Балқаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Балқаш ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 194 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 25 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қаңтарда № 6078-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Балқаш ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 194 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2999 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш ауданының әкімі А. Кутпанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады