Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 8335 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 255 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 24.07.2024 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7817 болып тіркелген) шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:

      6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай – ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай – ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата – анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан - Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай - ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай - ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.

      3) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси құғын - сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген 1986 жылдың 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде.";

      7 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар – Мұғалжар ауданының медициналық мекемелері ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғалар "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Кадралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады