Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 21.02.2024 № 15/88-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/146-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/146-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" 2016 жылғы 19 қазандағы № 7/46-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4739 болып тіркелген) шешімі;
2) "Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 7/46-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 31 наурыздағы № 38/296-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6907 болып тіркелген) шешімі.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Тажиев |
2022 жылғы 13 қазандағы № 22/146-VII шешіміне қосымша |
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 13.10.2022 № 22/146-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі -оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізіледі.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқыту арналған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2- косымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2- косымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген кажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедек балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.