Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 30.09.2024 № 890 бірлескен қаулысы және Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 27.09.2024 № 32/170-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру;
2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен – тегін жол жүру;
3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;
4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 %;
5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
6) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен - тегін жол жүру;
7) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
10) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру;
11) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
12) "Алтын алқа", алқаларымен наградталған аналарға – тарифтің 50 %;
13) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен – тегін жол жүру.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 27.04.2023 № 345 бірлескен қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 20.04.2023 № 2/21-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
3. "ШҚО Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі аталған санаттағы азаматтарды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді көздесін.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы бірлескен қаулы мен шешім көшірмелерінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
6. Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/460-VI "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешімінің күші жойылсын.
7. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сақтағанов |
Қалалық мәслихатының сессия төрағасы | Р. Хазипов |
Қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Ақжалов |