"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары бекітілсін".
2. Мыналардың:
1) "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25003 болып тіркелген);
2) "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 130 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30404 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрдің міндетін атқарушы |
Д. Ахмед-заки |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлiгi
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрдің міндетін атқарушы 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 Бұйрықпен бекітілген |
"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 6-бабының 18) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарға, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ғылыми қызметкерлеріне "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын (бұдан әрі – Сыйлық) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) апелляциялық комиссия – конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
2) қатысушы – ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алатын және іске асыратын, осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматы;
3) Республикалық конкурстық комиссия – ғылым саласындағы уәкілетті орган сыйлық беру үшін құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).
2-тарау. "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру тәртібі
3. Ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзінің интернет-реcурсында "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) өтетіндігі туралы хабарландыру орналастырады.
4. Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) Сыйлықтарды алу конкурсына қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгідегі өтінім;
2) Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес мәліметтер;
3) ғылыми ұйымдардың және ЖЖОКБҰ консультативтік-кеңесші органының өтінішхаты (ұсынысы);
4) жеке басын куәландыратын құжаты.
Конкурсқа құжаттар уәкілетті орган конкурс туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.
5. Құжаттары мемлекеттік құпияларды немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Құпия" деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттарды қамтитын үміткерлер оларды мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.
6. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін Комиссия құрылады.
Комиссия қазақстандық ғалымдар, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, ЖЖОКБҰ және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен қалыптастырылады.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде 25 (жиырма бес) адамды құрайды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия отырыстары оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен сайланады.
Комиссия мүшелері комиссия жұмысына:
1) үміткермен соңғы бес жылдағы бірлескен авторлықты қоса алғанда, ортақ жарияланымдары болған жағдайда;
2) соңғы 5 (бес) жыл ішінде конкурсқа үміткерге тікелей басшылық жасаса, оның қарамағында болса немесе оған консультациялық қызметтер көрсетсе;
3) үміткермен некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) немесе жақын туыстық қатынаста болған жағдайда;
4) үміткердің ата-анасымен, жұбайымен (зайыбымен) жақын туыстық қатынаста болған жағдайда;
5) егер Комиссия мүшесі үміткердің диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болса немесе болып табылса қатыспайды.
7. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерін Комиссия айқындайды. Бағалау көрсеткіштері объективтілікті қамтамасыз етуге, ғылыми негізделген фактілерге, әдістемелерге және (немесе) халықаралық тәжірибеге негізделуге тиіс.
8. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштері мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;
2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;
3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар және (немесе) шолулар, отандық және шетелдік журналдарда жарияланған монографиялар, оның ішінде монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
9. Комиссия мүшелерінің арасынан сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшін ғылым салалары бойынша секциялар құрылады. Секциялар жұмыстарды бағалайды және Комиссия айқындаған ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес әрбір үміткер бойынша қорытынды береді.
Секция жұмысын Комиссия отырысына қатысатын мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы сайланатын секция басшысы басқарады. Әр секция кемінде 3 (үш) адамнан тұрады.
Секциялар Комиссия айқындаған көрсеткіштерге сәйкес әрбір қатысушы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытынды береді.
Осы Қағидалардың 8-тармағындағы ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштері бойынша секциялар ұсынылған растайтын материалдар мен құжаттардың таңдалған көрсеткіштерге сәйкестігін растайды немесе растамайды. Негізделген күмән болған жағдайда секция үміткер көрсеткен ақпарат пен балдарды растамайды.
10. Үміткер көрінеу дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, секциялар Комиссияға осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзімде жазбаша негіздемесімен бірге оны үміткерлер тізімінен шығару туралы ұсыныс береді. Комиссияның шешімімен қатысушы үміткерлер тізімінен шығарылады және келесі 3 (үш) жыл ішінде Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
11. Секция қорытындыларының негізінде әрбір үміткер бойынша Комиссия ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес балдарды есептейді.
Нәтижелер Комиссия айқындаған үміткерлердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерінің балдары бойынша сараланған тізімдер түрінде ғылым салалары бойынша ақпараттық жүйеде жеке ресімделеді. Нәтижелер әрбір қатысушы мүшенің қолымен расталған секция хаттамасымен бекітіледі және комиссияның қорытынды отырысына қарауға беріледі.
12. Комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Сыйлық беру жөніндегі шешімді енгізеді.
Комиссияның сыйлық беру туралы шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Сыйлықтардың жалпы саны Комиссияның шешімі бойынша ғылымның әрбір бағыты бойынша келіп түскен өтінімдердің санына байланысты ғылыми бағыттар арасында бөлінеді.
13. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес шағым жасалады.
Комиссияның шешімдеріне шағымдану конкурстың алдын ала нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік бір күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы апелляциялық комиссияға шағым беру арқылы жүзеге асырылады.
Шағымдану кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтердегі, сондай-ақ растайтын құжаттардағы өзгерістерге жол берілмейді.
Апелляциялық комиссияны уәкілетті орган құрады және онда Комиссия мүшелері болмайды.
Апелляциялық комиссияның төрағасы апелляциялық комиссия мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен сайланады
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде негізделген жауапты ақпараттық жүйеде жариялайды.
14. Конкурстың қорытындылары уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
15. Конкурс қорытындысы бойынша сыйлық иеленушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын тағайындау туралы" куәлік ағымдағы жылда беріледі және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде сыйлық иегерінің ағымдағы шотына республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сыйлық төленеді.
"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру конкурсына үміткердің өтінімі
Маған – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) "Үздік ғылыми қызметкер" конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру нөмірі) | |
2. | Туған күні, айы, жылы | |
3. | Жұмыс орны (қысқартуларсыз) | |
4. | Лауазымы (қысқартуларсыз) | |
5. | Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді) | |
6. | Ғылыми дәрежесі/атағы | |
7. | Марапаттаулар, көтермелеулер (мемлекеттік, ведомстволық) | |
8. | Ғылым саласы | |
9. | ОРКИД (ORCID) (ғылыми авторларды сәйкестендірудің әріптік-сандық коды) | |
10. | Рисочерайди (ResearcherID) (бар болған жағдайда Web of Science (Уэп оф сайнс) базасындағы ғалымның идентификаторы) | |
11. | Автор айди (Author ID) (Автор айди) (бар болған жағдайда Scopus (Скопус) базасындағы автордың ерекше номері) | |
12. | Хирш индексі | |
13. | Электрондық мекен-жайы | |
14. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) |
"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына 2-қосымша Нысан |