БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 70-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық, даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 484 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы "____"_____ №____ бұйрығына қосымша |
Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 70-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу
3. Азаматтық қорғаныс мүліктері бейбіт және соғыс уақытында қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының әсерінен және қауіпті заттардың шағарылуына байланысты төтенше жағдайлардан халықты қорғау үшін сатып алынады.
4. Азаматтық қорғаныс мүліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады.
3-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру
5. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру азаматтық қорғаныс жоспарларында көрсетілген қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданудың ықтимал жағдайын, ал тиісті аумақта төтенше жағдай қаупі туындаған және төнген кезде - төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын есепке алып айқындалады.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 1-10 желтоқсаны аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту, әзірлікте ұстау, есептен шығару және кәдеге жарату жөніндегі ақпаратты береді.
4-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін пайдалану
7. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын азаматтық қорғаныс мүліктің, тікелей мақсаты бойынша қолданылады.
8. Азаматтық қорғаныс мүлкін соғыс уақытында пайдалану азаматтық қорғаныс жоспарында белгіленеді.
Азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт уақытта пайдалану төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында белгіленеді.
9. Азаматтық қорғаныс жоспарларында және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері, мерзімдері, саны және объектілер бойынша бөліп беру кезектілігі, қоймалардан алуға және беру пункттеріне жеткізуге жауапты адамдар, азаматтық қорғаныс мүлкін беруді, өлшеміне келтіру және тексеруді ұйымдастыру, тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету тәртібі айқындалады.