Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 28 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 219-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 39-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 28 қаулысына
қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

Бюджет түрі

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)

оның ішінде (мың теңге)

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Жергілікті

845 300,0


20 000,0

19 000,0

806 300,0

Барлығы

845 300,0


20 000,0

19 000,0

806 300,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады