Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) туристік жарнасын бекіту туралы" 2023 жылғы 27 қазанындағы № 6-145/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №151-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1.Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйдерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әр тәулік үшін алынатын туристік жарна мөлшерлемесі – 0 % (нөл пайыз) мөлшерінде бекітілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | |
А. Омаров |