"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 19 қарашадағы № 401 Бұйрыққа 1-қосымша |
Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 3)-тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сараптау (бұдан әрі – сараптау) – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің түпнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;
3) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.
2-тарау. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
3. Одаққа кірмейтін елдерден асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13760 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Сараптама жүргізу қағидасы) сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
4. Мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешіміне (бұдан әрі – Шешім) және Заңға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің 4-тармағына сәйкес айқындалған кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады (Шешімінің № 14-қосымшасы).
5. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
6. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беріледі.
7. Әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарда толық емес немесе дәйексіз мәліметтер болса;
2) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптар сақталмаса;
3) тауар партиясы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарға сәйкес келмесе.
8. Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы дәлелді шешім осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде электрондық құжат нысанында беріледі.
9. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.
10. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) кезінде уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама Сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
11. Мемлекеттік бақылауды Шешімге және Заңға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің 4-тармағына сәйкес айқындалған кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады (Шешімінің №14-қосымшасы).
12. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкету кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
13. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беріледі.
14. Әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарда толық емес немесе дәйексіз мәліметтер болса;
2) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген талаптар сақталмаса;
3) тауар партиясы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарға сәйкес келмесе;
4) сыртқы сауда шартында (келісімшартта) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжатта белгіленген келісімшарт құны, құрамында бағалы монеталарды қоспағанда (тек асыл тастар қойылған немесе қойылмаған бағалы металдар 7118 сыртқы экономиканың қызметтік тауар номенклатурасы коды) металдар мен асыл тастардың қойылған түріндегі жалпы құнынан төмен болса.
15. Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы дәлелді шешім осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзім ішінде электрондық құжат нысанында беріледі.
16. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкетуге мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.
Бұйрыққа 2-қосымша |
Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 4)-тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу және әкету санкцияланбаған ашудан қорғалған контейнерлерде жүзеге асырылады.
3. Кимберлий процесінің хатшылығымен ақпарат алмасуды уәкілетті орган электрондық хабарлар жолымен жүзеге асырады.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификаты (Кимберлий процесінің сертификаты) (бұдан әрі – Кимберлий процесінің сертификаты) – өңделмеген табиғи алмастар топтамасын сертификаттау схемасының талаптарына сәйкес келеді деп сәйкестендіретін белгіленген нысандағы құжат;
2) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық уәкілетті орган;
3) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.
2-тарау. Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
5. Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасы аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде мемлекеттік кірістер органына Кимберлий процесінің сертификаты туралы (сертификат нөмірі, берілген күні және сертификаттың қолдану мерзімі көрсетілген) мәліметтер ұсынылады.
6. Көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе Кимберлий процесі сертификатының қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда өңделмеген табиғи алмастар топтамасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.
7. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу кезінде кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13760 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Сараптама жүргізу қағидасы) сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
8. Мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешіміне (бұдан әрі – Шешім) және Заңға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына асыл тастарды әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің 5-тармағына сәйкес айқындалған кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады (Шешімінің № 13-қосымшасы).
9. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін;
3) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының талаптарына сәйкес ресімделген мемлекет-экспорттаушының Кимберлий процесінің сертификатын ұсынады.
10. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беріледі.
11. Әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарда толық емес немесе дәйексіз мәліметтер болса;
2) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген талаптар сақталмаса;
3) тауар партиялары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарға сәйкес келмесе.
12. Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы дәлелді шешім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде электрондық құжат нысанында беріледі.
13. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу кезінде мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделмеген табиғи алмастарды кедендік декларациялау және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.
14. Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) кезінде кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама Сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
15. Мемлекеттік бақылауды Шешімге және Заңға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына асыл тастарды әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің 5-тармағына сәйкес айқындалған кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады (Шешімінің №13-қосымшасы).
16. Өңделмеген табиғи алмастарды әкету кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
17. Мемлекеттік бақылау актісі осы құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беріледі.
18. Әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарда толық емес немесе дәйексіз мәліметтер болса;
2) осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптар сақталмаса;
3) тауар партиялары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарға сәйкес келмесе.
19. Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы дәлелді шешім осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде электрондық құжат нысанында беріледі.
20. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мемлекеттік бақылау актісімен бір уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 84-1)-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Кимберлий процесінің сертификатын ресімдейді және береді.
21. Өңделмеген табиғи алмастарды әкетуге мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделмеген табиғи алмастарды кедендік декларациялаумен және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.