Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға;
2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен;
3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
4) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
5) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен;
6) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;
10) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;
11) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен;
12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
2. Семей қаласы жолаушыларының мынадай санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайыз жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – тарифтің 50%;
2) 70 жастан асқан зейнеткерлерге – тарифтің 50 %.
3. "Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысын және Семей қаласы мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
4. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Семей қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 бірлескен қаулысы және Семей қалалық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8402 болып тіркелген);
2) Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 345 бірлескен қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/21-VIII шешімі "Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 бірлескен қаулысына және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VII шешіміне "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 61-18 болып тіркелген).
6. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы әкімі | |
Н. Нурсагатов | |
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | |
Д. Шакаримов |