Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - тегін жол жүру;
2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - тегін жол жүру;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – тегін жол жүру;
4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – тегін жол жүру;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - тегін жол жүру;
6) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға – тегін жол жүру;
7) көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;
8) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ мүгедектігі бар бала күтімін жүзеге асыратын адамдарға (жәрдемақы алушыларға) – тегін жол жүру;
9) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;
10) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;
11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – тегін жол жүру;
12) мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге – тегін жол жүру;
13) 2 топтағы көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршыларға – тегін жол жүру;
14) Социалистік Еңбек Ерлеріне және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға - тегін жол жүру;
15) 2, 3 топтардағы есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру.".
2. Осы бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы және Көкшетау қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласының әкімі | Б.Ғайса |
Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы | Д.Акимов |