БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Шетелдік пайдаланушының әуе кемесінің халықаралық тұрақты емес ұшуын жүзеге асыруға рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
Рұқсат нөмірі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әуе кемесін пайдаланушының тіркеу мемлекетінің реттік кодын иелену арқылы, авиациялық әкімшіліктің ағылшын тіліндегі аббревиатурасынан, рұқсаттың реттік нөмірінен және берілген күнінен құралады.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) "электронды үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтінім және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші, 18 (он сегіз) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің дұрыстығын Заң талаптарына сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сенімділігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші:
шетелдік әуе тасымалдаушысын тіркеу мемлекеті тарапынан коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға арналған рұқсаттар;
тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуе тасымалдаушысы мәртебесінің болуын қарастырады.
Шетелдік әуемен тасымалдаушыға қатысты тасымалдауға құқық беру шарттары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер Заң талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік рәсімделеді немесе көрсетілетін қызметті алушы мен ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер сәйкес келмеген кезде Тізбеде көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанында жолданады.";
2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
Т. Ластаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік қызметтің атауы | Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру |
2. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті |
3. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, стационарлық абоненттік құрылғы арқылы |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күн |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
6. | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
8. | Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі | Тәулік бойы. Жұмыс күндері сағат 18.30-дан 9.00-ге дейін, сондай-ақ демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері қызмет телефон байланысы, электрондық пошта және авиациялық тұрақты телекоммуникациялық желі арқылы қашықтан (онлайн) көрсетіледі. |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылады: |
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады: |
11. |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, |
1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.gov.kz ("Азаматтық авиация комитетi" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде) интернет-ресурсында орналастырылған. |
"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі
1.2. | Мемлекеттік қызметтің атауы | Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру |
2. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті |
3.3. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады |
4.4. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күн |
5.5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) |
6.6. | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7.7. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
8.8. | Жұмыс кестесі |
1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
9.9. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылады: |
10.10. | Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебі көрсетілген жауапты жолдайды: |
11.11. |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер бөлімшесінде"). |
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 396 Бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы |
Комитет гражданской авиации |
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________
1.________________________________________________________________________
авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании
__________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
заңды мекенжайы/юридический адрес
3.________________________________________________________________________
шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения иностранного перевозчика
4. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді
Свидетельство выдано "___" _____________ 20__
5. Куәлік 2 жылға дейін жарамды
Срок действия свидетельства 2 года
__________________________________________________________________________
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ответственное лицо уполномоченного органа
в сфере гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)