"Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қарашада № 35426 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналарға:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 7404 00 - мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 - алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 - қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 - қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 - құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 - химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін;

      Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 12 000 - өзге де арбаларды, 8607 19 100 1 - бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 - ілмектерді және өзге шынжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 - қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын), бұрын қолданыста болған теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның құбырларын, рельстерін, элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН 7302 коды – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7303 00 коды – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7304 коды – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), ЕАЭО СЭҚ ТН 7305 коды – дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм астам, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 коды – қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 коды – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының Көлік министрлігін және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша қажетті шараларды қабылдауы туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі 

О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 21 октября 2024 года № 370 "О некоторых вопросах регулирования вывоза лома и отходов черных и цветных металлов"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 29 ноября 2024 года № 406. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 ноября 2024 года № 35426

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 21 октября 2024 года № 370 "О некоторых вопросах регулирования вывоза лома и отходов черных и цветных металлов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 35281) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Ввести запрет сроком на шесть месяцев на вывоз с территории Республики Казахстан всеми видами транспорта:

      коды товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – коды ТН ВЭД ЕАЭС) 7404 00 - отходы и лом медные, 7602 00 - отходы и лом алюминиевые, 7802 00 000 0 - отходы и лом свинцовые, 8549 11 000 0 - отходы и лом свинцовых аккумуляторов, отработавшие свинцовые аккумуляторы, 8549 12 000 0 - прочие, содержащие свинец, кадмий или ртуть, 8549 13 000 0 - отсортированные по химическому типу и не содержащие свинец, кадмий или ртуть, 8549 14 000 0 - несортированные и не содержащие свинец, кадмий или ртуть, 8549 19 000 0 - прочие;

      код ТН ВЭД ЕАЭС 7204 - отходы и лом черных металлов, слитки черных металлов для переплавки (шихтовые слитки); бывших в употреблении труб, рельсов, элементов железнодорожного полотна и подвижного состава: коды ТН ВЭД ЕАЭС 7302 - изделия из черных металлов, используемые для железнодорожных или трамвайных путей, рельсы, контррельсы и зубчатые рельсы, переводные рельсы, крестовины глухого пересечения, переводные штанги и прочие поперечные соединения, шпалы, стыковые накладки и подкладки, клинья, опорные плиты, крюковые рельсовые болты, подушки и растяжки, станины, поперечины и прочие детали, предназначенные для соединения или крепления рельсов, код ТН ВЭД ЕАЭС 7303 00 - трубы, трубки и профили полые, из чугунного литья, код ТН ВЭД ЕАЭС 7304 - трубы, трубки и профили полые, бесшовные, из черных металлов (кроме чугунного литья), код ТН ВЭД ЕАЭС 7305 - трубы и трубки прочие (например, сварные, клепаные или соединенные аналогичным способом), с круглым сечением, наружный диаметр которых более 406,4 мм, из черных металлов, код ТН ВЭД ЕАЭС 7306 - трубы, трубки и профили полые прочие (например, с открытым швом или сварные, клепаные или соединенные аналогичным способом), из черных металлов, код ТН ВЭД ЕАЭС 8607 - части железнодорожных локомотивов или моторных вагонов трамвая или подвижного состава, за исключением бывших в употреблении элементов подвижного состава, ввозимых на территорию Республики Казахстан для ремонта и вывозимых обратно, а также вывозимых с территории Республики Казахстан для ремонта и ввозимых обратно автомобильным видом транспорта: коды ТН ВЭД ЕАЭС 8607 12 000 0 – тележки прочие, 8607 19 100 1 - бывшие в употреблении, 8607 19 100 9 - прочие, 8607 19 900 9 - прочие, 8607 21 100 9 - прочие, 8607 21 900 9 - прочие, 8607 29 000 0 – прочие, 8607 30 000 0 - крюки и прочие сцепные устройства, буфера, их части, 8607 99 800 0 – прочие.".

      2. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан обеспечить уведомление Министерства транспорта Республики Казахстан и Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан о принятии в пределах своей компетенции необходимых мер по обеспечению исполнения пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      3. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан;

      3) информирование Евразийской экономической комиссии о введении указанного в пункте 1 настоящего приказа запрета.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
К. Шарлапаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан