ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:
2-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жартылай стационарлық жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) – облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
3) стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруы жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсетуге арналған заңды тұлға;
4) уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда тәулік бойы уақытша (бір жылдан көп емес) болуы жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға;
5) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы) – меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Стационарлық үлгідегі ұйымдар өз қызметін "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) (бұдан әрі – Лицензия беру қағидасы) сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3, 4-4 және 4-5-тармақтармен толықтырылсын:
"4-2. Стационарлық үлгідегі ұйымдар қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркеліміне тіркелген күннен басталады.
4-3. Стационарлық үлгідегі ұйымдардың қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды тіркеуден шығарған күннен бастап аяқталады.
4-4. Стационарлық үлгідегі ұйымдар "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32920 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қаржыландыру және мониторингтеу қағидалары) қағидаларын сәйкес қаржыландырылады.
4-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес стационарлық үлгідегі ұйым ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне облыстардың жергілікті өкілді органдары бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
7-тармақ оныншы абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
"осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес стационарлық ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаға қойылатын ең төменгі талаптарды сақтай отырып, ұйымдардың жабдықтары мен жиһаздарын қоса алғанда, техникалық жарақтандыру;";
12-тармақ 2) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар өз қызметін Лицензия беру қағидаларына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 13-2, 13-3, 13-4 және 13-5-тармақтармен толықтырылсын:
"13-2. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркеліміне тіркелген күннен басталады.
13-3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды тіркеуден шығарған күннен бастап аяқталады.
13-4. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар Қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларына сәйкес қаржыландырылады.
13-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне облыстардың жергілікті өкілді органдары бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
15-тармақ бесінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
"осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жартылай стационарлық ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаға қойылатын ең төменгі талаптарды сақтай отырып, ұйымдардың жабдықтары мен жиһаздарын қоса алғанда, техникалық жарақтандыру;";
23-тармақ 2) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын;
24-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"24. Үйде қызмет көрсету ұйымдары үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметі/бөлімшесі ретінде құрылады.";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Үйде қызмет көрсету ұйымдары өз қызметін Лицензия беру қағидасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 24-2, 24-3, 24-4 және 24-5-тармақтармен толықтырылсын:
"24-2. Үйде қызмет көрсету ұйымдар қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркеліміне тіркелген күннен басталады.
24-3. Үйде қызмет көрсету ұйымдардың қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды тіркеуден шығарған күннен бастап аяқталады.
24-4. Үйде қызмет көрсету ұйымдары Қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларына сәйкес қаржыландырылады.
24-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес үйде қызмет көрсету ұйым ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне облыстардың жергілікті өкілді органдары бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
28-тармақ 2) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Уақытша болу ұйымдары өз қызметін Лицензия беру қағидаларына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 29-2, 29-3, 29-4, және 29-5-тармақтармен толықтырылсын:
"29-2. Уақытша болу ұйымдары қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркеліміне тіркелген күннен басталады.
29-3. Уақытша болу ұйымдарының қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды тіркеуден шығарған күннен бастап аяқталады.
29-4. Уақытша болу ұйымдары Қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларына сәйкес қаржыландырылады.
29-5. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес уақытша болу ұйымы ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасумен ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне облыстардың жергілікті өкілді органдары бекітетін тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынады.";
33-тармақ сегізінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
"осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес уақытша болу ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаға қойылатын ең төменгі талаптарды сақтай отырып, ұйымдардың жабдықтары мен жиһаздарын қоса алғанда, техникалық жарақтандыру;";
осы Қағидаға 1, 4, 5, 6 және 7-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, қырық бірінші, қырық екінші және елуінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 500 бұйрығына 1-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 1-қосымша |
Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтері
№ | Лауазым атауы | Қызмет алушылардың саны | ||||||||||
6-301 | 25-ке дейін | 26-50 | 51-100 | 101-150 | 151-200 | 201-250 | 251-300 | 301-400 | 401-500 | 500-ден артық | ||
Басшы жұмыскерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
1. | Директор | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||||
2. | Директордың әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс жөнiндегi орынбасары | - | - | - | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
3. | Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары | - | - | мекемеге 1 бірлік | ||||||||
4. | Бас бухгалтер | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||||
5. | Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист | - | - | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
6. | Бухгалтер | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
7. | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | - | 0,5 | 0,5 | мекемеге 1 бірлік | |||||||
8. | Кадрлар жөнiндегi инспектор | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 3 | 3 |
9. | Бөлімше меңгерушісі | 1 | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - |
10. | Шаруашылық меңгерушiсi | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||||
11. | Қойма меңгерушiсi | - | - | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||
12. | Қойма (көкөніс сақтау қоймасы) меңгерушісі (азық-түлік қоймасы, көкөніс сақтау қоймасы болса) | - | - | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||
13. | Хатшы-машинистка (референт) | - | 0,5 | 0,5 | мекемеге 1 бірлік | |||||||
14. | Дезинфектор | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 | 2 | 2 |
15. | Вахтер | - | - | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||
16. | Лифтер (лифт болса) | - | Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілген әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер саны бойынша салааралық үлгілік нормативтерге сәйкес (бұдан әрі – үлгілік нормативтер) | |||||||||
17. | Күзетші | - | 3 | 3 | мекемеге 4 бірлік | |||||||
18. | Жүргізуші | - | 1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік | |||||||||
19. | Тракторшы (трактор болса) | - | 1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік | |||||||||
20. | Бағбан (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес) | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||||
21. | Аула сыпырушы | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
22. | Слесарь-сантехник | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
23. | Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
24. | Электр-газ дәнекерлеуші | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
25. | Қосалқы жұмысшы | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
26. | Ғимараттар мен орын-жайларды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері) | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
27. | Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
28. | Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы | - | - | - | 4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және егер қазылған орларды тазарту орталықтандырылған тәртіпте жүргізілмесе | |||||||
29. | Су сорғы станциясы машинисі (моторшысы) | - | - | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
30. | Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман | 1 | 1,5 | 2 | 2,5 | 3,5 | 4,5 | 5,5 | 6,5 | 8 | 9,5 | 10 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
31. | Шаштараз 1, 3, 4 (жабдықталған шаштараз бар болса) | - | 0,5 | 0,5 | әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын болғанда немесе мүмкін болмаған жағдайда әрбір 100 қызмет алушыға 1 бірлік | |||||||
32. | Санитар-палатадағы 2 |
Мыналардан: | ||||||||||
33. | Санитар-палатадағы 3,4,5 | әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады | ||||||||||
34. | Бақылау жөніндегі санитар 4 | - | әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 100 төсек-орынға қалыптастырылады | |||||||||
35. | Күтім жөніндегі санитар (полиативті көмек палаталарында) | - | Жеке күтімді қажет ететін 6 ауыр науқасқа – 1 бірлік | |||||||||
36. | Бас аспазшы | - | - | - | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
37. | Аспазшы | - | 1 | 2 | 2 | 3 | 4 | 4 | 5 | 7 | 7 | 8 |
38. | Ыдыс-аяқ жуушы | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 | 3 |
39. | Жеміс-көкөніс және картоп тазалаушы | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 2 | 2 | 3 | 3,5 | 4 | 5 | 6 |
40. | Нан кесуші, асхана жұмысшысы | - | - | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 3 | 4 |
41. | Буфетші | - | 0,5 | 0,5 | 50 қызмет алушыға 1 бірлік | |||||||
42. | Шаруашылық бикесі | - | - | - | әрбір 100 төсек-орынға 1 бірлік, бірақ 1 мекемеге кемінде 1 бірлік | |||||||
43. | Киім және ішкиім жуатын машинист | - | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 | 2,5 | 3 | 5 | 7 | 7 | 8 |
44. | Санитар (тазалаушы) | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||||||
45. | Ваннашы-санитар | - | 0,5 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 6 | 7 | 7 |
Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
46. | Педиатр дәрігер 2,3 | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 | 2 | 2 | 3 | 3 | 4 |
47. | Терапевт дәрігер 4,5 | - | - | - | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 2 | 2 | 3 |
48. | Невропатолог дәрігер | - | - | - | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 2 | 2 | 2 |
49. | Психиатр дәрігер (психотерапевт) 2,4,5 | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
50. | Травматолог-ортопед дәрігер 3 | - | - | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 3 |
51. | Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі инструктор 3,5 | - | мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда) | |||||||||
52. | Жүзу жөніндегі инструктор (гидрокинезотерапия) 3,5 | - | мекемеге 1 бірлік (бассейн болса ) | |||||||||
53. | Диеталық тамақ жөніндегі мейіргер | - | 0,5 | 0,5 | мекемеге 1 бірлік | |||||||
54. | Дәріхана меңгерушісі (дәріхана болған жағдайда) | - | - | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
55. | Фармацевт | - | - | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
56. | Емдік дене шынықтыру инструкторы | - | тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ бір емдік дене шынықтыру инструкторы кабинетіне 2 бірліктен көп емес | |||||||||
57. | Бас мейіргер (аға мейіргер) | мекемеге 1 бірлік | ||||||||||
58. | Мейіргер | әрбір тәулiк бойғы постқа – 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады | ||||||||||
59. | Массаж жасау жөнiндегi мейiргер | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 2 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
60. | Психолог | 1 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 3 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
61. | Әдіскер 2,3 | - | - | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||
62. | Тәрбиеші 2,3 | - | оқу тобына 1,5 бірліктен * | |||||||||
63. | Логопед 2, 3 | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1,5 | 2 | 2 | 3 | 4 | 4 | 5 |
64. | Дефектолог мұғалім 2,3,4 | - | оқу тобына 1 бірлік * | |||||||||
65. | Музыка мұғалімі 2,3,4 | - | 0,5 | 0,5 | мекемеге 1 бірлік | |||||||
66. | Дене шынықтыру мұғалімі 2,3,4 | - | 0,5 | 0,5 | мекемеге 1 бірлік | |||||||
67. | Еңбек терапиясы жөніндегі инструктор (еңбекке оқыту мұғалімі) 2,3 | - | оқу тобына 1 бірлік * | |||||||||
Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
68. | Еңбек терапиясы жөніндегі инструкторы 4,5 | - | 1 профильге 1 бірлік (профиль кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады) | |||||||||
Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері | ||||||||||||
69. | Мәдени ұйымдастырушы | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
70. | Музыкалық жетекші | - | - | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||
71. | Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда) | - | мекемеге 1 бірлік | |||||||||
Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | ||||||||||||
72. | Заңгер | - | 0,5 | 1 | мекемеге 1 бірлік |
Ескертпе:
1 – стационарлық үлгідегі ұйымдардың жанынан құрылған жоба қуаты 6-дан 30-ға дейін өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелерінде енгізіледі;
2 – стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында енгізіледі;
3 – ТҚА бұзылған балалар үшін стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
4 – стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ұйымдарға енгізіледі;
5 – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
* – оқу топтары "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген).
Жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болған кезде ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес.
Қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады.
Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған.
Стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдарының лимиті мынадай көлемде белгіленеді:
бір жеңіл автомобиль;
екі санитариялық автомобиль;
бір жолаушылар автобусы (100 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде);
бір автокөлік құралы (350 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде);
орталық кәрізге қосылу мүмкіндігі жоқ жерлерде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйым үшін айына кем дегенде 200 куб қоқыс шығару көлемі болған кезде қоқыс шығаруға арналған бір автомобиль;
қар, күл шығару, көмірді қазандарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды және басқа да жұмыстарды орындайтын бір трактор;
сыйымдылығы шағын үйлер үшін қызметкерді алушылардың санына сәйкес бір микроавтобус.
Бөлімшеде тұратын мүгедектігі бар адамдарға өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде стационарлық үлгідегі ұйымдардың басқа қызметкерлері тартылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспары жоспары
Қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________
Туған күні және жылы ____________________________________________
Диагнозы _______________________________________________________
Стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға/үйде қызмет көрсететін/уақытша
болу ұйымына түскен күні 20__жылғы "___" ______
Қызмет алушыға ____________ бастап _____________ қоса алғанға дейін бақылау жүзеге
асырылды
Жеке жұмыс жоспары ____________ бастап ____________ қоса алғанға дейінгі кезеңге
әзірленді
Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету):
№ | Сұрақ | Жауаптар | Қызмет көлемі (жеке жүргізілетін іс-шаралардың атауы) | Іс-шараны жүзеге асыруға міндетті маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы | Күні |
Әлеуметтік-тұрмыстық | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… | |||||
Әлеуметтік-медициналық | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… | |||||
Әлеуметтік-психологиялық | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… | |||||
Әлеуметтік-педагогикалық | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… | |||||
Әлеуметтік-еңбек | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… | |||||
Әлеуметтік-мәдени | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… | |||||
Әлеуметтік-экономикалық | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… | |||||
Әлеуметтік-құқықтық | |||||
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
… |
Жеке жоспарын қайта қарау күні 20 ___ жылғы "__" _______________________
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман _________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Психолог* _________ ________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Медициналық персонал маманы * _________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Маман _________ ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ** _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
* стационар/жартылай стационар/уақытша болу ұйымдарымен толтырылады;
** үйде қызмет көрсету ұйымдарымен толтырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарын орындау (мониторингі) жөніндегі журнал
Қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________
Туған күні және жылы _______________________________________
Диагнозы _________________________________________________________________
№ | Іс-шараның атауы | Фунциялық және қызметтік шектелуді бағалаудың ұпай сомасы | ||||
Қабылданған уақытта | 3 айдан кейін | 6 айдан кейін | 9 айдан кейін | 12 айдан кейін | ||
1 | Бағалау уақыты | |||||
2 | әлеуметтік-тұрмыстық | |||||
әлеуметтік-медициналық | ||||||
әлеуметтік-психологиялық | ||||||
әлеуметтік-педагогикалық | ||||||
әлеуметтік-еңбек | ||||||
әлеуметтік-мәдени | ||||||
әлеуметтік-экономикалық | ||||||
әлеуметтік-құқықтық | ||||||
Барлығы | ||||||
Оңалту мақсаты | ||||||
3 | Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету) | |||||
4 | Мониторингті жүзеге асырған маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 500 бұйрығына 4-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 6-қосымша |
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың төмен штат нормативтері
№ | Лауазым атауы | Бір күнде келу саны | |||||
25-ке дейін | 26-50 | 51-100 | 101-150 | 151-200 | 201-ден артық | ||
Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штат нормативтері * | |||||||
1 | Директор | мекемеге 1 бірлік | |||||
2 | Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
3 | Бас бухгалтер | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
4 | Бухгалтер | мекемеге 1 бірлік | |||||
5 | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
6 | Шаруашылық меңгерушiсi | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
7 | Кадр жөніндегі инспектор | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
8 | Хатшы-машинистка (референт) | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
9 | Вахтер | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
10 | Лифтер (лифт болса) | Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілген әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер саны бойынша салааралық үлгілік нормативтерге сәйкес (бұдан әрі – үлгілік нормативтер) | |||||
11 | Күзетші | мекемеге 3 бірлік | |||||
12 | Жүргізуші | 1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік | |||||
13 | Тракторшы (трактор болса) | 1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік | |||||
14 | Бағбан (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес) | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
15 | Аула сыпырушы | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | ||||
16 | Слесарь-сантехник | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | ||||
17 | Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | ||||
18 | Электр-газ дәнекерлеуші | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | ||||
19 | Қосалқы жұмысшы | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | ||||
20 | Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері) | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | ||||
21 | Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар | - | Үлгілік нормативтерге сәйкес | ||||
22 | Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы | - | 4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және егер қазылған орларды тазарту орталықтанған тәртіпте жүргізілмесе | ||||
23 | Су сорғы станциясы машинисі (моторшысы) | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
24 | Дезинфектор | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1,5 |
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | |||||||
25 | Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман | 1 | 1,5 | 2,5 | 3,5 | 4,5 | 5,5 |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | |||||||
26 | Бас аспазшы** | - | - | - | - | 1 | 1 |
27 | Аспазшы ** | 1 | 1 | 2 | 3 | 4 | 4 |
28 | Ыдыс-аяқ жуушы** | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
29 | Көкөніс және картоп тазалаушы ** | - | 1 | 1 | 2 | 2 | 3 |
30 | Нан кесуші, асхана жұмысшысы** | - | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
31 | Буфетші | - | 50 қызмет алушыға 1 бірлік | ||||
32 | Шаруашылық бикесі | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
33 | Арнайы киім мен ішкиім жуатын машинист | - | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 | 2 |
34 | Палатадағы Санитар - 1,2 | 20 қызмет алушыға 1 бірлік | |||||
35 | Палатадағы Санитар -3,4 | 50 қызмет алушыға 1 бірлік | |||||
36 | Санитар (тазалаушы) | Үлгілік нормативтерге сәйкес | |||||
Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері | |||||||
37 | Педиатр дәрігер 1,2 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 |
38 | Терапевт дәрігер 3,4 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
39 | Невропатолог дәрігер | - | 1 | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
40 | Психиатр дәрігер (психотерапевт) 1,3 | - | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 |
41 | Травматолог-ортопед дәрігер 2,4 | - | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
42 | Дәрігер (оңалту жөніндегі дәрігер)**** | мекемеге 1 бірлік | |||||
43 | Диеталық тамақ жөніндегі мейіргер ** | мекемеге 1 бірлік | |||||
44 | Емдік дене шынықтыру инструкторы | тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ емдік дене шынықтыру инструкторы бір кабинетіне 2 бірліктен көп емес | |||||
45 | Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі инструкторы 2,4 | мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда) | |||||
46 | Жүзу жөніндегі инструкторы (гидрокинезотерапия) 2,4 | мекемеге 1 бірлік (бассейн болса) | |||||
47 | Мейіргер | 0,5 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
48 | Массаж жасау жөнiндегi мейiргер | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | |||||||
49 | Психолог | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | |||||||
50 | Әдіскер 1, 2 | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
51 | Тәрбиеші 1, 2 | оқу тобына 1,5 бірліктен *** | |||||
52 | Логопед 1, 2 | 1 | 1 | 1 | 1,5 | 2 | 2 |
53 | Дефектолог мұғалім 1, 3 | оқу тобына 1 бірлік *** | |||||
54 | Музыка мұғалімі 1,2,3 | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
55 | Дене шынықтыру мұғалімі 1,2,3 | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
56 | Еңбек терапиясы жөніндегі инструктор (еңбекке оқыту мұғалімі)1, 2 | оқу тобына 1 бірлік *** | |||||
Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | |||||||
57 | Еңбек терапиясы инспекторы 3, 4 | 1 профильге 1 бірлік (профиль кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады) | |||||
Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | |||||||
58 | Мәдени ұйымдастырушы | мекемеге 1 бірлік | |||||
59 | Музыкалық жетекші 4 | - | мекемеге 1 бірлік | ||||
60 | Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда) | - | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері | |||||||
61 | Заңгер | мекемеге 1 бірлік |
Ескертпе:
1 – психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
2 – тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жартылай стационарлық ұйымдарға енгізіледі;
3 – психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
4 – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;
* – дербес заңды тұлға болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін көзделген басшы қызметкерлердің және шаруашылық-қызметті көрсетуші персоналдың штат нормативтері;
** – бұл лауазымдар ыстық тамақ даярлаған жағдайда көзделеді;
*** – оқу топтары "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген).
**** Дәрігер (оңалту жөніндегі дәрігер) жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсететін оңалту орталықтарында жұмыс жасайды.
Жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болған кезде, ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес.
Қажет болғанда белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда тәуліктік болу бөлімшесі жұмыс істеген кезде түнгі кезекшілікке қажетті лауазымдар стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтеріне сәйкес айқындалады.
Басшы қызметкерлерді және шаруашылық-қызмет көрсетуші персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған.
Жартылай стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік көлік құралдары лимиті бір жеңіл және екі санитарлық автомобиль, ал қызмет алушыларды тасымалдау жөнінде көлік қызметі көрсетілген кезде қосымша – бір жолаушылар автобусы көлемінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 500 Бұйрығына 5-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 7-қосымша |
Үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы персоналдың ең төмен штат нормативтері
Ескертпе:
* Бөлімше (үйде қызмет көрсету субъектісі) санатына қарай (қарттар мен мүгедектігі бар адамдар, психоневрологиялық ауруы бар балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар) 80 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткенде құрылады. Қызмет алушылардың жекелеген санаттарының болуы бөлімше құруға мүмкіндік бермейтін жерде онда бір бөлімше қызмет алушылардың бірнеше санаты үшін құрылады;
** Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді аптасына кемінде екі рет көрсетеді.
Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің барабар сапасын қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаға қойылатын ең төменгі талаптар
1 – психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда енгізілген;
2 – тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі мекемелерге енгізілген;
3 – психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдар үшін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда енгізілген;
4 – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда енгізілген;
5 – тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін уақытша болу ұйымдарында енгізілген;
6 – адам саудасының құрбандарына уақытша болу ұйымдарында енгізілген;
7 – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын уақытша болатын ұйымдарға енгізілген;
* – санаттағылар келесі лицензияны алғанға дейін үш жылдық кезең ішінде (2025-2027 ж.ж.) сатып алынып, пайдалануға берілуі мүмкін.
** - санаттағылар, әкімшілік-басқарушы персоналға ұсынылады;
***- көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату мақсатында санаттағылар ұсынылады.