"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 28 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |