Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11587 тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 70-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.12.2024 № 484 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы № 510
бұйрығымен бекітілді

Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.12.2024 № 484 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 70-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

2-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу

      3. Азаматтық қорғаныс мүліктері бейбіт және соғыс уақытында қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының әсерінен және қауіпті заттардың шағарылуына байланысты төтенше жағдайлардан халықты қорғау үшін сатып алынады.

      4. Азаматтық қорғаныс мүліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады.

3-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру

      5. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру азаматтық қорғаныс жоспарларында көрсетілген қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданудың ықтимал жағдайын, ал тиісті аумақта төтенше жағдай қаупі туындаған және төнген кезде - төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын есепке алып айқындалады.

      6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 1-10 желтоқсаны аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту, әзірлікте ұстау, есептен шығару және кәдеге жарату жөніндегі ақпаратты береді.

4-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін пайдалану

      7. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын азаматтық қорғаныс мүліктің, тікелей мақсаты бойынша қолданылады.

      8. Азаматтық қорғаныс мүлкін соғыс уақытында пайдалану азаматтық қорғаныс жоспарында белгіленеді.

      Азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт уақытта пайдалану төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында белгіленеді.

      9. Азаматтық қорғаныс жоспарларында және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері, мерзімдері, саны және объектілер бойынша бөліп беру кезектілігі, қоймалардан алуға және беру пункттеріне жеткізуге жауапты адамдар, азаматтық қорғаныс мүлкін беруді, өлшеміне келтіру және тексеруді ұйымдастыру, тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету тәртібі айқындалады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады