БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33009 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидалары мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Қорға ТМККК бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша алдыңғы жылдың қордың міндеттемелерін орындауы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. |
Т. Султангазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі