Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданының аумағында инватакси қызметін алушылар санаты келесі адамдар санаттарымен кеңейтілсін:
1) 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | М.Балпан |