Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33009 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-3-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 121 бұйрығына
қосымша

Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидалары

      1. Осы Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау және нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-3-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың қызмет нәтижелерін алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына нысаналы жарна (бұдан әрі - нысаналы жарна) - республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер:

      5-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;

      5-2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар түрінде;

      5-3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін;

      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

2 - тарау. Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібі

      3. Жоспарлау процесінің қатысушылары:

      1) уәкілетті орган;

      2) нысаналы жарна бойынша шығыстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс органы болып табылатын қор.

      4. Қор жоспарланатын үшжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде нысаналы жарна бойынша шығыстар бойынша ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.

      5. Уәкілетті орган:

      тиісті жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:

      1) Қордан алынған нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттілік ұсыныстарын негізділігі, Қазақстан Республикасының заңнамасына, денсаулық сақтауды дамыту басымдықтарына, нысаналы индикаторларға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген нәтиже көрсеткіштеріне және уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкестігі тұрғысынан қарау және талдауды;

      2) уәкілетті органның даму жоспары жобасының, ведомстволық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарламалар жобасының, уәкілетті органның даму жоспары жобасының мақсаттарына және нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілік есебінің құрамында алдағы үш жылдық кезеңге арналған нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуді;

      ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар уәкілетті органның даму жоспарының жобасы құрамында бюджеттік өтінімді және алдағы үш жылдық кезеңге арналған нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттіліктің бюджеттік бағдарламалар жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуді қамтамасыз етеді.

      6. Қор ұсынған болжамды қажеттілік уәкілетті орган жеткізген нысаналы жарна бойынша бюджет қаражатының лимиттеріне сәйкес келмеген жағдайда, лимиттер жеткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттілікті уәкілетті органға қайта ұсынады.

      7. ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу үшін нысаналы жарна қаражатын жоспарлау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-290/2020 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21844 болып тіркелген).

      8. Заңның 26-бабының 1-тармағында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түріндегі нысаналы жарна қаражатын жоспарлау:

      1) Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың алдыңғы үш жыл кезеңіндегі орташа жылдық саны "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелді) сәйкес 4-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" "мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ уәкілетті органға ай сайынғы нысан негізінде ұсынылады;

      2) Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланған кезеңге қорға төленуге жататын МӘМС-ға мемлекет жарналарының мөлшерінде;

      3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізінде жүзеге асырылады.

      Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі әрбір болжанатын жылға арналған нысаналы жарна мынадай формула бойынша есептеледі:


мұндағы:

– Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген i+k жылға арналған адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік саны мына формула бойынша есептеледі:


      мұндағы

      i- ағымдағы жыл;

      k=1,2,3;


Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың i+k-1 жылға арналған болжамды жылдық орташа тізімдік саны;

      Қ өсім – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың соңғы үш жылдағы орташа өсу қарқыны, ол формула бойынша айқындалады:

      Қ өсім

онда:

Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалардың ағымдағы жылдың алдындағы жылдағы жылдық орташа тізімдік саны есептелетін жылдың он екі айындағы орташа ретінде есептеледі;

Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалардың ағымдағы жылдың үш жылының алдындағы жылдағы жылдық орташа тізімдік саны есептелетін жылдың он екі айындағы орташа ретінде есептеледі;

– мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын болжанатын қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшерін;

– Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланатын кезеңге i+k жылы үшін Қорға төленуге жататын МӘМС-ға мемлекет жарналарының мөлшері;

      m – мемлекеттің МӘМС жарналарын қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлар саны.

      9. МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін нысаналы жарна қаражатын жоспарлау кезінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне есеп айырысу жүргізіледі:

      1) Заңның 27-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген адамдарға соңғы үш жылда МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер санының орташа өсу қарқынын ескере отырып, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды саны;

      2) МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды санына "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тарифтер жүргізу жолымен шығыстар сомасы.

      10. Нысаналы жарнаны қалыптастыру осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарында айқындалған қаражат сомаларын жинақтау жолымен жүзеге асырылады.

      11. Бөлінген бюджет шегінде нысаналы жарна бойынша жылдық көлемді нақтылау (түзету) қажет болған кезде Қор Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ұсыныстарды уәкілетті органға жібереді.

      Бөлінген бюджет шегінде нысаналы жарна сомаларын нақтылау (түзету) жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарайды.

3-тарау. Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі

      12. Нысаналы жарна сомасының көлемі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде айқындалады.

      13. Республикалық бюджет бекітілгеннен кейін Қор уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру кезінде есепке алу үшін бағыттар бойынша сомаларды көрсете отырып нысаналы жарнаның жылдық сомасын ай сайын бөлу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар түрінде;

      3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін.

      Нысаналы жарнаның жылдық сомасын айлар бойынша бөлуді қор аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімдерін ескере отырып, төлемдерді жүзеге асыру мерзімдерін негізге ала отырып жүзеге асырады.

      14. Нысаналы жарнаны пайдалану процесінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажет болған кезде Қор ағымдағы айдың 5-іне дейінгі мерзімде уәкілетті органға міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жібереді.

      Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      15. Уәкілетті органның нысаналы жарнаны аударуы төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айының 20-на дейін) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі қордың шотына ай сайын жүзеге асырылады;

      Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25 күніне дейін жүзеге асырылады.

4-тарау. Нысаналы жарнаны пайдалану жөніндегі есептілік

      16. Қор тоқсан сайын уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес нысаналы жарнаны пайдалану жөніндегі есептерді уәкілетті органға ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады