Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 12/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 мамырда № 8755-03 болып тіркелді

      Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8685-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      11-тармақтың 1) тармақшасы екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы Г.Мустафина

О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 26 декабря 2023 года № 8/6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району"

Решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 22 мая 2024 года № 12/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 29 мая 2024 года № 8755-03

      Сандыктауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району" от 26 декабря 2023 года № 8/6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8685-03) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району, утвержденных вышеуказанным решением:

      подпункт 1) пункта 3 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      абзац второй подпункта 1) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара не позднее трех месяцев единовременно в размере не более 100 (сто) месячных расчетных показателей;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сандыктауского районного маслихата Г.Мустафина