БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысанды және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп" (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың нысаны (әрі қарай – нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп" статистикалық байқау нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 297 бұйрығына 1 қосымша"; |
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы |
Е. Еркинбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп" (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық) статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп" (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп" (индексі 1-ФК, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Статистикалық нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының дене шынықтыру және спорт саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері, республикалық, облыстық және қалалық жоғары спорт шеберлігі мектептері және республикалық олимпиадалық даярлау орталықтары (бұдан әрі – бөлімшелер) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жылына бір рет ұсынады.
3. Статистикалық нысанның 1-бөлімінде бөлімшелер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан барлық спорттық ғимараттары үшін есеп береді және олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, оқу-жаттығу жиындарын және дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, қолданыстағы, сондай-ақ қалпына келтірудегі, күрделі жөндеудегі, ғимараттар мен құрылыстар кешені құрамына кіретін, спорт түрлерінен жарыс ережелеріне жауап беретін, паспорттары немесе есеп карточкалары (жазықтық спорт ғимараттары) бар барлық меншік нысанындағы спорт ғимараттары көрсетіледі.
1-бөлімде 1-жол бойынша 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.15, 1.16, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20 -жолдарында бөлінген барлық спорт ғимараттары көрсетіледі.
1.1-жолда 1500 және одан көп орнымен мінбелері бар стадиондар кіретін ашық ғимараттар мен құрылыстар кешені есепке алынады (негізгі футбол ойнау алаңы, белгіленген жүгіру жолдары және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған орындар).
1.2-жолда спорт сарайлары көрсетіледі.
1.3-жолда спорттық ғимараттар кешені көрсетіледі.
1.4-жолда құрама командалардың оқу-жаттығу орталы көрсетіледі.
1.5-жолда спорттық кешендер көрсетіледі.
1.6-жолда көлемдері оқу-жаттығу процесінің талаптарына және спорт түрлері бойынша жарыстардың ережелеріне жауап беретін, жабық, жеке тұрған немесе жапсарлас салынған ғимараттар есепке алынады.
1.6.1 және 1.6.2-жолдарда жекелей футбол және жеңіл атлетикалық манеждер көрсетіледі.
1.6.3-жолда атты манеждер жеке көрсетіледі.
1.7-жолда шаңғы базалары көрсетіледі.
1.8-жолда есу базалары көрсетіледі.
1.9-жолда атқыштар тирлері көрсетіледі.
1.10-жолда ату алаңдары көрсетіледі.
1.11-жолда велотректер көрсетіледі.
1.11.1 және 1.11.2-жолдарда жабық және ашық велотректер жеке көрсетіледі.
1.12-жолда есу спорты бойынша жарыстары мен жаттығуларына арналған және арақашықтықты өлшеу және қайықтарға арналған бөлек жолдармен жабдықталған жасанды құрылымдар көрсетіледі.
1.13-жолда желкен спортымен айналысу үшін ірі су қоймасының жағалауындағы ғимараттар кешені көрсетіледі.
1.14-жолда пайдаланудың қауіпсіз шарттарын бір уақытта қамтамасыз ететін оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстарға арналған екпін алу биіктігі (әдетте, эстакада түрінде), жерге түсу биіктігі кіретін және қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталған көлемді ғимараттар көрсетіледі.
1.15-жолда барлық конькимен жүгіру стадиондары есепке алынады.
1.15.1 және 1.15.2-жолдарда жабық және ашық конькимен жүгіру стадиондары жеке көрсетіледі.
1.16-жолда барлық хоккей корттары есепке алынады.
1.16.1 және 1.16.2-жолдарда жабық және ашық хоккей корттары жеке көрсетіледі.
1.17-жолда волейбол, баскетбол, бадминтон, қалашықтар, теннис, қол добын ойнауға арналған, хоккей алаңдары (қораптар), тұрғындарға арналған дене шынықтыру-сауықтырумен айналысу үшін алаңдар, іс-қимыл ойындарына арналған кешендік алаңдар, футбол, регби, бейсбол, шөп үстіндегі хоккей, гольф, садақ ату алаңдары, стадиондардың жаттықтырушы (қосымша) футбол алаңдары есепке алынады.
1.17.1-жолда спорттық ядролар көрсетіледі.
1.17.2-жолда спорттық алаңдар (лукодром) көрсетіледі.
1.17.3-жолда алаңдар көрсетіледі.
1.17.4-жолда спорттық трассалар көрсетіледі.
1.18-жолда барлық теннистік корттар есепке алынады.
1.18.1 және 1.18.2-жолдарда жабық және ашық теннистік корттар жеке көрсетіледі.
1.19-жолда 200 және одан жоғары отырғызу орындармен мінбелері бар ипподромдар көрсетіледі.
1.20-жолда жүзу бассейндерінің 10х6 метрден кем емес көлемдері бар ашық және жабық ванналары есепке алынады.
1.20.1-жолда – 50 метрлік бассейндер көрсетіледі.
1.20.2-жолда – 25 метрлік бассейндер.
1.20.3-жолда – 25 метрден кем емес бассейндердің ванналары есепке алынады.
Табиғи су айдынында жабдықталған жүзу бассейндері есепке алынбайды.
1-1 бөлімде 11-жолда бөлінген спорт ғимараттары бойынша қосымша көрсеткіштер көрсетіледі.
11-жолда жаттығудың белгілі бір түріне арналған немесе әмбебап нысанда жабдықталған жабық ғимараттар есепке алынады.
11.1-жолда есепке алынатын спорт залдардың (спорт сарайлары мен кешендердегі залдар) ең кіші көлемі – 140 шаршы метр, биіктігі 5 метрден кем емес.
11.2-жолда жалпы білім беру мекемелерінің залдары, 11.3-жолда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы залдар, 11.4-жолда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының залдары, 11.5-жолда қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарының (спорт мектептері, спорт клубтары, қызығушылықтар бойынша клубтар) залдары, 11.6-жолда – кәсіпорындар мен мекемелер залдары көрсетіледі.
11.7-жолда жапсарлас спорттық залдар есепке алынады.
4. 2-бөлімде штаттық қызметкерлердің тізімдік санына, есеп беру кезеңінде ұйымдардың тізімдерінде есепке алынған, олардың қандай да болмасын бір кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, оқу орнының, спорттық ғимараттың, дене шынықтыру-спорттық ұйымның штаттық кестесінде қызметкердің лауазымы бекітілгеніне қарамастан, жеке меншік нысанынан тыс, дене шынықтыру және спорт саласының барлық штаттық қызметкерлері есепке алынады.
Есептік, есепке алу-жоспарлау, медициналық, техникалық жұмыскерлер, құқық (заңгерлер) саласының мамандары, персоналдарға қызмет көрсететіндер аптасына 24 сағаттан кем еңбекті сағаттап төлеу бойынша (қосымша істеу) жаттықтырушы-оқытушылар қоса атқару бойынша штаттық лауазымдағы адамдар есепке алынбайды.
Білімі туралы мәліметтер мамандандырылған (дене шынықтыру) оқу орнының толық курсын бітіру туралы дипломдардың негізінде толтырылады.
1.1-жолда жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері көрсетіледі.
1.2-жолда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары көрсетіледі.
1.3-жолда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары көрсетіледі.
1.4-жолда аптасына 24 сағат және одан артық жүктемесі бар, сағаттық төлеммен спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, оған қоса штаттық емес қор, абонементтер мен аударымдардан алынатын қаражаттар есебінен төлем жүргізілетін дене шынықтыруды даярлау балалар-жасөспірім клубтарындағы спорт түрлері бойынша үйірмелердің, тәрбиелеу орталықтарының басшылары, ақылы абонементтік топтардың жаттықтырушылары есепке алынады.
1.5-жолда спорт бойынша әдіскерлер көрсетіледі.
1.6-жолда спорт бойынша нұсқаушылар көрсетіледі.
1.7-жолда аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері, республикалық маңызы бар қалаларының және астананың, облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері көрсетіледі.
1.8-жолда спорттық клубтар, дене шынықтыру ұжымдары, ерікті спорт қоғамдары кеңестерінің, салалық дене шынықтыру-спорттық клубтарының қызметкерлері көрсетіледі.
1.9-жолда бөлімнің 1.1 – 1.8-жолдарында ескерілмеген дене тәрбиесі бойынша штаттық лауазымдағы тұлғалар есепке алынады.
5. 3-бөлімде осы бөлімнің тізбесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 251 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес (3-5 мектепке дейінгі жас, 6-13 жас балалар, 14-18 жасөспірімдер, 19-35 жастар жасы, 36-65 орта жас, 65+ ересек жас) көрсетілген халықтың барлық жастардағы топтарымен мекемелерде, кәсіпорындарда, бірлестіктерде және ұйымдарда жүргізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының барлық нысандары есепке алынады.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылданушылар санына таңдаған спорт түрімен немесе жаттығудың ұйымдасқан түрінде жалпы дене тәрбиесімен (білім беру мекемелерінде сабақ түрінде айналысудан басқа) аптасына 3 реттен кем емес, 6 жиынтық (академиялық) сағат айналысатын жеке тұлғалар кіреді.
1.1, 1.2, 1.3-жолдарда барлық бағандар бойынша спорттық базаның жеке меншік немесе жалға берілетін барлық типтердегі білім беру мекемелері өткізетін дене шынықтыру-спорттық жұмыстардың көрсеткіштері есепке алынады.
1.3.1-жолда спорт клубтары бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары көрсетіледі.
1.4-жолда дене тәрбиесі даярлығының балалар мен жасөспірімдер клубтары көрсетіледі.
1.5-жолда балалар мен жасөспірімдер клубтары көрсетіледі.
1.6-жолда ақпараттық жүйе (платформа) арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік спорттық тапсырыстар көрсетіледі.
1.7-жолда спорттық мекемелерде жүзеге асырылатын дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар есепке алынады.
1.7.1-жолда соның ішінде мүгедектігі бар спортшыларға арналған бөлімшелер көрсетіледі.
1.8-жолда спорт клубтары есепке алынады.
1.8.1, 1.8.2-жолдарда кәсіби және мүгедектігі бар спортшыларға арналған клубтар көрсетіледі.
1.9-жолда жеке немесе жалға берілетін спорт ғимараттарында жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар жүргізетін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар көрсетіледі.
1.10-жолда фитнес-клубтары көрсетіледі.
1.11-жолда ведомстволық спорт қоғамдары және спортты дамытуды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер көрсетіледі.
1.12-жолда басқа мекемелер мен ұйымдар, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт ұйымдары көрсетіледі.
6. 4-бөлімнің 4.1-тармағында балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің саны көрсетіледі.
Барлық бөлімнің 2-бағанында 1-бағаннан республикалық спорт мектептері бойынша деректер бөлініп көрсетіледі.
4.2-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1 бағанда спорт түрлері бойынша бөлімшелердің саны көрсетіледі.
4.3-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорттық-сауықтыру топтарының саны көрсетіледі.
4.4-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда алғашқы даярлау топтары бөлімшелерінің саны көрсетіледі.
4.5-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда оқу-жаттығу топтарының саны көрсетіледі.
4.6-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорттық жетілдіру топтарының саны көрсетіледі.
4.7-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда жоғары спорт шеберлігі топтарының саны көрсетіледі.
4.8-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде шұғылданатындардың саны көрсетіледі.
4.9-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде шұғылданатын 1-спорттық разрядты спортшылардың саны көрсетіледі.
4.10-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде шұғылданатын спорт шеберлігіне кандидат-спортшылардың саны көрсетіледі.
4.11-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде шұғылданатын спорт шебері-спортшылардың саны көрсетіледі.
4.12-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде шұғылданатын халықаралық дәрежедегі спорт шебері-спортшылардың саны көрсетіледі.
4.13-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде жұмыс істейтін жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
4.14-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде жұмыс істейтін штаттық жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
4.15-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде дене шынықтыру бойынша білімімен жұмыс істейтін штаттық жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
4.16-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептерінде дене шынықтыру бойынша жоғары білімімен жұмыс істейтін штаттық жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
4.17-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептеріндегі жоғары жаттықтырушылық санаты бар штаттық жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
4.18-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептеріндегі бірінші жаттықтырушылық санаты бар штаттық жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
4.19-тармақтағы Б бағанда спорт түрлері алфавиттік тәртіпте көрсетіледі, 1-бағанда спорт мектептеріндегі екінші жаттықтырушылық санаты бар штаттық жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
7. 5-бөлімнің 5.1-тармағында "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білімі бар есеп беру кезеңінде мамандандырылған спорттық мекемедегі мамандығы бойынша білімі бар барлық қызметкерлер есепке алынады.
5.2-тармақта спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылар құрамының біліктілік сипаттамасы көрсетіледі.
Б бағанында спорт түрлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылған спорт түрлерінің тізіліміне сәйкес алфавиттік тәртіпте көрсетіледі.
1-бағанда спорт түрі бойынша жаттықтырушылар-оқытушылардың жалпы саны көрсетіледі.
1-бағаннан 2, 3, 4-бағандарда біліктілік санатын беру туралы куәліктің негізінде спорт түрі бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың тиісті біліктілік санаттары көрсетіледі.
6,7-бағандарда 5-бағандағы штаттық жаттықтырушы-оқытушылардың жалпы санынан "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жоғары және орта білімі бар жаттықтырушы-оқытушылар саны есепке алынады.
Білімі туралы мәліметтер кәсіптік білім беру мекемесінің толық курсын аяқтағаны туралы құжаттардың негізінде толтырылады.
1-бағаннан 8-бағанда "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағы бар жаттықтырушылардың жалпы саны көрсетіледі.
5.3-тармақта есепті кезеңнің соңына сыныптар бойынша оқушылар саны көрсетіледі.
5.4-тармақта есепті оқу жылындағы оқуға қабылданған оқушылардың саны көрсетіледі.
5.5-тармақта Б бағанында алфавиттік тәртіппен спорт түрлері көрсетіледі, 1-бағанда – спорт түрлері бойынша бөлімшелер саны, 2-бағанда – спорт түрлері бойынша шұғылданушылар саны көрсетіледі.
5.6-тармақта есепті кезеңдегі оқушылар қозғалысы көрсетіледі.
1-жолдың 1-бағанында жаңадан қабылданған оқушылардың жалпы саны, ал 2-5-бағандарда спорттық разрядтар мен атақтар бойынша сапалық құрамы көрсетіледі.
2-жолдың 1-бағанында болашақ түлектердің саны, ал 2-5-бағандарда олардың спорттық разрядтары мен атақтары бойынша сапалық құрамы көрсетіледі.
3-жолдың 1-бағанында есепті кезеңдегі оқу орнын бітіргеннен кейін спорттық қызметті жалғастырып жүрген түлектердің саны көрсетіледі.
4-жолдың 1-бағанында есепті жылы оқу орнынан шығарылғандардың саны көрсетіледі.
5.7-тармақта "Жарыстарға қатысқан оқушылар саны, адам" кестесінде көрсетілген позициялар бойынша толтырылады:
5.8-тармақта Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамдарына қосылған спортшылар саны көрсетіледі:
1-бағанда негізгі құрамға қабылданған спортшылар саны көрсетіледі;
2-бағанда жастар құрамына қабылданған спортшылар саны көрсетіледі;
3-бағанда жасөспірімдер құрамына қабылданған спортшылар саны көрсетіледі.
5.9-тармақта есепті кезеңде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберіне үміткер, спорттың 1-разрядты спортшысы үшін бірыңғай спорттық жіктемелердің разрядтық жіктеуіштің талаптарын орындаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9881 болып тіркелген) бекітілген Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген) бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарға сәйкес көрсетіледі.
8. Статистикалық нысанның 6-бөлімін:
1) республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептері және олимпиадалық даярлау орталықтары;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының дене шынықтыру және спорт саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері облыстық, қалалық жоғары спорт шеберлігі мектептері және олимпиадалық резервті даярлау орталықтары үшін толтырады.
Бұл бөлімде мектептер мен орталықтардағы спорт түрлері, оқу топтарының саны, шұғылданушылар саны, даярланған спортшы-разрядшылар мен жаттықтырушылар саны көрсетіледі.
6.1-тармақтың Б бағанында жоғары спорт шеберлігі мектептері мен олимпиадалық даярлау орталығында дамытылатын спорт түрлері көрсетіледі.
1-бағанда спорт түрі бойынша бөлімшелер саны көрсетіледі.
2, 3-бағандарда оқу топтарының саны көрсетіледі.
6.2-тармақтың 1-бағанында ауыспалы құрамдағы шұғылданушы спортшылар саны көрсетіледі. 2-бағанда тұрақты құрамдағы шұғылданушылар саны көрсетіледі.
3, 4-бағандарда оқу топтарында шұғылданатын спортшылар саны (адам) көрсетіледі.
5-бағанда 2-бағанда көзделген тұрақты құрамдағы шұғылданушылар санынан әйелдер саны көрсетіледі.
6-бағанда 2-бағанда көзделген тұрақты құрамдағы шұғылданушылар санынан 17 жасқа дейінгі балалар саны көрсетіледі.
7-бағанда 2-бағанда көзделген тұрақты құрамдағы шұғылданушылар санынан 18-20 жастағы спортшылар саны көрсетіледі.
8-бағанда 2-бағанда көзделген тұрақты құрамдағы шұғылданушылар санынан 20 жастан асқан спортшылар саны көрсетіледі.
9-бағанда 2-бағанда көзделген тұрақты құрамдағы шұғылданушылар санынан 1 спорттық разряды бар және спорт шеберіне үміткер спортшылар саны көрсетіледі.
10-бағанда 2-бағанда көзделген тұрақты құрамдағы санынан спорт шеберлерінің шұғылданушылар саны көрсетіледі.
11-бағанда 2-бағанда көзделген тұрақты құрамдағы санынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің шұғылданушылар саны көрсетіледі.
6.3-тармақтың 1-бағанында есеп беру кезеңінде дайындалған спорт шеберлерінің саны көрсетіледі.
2-бағанда есепті кезеңде алғаш рет дайындалған халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің саны көрсетіледі.
3-бағанда есепті кезеңде халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын дәлелдеген спорт шеберлерінің саны көрсетіледі.
4-бағанда Қазақстан Республикасының жастар, жасөспірімдер құрама командаларына үміткерлердің саны көрсетіледі.
5-бағанда Қазақстан Республикасының құрама командаларына үміткерлердің саны көрсетіледі.
6.4-тармақтың 1-бағанында мектепке дене шынықтыру-спорт ұйымдарынан қабылданған спортшылардың жалпы саны көрсетіледі.
1-бағаннан 2, 3, 4, 5-бағандарда спорт шеберлігіне үміткерлердің, спорт шеберлерінің және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің саны көрсетіледі.
6-бағанда есепті кезеңде мектептен шығып кеткен спортшылар саны көрсетіледі.
6.5-ішкі бөлімнің "Барлығы" 1-бағанында мектептің, орталықтың барлық жаттықтырушылар құрамы есепке алынады.
2, 3, 4-бағандарда біліктілік санатын беру туралы куәліктің негізінде спорт түрінен жаттықтырушылардың тиісті біліктілік санаттары көрсетіледі.
7-бағанда штаттық жаттықтырушылардың саны көрсетіледі.
6.6-тармақтың 1-бағанында мектептің штаттық әкімшілік кадрларының саны көрсетіледі.
1-бағаннан 2, 3-бағандарда жоғары білімі бар кадрлар саны және әйел адамдардың саны көрсетіледі.
9. Статистикалық нысанның 7-бөлімінде дене шынықтыру ұжымдарындағы спорт секцияларының саны, сонымен бірге шұғылданатын спортшылардың және жаттықтырушылардың саны туралы мәлімет есепке алынады.
1-бағанда спорт түрі бойынша секциялардың жалпы саны есепке алынады.
1-бағаннан 2-бағанда ауылдық жердегі спорт түрі бойынша секциялардың саны көрсетіледі.
3-бағанда спорт түрлерінен секцияларда аптасына кемінде 6 сағат шұғылданатын адамдар саны, спорт түрлері секциясының сабақ кестесінің жұмыс журналына сәйкес есепке алынады, бұл ретте әрбір шұғылданатын адам тек бір ғана секция бойынша есептеледі.
4-бағанда 3-бағанның спорт түрлері бойынша секцияда жалпы шұғылданатын адамдардың жалпы санынан ауылдық жерде спорт түрлері бойынша секцияда шұғылданатын адамдар саны көрсетіледі.
5-бағанда спорттан сабақ өткізетін жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушылардың жалпы саны, оның ішінде штаттық жаттықтырушылар, аптасына кемінде 24 сағат еңбекақымен сағаттық жұмысты қоса атқаратындар және қоғамдық негізде жұмыс істейтіндер көрсетіледі.
5-бағаннан 6-бағанда ауылдық жерде жұмыс істейтін жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың саны көрсетіледі.
7-бағанда дене-шынықтыру ұжымдарының, спорт клубының, кәсіби комитеттің ұжымындағы штаттағы сабақ өткізетін жаттықтырушы-оқытушылардың немесе аптасына 24 сағаттан артық жүктемемен сағаттық еңбекақы төлеудегі жаттықтырушы-оқытушылардың саны көрсетіледі.
7-бағаннан 8-бағанда ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың саны көрсетіледі.
2-тармақта Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмеген спорт түрлері көрсетіледі.
2.1-тармақта ұлттық спорт түрлері көрсетіледі.
2.2-тармақта техникалық спорт түрлері көрсетіледі.
2.3-тармақта мүгедектігі бар спортшыларға арналған спорт түрлері көрсетіледі.
2.4-тармақта жаңа спорт түрлері көрсетіледі.
10. 8-бөлімнің 8.1-тармағында спорттық мекемелердің және кәсіпорындардың қаржыландырылуы көрсетіледі.
1-бағанда Б бағанына сәйкес келетін ұйымдардың жалпы саны көрсетіледі.
2-бағанда көрсетілген ұйымдардың есепті жылдағы қаржыландырудың жалпы көлемі көрсетіледі.
3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарда 2-бағанда көрсетілген қаржыландырудың жалпы көлемінен ұйымның негізгі шығыстары көрсетіледі.
9-бағанда 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандарға енгізілмеген басқа қажеттіліктерге шығыстары көрсетіледі.
10, 11-бағандарда ақылы қызмет көрсету, оның ішінде негізгі қызметтен де түскен қаражаттар көрсетіледі.
11. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 1-бөлім:
1-жол = 1.1-1.22-жолдар ∑;
1.6-жол = 1.6.1 – 1.6.3-жолдар ∑;
1.11-жол = 1.11.1 – 1.11.2-жолдар ∑;
1.15-жол = 1.15.1 – 1.15.2-жолдар ∑;
1.16-жол = 1.16.1 – 1.16.2-жолдар ∑;
1.17-жол = 1.17.1 – 1.17.4-жолдар ∑;
1.18-жол = 1.18.1 – 1.18.2-жолдар ∑;
1.20-жол = 1.20.1 – 1.20.3-жолдар ∑;
1-баған = 2, 3, 4 ∑;
2) 2-бөлім:
"Барлығы" деген жол = 1.1-1.9-жолдар ∑;
1-баған = 4, 6 ∑;
3) 3-бөлім:
1-жол = 1.1 – 1.11-жолдар ∑;
2-баған = 5, 7, 9, 11-бағандар ∑;
4) 8-бөлім:
2-баған = 3, 4, 5, 6 ,7, 8,9-бағандар ∑;
9-баған = 2-баған – (3-8)-бағандар ∑.