Инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № А-109 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 мамырда № 8750-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аршалы ауданының аумағында инватакси қызметін алушылар санаты келесі адамдар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      2) қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады