"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша |
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс;
3) синопсис – жобаның өзіндік ойы мен идеялығын, сондай-ақ оның тақырыптық бағытқа (идеологиялық міндетке) және үміткердің аудиториялық көрсеткіштеріне сәйкестігін көрсететін мазмұнын баяндау (бір парақ шегінде);
4) үміткер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға өтінім берген заңды тұлға.
2-тарау. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі
3. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс (бұдан әрі – өңірлік тапсырыс) мынадай субъектілер түрлеріне:
1) мерзімді баспасөз басылымдарына;
2) теле -, радиоарналарға;
3) интернет-басылымдарға беріледі.
4. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырушы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы болып табылады (бұдан әрі – ұйымдастырушы);
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары үшін ұйымдастырушы облыс бойынша бірыңғай өңірлік тапсырысты орналастырады.
6. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ережесінің 15-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) құрады.
7. Ұйымдастырушы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған бірыңғай тізбесін қалыптастырады және жыл сайын 20 қарашадан кешіктірмей оны Өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырушға жыл сайын 10 қазанға дейін ұсыныстарын жолдайды.
8. Өңірлік комиссия ұйымдастырушының ұсыныстары негізінде жыл сайын 20 желтоқсанға дейін өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) қарауына жібереді.
9. Республикалық комиссия жыл сайын, 25 желтоқсанға дейін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін қарайды және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары тізбесінің өзектілігі жөнінде, мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттары және оның республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне сәйкестігі жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
10. Өңірлік комиссия өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі жөнінде ұсыныстар алған кезде оған өзгерістер енгізеді және жыл сайын, 10 қаңтарға дейін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін бекітеді және бекітілген өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары тізбесінің көшірмесін уәкілетті органға жібереді.
11. Өңірлік комиссия күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарын ескере отырып, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды Республикалық комиссияның қарауына енгізеді.
12. Республикалық комиссия ұсыныстарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарайды және ұсыныстар әзірлейді.
13. Өңірлік комиссия өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі жөнінде ұсыныстар алған кезде, оны алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне өзгерістер енгізеді және бекітілген өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттары тізбесінің көшірмесін уәкілетті органға жібереді.
14. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында оны орналастыру күніне дейін он бір жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарды орналастырады.
15. Өңірлік тапсырысқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабар орналастырылғаннан кейін келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінімді, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
Үміткер қоса берілген құжаттардың төлнұсқалығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
16. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды. Егер өтінім бар конвертте оны берген адам туралы ақпарат, сондай-ақ пошталық мекенжайы көрсетілсе, ұйымдастырушы аталған өтінімді үміткерге қайтарады.
Үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды.
17. Ұйымдастырушы:
1) қатысуға өтінімдері бар конверттерді қабылдайды;
2) өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны кері қайтарып алған кезде, қатысуға өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
18. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткенге дейін қабылданған өтінімдер жазбаша түрде кері қайтарылып алынады. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарлама үміткер қол қойған және мөрмен (ол болған кезде) бекітілген ұйымдастырушының атына еркін өтініш түрінде ресімделеді.
19. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұсыну мерзімі өткеннен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.
20. Өңірлік комиссия өтінімдер бар конверттерді тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарда көрсетілген мерзімде және орында алған кезде аудио және/немесе бейне тіркеуді қолдана отырып өтінімдер бар конверттерді ашады және ашу хаттамасын ресімдейді.
21. Қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына отырыста Өңірлік комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) Өңірлік комиссияның отырысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) Өңірлік комиссияның сандық құрамы, кворумның болуы;
3) белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауы, мекенжайлары.
22. Ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім мен құжаттар тізбесінің осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкестігі тексеріледі.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына отырыста Өңірлік комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
23. Өтінім мен құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келмесе, ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, хабарлама жібереді.
Үміткер хабарламаға сәйкес пысықталған өтінім мен құжаттар тізбесін оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
24. Бұрын ұсынылған өтінімге және құжаттар тізбесіне хабарламада көрсетілмеген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.
25. Ұйымдастырушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде үміткер пысықтаған өтінім мен құжаттар тізбесін қабылдайды, сондай-ақ Өңірлік комиссияның қарауына береді.
Хабарлама бойынша өтінім мен құжаттар тізбесі пысықталмаған кезде, өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады.
26. Барлық өтінімдер мен құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келсе, өңірлік тапсырысқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
27. Үміткер пысықтаған өтінім мен құжаттар тізбесін алған кезде Өңірлік комиссия екі жұмыс күнінен кешіктірмей өңірлік тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады, онда өңірлік тапсырысқа қатысуға жіберілген, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда белгіленген өтінім мен құжаттар тізбесін берген және осы Қағидалардың 25-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша жіберілмеген үміткерлерді айқындайды.
28. Өңірлік тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына отырыста Өңірлік комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері қол қояды.
29. Өңірлік комиссия өңірлік тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, отырыста:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес облыстар үшін;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау бойынша өңірлік тапсырыстың үміткерлерін бағалайды.
30. Жеңімпазды айқындау үшін шешуші өлшемшарт:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес облыстар үшін;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалауға сәйкес өңірлік тапсырыс үміткерлерінің шығармашылық ұсынысы болып табылады.
Шығармашылық ұсыныстың мәлімделген тақырыптық бағыттарға сәйкес келмеуі өңірлік тапсырысты алудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
31. Балдық бағалау нәтижелері бойынша Өңірлік комиссия бір тақырыптық бағыт бойынша өңірлік тапсырыс көлемін бір және/немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге бөледі.
Мерзімді баспаcөз басылымдары мен интернет-басылымдар арасындағы өңірлік тапсырыс бір тақырыптық бағыт жеңімпаздары арасында балдық бағалауға сәйкес әр жеңімпаздың жинаған балына пайыздық қатынаста бөлінеді.
32. Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру хаттамасы ресімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың алдын ала хаттамасы ресімделеді және отырыста Өңірлік комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Ұйымдастырушы өңірлік тапсырысты алмаған үміткерлерге қорытындылар хаттамасын қалыптастырғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылардың алдын ала хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, өңірлік тапсырысты беруден бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді.
33. Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұрын хабарлама жіберілген электрондық мекенжайға қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтарын ұсынады.
34. Ұйымдастырушы Республикалық комиссияның қарауына үміткерлердің шығармашылық ұсыныстарын және қорытындылардың алдын ала хаттамасының үзінді көшірмесін қоса бере отырып, қорытынды хаттамасы қалыптастырылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдер жібереді.
35. Республикалық комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және олардың құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Заңның 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтінімдер мен шығармашылық ұсыныс бойынша тиісті ұсынымдарды жібереді.
36. Қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтар болған кезде Өңірлік комиссия бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мынадай шешімдер қабылдайды:
1) үміткерлерден қорытындылардың алдын ала хаттамасына негізделген қарсылықтар келіп түскен кезде, қорытындылар хаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамаудың негіздемелері мен себептерін көрсете отырып, қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтарды қабылдамайды.
37. Шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың түпкілікті хаттамасы ресімделеді.
Қорытындылардың алдын ала хаттамасына Республикалық комиссияның ұсынымдары болған кезде Өңірлік комиссия бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың түпкілікті хаттамасында көрсетілген ұсынымдарды ескереді.
38. Қорытындылар хаттамасына Өңірлік комиссияның отырысында Өңірлік комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
39. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары өңірлік тапсырыс жеңімпаздарымен қорытындылар хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өңірлік тапсырысты өткізуге шарттар жасасады.
Келесі жылдың 1 қаңтарына дейін өңірлік тапсырысты өткізуге шарт жасалмаған кезде, шарттың қолданылуы ағымдағы қаржы жылына өңірлік тапсырысты орналастыруға бөлінген жылдық соманың төрттен бір бөлігінен аспайтын көлемде екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
40. Өңірлік тапсырыс мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) өңірлік тапсырысқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда;
2) егер өңірлік тапсырысқа қатысуға бірде бір үміткер жіберілмеген болса, орналастырылмады деп танылады.
41. Өңірлік тапсырыс орналастырылмады деп танылса, ұйымдастырушы осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өңірлік тапсырысты орналастыруды қайта жүзеге асырады.
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
________________ (ұйымдастырушының толық атауы) ________________ (субъектінің атауы) арасында өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер ________________ (ұйымдастырушының толық мекенжайы) мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе ________ жылғы сағат ________ дейін қабылдайды.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер мына ______________ мекенжай бойынша (мекенжайын толық көрсету) ______________ (күні мен уақытын көрсету) ашылады.
Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінім
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
(жеке тұлғалар үшін): ______________________;
2. Орналасқан жері: ________________________________________;
3. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;
4. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-басылымдар):__________________________________.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (мерзімді баспа басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-басылымдар үшін): _________________________________________.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (егер қатысушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса).
7. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы _________________________________________________________.
8. Электрондық мекенжайы _________________________________.
___________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
мөрдің орны (бар болған кезде)
20__ жылғы "__" ____________
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымша |
Өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі
1. Телеарналар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының және/немесе телерадио хабарларын тарататын операторлардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы телеарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудиовизуалды өнім жөнінде портфолио;
3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын өз өндірісіндегі контенттің апта сайынғы (соңғы екі тоқсандағы) хабар тарату көлемі туралы (пайыздық қатынасы және өз өнімінің тізбесі бар) растау хаты;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-басылымның болуын не болмауын растайтын құжат;
6) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын күн сайынғы өңірлік контенттің (соңғы айдағы) көлемі туралы растайтын хат (пайыздық арақатынасы және өнім тізбесі бар), өңірлік контент өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету болып табылады;
8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтиды. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.
Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы, өндіріс тілі, тұтыну аудиториясы, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуы және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасы, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
2. Радиоарналар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторымен шарт болмаған кезде, үміткердің берілген жиіліктерді пайдалану туралы растайтын құжаты үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;
3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-басылымның болуын не болмауын растайтын құжат;
4) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
5) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудио өнім жөнінде портфолио;
6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтилы. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.
Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасын, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
3. Мерзімді баспа басылымдары үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) газеттер үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама, журналдар үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы тоқсанда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспа басылымын шығарудың мерзімділігі туралы анықтама;
3) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын мерзімді баспа басылымының интернет-басылымы болуын немесе болмауын растайтын құжат;
5) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, журналдың әлеуметтік желілерде аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын өңірлік контенттің шығарылатын газет өнімінің көлемі туралы растау хаты (пайыздық арақатынаста алғанда және газет нөмірлерінің әрбір шығарылымының даналары бар), өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету өңірлік контент болып табылады;
8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын, оның ішінде ақпаратты берудің, ресімдеудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
4. Интернет-басылымдар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
2) арнайы веб-ресурстан интернет-басылымның мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы тасығышта (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, оны өзінің интернет-басылмында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімнің болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;
5) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес , жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын, оның ішінде ақпаратты берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуін және мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 4-қосымша |
Облыстар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
1-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1 адамнан 10 адамға дейін - 1 | |
11 адамнан 20 адамнға дейін - 2 | |||
21 адамнан 30 адамға дейін - 3 | |||
31 адамнан 40 адамға дейін – 4 | |||
41 және одан жоғары - 5 | |||
2 | Өз өндірісіндегі контенттің хабар таратуының апта сайынғы көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | |||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | |||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | |||
51% және одан жоғары - 5 | |||
3 | Шығарылған аудиовизуалды өнім | Телесериалдар |
1-ден 3-ке дейін – 1 |
Деректі фильмдер |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
Бағдарламалар |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
Бейнероликтер |
1-ден 10-ға дейін – 1 | ||
4 | Телеарнаның интернет-басылымы | жоқ - 0 | |
бар - 1 | |||
5 | Әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 10 000-ға дейін жазылушы - 1 | |
10 001-ден 20 000-ға дейін жазылушы - 2 | |||
20 001-ден 30 000-ға дейін жазылушы - 3 | |||
30 001-ден 40 000-ға дейін жазылушы – 4 | |||
40 001-ден 50 000-ға дейін жазылушы - 5 | |||
50 001-ден 60 000-ға дейін жазылушы -6 | |||
60 001-ден 70 000-ға дейін жазылушы – 7 | |||
70 001-ден 80 000-ға дейін жазылушы – 8 | |||
80 001-ден 90 000-ға дейін жазылушы - 9 | |||
90 001 жазылушы және жоғары - 10 | |||
6 | Өңірлік контенттің күн сайынғы көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | |||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | |||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | |||
51% және одан жоғары - 5 | |||
7 | Аудиовизуалды өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
2-тармақта өзі өндіретін контенттің апта сайынғы хабар тарату көлемі әртүрлі болса, соңғы екі тоқсандағы орташа арифметикалық мәні есепке алынады.
3-тармақта шығарылған аудиовизуалды өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудиовизуалды өнім болмаса нөл балл беріледі. 3-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады;
6-тармақта өңірлік контенттің күн сайынғы көлемі әртүрлі болса, есепке соңғы айдағы орташа арифметикалық мәні алынады.
Облыстар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты көрсетуге радиоарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
2-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Облыстардың аумағында радиоарнаның хабар таратуын аналогтік эфирлік хабар тарату арқылы қамту | 1 % - дан 10 % - ға дейін - 1 | |
11 % - дан 15 % - ға дейін - 2 | |||
16 % - дан 30% - ға дейін - 3 | |||
31 % - дан 40% - ға дейін - 4 | |||
41 %-дан бастап және жоғары - 5 | |||
2 | Радиоарнаның интернет-басылымы | жоқ - 0 | |
бар - 1 | |||
3 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 500-ге дейін жазылушы - 1 | |
501-ден 1 000-ға дейін жазылушы - 2 | |||
1 001-ден 1 500-ге дейін жазылушы - 3 | |||
1 501-ден 2 000-ға дейін жазылушы – 4 | |||
2 001-ден 2 500-ге дейін жазылушы - 5 | |||
2 501-ден 3000-ға дейін жазылушы - 6 | |||
3 001-ден 3500-ге дейін жазылушы – 7 | |||
3 501-ден 4000-ға дейін жазылушы – 8 | |||
4 001-ден 4 500-ге дейін жазылушы – 9 | |||
4 501 және одан көп жазылушы - 10 | |||
4 | Шығарылған аудио өнім | Радиобағдарламалар |
1-ден 3-ке дейін – 1 |
Аудиожинглер |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
5 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 10 адамға дейін - 1 | |
11-ден 15 адамға дейін – 2 | |||
16-дан 20 адамға дейін – 3 | |||
21-ден 30 адамға дейін – 4 | |||
31 және одан көп адам – 5 | |||
6 | Аудио өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
3-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
4-тармақта шығарылған аудио өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудио өнім болмаса, нөл балл беріледі. 4-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
Облыстар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау үшін мерзімді баспа басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау
3-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Газеттің жиынтық апталық таралымы | 100-ден 1000 данаға дейін - 1 |
1 001-ден 2 000 данаға дейін - 2 | ||
2 001-ден 3 000 данаға дейін - 3 | ||
3 001-ден 4 000 данаға дейін - 4 | ||
4 001-ден 5 000 данаға дейін - 5 | ||
5 001-ден 6 000 данаға дейін - 6 | ||
6 001-ден 7 000 данаға дейін - 7 | ||
7 001-ден 8 000 данаға дейін – 8 | ||
8 001-ден 9 000 данаға дейін – 9 | ||
9 001 дана және одан жоғары - 10 | ||
2 | Газеттің әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 1 000-ға дейін жазылушы - 1 |
1 001-ден 5 000-ға дейін жазылушы - 2 | ||
5 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы - 3 | ||
10001-ден 20 000-ға дейін жазылушы – 4 | ||
20 001-ден 25 000-ға дейін жазылушы - 5 | ||
25 001-ден 30 000-ға дейін жазылушы - 6 | ||
30 001-ден 40 000-ға дейін жазылушы – 7 | ||
40 001-ден 50 000-ға дейін жазылушы – 8 | ||
50 001-ден 60 000-ға дейін жазылушы – 9 | ||
60 001 және одан көп жазылушы - 10 | ||
3 | Газетті шығару мерзімділігі | Айына 2 рет - 1 |
Аптасына 1 рет - 2 | ||
аптасына 2 рет - 3 | ||
Аптасына3 рет - 4 | ||
аптасына 4 және одан көп - 5 | ||
4 | Журналдың жиынтық апталық таралымы | 100-ден 500 данаға дейін - 1 |
501-ден 1000 данаға дейін - 2 | ||
1001-ден 5000 данаға дейін - 3 | ||
5001-ден 10 000 данаға дейін – 4 | ||
10 001 және одан көп дана - 5 | ||
5* | Мерзімді баспа басылымының интернет-басылымы | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
6 | Журналдың әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | әлеуметтік желілер жоқ - 0 |
1-ден 300-ға дейін жазылушы - 1 | ||
301-ден 500-ге дейін жазылушы - 2 | ||
501-ден 1000-ға дейін жазылушы - 3 | ||
1001 және одан да астам жазылушы– 4 | ||
7 | Журналды шығару мерзімділігі | тоқсанына 1 рет - 1 |
2 айда 1 рет - 2 | ||
айына 1 рет - 3 | ||
айына 2 рет - 4 | ||
айына 3 рет - 5 | ||
8* | Мерзімді баспа басылымын есепке қою немесе қайта есепке қою мерзімі | 1 жылдан 3 жылға дейін – 1 |
4 жылдан 6 жылға дейін – 2 | ||
7 жылдан 9 жылға дейін – 3 | ||
10 жылдан 12 жылға дейін - 4 | ||
13 және одан астам жыл - 5 | ||
9* | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам адам - 5 | ||
10 | Газетте шығарылатын өнімдегі өңірлік контенттің көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | ||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | ||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | ||
51% және одан жоғары - 5 | ||
11* | Тақырыптық бағыттарды жарықтандыру жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
* газеттер мен журналдарға қолданылады;
1 және 4-тармақтарда бір ай, тоқсан ішіндегі мерзімді баспа басылымының жиынтық апталық таралымының саны әртүрлі болса, есепке қайсысы ең көп сол алынады;
2 және 6-тармақтарда әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады;
8-тармақта мерзімді баспа басылымы қайта есепке қойылса, есепке бастапқы есепке қою күні алынады;
10-тармақта газетте шығарылатын өнімдегі өңірлік контенттің көлемі әртүрлі болса, есепке соңғы айдағы орташа арифметикалық мәні алынады.
Облыстар үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау үшін интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау
4-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Кірушілер саны (бірегей пайдаланушылар) | айына 1-ден 80000-ға дейін - 1 |
айына 80001-ден 160000-ға дейін - 2 | ||
айына 160 001-ден 240000-ға дейін - 3 | ||
айына 240 001-ден 320000-ға дейін - 4 | ||
айына 320 001 және одан жоғары - 5 | ||
2 | Мобильді қосымшаның болуы немесе болмауы | жоқ-0 |
бар-1 | ||
3 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам адам - 5 | ||
4 | Бейне өнім шығарудың техникалық мүмкіндігі | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
5 | Әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 30 000-ға дейін жазылушы – 1 |
30 001-ден 60 000-ға дейін жазылушы – 2 | ||
60 001-ден 90 000-ға дейін жазылушы – 3 | ||
90 001-ден 120 000-ға дейін жазылушы – 4 | ||
120 001 және одан көп жазылушы – 5 | ||
6 | Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымша |
Республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс көрсетуге телеарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
1-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1 адамнан 10 адамға дейін - 1 | |
11 адамнан 20 адамнға дейін - 2 | |||
21 адамнан 30 адамға дейін - 3 | |||
31 адамнан 40 адамға дейін – 4 | |||
41 адам және одан да астам - 5 | |||
2 | Өз өндірісіндегі контенттің хабар таратуының апта сайынғы көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | |||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | |||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | |||
51% және одан жоғары - 5 | |||
3 | Шығарылған аудио өнім | Телесериалдар |
1-ден 3-ке дейін – 1 |
Деректі фильмдер |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
Бағдарламалар |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
Бейнероликтер |
1-ден 10-ға дейін – 1 | ||
4 | Телеарнаның интернет-басылымы | жоқ - 0 | |
бар - 1 | |||
5 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 100 000-ға дейін жазылушы - 1 | |
100 001-ден 300 000-ға дейін жазылушы – 2 | |||
300 001-ден 800 000-ға дейін жазылушы - 3 | |||
800 001-ден 1 000 000-ға дейін жазылушы – 4 | |||
1 000 001 және одан да астам жазылушы – 5 | |||
6 | Өңірлік контенттің күн сайынғы көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 | |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | |||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | |||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | |||
51% және одан жоғары - 5 | |||
7 | Аудиовизуалды өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
2-тармақта өзі өндіретін контенттің апта сайынғы хабар тарату көлемі әртүрлі болса, соңғы екі тоқсандағы орташа арифметикалық мәні есепке алынады.
3-тармақта шығарылған аудиовизуалды өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудио өнім болмаса нөл балл беріледі. 3-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады;
6-тармақта өңірлік контенттің күн сайынғы көлемі әртүрлі болса, есепке соңғы айдағы орташа арифметикалық мән алынады.
Республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты көрсетуге радиоарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
2-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау | |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | |||
1 | Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумағында радиоарнаның хабар таратуын аналогтік эфирлік хабар тарату арқылы қамту | 1 % - дан 10 % - ға дейін - 1 | |
11 % - дан 15 % - ға дейін - 2 | |||
16 % - дан 30% - ға дейін - 3 | |||
31 % - дан 40% - ға дейін - 4 | |||
41 % және одан да астам - 5 | |||
2 | Радиоарнаның интернет-басылымы | жоқ - 0 | |
бар - 1 | |||
3 | Әлеуметтік желінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 1 000-ға дейін жазылушы - 1 | |
1 001 - ден 3 000-ға дейін жазылушы - 2 | |||
3 001-ден 8 000-ға дейін жазылушы - 3 | |||
8 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы – 4 | |||
10 001 және одан да астам жазылушы - 5 | |||
4 | Шығарылған аудио өнім | Радиобағдарламалар |
1-ден 3-ке дейін – 1 |
Аудиожинглер |
1-ден 3-ке дейін – 1 | ||
5 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 10 адамға дейін - 1 | |
11-ден 15 адамға дейін – 2 | |||
16-дан 20 адамға дейін – 3 | |||
21-ден 30 адамға дейін – 4 | |||
31 және одан да астам адам – 5 | |||
6 | Аудио өнімдерді шығару жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
3-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
4-тармақта шығарылған аудио өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша шығарылған аудио өнім болмаса нөл балл беріледі. 4-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
Республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге мерзімді баспа басылымдарын айқындауға арналған балдық бағалау
3-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Газеттің жиынтық апталық таралымы | 1000-нан 3000 данаға дейін - 1 |
3001-ден 10 000 данаға дейін - 2 | ||
10 001-ден 20 000 данаға дейін - 3 | ||
20 001-ден 30 000 данаға дейін – 4 | ||
30 001 дана және одан жоғары - 5 | ||
2 | Газеттің әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 5 000-ға дейін жазылушы - 1 |
5 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы – 2 | ||
10 001-ден 15 000-ға дейін жазылушы - 3 | ||
15001-ден 20 000-ға дейін жазылушы – 4 | ||
20 001 және одан да астам жазылушы - 5 | ||
3 | Газетті шығару мерзімділігі | аптасына 1 рет - 1 |
аптасына 2 рет - 2 | ||
аптасына 3 рет - 3 | ||
аптасына 4 рет - 4 | ||
аптасына 5 және одан көп- 5 | ||
4 | Журналдың жиынтық апталық таралымы | 100-ден 2 000 данаға дейін - 1 |
2 001-ден 3 000 данаға дейін - 2 | ||
3 001-ден 4000 данаға дейін - 3 | ||
4 001-ден 5000 данаға дейін – 4 | ||
5 001 және одан көп дана - 5 | ||
5* | Мерзімді баспа басылымының интернет-басылымы | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
6 | Журналдың әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | әлеуметтік желілер жоқ - 0 |
1-ден 300-ға дейін жазылушы - 1 | ||
301-ден 500-ге дейін жазылушы - 2 | ||
501-ден 1000-ға дейін жазылушы - 3 | ||
1001 және одан да астам жазылушы – 4 | ||
7 | Журналды шығару мерзімділігі | тоқсанына 1 рет - 1 |
2 айда 1 рет - 2 | ||
айына 1 рет - 3 | ||
айына 2 рет - 4 | ||
айына 3 рет - 5 | ||
8* | Мерзімді баспа басылымын есепке қою немесе қайта есепке қою мерзімі | 1 жылдан 3 жылға дейін – 1 |
4 жылдан 6 жылға дейін – 2 | ||
7 жылдан 9 жылға дейін – 3 | ||
10 жылдан 12 жылға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам жыл - 5 | ||
9* | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам адам - 5 | ||
10 | Газетте шығарылатын өнімдегі өңірлік контенттің көлемі | 1% - дан 20% - ға дейін - 1 |
21%- дан 30% - ға дейін - 2 | ||
31%- дан 40% - ға дейін - 3 | ||
41%- дан 50% - ға дейін - 4 | ||
51% және одан жоғары - 5 | ||
11* | Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
* газеттер мен журналдарға қолданылады;
1 және 4-тармақтарда бір ай, тоқсан ішіндегі мерзімді баспа басылымының жиынтық апталық таралымының саны әртүрлі болса, есепке қайсысы ең көп сол алынады;
2 және 6-тармақтарда әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады;
8-тармақта мерзімді баспа басылымы қайта есепке қойылса, есепке бастапқы есепке қою күні алынады;
10-тармақта газетте шығарылатын өнімдегі өңірлік контенттің көлемі әртүрлі болса, есепке соңғы айдағы орташа арифметикалық мәні алынады.
Республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау үшін интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау
4-кесте
№ | Өлшемшарт | Бағалау |
1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер | ||
1 | Кірушілер саны (бірегей пайдаланушылар) | айына 1 - ден 500 000-ге дейін - 1 |
айына 500 001-ден 1 000 000-ға дейін - 2 | ||
айына 1 000 001-ден 2 000 000-ға дейін- 3 | ||
айына 2 000 001-ден 5 000 000-ға дейін – 4 | ||
айына 5 000 001 және одан да астам - 5 | ||
2 | Мобильді қосымшаның болуы немесе болмауы | жоқ-0 |
бар-1 | ||
3 | Техникалық, шығармашылық және журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамы (жиынтығында) | 1-ден 3 адамға дейін - 1 |
4-тен 6 адамға дейін - 2 | ||
7-ден 9 адамға дейін - 3 | ||
10-нан 12 адамға дейін - 4 | ||
13 және одан да астам адам - 5 | ||
4 | Бейне өнім шығарудың техникалық мүмкіндігі | жоқ - 0 |
бар - 1 | ||
5 | Әлеуметтік желісінің аккаунтына жазылушылар саны | 1-ден 50 000-ға дейін жазылушы – 1 |
50 001-ден 100 000-ға дейін жазылушы – 2 | ||
100 001-ден 200 000-ға дейін жазылушы – 3 | ||
200 001-ден 500 000-ға дейін жазылушы – 4 | ||
500 001 және одан да астам жазылушы – 5 | ||
6 | Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз? |
нашар - 0 |
Ескертпе:
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсының саны көп сол алынады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ Бұйрыққа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14886 болып тіркелген).
2. "Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16623 болып тіркелген).
3. "Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 19 маусымдағы № 222 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23128 болып тіркелген).
4. "Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25890 болып тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 479-НҚ бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33724 болып тіркелген).