Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
11-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы | О.Джагпаров |