Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Ергалиев |
2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 234 шешіміне қосымша |
Қобда аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-68 болып тіркелген) шешімі;
2. Қобда аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 70 "Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 "Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) шешімі;
3. Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 140 "Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-159 болып тіркелген) шешімі.