Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 255 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 шілдеде № 8613-04 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Мұғалжар ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Кадралин

  Мұғалжар аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
24 шілдедегі № 255 шешіміне
1 - қосымша

Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі- ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі –шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп - қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Мұғалжар ауданында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17- бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін ЖАО ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мереке күндерінде әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр -Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 2 140 000 (екі миллион бір жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектігі бар адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.

      3) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын - сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген 1986 жылдың 17-18 желтоқсандағы оқиғаларына қатысқан адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.

      8. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын) көрсетіледі:

      1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын және туберкулез ауруымен ауыратын тұлғаларға – Мұғалжар ауданының медициналық мекемелері ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Мынадай негіздер бойынша мұқтаж азаматтар санаттарына жатқызылған тұлғаларға (отбасыларға):

      жетімдік; ата–ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне - өзі күтім жасай алмауы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу – адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, арызы бойынша, бір рет, жан басына шаққандағы орташа табыстың біржолғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып – 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде;

      3) дүлей апаттың немесе өрттің шыққан орны бойынша дүлей апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтардың (отбасылардың) бір рет жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай біржолғы – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      10. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      Мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидалардың 12- тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтінішті ұсынады.

      12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      тиісті жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.

      13. Әлеуметтiк көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Мұғалжар ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздер

      14. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Мұғалжар ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерiктi түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтiк көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзеді.

  Мұғалжар аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
24 шілдедегі № 255 шешіміне
2 - қосымша

Мұғалжар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаралын бекіту туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7817 тіркелген);

      2) "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаралын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 280 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31395 тіркелген);

      3) "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаралын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8335 тіркелген);

      4) "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаралын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 141 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8482 тіркелген).

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе

Решение Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 24 июля 2024 года № 255. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 30 июля 2024 года № 8613-04

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Мугалжарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Мугалжарского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
Мугалжарского района
Б. Кадралин

  Приложение 1 к решению
Мугалжарского районного
маслихата от 24 июля 2024 года
№ 255

Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

Глава 1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Мугалжарского района Актюбинской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь - помощь, предоставляемая местными исполнительными органами (далее – МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи (далее -уполномоченный орган) – государственное учреждение "Мугалжарский районный отдел занятости и социальных программ", осуществляющее оказание социальной помощи;

      6) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      10) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Данные Правила распространяются на лиц, постоянно зарегистрированных и проживающих в Мугалжарском районе.

      4. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьей 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13,статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      6. Перечни праздничных дней и памятных дат для оказания социальной помощи, а также кратность оказания социальной помощи устанавливаются местными представительными органами по представлению МИО.

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      7. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) ко Дню Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны в размере 2 140 000 (двух миллионов ста сорока тысяч) тенге;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона "О ветеранах" в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 100 000 ( ста тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 100 000 ( ста тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умерших участников Великой Отечественной войны, которые не вступали в повторный брак в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      родителям и супруге, не вступившей в повторный брак, военнослужащих, умерших после прохождения воинской службы в Афганистане в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      2) ко Дню Конституции Республики Казахстан – 30 августа:

      лицам с инвалидностью, получающим государственные социальные пособия, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      3) ко Дню Независимости Республики Казахстан - 16 декабря:

      Лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года на территории Казахстана согласно Закона Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" - в размере 200 000 (двухсот тысяч) тенге.

      8. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) гражданам, имеющим социально-значимые заболевания, а именно:

      лица, больным онкологическими заболеваниями и лица, больным туберкулезным заболеванием, находящиеся на амбулаторном лечении, согласно списков медицинских учреждении Мугалжарского района, и лицам, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, согласно справок предоставляемых государственным коммунальным предприятием "Областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", без учета дохода, ежемесячно но не более 6 (шести) месяцев в году – в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      2) лицам (семьям), отнесенным в категории нуждающихся по следующим основаниям:

      сиротство; отсутствие родительского попечения; неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, освобождение из мест лишения свободы; нахождение на учете службы пробации – единовременно, с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума, – в размере 20 (двадцати) месячных расчетных показателей;

      многодетным семьям, малообеспеченным гражданам по заявлению, единовременно, с учетом среднедушевого дохода не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума – в размере 140 000 (ста сорока тысяч) тенге;

      3) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, без учета среднедушевого дохода – в размере 100 (ста) месячных расчетных показателей, единовременно.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия, которая указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Порядок оказания социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      Социальная помощь к праздничным дням оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются МИО, после чего формируются их списки путем направления запроса в уполномоченную организацию либо иные организации.

      11. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму города, сельского округа представляет заявление с приложением перечня документов согласно пункту 12 Типовых правил.

      12. Сроки обращения за социальной помощью отдельным категориям нуждающихся граждан:

      не позднее шести месяцев с момента наступления соответствующей ситуации.

      13. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Мугалжарского района на текущий финансовый год.

Глава 4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      14. Социальная помощь прекращается в следующих случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Мугалжарского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико – социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      15. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

Глава 5. Заключительное положение

      16. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение 2 к решению
Мугалжарского районного
маслихата от 24 июля 2024 года
№ 255

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Мугалжарского районного маслихата

      1) решение Мугалжарского районного маслихата от 14 декабря 2020 года № 527 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7817);

      2) решение Мугалжарского районного маслихата от 23 декабря 2022 года № 280 "О внесении изменения в решение Мугалжарского районного маслихата от 14 декабря 2020 года № 527 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 31395);

      3) решение Мугалжарского районного маслихата от 14 апреля 2023 года № 11 "О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 14 декабря 2020 года № 527 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8335);

      4) решение Мугалжарского районного маслихата от 22 декабря 2023 года № 141 "О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 14 декабря 2020 года № 527 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8482).