Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13760 болып тіркелді.

      "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, Қағидаларының 3-тармағы 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы "__" _________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 401
бұйрығымен бекітілген

Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының "Бейтарифтік реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген (бұдан әрі - Алқа шешіміне ережелер) асыл тастарды, бағалы металдары бар бағалы металдарды және шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тастар - табиғи алмастар, зубәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Асыл тастарға бірегей кәріптас түзілімдері теңестіріледі;

      2) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) - асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;

      3) асыл тастарды сәйкестендіру - асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеу;

      4) бағалы металдар - кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

      5) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі - зергерлік және басқа да бұйымдар) - бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

      6) өтініш беруші — асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізуге өтініммен жүгінген жеке немесе заңды тұлғалар;

      6-1) өтінім - техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылатын, берілетін және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын электрондық құжат;

      7) сынама — бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны;

      8) сынамалау - бағалы металдардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау;

      9) сынамалық таңба - зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгі;

      10) талдау — бұйым дайындалған метал мен оның қорытпасының химиялық құрамын, оның ішінде осы бұйымның бұзылуын қарастыратын әдістерді қолдану жолымен айқындау;

      11) таңбалау - зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу;

      12) уәкілетті орган - бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заннамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      13) уәкілетті ұйым — Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібі

      3. Өтініш берушілер уәкілетті ұйымға сараптаманы ерікті түрде жүргізу үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы жүгінеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған, атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдар сараптама жүргізуге қабылдауға жатпайды.

      5. Сараптама жүргізу үшін өтінім беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Өтінімде асыл тастар, зергерлік және басқа да бұйымдарда бар барлық ақаулар, олар жоқ болған жағдайда, тастардың түрін көрсетпей, жоқ тастардың (көздердің) саны көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Сараптама жүргізу үшін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды қабылдау уәкілетті ұйымның үйжайында өтініш беру қатысуымен жүзеге асырылады.

      8. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды қабылдау және беру кезінде өлшеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген сертификатталған таразыларда жүргізіледі:

      1) алтын, платина және платиналық топтағы металдар бұйымдары үшін - 0,01 граммға дейін, күміс - 0,1 граммға дейін;

      2) асыл тастар 0,01 каратқа дейінгі нақты өлшенеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сараптаманы уәкілетті ұйымның құрамында кемінде үш жұмыскерін тұратын комиссия жүргізеді. Комиссияны уәкілетті орган құрады.

      10. Сараптама мынадай жолмен жүзеге асырылады:

      1) Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар партиясының ілеспе құжаттарда, оның ішінде нормативтік техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігін салыстыру жолымен көзбен шолып қарап-тексеру;

      2) өлшеу;

      3) асыл тастарды сәйкестендіру;

      4) зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалық таста сынама инелерді және химиялық реактивтерді қолдана отырып сынамалау;

      5) қорытпаның рентгенофлуоресценттік (бақылау чекпен купелирендіру, потенциометриялық, химиялық) әдіспен химиялық құрамын анықтау.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Зергерлік және басқа да бұйымдарда бедердің сынама таңбасына ұқсастығын және белдісіне сәйкестігін белгілеу мақсатында сынама таңбаларының белгілерін тексеру сынама таңбаларының ерекше элементтерін салыстыру, оптикалық аспаптарды пайдалана отырып фотосуреттегі бедер бейнесін қарау жолымен жүргізіледі.

      12. Атаулы таңбаның тиістілігін және бұйымның өндірілу жылын анықтау мақсатында зергерлік және басқа да бұйымдардағы атаулы таңба белгілеріне тексеру бұйымдардағы атаулы таңбалардың белгілерін қарау және олардың атаулы таңба белгілерімен және/немесе бейнелерімен салыстыру жолымен жүргізіледі.

      13. Таңбалауға жататын бағалы металдардан жасалған бұйымдар үшін бейнеленген сынамалардың мынадай ең кіші мәндері белгіленеді:

      платина қорытпалары үшін - 850;

      алтын қорытпалары үшін - 375;

      палладий қорытпалары үшін - 500;

      күміс қорытпалары үшін - 750.

      14. Бағалы емес металдардан ажырайтын және (немесе) бөлінетін бөліктері бағалы металдар немесе бағалы емесе металдардан тұратын бөліктері бағалы металдардың үйлесімдігін білдіретін зергерлік және басқа да бұйымдар таңбалауға жатады.

      15. Жұп бұйымдар және (немесе) екі бірдей бөліктерден тұратын бұйымдар (сырғалар, ілмектер, темекі сауыттар) тиісті металдың немесе сынаманың негізгі таңбасымен екі бөлігінде де таңбаланады.

      16. Бұйымның екінші кезекті немесе қосымша бөліктері, егер олар ажырайтын және оңай бөлінетін, бұйымның негізгі бөлігіне дәнекерленбеген болса, тиісті сынаманың қосымша таңбасымен таңбаланады. Дәнекерленген және бөлінбейтін екінші кезекті және бір қорытпаны қосымша белшектері бар бұйымдар біртұтас бұйым ретінде қарастырылады және бұйымның негізгі бөлігіне ғана тиісті металдың және сынаманың негізгі таңбасымен таңбаланады.

      17. Бір бағалы металл бөлігінен тұратын, бірақ сынамасы әртүрлі бұйымдар негізгі бөлікке тиісті металдың және сынаманың негізгі таңбасымен, ал екінші кезекті және қосымша бөліктерге — тиісті металдың және сынаманың таңбасымен таңбаланады.

      18. Жеке бөліктері әртүрлі бағалы металдардан жасалған бұйымдар, негізгі бөлігіне тиісті металдың және сынаманың негізгі таңбасымен, екінші кезекті және қосымша бөліктеріне - тиісті металл және сынаманың таңбасымен таңбаланады.

      19. Екінші кезекті және қосымша бөліктерге қосымша таңбаны салу мүмкіндігі болмаған кезде осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, бұл таңба бұйымның негізгі бөлігіне негізгі таңбаның жанына қойылады.

      20. Таңбалауға ұсынылған бұйымдар және олардың жеке бөліктері мәлімделген сынамаға сәйкес келмеген жағдайларда, олар иесінің келісімімен жақын төменгі белгіленген сынама таңбасымен таңбаланады. Келісім болмаған кезде — бұйымдар иесіне таңбаланбаған түрде беріледі.

      21. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдар аккредиттеу аттестациясын алу кезінде берілетін уәкілетті ұйымдардың кодтары бар "Барыс басының" нышанын, "КZ" Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнелеу отырып, Қазақстан Республикасының бірегей сынама таңбасымен таңбаланады, олардың бедерлері уәкілетті органдарға беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Таңбалау әдісін таңдауды уәкілетті ұйым жүзеге асырады және ол ұсынылған бұйымдардың тізбесіне байланысты болады.

      23. Бағалы емес металдардан жасалған бөліктерде "металл" немесе ұқсас ("мет", "нерж", "stееl", "мельх") белгілері немесе механикалық соғып шығарылған немесе ойып жасалған металдың арнайы белгілері қойылады.

      24. Асыл тастардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы бұйымның тұтастығын бұзбайтын және олардың бүлінуіне жол бермейін әдістермен жүргізіледі.

      25. Зергерлік және басқа да бұйымдардың тұтастығын бұзбай сараптама жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қорытпа талдауын жүргізуге техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде бұйымды сараптамаға ұсынған адамның келісімін алу кажет.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Сараптама қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қойылған нысан бойынша сараптама қорытындысы қалыптасады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Сараптама бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      28. Сараптамалық қорытындыға "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасы бойынша бекітілетін Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізуді сұраймын.

      Сәйкестікке ____________________________________________________

      Өтініш берушінің заңды мәртебесі:

БСН Толық
атауы
Мекенжайы Есеп айырысу шоты (IBAN) Банктік сәйкестендіру коды (БСК) Телефон нөмірі Веб-сайт Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      Басшы туралы ақпарат:

ЖСН Тегі Аты Әкесінің аты
(бар болса)
Лауазымы Ұялы телефон Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

      Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар туралы мәліметтер:

Зергерлік және басқа да бұйымдардың атауы Саны,
дана
Салмағы, грамм Бағалы металл сынамасы (немесе болжамды сынама) Қойындылардағы асыл тастардың саны
(болған жағдайда)
Тауардың шығарылған жері Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, асыл тастар мен өңделмеген табиғи алмастар туралы мәліметтер:

Асыл тастардың атауы Саны, дана Салмағы, карат Тастардың қасиеттері Ескерту

1

2

3

4

5

6

      Өтініш берушінің ЭЦҚ - дан алынған деректер: _______

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты:___________.

  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Уәкілетті ұйымдардың кодтар бар "Барыс басының" нысанын, "KZ" Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнелеумен Қазақстан Республикасының бірегей сынама таңбасы



  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      (уәкілетті ұйымның атауы)

САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 324 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жыл "___" ________ бастап

      (Бірегей сәйкестендіру нөмірінің QR-коды)

      ____________________________

      (бірегей сәйкестендіру нөмірі)

      ӨТІНІШ БЕРУШІ

      (БСН / ЖСН, ұйымның атауы/Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы)

      ДАЙЫНДАУШЫ

      (елі, БСН, ұйымның атауы және мекенжайы)

      ИНВОЙС

      (берілген инвойс)

      БҰЙЫМ

      (бұйым саны, мәлімделген сынама)

      ӨТІНІМ

      (өтінім нөмірі мен күні)

      САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ

      (БСН және уәкілетті ұйымның атауы, ЖСН және Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) )

      САРАПТАМА ЖҮРГІЗДІ

      (бұйымдардың саны және атауы)

      САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚҰЖАТТАРҒА СӘЙКЕС

      (нормативтік құжаттардың атауы)

      САРАПТАМА АНЫҚТАЛДЫ

р/с№ Зергерлік және басқа да бұйымдардың атауы Саны, дана Салмағы, грамм Бағалы металдың (қорытпаның) атауы кірістіру Сынамасының сәйкестігі Салыным(саны, карат, тастың атауы) Атаулы таңба (сипаттамасы, тиесілігі) Тауардың шығуы Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


р/с
Асыл тастардың атауы Саны, дана Салмағы, карат Асыл тастың қасиеттері Ескерту

1

2

3

4

5

6

      САРАПТАМА (ӘДІСПЕН) ЖҮРГІЗІЛДІ

      (әдістің атауы)

      Комиссия мүшелерінің ЭЦҚ деректері: _______

      Комиссия мүшелерінің ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты:__________.

      ____________________________________________________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Құжат техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады