағдарлама әлемдік трендтерге қаншалықты сәйкес келеді? Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты перспективалы? Бағдарлама ғылымды дамытуға үлкен серпіліс болуға қабілетті ме? Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары?
Бағдарлама шеңберінде жоспарланып отырған жарияланымдардың сапасы мен саны конкурстық құжаттамаға сәйкес келе ме? Өтінім беруші жариялауға жоспарлап отырған мақалалар саны қаншалықты негізделген?

(0-ден 6-ға дейін)

2.

Жетекші мен зерттеу тобының құзыреттілігі мен дайындамасы
Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы


Жетекшінің құзыреттілігі мен дайындамасы (300 сөзден артық емес)
Ғылыми жетекшінің рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жарияланған ғылыми жобаларды (әсіресе – ірі) және бағдарламаларды табысты басқару тәжірибесі бар ма? Жетекшінің бағдарлама тақырыбы бойынша беделді рецензияланатын журналдарда мақалалар түрінде ғылыми дайындамасы бар ма? Жетекші рецензияланатын ғылыми журналдарда бағдарлама бағыты бойынша, оның ішінде негізгі автор (хат-хабар авторы немесе бірінші автор) ретінде мақалаларды тұрақты түрде жариялап отыра ма? Ғылыми жетекші өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары?
Зерттеу тобының құзыреттілігі мен дайындамасы (300 сөзден артық емес)
Зерттеу тобының құрамы (қоса орындаушыларды қоса алғанда) қаншалықты сапалы негізделген? Зерттеудегі әр қоса орындаушының және зерттеу тобы мүшесінің рөлі қаншалықты нақты негізделген? Белгіленген мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеулерді аяқтау үшін олардың үлесі қаншалықты қажет? Зерттеу тобы мүшелерінің (қоса орындаушыларды қоса алғанда) біліктілігі мен тәжірибесі олардың бағдарламадағы рөлі мен ұстанымына қаншалықты сәйкес келеді? Бағдарламаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықта жұмыс істеу үшін жеткілікті біліктілігі бар ма?
Шетелдік ғалымдар бағдарламаға қатысқанда, олардың бағдарламаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі тұрғысынан қатысуы негізделген бе? Шетелдік сарапшылардың саласы мен біліктілік деңгейі зерттеу жоспарының қажеттілігіне сәйкес келе ме?
Зерттеу тобының сапасы және оның зерттеу қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы сарапшының қосымша пікірлері.

(0-ден 6-ға дейін)




Зерттеу жоспарының сапасы мен ғылыми деңгейі (350 сөзден артық емес)
Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсаттарын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдары қаншалықты айқын тұжырымдаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми және шынайы болып табыла ма? Зерттеу жоспары ғылым саласындағы соңғы жетістіктерді ескере ме?
Зерттеу әдістері қаншалықты заманауи және ғылыми негізделген болып табылады? Қолданылатын әдістер мен тәсілдер қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау әдістері мен дереккөздері қаншалықты сенімді? Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы дәйектілікті көрсетті ме? Алынған деректерді кейінгі статистикалық өңдеу үшін эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған?
Техникалық тапсырмада көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін бағдарлама қаражатын пайдалану тиімділігі? Зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қабылданатын шаралар қандай?
Өтінім беруші плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың, жалған авторлықтың және нәтижелерді иемденудің алдын алуға қатысты мәселелерді шешуінің тиімділігі? Өтінім беруші жануарлар мен адамдарға қатысты эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды қаншалықты сапалы сақтаған?
Сарапшының зерттеулерге ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсатқа, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі, жалпы зерттеу жоспарының сапасы туралы қосымша түсініктемелері.

(0-ден 6-ға дейін)


Жоспарды іске асыруға арналған зерттеу инфрақұрылымының сапасы (300 сөзден артық емес)
Өтінім беруші мен қоса орындаушылардың иелігіндегі инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім беруші мен бірлесіп орындаушылардың иелігіндегі зерттеу жабдығы мен құралдар ұсынылатын зерттеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді?
Бағдарлама аясында жабдықты оның мақсаты, міндеттері мен ауқымы тұрғысынан сатып алу қаншалықты негізделген? Бағдарлама аясында өтінім беруші сатып алатын материалдар зерттеу жоспарына сәйкес келе ме? Жобаға қатысушылардың сатып алған жабдықты, оның ішінде бағдарлама аяқталғаннан кейін тиімді пайдалану мүмкіндіктері қандай?

(0-ден 6-ға дейін)

3.

Күтілетін нәтижелердің қолжетімділігі мен сапасы


Тікелей нәтижелердің қолжетімділігі және сапасы (300 сөзден артық емес)
Өтінімде күтілетін нәтижелер техникалық тапсырмада көрсетілген тікелей нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Бағдарлама шеңберінде техникалық тапсырмада көрсетілген тікелей нәтижелерге қол жеткізу ықтималдығы қаншалықты жоғары? Тікелей нәтижелерге қол жеткізу жолдары қаншалықты ғылыми негізделген? Зерттеу нәтижелерінің өтінімде көрсетілген журналдарда жариялануға қабылдану ықтималдығы? Зерттеуді сәтті аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтінім беруші тәуекелдерді басқару мәселелерін қаншалықты пысықтады? Бағдарламаны іске асырудың баламалы жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынатын зерттеу жоспары балама нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты артықшылықтарға ие?

(0-ден 6-ға дейін)


Түпкілікті нәтижелердің қолжетімділігі (300 сөзден артық емес)
Өтінімдегі күтілетін нәтижелер мен олардың әсері (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге) техникалық тапсырмада көрсетілген түпкілікті нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Техникалық тапсырмада көрсетілген түпкілікті нәтижелерге бағдарлама шеңберінде немесе ол аяқталғаннан кейін қол жеткізу ықтималдығы қаншалықты жоғары? Оларды практикалық қолдану және (немесе) коммерцияландыру үшін қолда бар аналогтармен салыстырғанда (аналогтары болмаған кезде – ұқсас міндеттің қолда бар шешімдерімен салыстырғанда) нәтижелердің бәсекеге қабілеттілігі?

(0-ден 6-ға дейін)

4

Бағдарламаның пәнаралығы


(100 сөзден аспау керек)
2 балл – бағдарлама кең ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан пәнаралық болса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет болғанда;
1 балл – бағдарлама пәнаралық болса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе бағдарламаның мақсатына толық жауап бермесе немесе пәнаралық тәсіл тар ғылыми бағыттар арасындағы өзара әрекеттестік бөлігінде көзделгенде;
0 балл – бағдарлама пәнаралық болмаса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және бағдарламаның мақсатына жауап бермесе.
Сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек.

Қорытынды балл


Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы

Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден артық емес)
Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілер санын, сатып алынатын материалдар мен жабдықтар көлемін, іссапарлар санын және жоспарланған шығындар), өтінім беруші сұрау салынатын қаржыландыру (ресурсты өлшеудің ақшалай және/немесе заттай бірліктері) сомасы бағдарламаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне қаншалықты сәйкес келетінін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда, бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмей, нақты қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде (сандық) түзетулер қажет екенін көрсету.

Мықты тұстары

(150 сөзден артық емес)
Зерттеудің негізгі артықшылықтары мен оның бағдарламаның мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сипаттамаларын қысқаша атап өту.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден артық емес)
Зерттеудің негізгі кемшіліктерін және олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін қысқаша атап өту. Бағдарламаны іске асыру үшін сындарлы маңызы бар және оның мақсатына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді бөлек атап өту керек.

      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы

      _________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)

Р/с №

Бағалау өлшемшартының атауы

Сарапшының бағалауы

Көрсеткіш

Өлшемшарт бойынша балл

1.

Бағдарламаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы


Бағдарламаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңалығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек)
Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты жаңа болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Жоба авторлары сілтеме жасап отырған әдебиеттер қаншалықты өзекті болып табылады?
Ғылымның дамуы үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейдің және бағдарламаның әзірлену дәрежесінің қажеттілігі, өзектілігі (300 сөзден аспау керек)
Бағдарлама маңызды ғылыми проблемаларды қаншалықты шешеді? Бағдарлама әлемдік трендтерге қаншалықты сәйкес келеді? Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты перспективалы? Бағдарлама ғылымды дамытуға үлкен серпіліс болуға қабілетті ме? Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары?
Бағдарлама шеңберінде жоспарланып отырған жарияланымдардың сапасы мен саны конкурстық құжаттамаға сәйкес келе ме? Өтінім беруші жариялауға жоспарлап отырған мақалалар саны қаншалықты негізделген?

(от 0 ден 6-ға дейін)

2.

Зерттеу жоспарының инновациялылығы


(150 сөзден аспау керек)
Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының инновациялылығын негіздеуге арналған ақпарат осы өлшемшарт бойынша өтінімді бағалауға жеткілікті ме?
Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы дәлелдері қаншалықты негізделген және сенімді болып табылады? Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы негіздемесінің сапасы туралы сарапшының қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)

(300 сөзден аспау керек)
Зерттеуден күтілетін нәтижелер қаншалықты жаңа болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады?
Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім берушінің қолданатын тәсілдері мен әдістері қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Зерттеу нәтижелерін жариялауға таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Зерттеуден күтілетін нәтижелер жаһандық және салалық аспектілерде қаншалықты маңызды болып табылады? Сарапшының зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ға дейін)

3.

Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы


(300 сөзден аспау керек)
Зерттеу проблемасы қаншалықты негізделген? Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсатын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдарын қаншалықты түсінікті жасаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми болып табыла ма? Зерттеуде қолданылған әдістер қаншалықты негізделген? Қолданылатын әдістер мен тәсілдер алға қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау тәсілдері және олардың дереккөздері қаншалықты нақты? Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы дәйектілікті көрсетті ме? Алынған деректерді кейіннен статистикалық өңдеуге арналған эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған?
Өтінім беруші плагиатқа, деректердің ойдан шығарылуы мен бұрмалануына, жалған тең авторлыққа және нәтижелерді иемденіп алуға жол бермеуге қатысты мәселелерді шешу тиімділігі?
Өтінім беруші адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды сапалы деңгейде қаншалықты сақтаған?
Сарапшының зерттеулерге ұсынылған әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі, жалпы алғанда сапасы мен зерттеу жоспарына байланысты қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)

(250 сөзден аспау керек)
Зерттеу жоспарының мақсаттары, гипотезалары мен күтілетін нәтижелері қаншалықты шынайы? Орындалатын жұмыстардың ресурстары, орындалу мерзімі және мазмұны зерттеудің мақсаттарына, міндеттеріне, әдістері мен күтілетін нәтижелеріне қаншалықты сәйкес келеді?
Зерттеуді табысты аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтаған?
Бағдарламаны іске асырудың баламалы жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының баламалы нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты артықшылықтары бар?
Өтінім берушінің жариялауға жоспарлап отырған мақалаларының саны қаншалықты негізделген болып табылады? Жарияланымдардың сапасы және саны конкурстық құжаттамаға сәйкес келе ме? Зерттеу нәтижелерін өтінімде көрсетілген журналдарда жариялауға қабылдау ықтималдығы? Библиографиялық базалардың бірінші квартильдеріндегі жетекші ғылыми журналдарға зерттеулер нәтижелерін жариялау қаншалықты ықтимал?
Сарапшының зерттеу жоспарының іске асырылуы туралы қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ен дейін)

4.

Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы


(150 сөзден аспау керек)
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтінім берушінің күтілетін нәтижелер туралы пікірі қаншалықты нақты және негізделген болып табылады?

(0-ден 3-ке дейін)

(300 сөзден аспау керек) Зерттеудің күтілетін нәтижелерін қандай салада қолдану жоспарланған? Олардың көмегімен шешілетін міндеттің сипаты мен ауқымы қандай? Күтілетін нәтижелер қолданыстағы аналогтармен (аналогтары болмаған кезде ұқсас проблеманың қолжетімді шешімдерімен салыстырғанда) бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге нәтижесі қаншалықты негізделген? Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер етеді?
Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуден басқа, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері өндіріс, ғылым, білім салаларындағы жағдайды едәуір өзгертуге табысты ықпал ете ала ма? Алынған нәтижелер стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді дамытуға қаншалықты ықпал етеді?
Бағдарлама өнімді енгізуге, коммерцияландыруға, жасауға едәуір әлеуеті бар нәтижелер алуды болжай ма? Әлеуметтік сипаттағы бағдарлама үшін бағдарлама нәтижелерін енгізу (пайдалану) кезінде әлеуетті игіліктерді (тұрмыс, еңбек жағдайын жақсарту және әсер етуші факторларды) алушыларды қамту маңызды ма? Бағдарламаның күтілетін нәтижелері экологиялық, энергия тиімді, бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды іске асыру салдарларын/нәтижелерін болжау қолжетімді болып табыла ма? Бағдарламаларды іске асырудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық (қажет болған жағдайда) салдарына/нәтижелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіле ме? Зерттеулердің күтілетін нәтижелерін пайдаланудың жолдары қандай? Зерттеу нәтижелерін практикалық қолдануға дайындық? Оларды қолдану кезінде шектеулердің ықтималдығы? Жоба нәтижелері бойынша жарияланған мақалалардан өзге ғалымдардың тұрақты түрде дәйексөздер келтіру ықтималдығы? Жобаның нәтижелері бойынша жарияланған
Сарапшының күтілетін зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы туралы қосымша түсініктемелері.

(0-ден 6-ға дейін)

5.

Өтінім берушінің құзыреттілігі және зерттеу ортасының сапасы


(150 сөзден аспау керек)
Зерттеу тобы және зерттеу ортасы қаншалықты толық әрі сапалы сипатталған? Олардың сипаттамасы зерттеу жоспарына сәйкестігін бағалауға қаншалықты мүмкіндік береді?

(0-ден 2-ге дейін)

(300 сөзден аспау керек)
Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы негізделген? Зерттеуде зерттеу тобы мүшелерінің әрқайсысының рөлі қаншалықты айқын негізделген? Олардың үлестері белгіленген мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеулерді аяқтау үшін қаншалықты қажет? Зерттеу тобының жетекшісі мен мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі зерттеуі мен бейініне қаншалықты сәйкес келеді? Жетекші негізгі автор (хат-хабар авторы немесе бірінші автор) ретінде, оның ішінде бағдарламаның бағыты бойынша халықаралық рецензияланатын жетекші ғылыми журналдарға мақалаларды үнемі жеткілікті түрде жариялап тұра ма?
40 жасқа (қоса алғанда) дейінгі ғалымдардың, студенттердің, магистранттар мен PhD докторлардың зерттеудегі рөлдері олардың зерттеушілер ретіндегі дайындықтарына қаншалықты ықпал етеді? Олардың рөлі зерттеу жоспарына сәйкес қаншалықты негізделген? Сарапшының зерттеу тобы мен оның зерттеуіне сәйкестігінің сапасы туралы қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)




(300 сөзден аспау керек)
Өтінім берушінің құзырындағы инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің құзырындағы зерттеу жабдығы мен құрал-саймандары зерттеулердің ұсынылатын тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Бөгде ұйымдардың инфрақұрылымдарын жобада қолдану қаншалықты негізделген болып табылады?
Бағдарлама шеңберінде бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен ауқымы тұрғысынан алғанда жабдықты сатып алу қаншалықты негізделген болып табылады?
Өтінім берушінің бағдарлама шеңберінде сатып алатын материалдары зерттеу жоспарына сәйкес келе ме?
Сатып алатын жабдықта жұмыс істеу үшін жобаға қатысушылардың біліктілігі жеткілікті ме?
Бағдарламаға қатысушылардың сатып алынған жабдықты, оның ішінде бағдарлама аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалану мүмкіндіктері? Бағдарламаны іске асыруда бірлесе орындаушыларды тарту қаншалықты негізделген? Зерттеу тобы мүшелерінің тиісті жұмыстарды өз бетінше орындау мүмкіндіктері?
Зерттеу Қазақстанның әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына қаншалықты септігін тигізеді?
Бағдарлама шеңберіндегі ғылыми іссапарлар қаншалықты негізделген? Олар зерттеудің мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін қаншалықты ықпал етеді? Сарапшының зерттеу ортасының сапасы және оның зерттеу жоспарына сәйкестігінің туралы қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)

(50 сөзге дейін, кемінде 10 Хирш индексі бар шетелдік ғалымдар ғана ескеріледі)
1 балл – шетелдік ғалымдардың қатысуы мен олардың зерттеудегі рөлі толық негізделген болса, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарына толық сай келсе және олардың бағдарламаның іске асырылуына қосқан үлесі мақсатқа қол жеткізуге қажет болып табылғанда;
0,5 балл – шетелдік ғалымдардың қатысуы, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаның қажеттіліктеріне жалпы сай болса, олардың рөлі мен қосқан үлесі зерттеудің мақсатына қол жеткізуге оң әсерін тигізсе, бірақ зерттеудің табысты аяқталуы олардың қатысуынсыз да мүмкін болғанда;
0 балл – шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы негізсіз болса және (немесе) олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаға сай келмесе және (немесе) олардың бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі елеусіз болса немесе шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы көзделмегенде.

(0-ден 1-ге дейін)

6.

Зерттеудің пәнаралығы


(100 сөзге дейін)
2 балл – бағдарлама ауқымды ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету жағынан пәнаралық болса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет болғанда.
1 балл – бағдарлама пәнаралық болса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе бағдарламаның мақсатына толығымен жауап бермесе немесе пәнаралық тәсіл тар ғылыми бағыттар арасындағы өзара іс-қимыл бөлігінде ғана көзделгенде.
0 балл – бағдарлама пәнаралық болса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және бағдарламаның мақсатына жауап бермесе. Сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек.

Қорытынды балл


Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы

Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден аспау керек)
Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілердің санын, сатып алынатын материалдар мен жабдықтардың көлемін, іссапарлар санын, жоспарланған шығындар), өтінім беруші сұрау салатын қаржыландыру сомасы бағдарламаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне сәйкестігін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда, қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмей, түзетулер қажет екенін көрсету.

Басым бағытқа сәйкестігі

(100 сөзден аспау керек)
Өтінімнің басым бағытқа және ол берілген мамандандырылған ғылыми бағытқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшы пікірін қысқаша негіздеу.

Мықты тұстары

(150 сөзден аспау керек)
Зерттеудің негізгі артықшылықтары мен оның бағдарламаның мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сипаттамаларын қысқаша атап өту.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден аспау керек)
Зерттеудің негізгі кемшіліктері мен олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін қысқаша атап өту. Бағдарламаны іске асыру үшін сындарлы маңызы бар және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді бөлек атап өту.

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

  Мемлекеттік Ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінім бойынша сараптамалық қорытынды.

      _______________________________

      (Жеке тіркеу нөмірі және Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің атауы)

Р/с

Бағалау өлшемшартының атауы

Сарапшының бағалауы

Көрсеткіш

Өлшемшарт бойынша балл

1

2

3

4

5

1.

Зерттеудің жаңашылдығы мен өзектілігі


Зерттеулердің өзектілігі (200 сөзден аспауы керек)
Ғылыми сұрақтар, гипотезалар, идеялар және күтілетін зерттеу нәтижелері қаншалықты орынды болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа?
Зерттеу жоспары шеңберінде өтініш беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты өзекті? Жоспарланатын зерттеулердің өзектілігі өтінімде қаншалықты негізделген? Өтінім авторлары сілтеме жасаған әдебиет қаншалықты сенімді және өзекті?

(0-ден 3-ға дейін)


Ғылымның дамуы үшін зерттеулердің өзектілігі (300 сөзден аспауы керек)
Зерттеулер қаншалықты маңызды ғылыми мәселелерді шешеді?
Зерттеулер барысында жауабын табу жоспарланған ғылыми сұрақтар қаншалықты күрделі?
Зерттеулер мәселелерінің, гипотезалары мен идеяларының перспективасы қандай?
Зерттеулер ғылымның дамуына серпіліс бере ала ма?
Зерттеулер нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары?
Өтінім беруші жариялауға жоспарлаған мақалалар мен шолулар саны қаншалықты негізделген (журналдардың деңгейін ескере отырып)?

(0-ден 6-ға дейін)

2.

Зерттеу жоспарының сапасы мен іске асырылуы


Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспауы керек)
Зерттеу барысында шешілетін проблемалардың негізділігі?
Зерттеу жоспарының мақсаттары, сұрақтары, гипотезалары мен болжамдары қаншалықты айқын тұжырымдалған?
Гипотезалар (болжамдар) ғылыми және шынайы болып табыла ма?

(0-ден 3-ке дейін)


Зерттеулер әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспауы керек)
Зерттеулерде қолданылатын әдістер қаншалықты негізделген?
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің бастапқы деректерді және олардың көздерін жинау тәсілдері қаншалықты сенімді?
Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы үйлесімді көрсете алады ма?
Алынған деректерді кейінгі статистикалық өңдеу үшін эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған?
Өтінім берушінің плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың, жалған тең авторлық пен нәтижелерді иемденудің алдын алуға қатысты мәселелерді шешу тиімділігі? Өтінім беруші жануарлар мен адамдарға эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды қаншалықты ұстанады? Сарапшының зерттеулерге ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің сапасына және олардың мақсатқа, міндеттер мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігі туралы, сапасы мен жалпы зерттеу жоспарына қатысты қосымша түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)


Нәтижелерге қол жеткізу (250 сөзден аспауы керек)
Зерттеу шеңберінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу ықтималдығы? Зерттеу нәтижелерін өтінімде көрсетілген журналдарда жариялауға қабылдау ықтималдығы?
Зерттеулерді сәтті аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтаған? Зерттеулер жүргізудің балама гипотезалары, жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынатын зерттеу жоспарының балама нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты артықшылығы бар?

(0-ден 3-ке дейін)

3.

Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы


Зерттеулердің нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспауы керек)
Зерттеулердің күтілетін нәтижелері сұратылған қаржыландыру көлемімен қаншалықты мөлшерлес?
Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағдарлама қаражатын пайдалану тиімділігі? Зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қабылданатын шаралар?

(0-ден 3-ке дейін)


Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы және қолдануға жарамдылығы (300 сөзден аспауы керек)
Күтілетін нәтижелердің ғылым мен оның дамуы үшін маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған?
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы туралы өтінім берушінің пікірі қаншалықты сенімді және негізделген?
Нәтижелері бойынша жарияланған мақала жобаларына ғалымдардың үнемі дәйексөз келтіру ықтималдығы?
Жасы 40-қа толмаған жас зерттеушілерді (студенттер, магистранттар, докторанттар, постдокторанттар) дайындауда жоба қандай рөл атқарады? Зерттеулер барысында алынған білімді қаншалықты белсенді, кеңінен және тиімді тарату жоспарлануда?
Күтілетін зерттеулер нәтижелерін пайдаланудың ықтимал жолдары мен мерзімдері?
Оларды ғылымның әртүрлі салаларындағы ғалымдар мен мамандардың қолдануға дайындығы? Оларды қолдану үшін қандай шектеулер қойылады?
Күтілетін нәтижелер қолда бар аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті болып табыла ма (аналогтар болмаған жағдайда – ұқсас міндеттің қолда бар шешімдерімен салыстырғанда)? Зерттеулерді жүзеге асырудан күтілетін әлеуметтік, экономикалық, экологиялық әсерлер?

(0-ден 6-ға дейін)

4.

Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми негізі


Зерттеу жетекшісі мен тең жетекшілерінің ғылыми деңгейі мен негізі (250 сөзден аспауы керек)
Зерттеу тобының жетекшісі мен мүшелері рецензияланатын ғылыми журналдарда зерттеулер бағыты бойынша, соның ішінде негізгі автор (корреспонденция авторы немесе бірінші автор) ретінде тұрақты түрде мақалалар жариялай ма?
Ғылыми жетекші мен зерттеу тобының мүшелері өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын журналдардың беделі қаншалықты жоғары?
Ғылыми жетекші мен зерттеу тобы мүшелерінің олар бойынша рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жарияланған ғылыми жобалар мен бағдарламаларды сәтті басқаруда тәжірибесі бар ма?
Ғылыми жетекші мен зерттеу тобы мүшелерінің өздері жетекшілік ететін зерттеу тақырыптары бойынша мақалалар түріндегі ғылыми негізі бар ма?

(0-ден 3-ке дейін)


Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспауы керек)
Зерттеу тобының құрамы сапа тұрғысынан қаншалықты негізделген?
Зерттеу тобы мүшелерінің әрқайсысының зерттеудегі рөлі қаншалықты айқын негізделген? Белгіленген мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеулерді аяқтау үшін олардың үлесі қаншалықты қажет? Зерттеу тобы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі олардың рөлі мен позициясына қаншалықты сәйкес келеді?
Зерттеуге қатысушылардың сатып алынатын жабдықтарда жұмыс істеуі үшін жеткілікті біліктілігі бар ма?
Зерттеулерге шетелдік ғалымдар қатысқанда олардың қатысуы зерттеулер мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелерге қол жеткізудегі рөлі тұрғысынан негізделген бе?
Шетелдік сарапшылардың саласы мен біліктілік деңгейі зерттеу жоспарының қажеттілігіне сәйкес келе ме?

(0-ден 3-ке дейін)


Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспауы керек).
Өтінім берушінің қолындағы инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді?
Өтінім берушінің қолындағы зерттеу жабдықтары мен құралдар ұсынылған зерттеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді?
Бөгде ұйымдардың инфрақұрылымын қолдану қаншалықты негізделген?
Зерттеулер аясында жабдықтарды сатып алу олардың мақсаттары, міндеттері мен ауқымы тұрғысынан қаншалықты орынды?
Зерттеулер аясында өтінім беруші сатып алатын материалдар зерттеу жоспарына сәйкес келе ме?
Зерттеулерге қатысушылардың сатып алынатын жабдықтарда жұмыс істеуі үшін жеткілікті біліктілігі бар ма?
Зерттеулерге қатысушылардын сатып алынған жабдықтарды, соның ішінде зерттеу аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалану мүмкіндігі?
Бірлесіп орындаушылардың зерттеулерді іске асыруға қатысуы қаншалықты орынды?
Зерттеу тобының мүшелері тиісті жұмыстарды өз бетімен орындау мүмкіндігі?

(0-ден 3-ке дейін)

5.

Зерттеулердің пәнаралығы


(100 сөзден аспауы керек)
2 балл – зерттеулер кең ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан пәнаралық болып табылса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделген және зерттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болғанда.
1 балл – зерттеулер пәнаралық болып табылса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті түрде негізделмесе, немесе олардың мақсаттарына толық сай келмесе, немесе пәнаралық тәсіл бір бейінді ғылыми бағыттар арасындағы өзара іс-қимыл бөлігінде болжанғанда.
0 балл – зерттеу пәнаралық болмаса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және зерттеулер мақсаттарына сай келмегенде.
Сарапшының пікірін қысқаша негіздеу керек.

Қорытынды балл

Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша жалпы баллдардың жиыны

Сұратылатын қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден аспау керек)
Өтінімнің негізгі сандық параметрлеріне сүйене отырып (мысалы, зерттеушілер саны, сатып алынатын материалдар мен жабдықтардың көлемі, іссапарлар саны және жоспарланған шығындар), өтінім беруші сұратып отырған қаржыландыру сомасының (ресурстың ақшалай және/немесе заттай өлшем бірліктерінде) зерттеулердің маңыздылығына және мақсат пен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті қаражаттың іс жүзіндегі көлеміне қаншалықты сәйкес келетінін бағалау. Зерттеулерді анағұрлым қысқа мерзімде орындау мүмкіндігі қандай?
Түзетулер қажет болса, зерттеу мақсаттарына қол жеткізуге зиян келтірместен, нақты қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде (сандарды) түзету қажет екенін көрсетіңіз.

Басым бағытқа сәйкестігі

(100 сөзден аспауы керек)
Өтінімнің таңдалған салаға, басым бағытқа және өзі берілген мамандандырылған ғылыми бағытқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшының пікірін қысқаша негіздеу.

Мықты тұстары

(150 сөзден аспауы керек)
Мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін зерттеудің негізгі артықшылықтары мен сипаттамаларын қысқаша санамалау.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден аспауы керек)
Зерттеулердің негізгі кемшіліктерін және олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін қысқаша санамалау. Зерттеулерді іске асыру үшін аса маңызды және олардың мақсаттарына қол жеткізуді күмән ететін кемшіліктерді бөлек көрсету.

      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі аралық есеп және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есебі бойынша сарапшының қорытындысы

      _______________________________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балл
(0-ден 9-ға дейін)

Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері

1.

Бағдарламаны басқарудың сапасы


Бағдарламаның міндеттерін шешу үшін зерттеу тобының құрамы саны және құзыреттілігі бойынша негізделген болып табыла ма? Сатып алынған жабдық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланыла ма? Өтінімде жоспарланғандай, бағдарламаны орындауға жас зерттеушілер тартыла ма? Зерттеулердің нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар қаншалықты ғылыми негізделген және дәлелденген? Олар жетекші халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар түрінде кейіннен жариялау немесе практикалық салада қолдану үшін жаңа әрі маңызды болып табыла ма?

2.

Ғылыми зерттеулерге қолданылатын әдіснаманың сапасын бағалау


Қолданылатын әдіснаманың ғылыми негізділігін және зерттеулердің ерекшелігіне сәйкестігін бағалаңыз. Қолданылатын әдістер ұсынылған гипотезаларды тексеруге және бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бере ме? Олар неғұрлым тиімді ме, анық деректерді алуға мүмкіндік бере ме? Эксперименттер стандарттық ауытқушылықтар, нөлдік гипотеза дәлдігінің ықтималдығы есептерін қамтитын деректерді кейіннен статистикалық өңдеп отырып, бірнеше параллельде жүргізіле ме? Эксперименттік түрде алынған кестелердегі қателер планкасы кейінге қалдырылған ба? Қолданылатын әдістер ғылыми этиканың нормалары мен қағидаттарына сәйкес келе ме?

3.

Бағдарламада қойылған міндеттерге қол жеткізуді бағалау, сондай-ақ олардың қойылған міндеттердің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау


Жобаның/бағдарламаның міндеттерін іске асыру бұған дейін бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіле ме? (озыңқы, негізделген өзгерістермен, жоспардан негізсіз ауытқуда). Бағдарлама қойылған мақсатқа қол жеткізе алмайды деген күдік бар ма? Осыған байланысты аталған бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату қажет пе?
Жобаны/бағдарламаны іске асырудың бірінші жылы ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда ғылыми мақалалар бар ма (немесе қаржыландыру кеш басталғанда жариялауға берілген мақалалар).
Жобаны/бағдарламаны іске асырудың екінші жылы ішінде Scopus және Web of Science беделді дерекқорларында индекстелетін отандық басылымдарда және халықаралық рецензияланатын басылымдарда ғылыми мақалалар бар ма, қорғау құжаттары алынды ма немесе қорғау құжаттарын ресімдеуге өтінімдер берілді ме, енгізу актілері немесе әдістемелік ұсынымдар немесе ғылыми өнімдер бар.
Жобаны/бағдарламаны іске асырудың үшінші жылы ішінде Scopus және Web of Science беделді дерекқорларында индекстелетін отандық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда ғылыми мақалалар бар, қорғау құжаттары алынды, енгізу актілері немесе әдістемелік ұсынымдар немесе ғылыми өнімдер бар. Жоба аясында жарияланған ғылыми басылымдарға зерттеушілер дәйексөз келтірді (Google Schoolar, Scopus, Web of Science мәліметтері бойынша".

Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы)



Мықты тұстары



Әлсіз тұстары



      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________

      Кешенді/комиссиялық сараптама үшін

      Сараптамалық топтың төрағасы _____________________

      Сараптамалық топтың хатшысы_____________________

      Сараптамалық топтың мүшелері_____________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Ғылыми зерттеулерді гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есеп, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың қорытынды есебі бойынша сарапшының қорытындысы

      ________________________________________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің жеке тіркеу нөмірі мен атауы)

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балл
(0-ден 9-ға дейін)

Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері

1.

Алынған нәтижелердің жаңашылдығы


(7-9 балл)
Түбегейлі жаңа нәтижелер, жаңа теория алынды, жаңа заңдылық ашылды; феномен жаңаша немесе алғаш рет зерделенді: мазмұн құрылымы, оның мәні ашылды. Нәтижелердің жаңалығы библиографиялық базалардың бірінші квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып) кемінде бір мақаламен расталды. Түбегейлі жаңа өнім шығаруға мүмкіндік беретін түбегейлі жаңа құрылғы, тәсіл ойлап шығарылды. Өнертабыс патенттелген немесе патентке қабілетті.

(4-6 балл)
Кейбір жалпы заңдылықтар, әдістер алынды, белгілі фактілер арасында жаңа байланыс табылды, қолда бар білімнің айқынсыздығын айтарлықтай азайтқан жаңа ақпарат алынды, жаңа объектілерге белгілі ережелерді тарату нәтижесінде тиімді шешім табылды. Процесті, әдісті және (немесе) әзірлемені айтарлықтай түбегейлі жетілдіру жүргізілді, ішінара ұтымды түрлендіру (жаңашылдық белгілерімен) жүргізілді. Нәтижелердің жаңашылдығын библиографиялық базалардың алғашқы үш квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып) кемінде бір мақаламен расталды.

(0-3 балл)
Нәтиже қарапайым жалпылау, факторлардың байланысын талдау, жаңа объектілерге белгілі қағидаттарды тарату негізінде алынды. Жекелеген факторларға, бұрын алынған нәтижелердің таралуына сипаттама, реферативтік шолулар берілді.

2.

Ғылыми пысықталу деңгейі


(7-9 балл)
Күрделі теориялық есептеулерді орындау, кейіннен статистикалық өңдей отырып, бірнеше параллельдерде эксперименттік деректердің үлкен көлемінде тексеру.

(4-6 балл)
Есептеудің күрделілігінің төмендігі, эксперименттік деректерді аз көлемде тексеру.

(0-3 балл)
Теориялық есептеулер қарапайым, эксперимент жүргізілмеген.

3.

Нәтижелерді пайдаланудың перспективалылығы


(7-9 балл)
Жоба нәтижелері көптеген ғылыми бағыттарда қолданыс таба алады, әлемдік ғылым үшін өте маңызды, ол библиографиялық базалардың бірінші квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып), кемінде бір мақаламен расталған. Коммерциялық әлеуеті бар: бәсекеге қабілетті тауар өнімдері шығаруға дайын, процестер немесе қызметтер енгізуге дайын.

(4-6 балл)
Алынған нәтижелердің Қазақстанның басым ғылыми бағыттары үшін маңызы бар, библиографиялық базалардың алғашқы үш квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып) кемінде бір мақаламен расталған. Нәтижелер жаңа техникалық шешімдерді әзірлеу кезінде пайдаланылады, Қазақстанда практикаға, өндіріске енгізу үшін әлеуетке ие.

(0-3 балл)
Нәтижелер кейінгі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді әзірлеу үшін пайдаланылады.

4.

Нәтижелердің аяқталғандығы


(7-9 балл)
Зерттеу нәтижелері халықаралық жетекші дәйексөз алу жүйелерінде (библиографиялық базаларда) индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдарда жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып жарияланды. Мақалалардың саны мен журналдардың деңгейі жобаға өтінімде жоспарланғанға сәйкес келеді. Нәтижелер зияткерлік меншік құқығымен қорғалған.

(4-6 балл)
Ұсынымдар, егжей-тегжейлі талдау, ұсыныстар берілді. Шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған, жетекші библиографиялық базалардың бірінде индекстелетін, жобаның жеке тіркеу нөмірі, сондай-ақ олар жарияланған журналдардың деңгейі көрсетілген мақалалар саны жобаға өтінімде жоспарланғаннан аз. Тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа арналған техникалық тапсырма бар.

(0-3 балл)
Ақпаратқа шолу, жинақтау жүргізілген, жетекші библиографиялық базалардың бірінде индекстелетін шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланбаған.

Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы)


Мықты тұстары


Әлсіз тұстары


      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________

      Кешенді/комиссиялық сараптама үшін

      Сараптамалық топтың төрағасы _____________________

      Сараптамалық топтың хатшысы_____________________

      Сараптамалық топтың мүшелері_____________________

      Толтырылған күні _________________________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыс бойынша сарапшының қорытындысы ________________________________________

      (Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісінің атауы)

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балл (1-ден 9-ға дейін)

Сарапшы/сараптамалық топ түсініктемелері

1.

Алынған әлемдік деңгейдегі нәтижелердің ғылыми жаңашылдық дәрежесі, жүргізілген зерттеулердің өзектілігі



2.

Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын әдіснаманы бағалау



3.

Зерттеудің негізгі нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау



4.

Жұмыстың ғылым мен техниканың дамуына қосар үлесін бағалау



5.

Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы)



Мықты тұстары



Әлсіз тұстары



      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарға, аралық есептерге және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасына арналған сараптамалық бағалау жүйесі

Шекті бағалау

Балл

Бағалау

Мықты және әлсіз тұстарын көрсетіп, бағалауды сипаттау

Жоғары

9

Ерекше

Әлсіз тұстары жоқ


8

Біртуар

Елеусіз әлсіз тұстары бар


7

Үздік

Кейбір елеусіз әлсіз тұстары бар

Орташа

6

Өте жақсы

Елеусіз әлсіз тұстары көп


5

Жақсы

Кейбір мықты тұстары және орынды әлсіз тұстары бар


4

Қанағаттанарлық

Кейбір мықты тұстары, бірақ маңызды бір әлсіз тұсы бар

Төмен

3

Әлсіз

Мықты тұстары аз және әлсіз тұстары көп


2

Қанағаттанарлықсыз

Мықты тұстары жоқ және маңызды әлсіз тұстары бар


1

Мүлдем қанағаттанарлықсыз

Мықты тұстары жоқ


0


Жоқ

      * Шекті бағаны анықтау (жоғары, орташа, төмен) келесі балл мәндеріне сәйкес жүргізіледі: жоғары – 28-36; орташа – 16-24; төмен - 12 және одан төмен.

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

"________________________" жобасы бойынша технологиялық сараптаманың сараптамалық (кешенді) қорытындысы

Р/с

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балдар
(1-ден 9-ға дейін)

Сарапшының түсіндірмесі
(барлық өлшемшарттар бойынша кемінде 500 сөз)

1. Өзектілігі

1.1

Әлемдік экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежесін бағалау



1.2

Ұлттық экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежесін бағалау



1.3

ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының ғылыми-техникалық прогресстің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау



1-өлшемшарт бойынша орташа балл


2. Жобаның ғылыми-техникалық әлеуеті

2.1

Жобаның ғылыми-техникалық жаңашылдығының, перспективалылығының, әзірлену дәрежесі



2.2

Өнімді (көрсетілген қызметті) нарықтағы аналогтарымен салыстырмалы бағалау



2.3

Жобада қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін іс-шаралардың технологиялық (техникалық) іске асырылуы



2-өлшемшарт бойынша орташа балл


3. Жобаның коммерцияландыруға даярлығы

3.1

ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының мақсатына жоспарланатын іс-шаралар арқылы қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалау



3.2

Жобаны іске асыру үшін команданың құзыреттілігінің жеткіліктілігі



3.3

Жобаны іске асыру жоспарланатын материалдық-техникалық базаны бағалау



3-өлшемшарт бойынша орташа балл


4. Техникалық және өндірістік тәуекелділіктің бағасы

4.1

Техникалық іске асырудың мүмкін еместігін қоса алғанда, техникалық/технологиялық шешімді енгізумен байланысты техникалық тәуекелдер



4.2

Қажетті шикізат базасының болмауын, экологиялық проблемаларды анықтауды қоса алғанда, өндірісті ұйымдастырумен байланысты өндірістік тәуекелдер



4-өлшемшарт бойынша орташа балл


Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша орташа балдардың қосындысы)


Мықты тұстары


Әлсіз тұстары


      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________

      Сараптаманың мерзімі __________________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

"____________________________________" жобасы бойынша экономикалық (маркетингтік) сараптаманың сараптамалық (кешенді) қорытындысы

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Балдар (1-ден 9-ға дейін)

Сарапшының түсіндірмесі (барлық өлшемшарттар бойынша кемінде 500 сөз)

1. Маркетингтік зерттеулер

1.1

Коммерцияландыруға ұсынылатын ҒҒТҚН-ды бизнестің қажет етуі



1.2

Өнімді/көрсетілетін қызметті мүдделі әлеуетті тұтынушылардың бар болуы



1.3

Географиялық, секторалдық және іске асыруға әсер ететін белгілер бойынша сәйкестендірілген өнімді/көрсетілетін қызметті сату үшін мақсатты нарықтың пысықталу сапасы



1.4

Нарық көлемі бойынша расталған деректердің бар болуы (Қазақстан мен әлемдік нарық шегінде)



1.5

Өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің қолданыстағы аналогтармен салыстырғандағы бәсекелестік артықшылықтары



1-өлшемшарт бойынша орташа балл


2. Жобаның экономикалық көрсеткіштері

2.1

Жобаның бизнес-үлгісін бағалау



2.2

Ұсынылған экономикалық көрсеткіштердің негізделуі, оның ішінде ұсынылатын өнімнің/ көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мен өткізу бағасының негізделуі



2.3

Ұсынылатын команда мүшелерінің санын тарту негізділігі



2.4

Шикізаттың, материалдардың және басқалардың қолжетімділігі



2-өлшемшарт бойынша орташа балл


3. Жобаны іске асырудың қаржылық жоспары

3.1

Жобаға сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің негізділігі



3.2

Жобаны іске асыру бойынша шығыстар сметасын бағалау



3-өлшемшарт бойынша орташа балл


4. Қоса қаржыландырудың бар болуы

4.1

Қоса қаржыландырудың бар болуы (әрбір 3 % қоса қаржыландыруға 1 балл қойылады, оның ішінде ең жоғары балл – 9


4-өлшемшарт бойынша орташа балл


Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша орташа балдардың қосындысы)


Мықты тұстары


Әлсіз тұстары


Жобаны қаржыландыруға ұсынылатын сома


      Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________

      Сараптаманың күні___________________________

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

_________________________ жобасы бойынша сараптаманың жиынтық қорытындысы

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Орташа балдар
(1-ден 9-ға дейін)

Сарапшылардың түсініктемелері

1-сарапшы

2-сарапшы

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





Мықты тұстары



Әлсіз тұстары



Жобаны қаржыландыруға ұсынылатын сома



Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы)



      Ұйымдастырушы _____________________________

      Сараптаманың күні __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады