"Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 және "Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 желтоқсанда № 35444 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Шетелдік пайдаланушының әуе кемесінің халықаралық тұрақты емес ұшуын жүзеге асыруға рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

      Рұқсат нөмірі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әуе кемесін пайдаланушының тіркеу мемлекетінің реттік кодын иелену арқылы, авиациялық әкімшіліктің ағылшын тіліндегі аббревиатурасынан, рұқсаттың реттік нөмірінен және берілген күнінен құралады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) "электронды үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтінім және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші, 18 (он сегіз) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің дұрыстығын Заң талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сенімділігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші:

      шетелдік әуе тасымалдаушысын тіркеу мемлекеті тарапынан коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға арналған рұқсаттар;

      тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуе тасымалдаушысы мәртебесінің болуын қарастырады.

      Шетелдік әуемен тасымалдаушыға қатысты тасымалдауға құқық беру шарттары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер Заң талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік рәсімделеді немесе көрсетілетін қызметті алушы мен ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер сәйкес келмеген кезде Тізбеде көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанында жолданады.";

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
Т. Ластаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 396 Бұйрығына
1-қосымша
  Халықаралық тұрақты
емес ұшуды орындауға
рұқсаттар беру және оны
беруден бас тарту
негіздерінің қағидаларына
2-қосымша

"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік қызметтің атауы

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

3.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, стационарлық абоненттік құрылғы арқылы

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күн

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

6.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет көрсету нысаны: Электронды/қағаз түрінде

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

8.

Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі

Тәулік бойы. Жұмыс күндері сағат 18.30-дан 9.00-ге дейін, сондай-ақ демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері қызмет телефон байланысы, электрондық пошта және авиациялық тұрақты телекоммуникациялық желі арқылы қашықтан (онлайн) көрсетіледі.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылады:
1) өтінім:
2) пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) көшірмесі;
3) әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің көшірмесі;
5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің көшірмесі;
6) жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымының тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының көшірмесін;
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.
Мемлекеттік қызметтерді аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арнасы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға ұсынылады:
1) өтінім:
2) пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) электронды көшірмесі;
3) әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің электронды көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің электронды көшірмесі;
5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
6) жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) электронды көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының электронды көшірмесін;
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарға сәйкес келмеуі.

11.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып,
электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптарды қоса алғанда

1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.gov.kz ("Азаматтық авиация комитетi" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде) интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.
3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 800 080 7777, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 396 Бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі

1.2.

Мемлекеттік қызметтің атауы

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

3.3.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
(қолжетімдік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

4.4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күн

5.5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

6.6.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызметті көрсету нысаны: электронды

7.7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

8.8.

Жұмыс кестесі

1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

9.9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылады:
1) өтініш:
2) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;
5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;
6) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) сәйкес, авиажолаушылар туралы берілгендерді өңдеу үшін ақпараттық жүйеге ақпаратты беруге дайындығын растайтын,
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығымен бекітілген Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12545 болып тіркелген) сәйкес, "E-Freight" жүйесіне әуе кемелер туралы ақпаратты беру туралы,
қызметті алушының кепіл хатының электронды көшірмесі;
8) пайдаланушы куәлігінің және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерінің электронды көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің электронды көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып, пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;
10) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификатының электронды көшірмесі;
11) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауаптылығының сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
12) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың электронды көшірмесі. Жеке басты куәландыратын құжаттар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10.10.

Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебі көрсетілген жауапты жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңмен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11.11.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып,
электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптарды қоса алғанда

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер бөлімшесінде").
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болуы шартында электронды нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде нашар көретіндерге нашар көретіндерге версия қолжетімді
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі бойынша ақпаратты алыс жердегі қолжетімділік режимінде порталда "жеке кабинет" арқылы көрсетілетін қызмет берушінің анықтамасы арқылы, және Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 396 Бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы
көлік министрлігі Азаматтық
авиация комитеті



 

Комитет гражданской авиации
Министерства транспорта
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________

      1.________________________________________________________________________

      авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании

      __________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      заңды мекенжайы/юридический адрес

      3.________________________________________________________________________

      шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения иностранного перевозчика

      4. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді

      Свидетельство выдано "___" _____________ 20__

      5. Куәлік 2 жылға дейін жарамды

      Срок действия свидетельства 2 года

      __________________________________________________________________________

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ответственное лицо уполномоченного органа

      в сфере гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады