Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 479-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 желтоқсанда № 33724 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 479-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

      1. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 06.11.2024 № 526-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 150 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22683 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңның 4-3-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14886 болып тіркелген) және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:

      "4) жыл сайын, 5 желтоқсанға дейін орталық мемлекеттік органдардан алдағы жылға арналған тақырыптық бағыттардың сұратады.".

      3. "Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23084 нөмірімен тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық бюджет есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтерінің құнын алгоритмін айқындайды.";

      осы Қағидаларға қосымша Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізіміне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізіміне
қосымша
  Республикалық деңгейде
бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау әдістемесіне
қосымша

Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Базалық бағасы

1

2

3

4

1.

Газетте ақпараттық материалдарды орналастыру (Bn)

см2

400

2.

Журналда ақпараттық материалдарды орналастыру (Bm)

см2

280

3.

Интернет-ресурста ақпараттық материалдарды орналастыру (Bi)

символ

38

4.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

39 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

5.

Ток шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

46 250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

6.

Ойын сауық шоуын әзірлеу және орналастыру (музыкалық, әзіл бағдарламалары) (Btv)

минута

85 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

7.

Реалити-шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

72 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

8.

Телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

60 812* (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

9.

Деректі фильмдерді әзірлеу (Btv)

минута

187 500

10.

Бейнероликті әзірлеу (Btv)

секунда

22 000

11.

Сериалды әзірлеу (Btv)

серия

8 000 000

12.

Радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Br)

минута

20 000

13.

Радиоарнада аудиороликті әзірлеу және орналастыру(Br)

секунда

580

      Ескертпе:

      * Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде жанрлар бойынша теледидарлық бағдарламаларды бөлу ескерілмесе, онда теледидарлық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру құны базалық болады (Btv).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады