"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34655 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, ииновациялар жән

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 230 Бұйрығына
қосымша

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялау тәртібін айқындайды.

      2. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып табылады.

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге беріледі.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналасу құқығына лицензия жалпыға ортақ, иеліктен шығарылмайтын, тегін болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. Лицензия қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

      6. Лицензия Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

2 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы өтінішті және қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9 -тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі-осы негізгі талаптардың тізбесі) жібереді.

      8. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің (сұрау салудың) қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік қызметтер порталы, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде "Е-Собес" ААЖ-дан Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      11. Өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемелекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      13. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған халықтың санитарлық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаттары мен өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберілетін өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны беру үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 15 жұмыс күні ішінде құжаттарды "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі-біліктілік талаптары) сәйкестігін және олардың негізгі талаптар тізбесіне сәйкестігін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша тексереді.

      Құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші сараптамалық қорытындыны қалыптастырады және оны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынады.

      16. Комиссия құрамы мен ережесі Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      17. Комиссия сараптамалық қорытынды түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      18. Комиссия шешімі шығарылған күннен бастап көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық шешім - лицензияны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті беруші басшысының келісуіне және тексеруіне жіберіледі.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және оған 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша оның ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      21. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап үш (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      22. Хабарлама (хабарнама) оны хабарламамен тапсырылғаны туралы тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарламаның немесе шақырудың фиксациясын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіреді немесе білдіреді.

      24. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Лицензияны қайта ресімдеу, оны беруден бас тарту және тоқтату тәртібі

      26. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33 және 34-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.

      27. Лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішті Әлеуметтік қызметтер порталы немесе портал арқылы жібереді.

      28. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш пен құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      29. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      30. Көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      31. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33 және 34-баптарында көрсетілген құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдей ме, не лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      32. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны тоқтата тұру, қолданысын қалпына келтіру, одан айыру "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      33. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияны тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 35-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.

      34. Қағаз нысанда берілген лицензияның рұқсаты жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 43-бабына сәйкес лицензияның телнұсқасын алуға құқығы бар.

      35. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз берілсе, ол бұл әрекеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      36. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сауалдары бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      37. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      38. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      39. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      40. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      41. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      42. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру"

2

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру
1) Әлеуметтік қызметтер порталы;
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал): www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру кезінде-15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде-2 (екі) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу немесе мемлекеттік соққы қызметін көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және демалыс күндерінен басқа; 2) Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, әлеуметтік қызметтер порталы және портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер. 2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде: осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бойынша мәлеметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады; 2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар; 4) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады; 5) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталды; 6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет-ресурсында көрсетілген kense@enbek.gov.kz. 4. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері – 1414, 8-800-080-7777.

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін өтініш

      ____________________________________________________________________ атына

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ____________________________________________________ нан/нен/дан/ден/тан/тен

      (дара кәсіпкердің тегі аты әкесінің аты (бар болса) /заңды тұлғаның атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша

      лицензияны беруіңізді сұраймын.

      Жеке кәсіпкердің мекенжайы/заңды мекенжайы:

      __________________________________________________________________________

                  (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық поштасы__________________ Телефон ________________________

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның орналасқан мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі

      (стационарлық үй-жай)

      Қосымша_____ п.

      Осымен расталады: көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; көрсетілетін қызметті алушыға сот лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады; көрсетілетін қызметті алушы лицензия беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшы ___________________________ _________________________________

                  (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: 20 ___ жылғы "__" ______

  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензия

Берілген күні: жылы

Лицензия нөмірі:

Берілді

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі)

Ескерту

(иеліктен шығару, рұқсат сыныбы)

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бастапқы берілген күні

______ жылғы "____" __________

Срок действия лицензии

______ жылғы "____" __________

Беру орны


  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініш

      ___________________________________________________________________ атына

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      __________________________________________________ нан, нен, тан, тен, дан, ден

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке кәсіпкер / заңды тұлғаның атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын

      арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған 20___ жылғы "___"

      № ____________берілген ___________________________________________________

      (лицензияның нөмірі (А), берілген күні, лицензия берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      Жүзеге асыруға ____________________________________________________________

      (Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің толық атауы)

      мынадай негіздер бойынша(рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 33 және

      34-баптарына сәйкес): _______________________________________________________

      Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы: ___________________________

      __________________________________________________________________________

                  (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта: _______________________________________

      Телефон: ________________________________________________

      Қоса беріледі ______п.

      Осымен расталады:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларда

      болуы мүмкін

      лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілді;

      сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;

      өтініш беруші лицензияны беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын,

      ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келіседі.

      Басшы ________________________ ________________________________________

      (электрондық-цифрлық (тегі, аты, әкесінің аты (қолы қойылған кезде) бар болса)

      Толтыру күні: 20___ жылғы "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады