Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 15/88-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 229-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 15/88-VIII шешіміне
1 қосымша

Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәсеселері туралы" бұйрығымен бекітілген "Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелді), (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, Курчатов қаласынан тыс кету, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет веб-порталы" (бұдан әрі - портал) арқылы "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидалардың 1 немесе 2- косымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өндіріп алу қағидаларға 2-косымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын мүгедектігі бар әрбір балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқыту шығындарын өтеуден бас тарту негіздері:

      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiн анықтау;

      2) өтiнiш берушiнiң және (немесе) оқуға жұмсалған шығындарды өтеу үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректер мен ақпараттың сәйкес келмеуі;

      3) "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оқуға кеткен шығындарды өтеуге қажетті келісу сұрауына теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерудің теріс қорытындысы;

      4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 15/88-VIII шешіміне
2 қосымша

      1. Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26182 болып тіркелді);

      2. Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII "Курчатов қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 13 қазандағы № 22/146-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30200 болып тіркелді);

      3. Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII "Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/31-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 82-18 болып тіркелді).

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов

Решение Курчатовского городского маслихата области Абай от 21 февраля 2024 года № 15/88-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 29 февраля 2024 года № 229-18.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Курчатовского городского маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Курчатовского городского маслихата
      Г. Хусайнова

  Приложение 1 к решению
Курчатовского городского
маслихата
от 21 февраля 2024 года
№ 15/88-VIII

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов разработаны в соответствии Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Курчатов области Абай" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, выезд за пределы города Курчатов, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение на дому заявитель обращается в Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Курчатов области Абай" через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по получению возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детейс инвалидностью посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями, из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану равен четырем месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно в течение учебного года.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение:

      1) установление недостоверности документов, представленных заявителем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие заявителя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для возмещения затрат на обучение;

      3) отрицательный ответ Государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ города Курчатов области Абай" на запрос о согласовании, который требуется для возмещения затрат на обучение, а также отрицательное заключение экспертизы, исследования либо проверки;

      4) отсутствие согласия заявителя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

  Приложение 2 к решению
Курчатовского городского
маслихата
от 21 февраля 2024 года
№ 15/88-VIII

      1. Решение Курчатовского городского маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов" от 29 декабря 2021 года № 12/87-VII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26182);

      2. Решение Курчатовского городского маслихата "О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 29 декабря 2021 года № 12/87- VII "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов" от 13 октября 2022 года № 22/146-VII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30200);

      3. Решение Курчатовского городского маслихата "О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 29 декабря 2021 года № 12/87-VII "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов" от 23 мая 2023 года № 4/31-VIII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 82-18).