"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Балқаш ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 194 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2999 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш ауданының әкімі | А. Кутпанбетов |